Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

76. Меншік құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негіздері

Меншік Құқығы:

  1. Мүлікті меншіктенуге қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі;

  2. Заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етіліп, меншігіне бекітілген мүлікті меншіктенушінің өз қалауы мен мүддесіне орай иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігі, сондай-ақ өз шаруашылығының үстемдік аясына өзгелердің араласуына жол бермеу мүмкіндігі.

Бұл мүмкіндіктер заңға қайшы келмейтін және өзгелердің заңды құқықтары мен мүдделерін таптамайтын кез келген әрекет арқылы жүзеге асады. Бұл тұрғыда меншік құқығы үш түрлі бөліктен тұрады:

  1. Иелену хақысы – меншіктенушінің мүлікке деген шаруашылық үстемдігі. Яғни мүліктің иесіне заң жүзінде бекітілуі;

  2. Пайдалану хақысы – мүлікті іске асырып, пайдаға жарату;

  3. Билік ету хақысы – құқықтық әрекеттер жасау арқылы мүліктің тағдырын белгілеу.

Мысалы, үйдің иесі оны сатса да, жалға берсе де немесе өзі тұрса да өзі біледі. Осы үшеуі Меншік құқығының құрамдас бөліктері болғанмен, барлық кезде бірге жүрмейді. Мысалы, жалға алған пәтерді пайдалану хақысы болғанымен, жалдаушының ол пәтерге деген иелену және билік ету хақысы жоқ. Көрсетілген үш мүмкіндіктің ішіндегі мүлікті меншіктендіретіні, яғни ең маңыздысы иелену хақысы. Қалған екеуі меншік иесінде болуы да, болмауы да оны меншік құқығынан айыра алмайды. Сондықтан мүліктің барлық ауыртпалығы, жауапкершілігі меншік иесінде.

Меншік құқығың тоқталуы

Меншік құқығының тоқтатылуы өз еркімен және мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады. Мүлікті өз еркімен басқа тұлғаға беру, сату, меншік құқығынан бас тарту, мүлікті жою және т.б. Мәжбүрлі түрде меншік құқығын тоқтату: тәркілеу, реквизация, иесіз мәдени немесе тарихи маңызы бар мүліктерді сатып алу және т.б. негізде жүргізіледі.

77.Әкімшілік алдын-алу мен ескерту шаралары.

. Әкімшілік – ескерту шаралары   алуан түрлі.  Солардың ішінде анағұрлым  кең тарағандары:

- тұрғын үйлерге    және қызметтік  кеңселерге полиция қызметкерлерінің  кіруі, мысалы,   төл құжаттық тәртіпті  сақтауларын  тексеру үшін;

-    құқық бұзушылықтың алдын алу  мақсатында  құжаттарды тексеру, мысалы,  жүргізушілерден – жүргізуші куәлігін, жолдама,  тауаркөліктік  құжаттар; азаматтардан – жеке басын куәландыратын  құжаттар, аңшылар мен балық аулаушылардан -  тиісті лицензияларын  тексеру;

-   мемлекеттік  шекара арқылы өткенде  контрабанданың алдын алу мақсатында, сонымен қатар азаматтық авиация кемелерінде ұшу  кезінде тиым салынған жүктерді және құралдарды табу мақсатында   заттарды, қол жүктерін қарау, сондай-ақ  жеке басын қарау;

-   көліктер мен жаяу адамдардың  қозғалысын қозғалыс қауіпсіздігіне  төнген қауіп –қатерді  төнген кезде  тоқтату немесе шектеу;

-   желіге  техникалық бұзылған көліктерді  шығаруға тиым салу;

-  тұлғалардың  денсаулық жағдайларын және   кәсіпорындардың  санитарлық жағдайларын  тексеруден өткізу;

-  эпидемия  және эпизотиялар кезінде  карантин  енгізу ;

-  бас  бостандығын  айыру  орындарынан   келген  тұлғаларды  әкімшілік   қадағалау;

-   мүліктерді реквизициялау,  яғни   мүліктің  ақысын  төлеп  мәжбүрлеп алу;

Әкімшілік – бұлтартпау шаралары  және  іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары  мәжбүрлі түрде  құқыққа қайшы   әрекеттерді   тоқтату және  олардың  зиянды салдарларын  жою  кезінде  қолданылады.  Бұл шаралар да  кінәлі  тұлғаларды  жауапкершілікке   тартуды қамтамасыз етеді  және  полиция органдары, мемлекеттік инспекторлар және кейбір жағдайларда  халық бақылаушылары қолданады. Әкімшілік  бұлтартпау шараларына  мыналарды жатқызуға  болады:

-  әкімшілік  ұстау, яғни  тұлғаның физикалық  бостандығын   қысқа уақыт ішінде шектеу. әкімшілік құқық     бұзушылықтарды  тоқтату,  хаттама толтыру,  әкімшілік істерді  өз уақытында  қарауды қамтамасыз ету мақсатында   қолданылады. Бұл шараны  көбінесе  полиция қызметкерлері  қолданады;

-  кәсіпорындардың  жұмыстарын тоқтату,

-   техникалық жағдайы  қауіпсіз  жол қозғалысына  қауіп төндіретін жағдайда ақауы бар автокөліктерді пайдалануға тиым салу;

-  егерде оларды иемденуге  рұқсаты болмаса, қандайда болмасын  ережелерді  бұзушы тұлғалардан  мүліктерін  алу;

-   қалпына келтіру   сипатындағы  мәжбүрлеу шаралары;

-   полиция қызметкерлерінің   қаруды қолдануы,

- қоғамдық  тәртіпті  әдейі  бұзушыларға  самбоның, еркін күрестің, әскери күрес әдістерін қолдану, рәзіңке таяқшаларды пайдалану, кісен салу арқылы  тікелей физикалық ықпал ету;

-  өкілетті   органдардың   қоғамға жат  қылықтарды  тоқтату  талабы.

Әкімшілік  — ескерту   шаралары  да, сондай  — ақ  әкімшілік  бұлтартпау  шаралары да ,  ереже  бойынша,   кінәлі  тұлғаларды  олардың  құқық  бұзушылық   жасағаны үшін  жазалауға  дейін  қолданылады, яғни  әкімшілік  жауапкершілік шараларын қолданудың алғы шарты болып табылады. Іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары, мысалы, жеке басын тінту, қарау, тексеру, заттарды тінту, тексеру, қарау, заттар  мен   құжаттарды  алу, әкімшілік істерді  шешу   тәртібі  заңдылықты  нығайтуға  ықпал  етеді,  заңнамада  белгіленген шектерде және тәртіпте  қарастырылған  жағдайда  ғана  қолданылады.

3) Әкімшілік  жазалау шаралары, мысалы,  айыппұл салу,  тәркілеу,  әкімшілік қамау -  заңды  жауапкершілік  шараларын   білдіреді   және    нақты  құқық  бұзушылықтарды  істегенде  қолданылады. Әкімшілік  мәжбүрлеу  шараларының  бұл  тобы  әкімшілік  құқық  бұзушылық  жасаған  тұлғаны  заңдылықты  сақтау,  адамзат тұрмыс – тіршілігінің  ережелерін құрметтеу  және    құқық бұзушылардың өзерін, сондай-ақ басқа да  тұлғалардың  жаңа құқық бұзушылықтарды жасамауларын ескерту  рухында   тәрбиелеу мақсатында қолданылады.