Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

46.Қылмыстық жауапкершілік.

Қылмыстық жауапкершілік— құқықтық жауапкершіліктің бір түрі; қылмыстың құқықтық салдары — қылмыскерді жазалау түрінде көрініс табатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Қылмыстық жауапкершілікке тарту қылмыстық іс қозғаудан, тергеуден және сот талқысынан тұрады. Қылмыс жасау — кінәлі адам мен сот төрелігін атқарушы мемлекет арасында арнаулы қатынас тудыратын құқықтық факт. Мұндай фактіден кейін екі тарап үшін де міндет пайда болады. Мемлекет үшін өзінің арнайы органы арқылы қылмысты тергеу, қылмыскерді тауып, Қылмыстық жауапкершілікке тарту міндеті, ал қылмыскер үшін Қылмыстық жауапкершілікті өтеу міндеті туындайды. Қылмысқа дайындалғаны, қылмыс жасауға оқталғаны, қылмыс жасауға қатысқаны үшін де адам Қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қылмыс жасаған адамға қолданылатын жаза немесе басқа да қылмыстық құқықтық шара қылмыстың табиғаты мен қоғамға қауіптілігінің деңгейіне, қылмыс жасалу кезіндегі жағдайға сай болуы тиіс. Ешкім бір қылмысы үшін екі рет Қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Жалпы тәртіп бойынша Қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасау кезінде 16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс адам тартылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 14-бабында көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін Қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Ішімдік, есірткі немесе басқа да уытты заттардың әсерінен мас күйде қылмыс жасау Қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Қылмыстық іс бойынша сезіктіні немесе айыпталушыны прокурордың, тергеушінің не анықтаушының Қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босатуы сот төрелігіне қарсықылмысқа жатады.

47.Азаматтық:түсінігі,тәртібі мен алу және жоғалту.

Қазақстан Республикасының азаматтығы.Азаматтық — бұл әлеуметтік-саяси құбылыс, білімге сүйенген және қазіргі мемлекеттіліктің өмір сүруіне негізделген аса маңызды факторлардың бірі.

Азаматтық, қоғамның табиғи-тарихи дамуының нәтижесі бола тұрып, мемлекеттің әлеуметтік

базасы қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасы өзінің мемелекеттік органдары мен лауазымдық тұлғалары

атынан, Қазақстан Республикасы азаматтарының алдында, ал Қазақстан Республикасының

азаматы Қазақстан Республикасының алдында жауапты,Ол Конституцияны және Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауға, салт-дәстүрлерге, мемлекеттік тілге және оның аумағында тұрып жатқан барлық ұлттардың тіліне құрметпен қарауға, ҚазақстанРеспубликасының тұтастығын, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдем беруге міндетті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 3п.10 бабына сәйкес ҚР азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын мойындамайды, яғни ҚР азаматы бір уақытта 2 бірдей мемлекеттің азаматы бола алмайды. Қазақстан Республикасы жаппай қуғын-сүргінге ұшырау, күшпен коллективтендіру, басқа да антигуманды саяси акциялардың нәтижесінде Қазақстан Республикасын тастап кетуге мәжбүр болған тұлғалардың, сонымен қатар басқа мемлекеттерде өмір сүріп жатқан қазақтардың өз еліне оралуына жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасының азаматтығы оған ие болу негізіне тәуелді емес барлығына бірдей және тең болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік

жағдайына, саяси және басқа бір сенімдеріне, қызметінің түрі мен сипатына, тұрғылықты жеріне немесе басқа да жағдайларға қарамай заң алдында тең дәрежелі.

Қазақстан Республикасының азаматтары Конституция және Қазақстан

Республикасының заңдарымен кепілдендірілген өздерінің азаматтық, саяси, экономикалық және әлеуметтік құқығына және еркіндіктеріне толығымен ие.

Шет елдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасында құқықтар мен еркіндіктерді қолданады, сонымен қатар, азаматтарға белгіленген, егер басқалары Конституциямен, заңдармен және халықаралық келісімдермен қарастырылмаған болса, міндеттемелерді атқарады.

3.1.Кім Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.

• Дүниеге келгенде;

• Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;

• Қазақстан Республикасының мемлекет аралық келісім-шарттарында қарастырылған

негіздеме немесе тәртіп бойынша;

• Қазіргі Заңмен қарастырылған басқа да негіздемелер;

Азаматтық туралы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына

қабылдануы мүмкін:

• ҚР аумағында 5 жылдай тұрақты тұрып жатқан тұлғалар (азаматтыққа қабылдауғөтініш беру кезінде Қазақстан Республикасында тұрып жатқан бес жыл уақыт мерзімі үздіксіз

болу керек);

• ҚР азаматымен некеде үш жылдан аса тұрғандар;

• Қазақстан Республикасы аумағында тұрып жатқан, ҚР азаматы болып табылатын

жақын туыстарының бірі бар тұлғалар. Жақын туыстарға, олардың Қазақстан аумағында

тұрып жатқан мерзіміне қарамай: әкесі, шешесі, туған ағалары, әпкелері, күйеуі, әйелі, бала-

лары, атасы, апасы, жатады;

• ҚР азаматы болып табылатын және Қазақстан аумағында тұрып жатқан жақын

туыстарының бірі бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматтыры; Жақын туыстарына,

олардың Қазақстан аумағында тұрып жатқан мерзіміне қарамай: әкесі, шешесі, туған ағалары,

әпкелері, күйеуі, әйелі, балалары, атасы, апасы, жатады;

3.3.Азаматтыққа қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі Қазақстан Республикасының

жасалынған халықаралық келісімдеріне сәйкес жүзеге асады. Қазіргі уақытта мұндай

келісімдер келесі елдердің арасында жасалынған:

• Ресей Федерациясы;

• Беларус Республикасы;

• Қырғызстан Республикасы;

• Украин Республикасы.

Жеңілдетілген тәртіп, басқа мемлекеттердің аумағында тұрақты тұрып жатқан,

азаматтық алған мемлекеттің аумағында тұрып жатқан мерзіміне тәуелсіз, аталған

мемлекеттердің азаматтырына таралады.

Республика аумағында тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы

Президентінің атына азаматтықтан шығу туралы өтініш береді және оны тұрақты тұрып жатқан жерібойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органына тапсырады.

Азаматтықтан айырылу негіздемесі:

• Қазақстан Республикасы мемлекетаралық келісімдерінде қарастырылған

жағдайларды қоспағанда, әскери қызмет мерзімі, қауіпсіздік қызметі, полицияда, әділет органдарында немесе басқа да мемлекеттік билік органдарында және басқа мемлекет органдарында қызмет ету;

• Егер Қазақстан Республикасының азаматтығын әдейілеп жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар тапсыру арқылы иеленсе;

• Қазақстан Республикасы мемлекетаралық келісімдерінде қарастырылған айғақтар негізінде;

• Егер сіз, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатып, бірақ 3 жыл бойы себепсіз консулдық есепке тұрмасаңыз;

•Егер тұлға басқа мемлекеттің азаматтығына ие болса;