- •Мазмұны
- •9. Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •10. Лекциялық, практикалық (семинар), зертханалық сабақтар жоспары
- •11 . Соөж-ын жүргізу жоспары
- •12. Сөж тапсырмаларын орындау және өткізу графигі
- •13. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •14.1 Өзін өзі дайындауға арналған сұрақтар:
- •15.2 Академиялық тәртіп саясаты
- •15. Студенттің рейтингін қою шкаласы
- •15.1 Студенттің оқу жетістіктерінің балдық- рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау және сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару
- •1.1 Нарық жағдайында жоспарлаудың экономикалық мәні
- •1.2 Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың түрлері
- •1.3 Кәсіпорын қызметін жоспарлау жүйесін құру қағидалары
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 2. Кәсіпорында жоспарлы жұмысты ұйымдастыру
- •2.1 Кәсіпорындағы жоспарлау қызметінің құрылымы мен қызметтері
- •2.2 Кәсіпорындағы жоспарлау сызбанұсқасы
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 3. Жоспарлаудың нормативті базасы
- •3.1. Жоспарлы нормалар мен нормативтер түсінігі
- •3.2 Нормалар мен нормативтердің жіктелуі
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 4. Іскерлік ортаны болжау
- •Болжау түсінігі
- •Болжау әдістерін таңдау
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 5. Кәсіпорындағы Стратегиялық жоспарлау
- •Стратегиялық жоспардың мәні мен құрамы
- •Стратегия элементтері мен түрлері
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 6. Кәсіпорындағы ағымдық және оперативті жоспарлау
- •6.1 Тактикалық жоспарлау
- •6.2 Оперативті жоспарлау
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 7. Өнім өндіру мен өткізуді жоспарлау
- •7.1 Кәсіпорынның өндірістік жоспарының мазмұны
- •7.2 Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын құру және өндірістік қуатын жоспарлау
- •7.3 Сату жоспарын құру
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 8. Кәсіпорында еңбекті және әлеуметтік дамуды жоспарлау
- •Персоналға қажеттілікті жоспарлаудың мазмұны, міндеттері мен технологиясы
- •Еңбек өнімділігін жоспарлау
- •Мамандардың еңбек ақы қорын жоспарлау
- •Жеке категориядағы жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақысы жылдық еңбек ақы қорын орташа жылдық санына бөлу жолымен анықталады.
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •9.1 Кәсіпорын қызметін шығындардың жіктелуі
- •9.2 Нарықтағы бағаны жоспарлау
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 10. Қаржылық жоспарлау
- •10.1 Қаржылық жоспарлаудың мазмұны, міндеттері
- •Кәсіпорын бюджеті және оның түрлері
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 11. Іскерлік жоспарлау (кәсіпорынның Бизнес-жоспарЫ)
- •11.1 Бизнес-жоспар түсінігі, мәні және мазмұны
- •11.2 Бизнес-жоспардың құрылымы мен құрамы
- •2. Тауар түрлері (қызметтер)
- •Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Тақырып 2. Кәсіпорында жоспарлы жұмысты ұйымдастыру
- •Тақырып 3. Жоспарлаудың нормативті базасы
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 4. Іскерлік ортаны болжау
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 5. Кәсіпорындағы стратегиялық жоспарлау
- •Тақырып 6. Кәсіпорындағы ағымдық және оперативті жоспарлау
- •Тақырып 7. Өнім өндіру мен өткізуді жоспарлау
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 8. Кәсіпорында еңбекті және әлеуметтік дамуды жоспарлау
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Жеке категориядағы жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақысы жылдық еңбек ақы қорын орташа жылдық санына бөлу жолымен анықталады.
- •Тақырып 9. Өндіріс шығындары мен бағаны жоспарлау
- •Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 10. Қаржылық жоспарлау
- •Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 11. Іскерлік жоспарлау (кәсіпорынның бизнес - жоспары)
- •Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқа
- •Жеке категориядағы жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақысы жылдық еңбек ақы қорын орташа жылдық санына бөлу жолымен анықталады.
