Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
160 Кб
Скачать
☆

48.Ж. Саваридің өмірбаяны мен бухгалтерлік есептің дамуына қосқан үлесі.

Лука Пачолиден кейінгі көрнекті автор- Жак Савари (1622-1690). Ол «нағыз көпестер туралы» жұмысын жариялады, шоттарды аналитикалық ж/е синтетикалық деп бөлді, сауда калькуляциясын түсіндірді. Жак Савари- француз экономисті, саудалық буржуазияның идеологы. Кольбермен 1673 шығарылған саудалық кодекстiң құрастырушылардың бiрі. Өзінің 17ғ өзінде кең атақ алған «Совершенный негоциант» шығармасында (1675) бухгалтерлік есеп- бұл жеке кәсiпорынды басқару туралы ғылымның құрама бөлiгi деп айтқан. Лука Пачолидің еңбектерінен кейінгі ғылымдағы ілгері қадам оның негізгі және қосалқы кітаптарды жүргізу қажеттілігін ұсыну болып табылады. Осылайша,Жак Савари бухгалтерлік есептегі негізгі түсінікті қалыптастырды: шоттар мен түгендеулерді синтетикалық және аналитикалық деп бөлу.

49. Артур Кейлидің өмірбаяны және бухгалтерлік есептің дамуына қосқан үлесі.

Артур Кейли (1821-1895), ағылшын математигі.1821 жылы Ричмондта туылды, бірақ әкесі көпес болып істеген Петербургта өсті. 1842 жылы өзі оқыған Кембридж университетінің Тринити-коллеждінде кеңес мүшесі болды. Өзінің алғашқы жұмыстарын 1841 жылы «Кембридж журналында» жариялады. 1843 мамандығын ауыстырып Лондонда адвокат болып жұмыс істеді. 20 жыл бойы адвокат жұмысымен қатар математика саласында да жұмыс істеді. 1863 жылы Кембридж университетінде математика кафедрасының меңгерушісі болды, ол жерде 30 жыл бойы мұғалім болды. Оның математика салсына байланысты 200ден астам жұмыстары бар.

50 Б. Катрульидің өмірбаяны мен бухгалтерлік есептің дамуына қосқан үлесі.

Екі жақты бухгалтерия практикада қолданыста болғаннан бастап, бухгалтерлік есеп туралы ғылым пайда болған болатын. Алғашқы теоритиктары ретінде :  Бенедетто Которульи, Лука Пачоли и Жак Савариді атап көрсетуге болады.

Соның ішінде Б. Котрульиға тоқтала кетсек. Жоғарыда атап көрсеткендей Бенедетто Которульи атымен бухгалтерлік есептің алғаш теориялық бағыты тығыз байланысты болып келеді.

Бенедетто Которульи 15 ғасырдағы Италияндық көпес, неаполитандық дипломат және «көпестік бухгалтерия» кітабының авторы. 1458 жылы жазылған «Сауда және көпес» туралы кітаптің бір бөлігі екі жақты жазбаға арналған.

Бұл кітап тарихта алғаш шот жүргізу туралы еңбек болатын. Шот жүргізу жұмыстары туралы практикалық әдіс-тәсілдер айқын жазлған болатын. Көпес Франческо Стефанидің сұрауы бойынша жазылған. Ол төрт томнан тұрады. Автордың көпес бухгалтериясының жүргізу тәртібі – ең қызық бөлімі болып есептелінеді. Котрульи, көпестің операциялар жүргізу жазбасы үш кітаптан тұруы керектігі туралы айтады. Олар:

Негізгі кітап кіріспемен, журнал және мемориал. Басында жазбаны ағымдық тәртіппен мемориалға тіркеу, мемориалдан журналға тіркеп жазу, кейіннен журналдан негізгі кітапқа тіркеу ұсынылған болатын. Кітаптың елеулігне қарамастан 1573 жылы Венецияда басылып шыққан болатын.

Бірақ бұл кітап 1573 жылы Лука Пачоли есімімен жарық көреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]