Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

21.Азаматтардың әрекет қабілеттілігі.Азаматтардың деликтақабілеттілігі.

Азаматтардың құқық қабілеттілігі — бұл жеке тұлғаның азаматтық құқық пен міндетті иелену мүмкіндігі немесе қабілет ңұқығы Құқыққабілеттілік барлық адамдарға беріледі. Бұл оның ұлтына, дініне, тіліне, тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, т.б. байланысты болмайды дегенді білдіреді. Азаматтық құқыққабілеттілік адам туылған кезден басталып, қайтыс болған кезде тоқтатылады.

  • Азаматтардың әрекетқабілеттілігі — азаматтардың өз ерекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға жане оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер атқарып, оларды орындауға жене өз әрекетін тұрғын салдар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартуға қабілеттілігі. Яғни, азаматтардың әрекет- қабілеттілігінің маңызы әрекет жасаушы өзінің әрекетінен келетін заңдық салдарды түсінетіндігінде және ерекеті арқылы зиян келтірсе оның орнын толтыруға мүмкіндігінің барлығын немесе жоқтығын белгілейтіндігінде.

  • Шектеулі әрекетқабілеттілік те болады. Есірткі заттары мен спирт ішімдіктерін адам ұдайы пайдаланатын болса, соның салдарынан үй-ішін ауыр материалдық жағдайларға душар қылса, онда мүдделі адамдардың, яғни туған туысының, ата-анасының, әйелінің, т.б. арызы бойынша сот оның әрекетқабілеттілігін шектей алады. Оған қамқоршылық тағайындайды. Ол ұсақ тұрмыстық мәмілелерді өз бетінше жасағанымен, басқа да мәмілелерді қамқоршы келісімімен жасауға міндетті болады. Бұл әрине уақытшашара. Егер ерекетқабілеттілігі шектелген адам түзелетін болса, онда сот арқылы әрекетқабілеттілігі шектелгендігі алынып тасталынады жене ол толық әрекетқабілеттілікке ие болады.Сонымен бірге тұрақты жан күйзелісімен ауыратын тұлғаның әрекетқабілеттілігі сот арқылы шектеледі.

  • Деликтқабілеттілік — тұлғаның азаматтық құқық бұзушылық (деликттер) үшін жауап беру қабілеті. Деликтқабілеттілік белгілі бір жастан бастап пайда болады. Мысалы, азаматтық жауапкершілік 16 жастан бастап туындайды.

  • Құқық субъектілік — бұл осыдан туындайтын барлық салдармен бірге тұлғаның құқық субъектісі болу мүмкіндігі немесе қабілеті.

22.Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектілері ретінде, олардың түрлері.

Заңды тұлға деп шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікке өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жене мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады.

Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі лицензия алған кезден бастап пайда болады да, оның мерзімі біткенде немесе жарамсыз деп танылғанда тоқтатылады.

Заңды тұлғалар заңға сәйкес коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар болып екі түрге бөлінеді: Қоммерциялық заңды тұлғалардың мақсаты пайда табу. Коммерциялық емес заңды тұлға пайда табуды көздемейтін Және оны қатысушыларына үлестірмейтін ұйым болып табылады.

Коммерциялық заңды тұлғалар: мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік коопертив нысандары.

       Коммерциялық емес ұйым – заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.        Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша:

  1. Коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады.

  2. Жекелеген ұйымдық – құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер қойылуы мүмкін.

  3. Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерліу қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді.

  4. Коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

  5. Коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлары өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол берілмейді.