- •Тақырып 2. Кәсіпорында жоспарлы жұмысты ұйымдастыру
- •Тақырып 3. Жоспарлаудың нормативті базасы
- •Тақырып 4. Іскерлік ортаны болжау
- •Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Тақырып 5. Кәсіпорындағы стратегиялық жоспарлау
- •Тақырып 6. Кәсіпорындағы ағымдық және оперативті жоспарлау
- •Кәсіпорынның өндірістік жоспары.
- •Тақырып 7. Өнім өндіру мен өткізуді жоспарлау
- •Тақырып 9. Өндіріс шығындары мен бағаны жоспарлау
- •Тақырып 8. Кәсіпорында еңбекті және әлеуметтік дамуды жоспарлау
- •Тақырып 10. Қаржылық жоспарлау
Жеке категориядағы жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақысы жылдық еңбек ақы қорын орташа жылдық санына бөлу жолымен анықталады.
Зср= ФР/12*Рср
Рср- жұмысшылардың орташа жылдық саны.
Еңбек өнімділігінің өсімі % келесі формуламен анықталады:
∆Птр=Эi*100/Чпл-Э
Эi- жеке фактор боцынша есептелген жұмыстан босатылған жұмысшылардың мүмкін саны.
Мысал. Тікелей мәміле бойынша еңбекақы төлеу негізінде төленген жұмысшының еңбекақысын есептеу керек, А бұйымын дайындауға өңдеу нормасы 20 дана/сағ, 4 разряд бойынша және Б бұйымының өңдеу нормасы 12 дана/сағ, А бұйымы бойынша 1000 және Б бұйымы 600 дана дайындалды. Сағаттық тарифтік ставка 4 разряд бойынша 250 тенге.
Шешуі: А бұйымы бойынша: 1000/20=50; 50*250=12500
Б бұйымы бойынша: 600/12=50; 50*250=12500
Кәсіпорынның негізгі цехы 2 млн 500 мың тг. Өнім дайындады. Оның ішінде ішкі өндіріс қажеттіліктерге 150000 тг. Өнім жұмсалды. Қосымша цехтар бойынша сату үшін 470000 тг. Көлемінде өнім өндіріледі, 600000 тг. Соммасы келісім шарт бойынша жөңдеу жұмыстары орындалды. Анықтау керек кәсіпорынның тауарлы өнім көлемі.
Бақылау нысаны: есептер шығару
Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Котляров И.Д. Планирование на предприятии: учебное пособие / И. Д. Котляров. – М. : Эксмо, 2010. – 336 с.
Дугалова Г.Н. Внутрифирменное планирование: учебное пособие/ Г.Н.Дугалова.-Алматы: Алматыкітап баспасы, 2008. – 208с
Бухалков М.И. Планирование на предприятии : учебное пособие / М. И. Бухалков. – 4-е изд., испр. И доп. – М. : ИНФРА-М, 2010. – 411 с. – (Высшее образование)
Горемыкин В.А. Планирование на предприятии : учебник / В. А. Горемыкин. – 6-е изд., перераб. И доп. – М. : Юрайт, 2010. – 699 с.
Тақырып 9. Өндіріс шығындары мен бағаны жоспарлау
Тапсырма №9. Нақты кәсіпорында өнім бағасының қалыптасуын талдау Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау
Кез келген нарықта бір баға түрі бағалық элементтердің қалыптасу үдерісіне байланысты. Құрамдас элементтері бойынша тауар бірлігінің бағасы (Б) былай анықталады:
Б= Өқ +П+ҚҚС + Сү (1)
мұндағы Өқ-тауардың өзіндік құны;
П-пайда;
Сү-делдалдық саудалық үстемесі, ол оның жеке шығындары,
пайдасы және ҚҚС-нан тұрады.
