Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

54.Интелектуалдық меншіктің түсінігі

«Интеллектуалдық меншік» түсінігі кейбір құқықтық институттарға қатысты, соның ішінде аса маңызды коммерциялық құпия, патенттік құқық, авторлық құқық және тауарлық белгілер сияқты құқықтық институттарға қатысты жалпы сипатқа ие. Коммерциялық құпия және патенттік құқық туралы заңнамалар жаңа зертеу мен идеяларға жол ашады. Авторлық құқық жаңадан әдеби, көркем және музыкалық шығармалар, сонымен қатар компьютерлерді программалық қамсыздандыруға жағдай жасайды. Товарлық белгілер туралы заңнамалар өнім мен өндірушінің байланысын құрайды.

Коммерциялық құпия өндірістік құпия нысанында ежелгі дәуірден бастап қалыптасты. Ежелгі шеберлер тастан қару жасаудың тәсілдерін құпия етіп ұстады. Бұл шеберлер құқықтық қорғауға дейінгі уақытта бұл құпияны білуден елеулі тиімділік алатынын білген.

Патенттік құқық жуырдан бастап қана дами бастады. Патенттік құқық нарықтық экономика жүйесінің жетілдірілмегендігін көрсетеді деп айтуға болады, себебі өндіріс пен тауарларды үлестіретін нарықтық экономика жаңадан және сапалы тауарларды шығаруға жарамсыз деп айтуға болады.

Бұл бағыттардың алғашқысы заңи әдебиетте проприетарлық тұжырымдама (propriety – француз тілінен аударғанда меншік) деп аталады да, екіншісі ерекше құқықтар тұжырымдамасы деген атқа ие болған.

55.Ата-аналармен балалардың құқықтары мен міндеттері.

Баланың құқықтары. Балалар мүдделерін мемлекеттік қорғау

- отбасында тұрып, тәрбиеленуге

- өзге туысқандарымен қарым-қатынас жасауға

- неке бұзылған сәтте әкесімен жолығып тұруға

- баланың адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне

- өз ойын еркін білдіруге құқылы

- 10 жасқа толғанда оның пікірімен санасуға

Сот шешімі бұзылған жағдайда сот орындауға мәжбүрлеуге құқылы

Ата-ана

- өз балаларының орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті

- балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.

- балалард өз бетінше жеке тәрбиелеуге құқылы

- әр түрлі теріс қылықтардың алдын –алу үшін балаларын қадағалап отыруға міндетті.

- баласынан бас тртқан жағдайда сот арқылы баланы асырап- бағуға алимент өндіріп алады.

Құқықтары мен міндеттерін ойдағыдай орындамау оларға ата – аналық құқықтан айыратын және шектейтін санкциялар қолдануға әкеп соқтырады.

56.Азаматтық-құқтық дауларды қараудың мерзімі мен сатылары.

Азаматтық іс жүргізу құқығы — азаматтық істерді сотта қараудың және шешудің тәртібін, сондай-ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай-ақ, олардың құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін жүргізудің тәртібін лгілейді. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен бірге, бұл ұғым өзімен аттас ғылымды, әрі оқу пәнін де қамтиды. Материалдық құқық — құқықтық нормаларды белгілейтін заңды түсінік, соның көмегімен мемлекет қоғамдық қатынастарға тікелей, тура құқықтық реттеумен ықпал етуді жүзеге асырады

Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың тәртібін реттейтін құқық нормаларын мәжбүрлеп орындату тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық істерді қарау және шешу барысында, сондай-ақ сот шешімдерін орындауға байланысты сот пен процеске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды құрайды. Мұндай қатынастарды реттеу тәсілі императивті диспозитивтік деп аталады.

Императивтік (императив — «өкімет», «үзілді-кесілді талап» заң — таңдауға жол бермейтін) деген соттың мемлекеттікбилік органы екендігін және биліктік өкілеттіктер берілгенін білдіреді.

Соттың және судьяның талаптары, тапсырмалары, шақырулары және басқа да өтініштері, сот отырысының төрағалық етушінің өкімдері процеске қатысушылар үшін міндетті болып табылады. Сот төрелік етуді жүзеге асыру мақсатында процеске қатысушыларға мәжбүрлеу шараларымен (мысалы, сот отырысынан тәртіп бұзушыларды шығарып жіберу, мәжбүрлеп алып келуді жүзеге асыру), айыппұл салуға құқылы. Сондықтан азаматтық жүргізу қатынастарын билік және бағыныштылық қатынастары ретінде сипаттайды.

Диспозитивтік азаматтық құқық субъектілерінің осындай құқық объектілеріне билік етуге бағытталған әрекеттерді жасауға толықтай ие екендіктерін білдіреді.

Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі қағидалары

Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларына — заңдарда бекітілген жалпы, маңызды жетекшілікке алатын негізгі ережелер мен сот қызметі негізделген. Бұл қағидалар мықты нормалар түрінде тұжырымдалған олар құқық нормаларының жалпы ережелерінде бейнеленеді.

Сот төрелігін тек соттық жүзеге асыруы

Судьялардың ауыстырылмайтындығы және сайланбайтындылығы.

Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға ғана бағынуы

Азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдындағы теңдігі.

Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу.

Сотта істі қараудың жариялылығы

Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотты, істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе аудио дыбысын жазуды пайдалануға құқығы бар

Сот ісін жүргізу тілі.

Соттың қызметіндегі заңдылық деген соттың құқық нормаларын дұрыс қолдануын, шығарылатын актілердің және жасалатын барлық іс жүргізу әрекеттерінің қолданыстағы заңдарына сәйкестігін білдіреді.

— Бәсекелестік тараптардың заңды мүдделерінің қарама-қайшылығынан келіп шығады, ол азаматтық процестегі айтысу қажеттілігін негіздейді

— Тараптардың іс жүргізудегі тең құқықтылығы материалдық құқықтық қатынастардың (азаматтық, отбасы, еңбек және т.б.) субъектілерінің теңдігіне сүйенеді (тең құқықтық жағдайы) және іс жүргізу құқықтары мен талаптардың іс жүргізу міндеттерінің теңдігін белгілейді.

— Сот талқылауының тікелейлігі. Сот істі карау барысында іс бойынша дәлелдемелер мен өзге де мән-жайларды: Іске қатысушы тараптар мен басқа адамдардың түсініктерін, куәгердің айғақтарын, сарапшылардың қорытындысын, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, заттай дәлелдемелерді қарауға, дыбыс жазбаларын тыңдауға және бейне жазбаларды, кино, фотоматериалдарды қарауға, жаңартылған өзге де материалдармен танысып шығуға тікелей міндетті.

— Сотта істі қараудың ауызшалығы.

істі қарау нәтижесінде сот шығарған шешім жария етіледі