Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
160 Кб
Скачать
☆

67 Ежелгі әлемдегі инвентарлық бухгалтерия мен кіріс-шығыс есептерінің ерекшеліктері

Алғашқы адамдар өте қарапайым болғаны анық. Олар жаза алмағын біз білеміз, ал олардың есептей алды ма есептей алмады ма белгісіз. Әрине белгілі бір санға дейін есептей алған, кейіннен бұл ұлғая түскен. Осыған байланысты ежелгі адамдар санауды дамытқаны соншалықты оларды есте сақтау қиындықтар туғыза бастады, сондықтан жазба жасау қажеттілігі туды: алғашында таяқпен, кейіннен сөздермен. Осының нәтижесінде есте сақтау, жазу дамыды: папирус, пергамент, таста.

Түгендеудің пайда болуының себептері:

  1. Бар нәрселердің қарапайым жүйесі. Қарапайым мысал келтірсек болады, егіншілік маусымының алдында тексеру болды, маусымның соңында тексеру болды. Нәтижесінде кірістің қанша болғанын анықтады.

  2. Есеп беруші тұлғаларға бақылау. Есептің жүйесі ббар болғанда, оны жүргізген тұлғалардың нақтылығын, жауапкершілігін тексеру.

Осылайша, нақты жағдайдың сипаттамасы есептің өзгешеліктерінің бірі болды, ол мына мемлекеттерде болды Ежелгі Египет, Вавилон, Қытай.

Фараон құндылықтарын түгендеу, Ежелгі Египетте өте маңызды іс болып саналғаны сонша, олардың тақта отырған жылдары түгендеу уақытымен саналатын болған. Түгендеу қаншалықты көп жүргізілген болса, әмірші соншалықты дана ал халқы бақытты болған деп есептеген. Маңызды мем.іспен арнайы тұлғалар айналысты, олар өте көп болған. Алайда бұл адамдарды құрметтемеген. Оларды «....солған жандар, бұйрық берген нарсені өз таяқшаларымен жазуға ғана дайын, олар билік және қарым-қатынас үшін туылғандарын білмейді, сондықтан да олар бұл үшін туылмаған» деп атаған. Сонымен қатар Томас Манн египеттік басшының бухгалтерге берген бұйрығын былай баяндайды: «басшы: міне ал, саған жазу құралдары, парақтар, тушь және таяқшалар және адамдық жазуды қолдана отырып, бізде бар тауарлардың тізімін олардың түрлеріне байланысты – мазь, пышақ, қасық, шамдар, сонымен қатар аяқ киімдер. Олардың аттарын қара тушьпен, ал салмағы мен көлемін – қызылмен, бірақ қатесіз және таза». Ал ежелгі Грекияда ұрлықты текк материалды зиян деп қарастырды. Олар мынадай шарттар құрды, материалды жауапты тұлғалардағы жетіспешілік мемлекетке берекелі болды: егер адам 1драхм ұрласа, мемлекет айып пұл түрінде 10 драхм алады. Маңызды бір мәселе, шығындалатын адамнан алатын мүліктің болуы, осығған байланысты Грекияда материалды жауапты тұлғаларды байлардан сайлады. Осындай түгендеу гректерге жатаң болды. Түгендеу жүргізу бастамасы материалды жауапты тұлғалардан болу керек еді, ол есепті өткізді, есептің шынайылығы жөнінде дәлелдемелерді өзі қорғау керек.есеп хронологиялық жазба түрінде жүргізілді. Афиныда қаржылық бақылау халық таңдаған 10 тұлғаның қолында болды. Олардың міндеттеріне барлық мемлекеттік кіріс пен шығыстар есебі, храм мүліктерінің есебі, жылжитын және жылжымайтын мүліктерге түгендеу кірді. Түгендеу тарихы, бухгалтерлік есептің алғашқы әдісі, көптеген проблемаларға алып келді: 1.Инвентаризация тоталитарлық қоғамда маңыздырақ, себебі түгендеу бұл тек сипаттама емес бұл бақылау. 2.Түгендеу тікелей бух.есепке қатысты, алайда оны бухгалтерлер емес, оперативті тұлғалар жүргізу керек. Себебі бухгалтерлер тексерілетін құндылықтардың техникалық ерекшеліктерін біле бермейді. 3.Оны жүргізу әдістері. 4.Түгендеу жүргізу уақыты. Қорыта келе, түгендеу – бастапқы және сондықтан бух.есептің маңызды элементі. Түгендеусіз бух.есеп жоқ, түгендеуді бух.есептен бөлек түсінуге талпыныс жасағандарға қарамастан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]