Егер фирма акциздік тауарларды өндіретін болса, онда тауар бағасы мына формуламен анықталады:
Б=Оқ+П+А+ҚҚС+Сқ (2)
мұндағы А-акциз салығы;
Мысалы. «Асем-ай» минералды су өндіретін кәсіпорынның 1литр газды суының бағасын анықтайық. 2009 ж. Кәсіпорынның толық өзіндік құны 10670353 теңгені құрайды, өнім көлемі – 222650 дана.
Тауардың өзіндік құны – 10670353/222650=47,92
Б= Өқ +П+ҚҚС + Сү
Б= 47,92 + 12 + 5,56 + 9,6 = 75,16
Кәсіпорын өзіндік құны 7000 тг. және рентабельдігі 20% болатын жаңа өнімді шығаруды жоспарлайды.Толық шығындар әдісімен жаңа өнімнің бағасын анықтаумыз керек.
Өнеркәсіптік кәсіпорын бірдей бастапқы материалдан өнімнің А, В және С үш түрін дайындайды. Өндірісітік процесті талдау нәтижесінде өнімнің әр түрлі түрін шығаруға жұмсалған шығындар шамамен бір – біріне үйлесімді. Сонымен қатар мынаған қарауға болады, А өнімінің 1т жұмсалатын шығын өніміне В өніміне жұмаслатын шығынның жартысын құрайды, С өнімінің 1т – 1,8 бөлігі жұмсалады. Есеп беру кезңінде А өнімінің 30 мың тг тонна, В өнімінің 21 мың тонна, С өнімінің 44 мың тг өндірілді. Есесп беру кезеңіндегі жалпы шығын 2300 тг. Баламалық көрсеткішінің көмегімен (шартты-табиғи калькуляциялық бірліктің өзіндік құнын пайдаланып) өнімнің әрбір түрінің 1 тонна өндуге жұмсалатын шығынды анықтау керек.
Бақылау нысаны: есептер шығару
Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Бухалков М.И. Планирование на предприятии : учебное пособие / М. И. Бухалков. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : ИНФРА-М, 2010. - 411 с. - (Высшее образование)
Горемыкин В.А. Планирование на предприятии : учебник / В. А. Горемыкин. - 6-е изд., перераб. и доп. - М. : Юрайт, 2010. - 699 с.
Котляров И.Д. Планирование на предприятии : учебное пособие / И. Д. Котляров. - М. : Эксмо, 2010. - 336 с.
Алексеева М. М. Планирование деятельности фирмы. – М.: Финансы и статистика, 2004г.
Ильин А.А. Планирование на предприятии. – М.: «Новое знание», 2004г.
Тақырып 10. Қаржылық жоспарлау
Тапсырма №10. Кәсіпорында қаржыны жоспарлауды қарастыру және оның зиянсыздығын талдау.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау
Қаржылық жоспарлау – кәсіпорынның табыстары мен шығындарының өзара байланысын қамтамасыз ететін және оның қаржылық тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін қаржы ресурстарының қалыптасуы мен пайдаланылуы бойынша іс- әрекеттерді жоспарлау.
Қаржылық жоспарлау барысында келесідей есептеулер жүргізіледі:
кәсіпорынның табыстары (пайда) мен шығыстарын жоспарлау;
меншікті айналым қорларына қажеттіліктерді есептеу;
ақша ағымдарын талдау және жоспарлау;
қажетті қаржы ресурстарын есептеу, яғни ішкі және сыртқы қаржыландыру көлемі мен құрылымы, несиелік ресурстарға қажеттіліктер;
кәсіпорынның табыстары мен шығындарының балансын құру.
Зиянсыздық нүктесін анықтау үшін (өндірудің қауіп-ті көлемінің нүктесі, немесе "өлі нүкте") өзіндік құн, өткізу көлемі және табыс арасындағы өзара байланысты көрсететін келесі негізгі теңцеуді пайдалануға болады:
Мысал. Кәсіпорынның зиянсыздық нүктесін анықтау. Өнімді өткізуден түскен табыс – 260000000 тенге, Айнымалы шығындар – 35201000 тенге, Маржиналды табыс – 224799000 тенге, тұрақты шығындар – 12941100 тенге, жиынтық табыс – 211857900тенге.
