Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын қызметін жоспарлау.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

7.2 Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын құру және өндірістік қуатын жоспарлау

Өндірістік бағдарлама бизнес-жоспардың бір бөлімі болып табылады.

Өндірістік бағдарлама өнімнің шығарылу көлемі, номенклатурасы, ассортимент және табиғи, құндық мәндердегі сапа бойынша анықталатын, кәсіпорынның дамуындағы болашағы бар және ағымдағы негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. Өндірістік бағдарлама басқа кәсіпорындар және ұйымдармен өндірістік-шаруашылық байланыстарын көрсетеді, кәсіпорынның жоспарлы кезеңде дамуының негізгі бағыттары мен міндеттерін, өндірістің басқа тараптармен бірлесіп жұмыс істеуі мен мамандану деңгейін сипаттайды.

Тауарлы өнім –бұл толығымен дайындалған, басқа тараптарға жіберуге дайын өнімдердің құны. Тауарлы өнім көлемі келесі формуламен анықталады:

ТӨ=Тдө +Тк +Тм.ө + Тқ + Тжф (2)

мұндағы Ттп – дайын өнімдер (жинақтаушы бұйымдар) құны;

Тжф – жартылай фабрикаттар құны;

Тк – күрделі құрылыс және өнеркәсіптік емес шаруашылыққа жіберілетін өнім мен жартылай фабрикат құны;

Тм.ө. – берілген кәсіпорынның негізгі құралдар кіретін меншікті өндірісіне тағайындалған құрал-жабдықтар, инструменттер құны;

Тқ – тапсырыстар бойынша орындалған өндірісітегі сипаттағы қызметтер мен жұмыстар құны.

Жалпы өнім (ЖӨ)– белгілі бір уақыт аралығындағы (ай, жыл, тоқсан) дайындалу сатысына байланыссыз кәсіпорынның атқарған жұмыстарының барлық көлемін сипаттайды және келесі формуламен анықталады:

ЖӨ = ТӨ +(АӨж.с. – АӨж.б.) + (Иж.с. – Иж.б.) (3)

мұндағы АӨж.б, АӨж.с.– кезеннің басы мен соңындағы аяқталмаған өндірістің

қалдық құны, теңге;

Иж.б.,Иж.с. – кезең басы мен соңына сәйкес келетін меншікті

өндіріске дайындалған арнайы тағайындалған

құралдардың қалдық құны, теңге.

Сату көлемі – бұл белгілі бір уақыт аралығындағы кәсіпорынның өндірген және өткізген тауарлары мен қызметтерінің құны.

Өткізілген өнім көлемі – кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің бірі болып табылады. Ол келесі формула бойынша есептеледі:

Өөтк= ТӨ + (Қ ж.б- Қ ж.с) (4)

мұндағы ТӨ – тауарлы өнім, теңге;

Қж.б,Қж.с – кезең басы мен соңындағы өткізілетін өнім қалдықтарының

құны, теңге.

Өндірістік қуат – прогрессивті технологияны, еңбек және өндірістің алдыңғы қатарлы нысандары мен әдістерін қолдану негізінде барлық экономикалық ресурстарды толық пайдалану жағдайлары жоспарланған номенклатурадағы өнім (жұмыс, қызмет) шығарудың максималды мүмкін жылдық көлемін білдіреді. Өндірістік қуат теориялық, тәжірибелік болып бөлінеді.

Теориялық өндірістік қуат ең төменгі мүмкін болатын теріс нәтижелермен нақты жұмыс шарттарына жету мүмкін болатын шаруашылық операциялардың көлемін білдіреді.

Тәжірибелік өндірістік қуат тұтынушылардың қол жетерлік мұқтаждықтарын ескере отырып, қолайлы тиімділік дәрежесін сақтау кезінде жетуге болатын өндірістің жоғарғы деңгейін анықтайды. Әрбір кәсіпорын тұтынушының сұранысқа сәйкес келетін саны және уақыты бойынша өндірісті жоспарлайды.

Сату жоспарын құру кәсіпорын өндірістік бағдарламасының соңғы кезеңі болып табылады. Сату жоспары өнім өндірісі мен оны өткізуге кететін шығындардың жалпы шаруашылық және Кәсіпорын қызметін сметасын құруда негіз болып табылады.

Жоспарлы кезеңдегі сату көлемі (Vс), өнімнің орташа тәуліктік өндірілімнің (Өо.т.), уақыт кезеңіне (Т) көбейтіндісімен анықталады.

Өндірістік қуатты жоспарлау үдерісінің соңғы кезеңі - оны пайдалану коэффициентін анықтау. Өндірістік қуатты пайдалану коэффициенті мына формуламен анықталады:

Кқ = Nғ /Қор (5)

мұндағы Кқ - өндірістік қуатты пайдалану коэффициенті;

Nө - жылдық өнім шығарудың көлемі;

Қор – орташа жылдық қуат.

Кәсіпорынның орташа жылдық қуаты (6) формуламен анықталады:

Қ ж.б = Қ ж.б +

Қ енг * t і.қ

-

Қ шығ * t ж.с.

12

12

мұндағы Қ ж.б – жыл басындағы өндірістік қуат, дана;

Қ енг – жыл ішінде енгізілген өндірістік қуат, дана;

Қ шығ – жыл ішінде шығарылған өндірістік қуат, дана;

t і.қ – қуатты іске қосудағы айлар саны;

tж.с.– қуатты шығару сәтінен бастап, жыл соңына дейінгі айлар саны.