- •1.Мемлекеттің негізгі түсінігі мен белгілері.
- •2. Мемлекеттің пайда болуы: экономикалық және әлеуметтік мәселелері.
- •3.Құқтық мемлекеттің түсінігі мен белгілері.
- •4.Құқықтың түсінігі мен негізгі белгілері.
- •5. Құқықтың маңызы. Құқтық нормалардың түсінігі мен құрылымы.
- •6. Нормативті-құқтық актілердің түсінігі мен құрылымы.
- •7. Құқтық қатынастардың түсінігі мен түрлері.
- •8.Құқтық ілім мен құқтық мәдениет.
- •9.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің түсінігі мен қағидалары
- •10.Құқық бұзыушылықтың түсінігі және түрлері
- •11.Конституция құқығының пәні және түсінігі
- •12.Конституциялық құқықтың жүйесі.
- •13.Қазақстан Республикасының түсінігі мен мазмұны.
- •14.Құқықтың шығу теориялары.
- •15.Қр сайлау жүйесі.
- •17.Әкімшілік құқықтың субъектісі.
- •19.Азаматтық қатынастардың түсінігі мен түрлері.
- •21.Азаматтардың әрекет қабілеттілігі.Азаматтардың деликтақабілеттілігі.
- •22.Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектілері ретінде, олардың түрлері.
- •23.Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау.
- •24.Некеге тұру және некені тоқтату.
- •25.Жас жұбайлардың өзіндік және мүліктік құқығы мен міндеттері.
- •26.Алименттік міндеттемелер
- •27.Қаржылық-құқылық нормалар мен қатынастар.
- •28.Қр салық құқығының түсінігі
- •29.Еңбек құқығының қайнар көздері мен жүйесі.
- •30.Еңбек шарты, түрлері және ерекшеліктері.
- •31.Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты. Еңбек ақы.
- •32.Табиғат ресурстарының құқықтық режимдері.
- •33. Заңды тұлғаның экологиялық құқық бұзушылыққа жауапкершілігі.
- •34. Қоршаған ортаны қорғаудың құқтық аспектілері.
- •35.Қылмыстық құқықтың принциптері
- •36.Қылмыстық заңның жүйесі мен құрылымы.
- •37.Қылмыстың түсінігі мен белгілері.
- •38. Қылмыстық жауапкершілік: понятие, основания его наступления.
- •39.Қылмыстың құрамы.
- •40.Қылмыстық әрекет, оның түрлері.
- •41. Жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
- •44. Азаматық құқықтың объектілері
- •45.Әкімшілік жауапкершілік.
- •46.Қылмыстық жауапкершілік.
- •47.Азаматтық:түсінігі,тәртібі мен алу және жоғалту.
- •48.Азаматтық-құқтық процесстегі тараптар.
- •49.Мәмлелердің түсінігі мен формалары.
- •50.Меншік құқығының түсінігі
- •51.Міндеттемеліктің түсінігімен түрлері.
- •52.Меншік формалары.
- •53.Міндеттемелердің пайда болуы мен тоқтатылуның негіздері.
- •54.Интелектуалдық меншіктің түсінігі
- •56.Азаматтық-құқтық дауларды қараудың мерзімі мен сатылары.
- •57 Экологиялық құқықтың объектісі.
- •58.Сыбайлас жемқорлықтың субъектісі.
- •59.Мемлекеттің шығу теориялары.
- •60. Құқтық нормалардың түсінігі мен құрылымы.
- •61.Қазақстан Республикасының Президентінің құзреті.
- •63. Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары
- •64. Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет.
- •65.Мемлекет формасы (басқару формасы, форма государственного устройства, саяси режим)
- •66.Бюджет құқығы.
- •67.Құқтық жүйенің қайнар көздері.
- •68.Бағалы қағаздар және олардың түрлері
- •69.Қамқоршылыар мен қорғаушылар, патронаттар.
- •70.Қр Конституциялық кеңесі
- •71.Сот билігі: түсінігі, мазмұны.
- •72.Үкіметтің конституциялық құқтық статусы
- •73.Адам мен азаметтың конституциялық құқтары мен бостандығы,міндеттері.
- •74 Сайлау жүйесі түрлерімен түсінігі
- •75. Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен қағидалары.
- •76. Меншік құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негіздері
- •77.Әкімшілік алдын-алу мен ескерту шаралары.
- •78.Қаржы құқығының әдісі,түсінігі,пәні.
- •79. Мемлекеттік қызметті реттеуші қағидалар.
- •80. Құқық қорғау органаның жүйесі.
- •82. Қр бюджеттік жүйе.
- •83. Экологиялық құқықтың объектісі
- •85.Құқықтық жүйенің субъектісі.
- •86.Коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар
- •87.Қр ақша реформасы (1924,1947,1961,1993 гг)
- •1922 - 1924 Жж. Ақша реформалары
- •1947 Жылғы ақша реформасы
- •1961 Жылға деноминация
- •88.Конституцияның жалпы қағидалары.
- •89.Міндеттемені қамтамасыз ету әдістері.
- •90.Нормативті-құқтық актілердің иерархиясы.
49.Мәмлелердің түсінігі мен формалары.
Мәміле — азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері. Бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс- әрекеттерінің нәтижесі. Азаматтық кодекс мәмілені екі түрге: біржақты және екіжақты (көпжақты) деп бөледі. Біржақты мәмілені жасау үшін заңға, басқа да құқықтық актілер мен тараптардың келісіміне сай бір жақты ерік білдіруі кажет және ол жеткілікті болса ғана жасалады. Бірақ та біржақты мәміледе тек қана бір тарап пен бір ғана тұлғаның еркін білдіруін ғана есепке алмау керек. Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт — сату — сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады.
50.Меншік құқығының түсінігі
188-бап. Меншiк құқығы ұғымы және оның мазмұны
1. Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.
Меншiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа адамға берiледi.
2. Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.
Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.
Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн.
Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi.
Меншік дегеніміз—бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік—бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі
Кейбір жағдайларда мүлік тек біреудің меншік құқығында ғана емес, бірнеше адамға тиісті болуы мүмкін. Бір немесе одан да көп бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншіктің үлестік және бірлескен ортақ меншік деген түрлері бар. Меншік иелерінің үлестері белгілі болса, онда ол үлестік ортақ меншік болады. Меншік құқығына қатысты үлестері белгіленбеген болса, онда олардың үлестері өзара тең. Бұл — бірлескен ортақ меншік.
51.Міндеттемеліктің түсінігімен түрлері.
Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құкылы. Несие беруші борышкордан атқарылғанды қабылдауға міндетті, — деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме — азаматтық кұкықтық қатынастың бір түрі. Ал, талап ету мен міндетгеме — несие беруші мен борышкорға өзара жауапкершілік жүктейтін екі жакты құкықтық катынасқа жатады. Екіжақты құқықтык қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда — талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда — міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.
Міндеттеменің мазмұнын оған қатысушы — несие беруші мен борышқордың субъективтік құқықтары мен міндеттері құрайды.
Міндеттеме өзінің мазмұнына, объектілерінің салалык ерекшеліктеріне және субъектілерінің сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
жағымды мазмұндағы міндеттеме, жағымсыз мазмұндағы міндеттеме;
біржақты және өзара ортақ міндеттеме;
борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме;
қатаң түрдегі жеке сипаттағы міндеттеме (бұл міндеттеме субъект ретіндегі жеке сипаттылық міндеттеменің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқталуына әсер етпейді);
басты және тәуелді міндеттемелер;
шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және біржақты еркін құжат түрлеріндегі міндеттеме.