Маржиналды табыс коэффициенті = 224799000/260000000=0,86
Зиянсыздық нүктесі = 12941100/0,86 = 15047790,7тг.
1. Өнімді өткізуден түскен түсім 600мың тг., өнім өндірісіне кететін шығындар 400мың тг., материалдық құндылықтарды өткізуден түскен пайда 15000тг., мүлікті жалға беруден түскен пайда 7мың тг., салықтық төлемдер 80мың тг., кәсіпорынның меншікті капиталының шамасы 1700мың тг.
Анықтауымыз керек: Жалпы табыс, сату рентабельдігі және кәсіпорынның меншікті капиталының рентабельдігін анықтау.
Бақылау нысаны: есептер шығару
Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Бухалков М.И. Планирование на предприятии : учебное пособие / М. И. Бухалков. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : ИНФРА-М, 2010. - 411 с. - (Высшее образование)
Горемыкин В.А. Планирование на предприятии : учебник / В. А. Горемыкин. - 6-е изд., перераб. и доп. - М. : Юрайт, 2010. - 699 с.
Котляров И.Д. Планирование на предприятии : учебное пособие / И. Д. Котляров. - М. : Эксмо, 2010. - 336 с.
Алексеева М. М. Планирование деятельности фирмы. – М.: Финансы и статистика, 2004г.
Ильин А.А. Планирование на предприятии. – М.: «Новое знание», 2004г.
Тақырып 11. Іскерлік жоспарлау(кәсіпорынның бизнес - жоспары)
Тапсырма №11. Кәсіпорынның әртүрлі бизнес-жоспарларының ұсынылған нұсқаларын талдау және олардың ерекшеліктерін анықтау
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау
«Бизнес» сөзі табыс әкелетін кез келген іс, қызмет. Бизнес сөзі кәсіпкер түсінігінің синонимі ретінде қарастырылады.
Бизнес – бұл кәсіпкерлер, тұтынушылар, жұмыскерлер, мемлекеттік органдар сынды нарық қатысушылары арасындағы қарым-қатынастар жиынтығы.
Бизнес-жоспар - бұл қандай да бір коммерциялық жобаны жүзеге асыру және жаңа кәсіпорындарды құру үшін жүргізуге қажетті іс-әрекеттердің негізделуін білдіретін құжат. Бизнес –жоспар 3-5 жылға жасалады.
Бизнес-жоспар жасау келесі сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді:
1. Істі қалай дұрыс бастау қажет?
2. Өндірісті қалай тиімді ұйымдастыру қажет?
3. Алғашқы табыстар қашан алынады?
4. Қай мерзімде кредиторлармен есеп айырылысу қажет?
5. Мүмкін болатын тәуекелді қалай төмендету қажет?
Бақылау нысаны: сұрақтарды талқылау
Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Бухалков М.И. Планирование на предприятии : учебное пособие / М. И. Бухалков. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : ИНФРА-М, 2010. - 411 с. - (Высшее образование)
Горемыкин В.А. Планирование на предприятии : учебник / В. А. Горемыкин. - 6-е изд., перераб. и доп. - М. : Юрайт, 2010. - 699 с.
Котляров И.Д. Планирование на предприятии : учебное пособие / И. Д. Котляров. - М. : Эксмо, 2010. - 336 с.
Алексеева М. М. Планирование деятельности фирмы. – М.: Финансы и статистика, 2004г.
Ильин А.А. Планирование на предприятии. – М.: «Новое знание», 2004г.
|
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті |
«Экономика және басқару» факультеті
«Экономика» кафедрасы
СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
«ККJ 3305 КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІН жоспарлау» пәні бойынша
«5В050600 Экономика» мамандығы
Алматы, 2012 ж.
