Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

48.Азаматтық-құқтық процесстегі тараптар.

Азаматтық іс жүргізудегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына жатады. (АІЖК-нің 44-бабы). Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кәсіпорын, мекеме, ұйымдар) өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға хақысы бар.

Тараптар – сотта субьективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар.

Тараптар деп талап қоюшы мен жауапкерді атайды. Талап қоюшы мен жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР-ның азаматы, шетел азаматы және азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар (мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар) болып табылады.

Талап қоюшы – сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субьективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға.Қазіргі азаматтық іс  жүргізу заңында талап қоюшының азаматтық процеске қатысуының 2 негізі көрсетіледі:1-ден, талап қоюшы өз мүдделері және құқықтарын көздеп талап қою арқылы қатысады;2-ден, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді. Бірінші жағдайда талап қоюшы іс жүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол іске қатысуға соттан рұқсат сұрайды.

Жауапкер – талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін тұлға. Талап қоюшының айтуынша жауапкер оның субьективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін бұзып не дауға салып отыр. Талап қоюшы мен жауапкер – сотта қаралуға жататын даулы құқық қатынасының немесе заңмен қорғалатын мүдденің субьектілері.

 Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері

Тараптар іс жүргізу құқықтарын тең пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады деген.

Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтарын: жалпы және арнайы деп бөліп қарастырса болады. Жалпы – бұл тараптардан басқа да іске қатысушы тұлғаларға тән құқықтар: іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарслықтарын мәлімдеуге, дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға және т.б.

Тараптардың азаматтық іс жүргізу міндеттерін: жалпы және арнайы деп бөлініп қарастрса болады. Жалпы – тараптар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға,сот отырысындағы тәртіпті сақтау, сотта төрағалық етушінің қаулыларына бағынуға тиіс. Арнайы – ол азаматтық іс жүргізудің сатыларына және нақты іс жүргізу әрекеттердің мінезіне байланысты. Осылай, талап қоюшы сотқа өзі ұсынған талап арыында міндетті түрде заңда көрсетілген мәліметтер бар болу керек ; әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.

Азаматтық процесте тиісті және тиісті емес тараптар

Тиісті тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) – нақты азаматтық іс бойынша азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары, яғни тарапты іс материалдары бойынша даулы құқық қатынасының субьектісі болуы мүмкін деген болжау.

Тиісті емес тараптар (талап қоюшы мен  жауапкер) – нақты азаматтық іс бойынша азаматтық іс жүргізудің негізгі азаматтық бойынша азаматтық іс жүгізудің негізгі қатысушысы емес, яғни даулы құқық қатынасының субьектісі болуы мүмкін деген болжау іс материалдары бойынша жоққа шығарылған тарап.

Тиісті тарап болып тиісті емес талап қоюшы немесе жауапкер танылуы мүмкін. Тиісті емес тарап – азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі бар тұлға. Ол тараптың барлық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болады, яғни іс бойынша тарап болып танылады. Сондықтан сот тиісті емес талап қобшымен немесе тиісті емес жауапкерге талап қоюда талап арыз қабылдаудан бас тартуға болмайды.

Тиісті емес жауапкер тиістімен мына жағдайда ауыстырылуы мүмкін:

1) сотпен — өз ықыласы бойынша

2) Талап қоюшының өтініші бойынша

Барылқ жағдайда диспозитивтік принципке сәйкес тиісті емес жауапкерді тиістімен орын ауыстыруда талап қоюшының келісімі керек, ал тиісті емес жауапкердің тиістімен орын ауыстыруда келісімнің қажеті жоқ. Сот істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының

өтініші  бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады.

Тиісті емес тарапты тиістімен орын ауыстырған жағдайда сот сәйкесті ұйғарымын шығарады.

Тиісті емес жауапкерді тиіті жауапкермен орын ауыстыру оның екі жолы болады:1) талап қоюшы тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыруға келісім берсе; 2) талап қоюшы тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыруға келісім бермесе.

Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және қарау басынан бастап жүргізіледі. Егер талап қоюшы тиісті емес жауапкерді басқа тұлғамен ауыстыруға келіспесе, сот істі ұсынылған талап қою бойынша қарайды. Бұған қоса азаматтық процесте керісінше болуы мүмкін, яғни тиісті емес талап қоюшы. Себебі жоғарыда тиісті емес тараптар деп атаған едік, ал тараптар ретінде біз талап қоюшы мен жауапкерді танимыз, сондықтан мұнда тиісті емес талап қоюшы туралы айтқан орынды.