- •1.Мемлекеттің негізгі түсінігі мен белгілері.
- •2. Мемлекеттің пайда болуы: экономикалық және әлеуметтік мәселелері.
- •3.Құқтық мемлекеттің түсінігі мен белгілері.
- •4.Құқықтың түсінігі мен негізгі белгілері.
- •5. Құқықтың маңызы. Құқтық нормалардың түсінігі мен құрылымы.
- •6. Нормативті-құқтық актілердің түсінігі мен құрылымы.
- •7. Құқтық қатынастардың түсінігі мен түрлері.
- •8.Құқтық ілім мен құқтық мәдениет.
- •9.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің түсінігі мен қағидалары
- •10.Құқық бұзыушылықтың түсінігі және түрлері
- •11.Конституция құқығының пәні және түсінігі
- •12.Конституциялық құқықтың жүйесі.
- •13.Қазақстан Республикасының түсінігі мен мазмұны.
- •14.Құқықтың шығу теориялары.
- •15.Қр сайлау жүйесі.
- •17.Әкімшілік құқықтың субъектісі.
- •19.Азаматтық қатынастардың түсінігі мен түрлері.
- •21.Азаматтардың әрекет қабілеттілігі.Азаматтардың деликтақабілеттілігі.
- •22.Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектілері ретінде, олардың түрлері.
- •23.Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау.
- •24.Некеге тұру және некені тоқтату.
- •25.Жас жұбайлардың өзіндік және мүліктік құқығы мен міндеттері.
- •26.Алименттік міндеттемелер
- •27.Қаржылық-құқылық нормалар мен қатынастар.
- •28.Қр салық құқығының түсінігі
- •29.Еңбек құқығының қайнар көздері мен жүйесі.
- •30.Еңбек шарты, түрлері және ерекшеліктері.
- •31.Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты. Еңбек ақы.
- •32.Табиғат ресурстарының құқықтық режимдері.
- •33. Заңды тұлғаның экологиялық құқық бұзушылыққа жауапкершілігі.
- •34. Қоршаған ортаны қорғаудың құқтық аспектілері.
- •35.Қылмыстық құқықтың принциптері
- •36.Қылмыстық заңның жүйесі мен құрылымы.
- •37.Қылмыстың түсінігі мен белгілері.
- •38. Қылмыстық жауапкершілік: понятие, основания его наступления.
- •39.Қылмыстың құрамы.
- •40.Қылмыстық әрекет, оның түрлері.
- •41. Жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
- •44. Азаматық құқықтың объектілері
- •45.Әкімшілік жауапкершілік.
- •46.Қылмыстық жауапкершілік.
- •47.Азаматтық:түсінігі,тәртібі мен алу және жоғалту.
- •48.Азаматтық-құқтық процесстегі тараптар.
- •49.Мәмлелердің түсінігі мен формалары.
- •50.Меншік құқығының түсінігі
- •51.Міндеттемеліктің түсінігімен түрлері.
- •52.Меншік формалары.
- •53.Міндеттемелердің пайда болуы мен тоқтатылуның негіздері.
- •54.Интелектуалдық меншіктің түсінігі
- •56.Азаматтық-құқтық дауларды қараудың мерзімі мен сатылары.
- •57 Экологиялық құқықтың объектісі.
- •58.Сыбайлас жемқорлықтың субъектісі.
- •59.Мемлекеттің шығу теориялары.
- •60. Құқтық нормалардың түсінігі мен құрылымы.
- •61.Қазақстан Республикасының Президентінің құзреті.
- •63. Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары
- •64. Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет.
- •65.Мемлекет формасы (басқару формасы, форма государственного устройства, саяси режим)
- •66.Бюджет құқығы.
- •67.Құқтық жүйенің қайнар көздері.
- •68.Бағалы қағаздар және олардың түрлері
- •69.Қамқоршылыар мен қорғаушылар, патронаттар.
