Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

31.Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты. Еңбек ақы.

Жұмыс Уақыты– қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбекпроцесіне қатысу ұзақтығының өлшемі.

жұмыс уақытының түрлері: қалыпты ұзақтықтағы, қысқартылған ұзақтықтағы жəне толық емес жұмыс уақыты.

Еңбек құқығында демалыс уақыты ретінде қызметкердің еңбек міндеттерін

орындаудан бос уақыты танылады. Бұл уақытты олар өз қалауы

бойынша пайдалана алады. Заңдарда қызметкерге демалу жəне

тамақтану үшін үзіліс белгіленген. Еңбек туралы заңдарда демалыс уақытының келесі түрлері белгіленген:

· күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер;

· жұмыс күндері арасындағы күн сайынғы демалыс күндері;

· апта сайынғы демалыс күндері;

· жыл сайынғы мереке күндері;

· жыл сайынғы еңбек демалысы.

 Еңбекақы — қаржыландыру көзіне қарамастан , ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер. Бұлардың қатарына арнаулы заңға сәйкес қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыты (жыл сайынғы еңбек демалысы, мерекелік күндер, т.б.) үшін берілетін ақша сомасы да жатады.

32.Табиғат ресурстарының құқықтық режимдері.

Табиғат ресурстарының құқықтық режимі Экологиялық құқықтың ерекше бөлімі болып табылады. Бұл бөлімде жерді пайдалану мен қорғаудың

экологиялық-құқықтық режимі, Суды пайдалану мен қорғаудың

экологиялық-құқықтық режимі,Атмосфералық ауаны экологиялық-құқықтық қорғау, Жер қойнауын пайдалану мен қорғаудың экологиялық-құқықтық режимі, Орман қорларының экологиялық-құқықтық режимі,Жануарлар дүниесін қорғау,Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық-

құқықтық режимі, Атом энергиясын пайдалану және қоршаған ортаға радиациялық әсер етуді құқықтық реттеу,Халықаралық экологиялық

құқықтың ұғымы, нысаны және қағидалары жатады.

33. Заңды тұлғаның экологиялық құқық бұзушылыққа жауапкершілігі.

Экологиялық құқық бұзушылық (орыс. Экологическое правонарушение) — табиғи ортаны қорғау туралы заңдарды бұзушыларға, табиғи ортаға, адам денсаулығына зиян тигізушілерге, сондай-ақ осы тектес қауіп-қатер туғызушыларға қарсы қолданылатын заңды іс-әрекет. Өмірде табиғи объектілердің табиғи жағдайларының нашарлауы, олардың экологиялық байланысының әлсіреуі, табиғи объектілердің өзін-өзі тазалауы мен өзін-өзі қайта қалпына келтіру қабілетінің төмендеуі, табиғаттың, сонымен бірге адамның қорғану қасиетінің кемуі жиі ұшырасады. Олар тигізетін экологиялық зиянның құнын анықтау өте қиын, олардың көлемін ақшамен есептеу тіпті мүмкін емес.

Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік. Экологиялық (табиғат қорғау) заңды орындамағаны үшін кінәлілер экологиялық құқық бұзудың түріне байланысты жауапкершілікке тартылады. Экологиялық құқық бұзушылық - бұл табиғат қорғау заңын бұзу және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізетін құқыққа қарсы іс. Тұлғаның экологиялық заңдарға қайшы келетін әрекеттері экологиялық құқық бұзудың белгілері болып табылады.

Экологиялық құқық бұзғандар әкімшілік, азаматтық-құқықтық, дисциплинарлық, материалдық (мүліктік), қылмыстық жазаларға тартылады.

Жауапкершілік түрі

Жаза

Негіздеме

Жауаптылар

Әкімшілік

Ескерту, айып пұл, затты тәркілеу (құқық бұзған қару); жұмыс істеу құқығынан айыру; әкімшілік қамауға алу

ҚР әкімшілік құқық бұзу кодексі, 24 бап

Заңды және жеке тұлғалар

Азаматтық-құқықтық

ҚР азаматтық-құқықтық заңы

Заңды және жеке тұлғалар

Дисциплинарлық

Ескерту, сөгіс беру, қатаң сөгіс, сый ақыдан айыру, жұмыстан босату

Еңбек заңы

Қызметтегі (жеке) тұлғалар

Материалдық (мүліктік)

Шығынды, зиянды өтеу, келтірген зиянды түзеу

Еңбек заңы

Жеке тұлғалар

Қылмыстық

Қылмыстық жазалау, қамауға алу және т.б.

ҚР қылмыстық заңы

Заңды және жеке тұлғалар

Экологиялық заңдарды бұзу дегеніміз- белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік айтамыз.

Экологиялық құқық бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік дегеніміз- мемлекет және оның органнаң заңның және заңдық тәртіптің сақталуы үшін, құқық бұзушыға қолданылатын мәжбүрлеу шараларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығын айтамыз.

Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік-құқық бұзушылық туралы заңмен қарастырылған, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау болып табылады.

Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексінің 19 тарауында “қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық” берілген. Мұнда барлығы 67 құқық бұзушылықтың құрамы берілген.

Тәртіптік жауапкершілік жұмыскерге өндіріс, мееме және ұйым әкімшіліктердің тәртіпті талап ету шараларын қолдану арқылы жүзеге асырады.Тәртіпті талап етудің негізгі түрлеріне, ескерту,сөгіс қатаң сөгіс, жұмыстан шығару жатады.Тәртіптік жауапкершіліктің ерекше сипаты тәртіптік жауапкершілік шарасы қолданылатын құқық бұзған адамның ұйымға бағынуы.

Азаматтық құқық жауапкершілік дүние мүлкіне, зиянды өтеуінің және т.б. тиімсіз шараларды көрсететін құқық бұзушыға қолданылатын шаралар. Азаматтық-құқық жауапкершілік өтемелі сипатта болады, себебі ол несие берушінің бұзылған мүліктік құқығы мен мүддесін қайтадан жөндеуге бағытталған. Ол құқық бұзушымен келтірілген зиянды толығымен өтеу принципіне негізделген.

Қылмыстық жауаптылық мемлекет тарапынан қатаң шаралар қолдану арқылы сипатталады.Ол қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға қылмыстық заңның негізінде Сот тәртібімен тағайындалады.Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың түрлеріне бас бостандығынан айыру, айыппұл салу, түзету жұмыстары және т.б. саналады.