Тақырып 1. Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың жалпы сиппатамасы
Тапсырма №1. Отандық кәсіпорында жоспарлаудың әртүрлі түрлерін талдау, олардың шетелдік тәжірбиелер негізінде ерекшеліктерін анықтау.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау
Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде, нарықтық үйлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға жеткілікті бола алмайды. Осы жағдайда экономикалық пропорциялар жүйесін, пропорционалдықты саналы түрде құру қажеттілігі туындайды. Саналы түрде кұрылран пропоршюналдык - жоспарлылык болып табылады. Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
1. қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын анықтау; 2. жоспарлы кезең экономикасыпың сандык жәңе сапалык сиппатамаларын белгілеу; 3. материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалык, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;
4. жекелеген салалар мен аумақтардың даму қаркыны мен пропорцияларын аныктау. Жоспарлау 1 схемада көрсетілген классификацияға сәйкес жіктеледі: Жоспарлаудың деңгейіне (масштабына) байланысты: макроэкономикалык (халық шаруашылығының); аумақтық (облыстық, аудандық); ұйым ішінде (ішкі жоспарлау); микроэкономикалық (салалық көрсеткіштерді жоспарлау). Жоспарлау мерзіміне байланысты: ұзақ мерзімге жоспарлау (5 жылдан 20 жылдан арғы мерзімге); орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін); ағымдағы жоспарлау (1 айға дейін, 1 айдан 1 жылға дейін). Жоспарлау процессінің мазмұнына (жоспарлау объектісіне) байланысты: экономикалык жоспарлау (өндірістік катынастардьщ даму жоспары, халық шаруашылығы дамуының динамикасы); әлеуметтік жоспарлау (демография процесстерін, халықтың өмір сүру деңгейін, еңбек ресурстарының даму болжамы); ғылыми-техникалық жоспарлау (ғылыми-техникалық прогресстің даму болжамы); экологиялық жоспарлау (табиғи ресурстарды пайдалану болжамы, қоршаған ортаны қорғау).
Әр сала бойынша отандық кәсіпорындарда жоспарлаудың түрлерін талдау. Отандық кәсіпорындардың шетелдік кәсіпорындардан тәжірбиелер негізінде ерекшеліктерін анықтау қажет.
Мысал. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша көптеген кәсіпорындар бар. Соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдеріне сүт өнімдерін жатқыза аламыз. Сүт өнімдерін өндіретін отандық кәсіпорындардың бірі: «FoodMaster» кәсіпорыны. Осы кәсіпорынның қызметімен танысып, бұл кәсіпорынның қызметін жоспарлаудың қандай түріне жатқызуға болатынын анықтау қажет.
№ 1 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.
Бақылау нысаны: Тапсырманы қорғау
Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл.
Бағалау критериі: максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, өз уақытында орындалуы тиіс.
СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі – 2 апта.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Котляров И.Д. Планирование на предприятии : учебное пособие / И. Д. Котляров. - М. : Эксмо, 2010. - 336 с.
Дугалова Г.Н. Внутрифирменное планирование: учебное пособие/ Г.Н.Дугалова.-Алматы: Алматыкітап баспасы, 2008. – 208с
Бухалков М.И. Планирование на предприятии : учебное пособие / М. И. Бухалков. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : ИНФРА-М, 2010. - 411 с. - (Высшее образование)
Горемыкин В.А. Планирование на предприятии : учебник / В. А. Горемыкин. - 6-е изд., перераб. и доп. - М. : Юрайт, 2010. - 699 с.
Бизнес-планирование : учебно-практ. пособие / В. М. Попов [и др.].- М. : КНОРУС, 2009. - 480 с.
Буров В.П. Бизнес-план фирмы : теория и практика: учебное пособие / В. П. Буров. - М. : ИНФРА-М, 2009. - 192 с.