- •70.Қр Конституциялық кеңесі
- •71.Сот билігі: түсінігі, мазмұны.
- •72.Үкіметтің конституциялық құқтық статусы
- •73.Адам мен азаметтың конституциялық құқтары мен бостандығы,міндеттері.
- •74 Сайлау жүйесі түрлерімен түсінігі
- •75. Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен қағидалары.
- •76. Меншік құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негіздері
- •77.Әкімшілік алдын-алу мен ескерту шаралары.
- •78.Қаржы құқығының әдісі,түсінігі,пәні.
- •79. Мемлекеттік қызметті реттеуші қағидалар.
- •80. Құқық қорғау органаның жүйесі.
- •82. Қр бюджеттік жүйе.
- •83. Экологиялық құқықтың объектісі
- •85.Құқықтық жүйенің субъектісі.
- •86.Коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар
- •87.Қр ақша реформасы (1924,1947,1961,1993 гг)
- •1922 - 1924 Жж. Ақша реформалары
- •1947 Жылғы ақша реформасы
- •1961 Жылға деноминация
- •88.Конституцияның жалпы қағидалары.
- •89.Міндеттемені қамтамасыз ету әдістері.
- •90.Нормативті-құқтық актілердің иерархиясы.
72.Үкіметтің конституциялық құқтық статусы
Үкімет — мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы. Үкімет түрлі елдерде түрліше аталуы мүмкін: мысалы, министрлер кеңесі, министрлер кабинеті, мемлекеттік кеңес, т.б
Президенттік республикаларда Үкіметті президент, парламенттік республикаларда және монархияларда — премьер-министр басқарады. Үкімет бір партиялық немесе одақтасқан Үкімет болуы мүмкін.
Парламенттік елдерде Үкіметті мемлекет басшысының тапсыруымен бір партиялы парламентте немесе екі партиялы парламенттің төменгі палатасында көпшілік орын алған партияның көшбасшысы (одақтасқан үкіметте — партиялар көшбасшыларының бірі); президенттік республикаларда президент жасақтайды, оның үстіне ол тағайындайтын Үкімет мүшелерінің әрқайсысын парламент (әдетте жоғары палата) бекітуге тиіс. Үкімет мүшелері (министрлер), портфельсіз министрлер, мемлекеттік министрлер, мемлекеттік хатшылар мемлекеттік басқарудың нақты орталық органдарын басқарады, парламенттік елдерде олар міндетті түрде парламент мүшелері болуға тиіс, президенттік, сондай-ақ жартылай президенттік республикаларда министрлік портфель мен депутаттық мандатты қоса алып жүрмеу қағидаты қолданылады.
Парламенттік елдерде Үкіметке парламенттің алдында (қос палаталы парламентте төм. палатаның алдында) алқалы жауапкершілік жүктеледі. Мұның мәнісі: парламентте көпшілік дауыстан айрылған жағдайда (мысалы, үкіметтік коалиция екіге жарылған кезде) Үкімет не қызметті доғаруға (Үкімет дағдарысы басталып, жаңа Үкіметтің жасақталуымен және парламентке сенім білдірілуімен аяқталады), не парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау тағайындау деген сөз. Федеративтік мемлекеттерде орт. (федералдық) Үкімет және мемлекеттік құрылым федерациясының құрамына кіретін Үкімет болады; қ. Қазақстан Республикасының Үкіметі.
73.Адам мен азаметтың конституциялық құқтары мен бостандығы,міндеттері.
12-бап
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
3. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.
4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.
5. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.
Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар! Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.
30-бап
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
2. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
3. Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
4. Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек.
34-бап
1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.
36-бап
1. Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.
37-бап
Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.
38-бап
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
39-бап
1. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.
2. Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады.
3. Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді. Конституцияның 10; 11; 13-15-баптарында; 16-бабының 1-тармағында; 17-бабында; 19-бабында; 22-бабында; 26-бабының 2-тармағында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс.
