Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

85.Құқықтық жүйенің субъектісі.

Құқықтық жүйе субъектілері — құқық субъектілікке ие тұлғалар, яғни құқықтар мен міндеттерді иелене алатын, құқықтық қатынастарға қатыса алатын азаматтар, ұйымдар мен қоғамдық құрылымдар.

Құқықтық жүйенің түріне қарай әрекет етуші субъектілері бөлінеді. Мемлекетішілік құқықтық жүйенің субъектілері: мемлекет, мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар, федерация субъектілері, жергілікті басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар, т.б.

Халықаралық құқық жүйесінің субъектілері халықаралық құқықтық нормалардың адресаттары ғана емес, сондай ақ олардың құрушылары да болып табылады. Негізгі субъектісі мемлекет. Сондай ақ халықаралық ұйымдар, институттар, ұлт азаттық қоз,алыстар, т.б. халықаралық құқық жүйесінің субъектілері болып табылады. Жеке және заңды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар және өзге де мемлекетішілік құқық жүйесінің субъектілері халықаралық құқық субъектісі бола алмайды, себебі олар белгілі бір мемлекеттің билігіне бағынышты. Халықаралық құқық жүйесінің субъектілерін бір біріне тәуелсіздік, заңды түрде әрекет ережелерін бекітетін билікке бағынбаушылық сипаттайды. Солай бола тұра, халықаралық құқықтық реттеудің әдісі өзара тәуелсіз субъектілердің арасындағы ортақ келісімге келуге негізделген.

86.Коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар

Заңды тұлға ұғымы. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.

Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ) заңды тұлға бола алады.

Коммерциялық заңды тұлға болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.

Коммерциялық емес заңды тұлға болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.

Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 110-бабы). Заңды тұлға заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.

87.Қр ақша реформасы (1924,1947,1961,1993 гг)

1922 - 1924 Жж. Ақша реформалары

Ақша реформасын өткізудің қажеттігі. Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1897 жж. ақша реформалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс және мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 9291 алтынмен қамтамасыз етілген Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды.

Ақша реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы: әр түрлі өнеркәсіп саларындағы өнімдер көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің артуы, ауыл шарушылығының басты өнімдерінің өсуі (бидай, мақта), тауар айналымының артуы жатады.

Ақша айналысын қалыпқа келтірудің басты бір қадамына 1922 ж. мемлекеттік ақша белгілерін шығару жатты. Мұндағы 1 рубль бұрын шығарылған 10 мың рубльге теңесті. Ақшаларды қайта есептеу олардың төрт нөлін сызып тастады (деноминациялау әдісі) арқылы жүргізілді.

Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздану қаркыны орташа және ұсақ купюрадағы акшалардың жетіспеушілігіне экеліп соқты. Сөйтіп, ұсақ ақшалар ретінде әр түрлі ақшалар, әсіресе тұрақты валюталарда бейнеленген сурогатгарды шығарды.

Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздануы шаруаларға үлкен зиян әкелді. Червонецтер қаланың валютасы болды, іс жүзінде олар ауылдарға жетпеді. Ауыл шаруашылығы өнім-дерінің тауарлығы төмендей бастады. Мұньщ бәрі ақша реформасын тезірек аяқтауды талап етті

Алтын қорының үш ролі болды:

1) халықаралық есеп айырысуларда резервтік қор ретінде;

2) ішкі нарықта червонец бағамын реттеуші (Мембанк алтынды шетел валютасымен бірге ішкі нарықтан сатып алып отырды);

3) көзге көрінбейтін жағдайларға арналған сақтандыру резерві.

Червонец тарихқа "алтын" деген атпен кірді, бұл жерде оның мазмұны патшалық он рубльдің алтын мазмұнына сәйкес келуінің қатысы болғандықтан емес.

1922-1924 жж. ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз қағаз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.

Ақша айналысын реттеуді, ақша белгілерін эмиссиялауды қатаң орталықтандырып Ұлы Отан соғысына тұрақты ақша жүйесімен қадам басуға мүмкіндік жасады.