Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

58.Сыбайлас жемқорлықтың субъектісі.

Қылмыстық кодекстің сыбайлас-жемқорлық қылмыстарды қарастыратын барлық баптарына тән нәрсе: мұндай қылмыстардың субъектілері ретінде арнайы субъектілер шығады—жалпы белгілерден басқа (белгілі бір жасқа келу және ақыл-есі дұрыс), оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ерекше қосымша белгілері де болуы тиіс. Сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмыс субъектілері, ҚР Жоғарғы соттың 2001 жылғы 13 желтоқсандағы “Соттардың сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарау практикасы туралы” №18 нормативтік Қаулысына сай, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, әскери күштердің және басқа әскери құрамдардың және республика әскерлерінің лауазымды адамдары, сондай-ақ жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдар болып табылады. ҚР ҚК 307 бабына берілген қосымшаға сәйкес, лауазымды адамдар болып тұрақты, уақытша немесе арнайы құзыреттікпен билік өкілдігінің міндетін атқарушы немесе мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, әскери күштерде және басқа әскери құрамдарда және республика әскерлерінде ұйымдастыру-билік жүргізу немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттер атқарып отырған адамдар есептеледі. Жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдар болып ҚР Конституциясы, конституциялық және ҚР басқа заңдарымен мемлекет міндетін және мемлекеттік органдар құзыретін тікелей орындау үшін белгіленген адамдар есептеледі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің саяси лауазымдарына ие адамдар. ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілденген адамдарға лауазымды тұлғалар, Парламент және мәслихат депутаттары, соттар және барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.Мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамдарға теңестіріледі: -жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар; -заң белгілеген тәртіппен ҚР Президенттігіне, ҚР Парламенті депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайлау органдары мүшелігіне үміткерлер ретінде тіркелген азаматтар; -еңбекақылары ҚР мемлекеттік бюджет қаражатынан төленетін жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін қызметшілер; -мемлекеттік ұйымдарда және жарғы капиталында мемлекет үлесі отыз бес пайыздан кем емес мемлекеттік ұйымдарда басқару міндеттерін орындайтын адамдар.

59.Мемлекеттің шығу теориялары.

 Мемлекеттің пайда болуы жайлы теориялар:

Теологиялық – биліктің құдайдан пайда болғандығы туралы пайымдайды Патриархалды – мемлекеттің пайда болуын тікелей жанұяның таралуымен байланыстыра қарастырады

Шарттық – мемлекет қоғамдық шарт негізінде пайда болды

Күштеу – мемлекет жəне сыртқы күштеу нəтижесінде пайда болады

Психологиялық – мемлекет адамдардың ұйымдасқан қоғам ұжымдық арақатынас аясында өмір сүру жөніндегі психологиялық қажеттіліктері нəтижесінде пайда болды

Ирригациялық – мемлекеттің пайда болуы шығыс аграрлық облыстарда ірі ирригациялық құрылымдарды салу қажеттілігімен байланыстырылады Материалистик (таптық) – мемлекеттің пайда болуы əлеуметтік-экономикалық факторлармен байланыстырылады.