Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын қызметін жоспарлау.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Нормативтер мен нормалар келесі топтық белгілер бойынша жоспарлы нормативтердің жүйесін құрады:

  1. Ресурстардың түрлері бойынша өндіріс қорлары, еңбек құралдары, жұмысшы күші, жұмыстар мен қызмет көрсету шығындарының шамасын реттейтін нормалар мен нормативтер, кәсіпорындағы әртүрлі өндірістік ресурстарды пайдалану нормативтері мен коэффиценттерін бөліп қарастыруға болады.

  2. Өндіріс сатысы бойынша ағымдық, сақтандыру, технологиялық материалдардың өндірістік және тасымал қорлары, сондай-ақ аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар, жинақтаушы бұйымдар мен дайын өнімді шығару нормативтері болып бөлінеді, олардың шамасы мен серпіні материалды ресурстардың дайын тауар немесе қызмет түрлеріне айналу үдерісін сипаттайды.

  3. Орындалатын қызметтері бойынша нормативтер жоспарлы, экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, еңбектік, экологиялық, басқарушылық, құқықтық т.б болып бөлінеді.

  4. Іс-әрекет ету уақыты бойынша нормативтер ұзақмерзімді (перспективті), ағымдық, шартты-тұрақты және уақытша, бір реттік және маусымдық болып бөлінеді.

  5. Тарату сферасы бойынша нормативтер салааралық, салалық, ішкіөндірістік, халықаралық, республикалық, аймақтық және жергілікті болып топтастырылады.

  6. Белгілеу әдісі бойынша нормативтер ғылыми негізделген, есептік-сараптамалық, эксперименталды, сараптамалық-зерттеу, есептік-статистикалық болып бөлінеді.

  7. Мәндерінің анықталу нысаны бойынша кесте түрінде, графиктік және сараптамалық нормативтер болып бөлінеді.

  8. Детальдану дәрежесі бойынша нормативтер жеке-дара және топтық; бөлшектік және үлкейтілген; жеке және жалпы; спецификалық және жиынтықты деп бөлінеді.

  9. Сандық мәні бойынша нормалар оптималды, мүмкін болатын, максималды, минималды және орташа болып келеді.

  10. Мақсаттық белгіленуі бойынша нормативтер шығындық және техникалық; бағалау және технико-экономикалық; оперативті-өндірістік және күнтізбелік-жоспарлы т.б. болып жіктеледі.

№ 3 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Тақырып 4. Іскерлік ортаны болжау

Практикалық (семинар) сабақ тапсырмасы: Сұрақтарға жауап беру және есептерді шығару:

  1. Болжау ұғымы

  2. Болжаудыңқандай түрлерін білесіз?

  3. Уақытты қамту дәрежесі бойынша болжау түрлері

  4. Келешектегі нәтижеге әсер ету мүмкіндігі бойынша болжау түрлері

  5. Болжау нәтижелерін ұсыну мүмкіндігі бойынша болжау

  6. Территориялық қамту боыйнша болжау түрлері

  7. Болжаудың біртектілік дәрежесіне байланысты қандай әдістері бар?

  8. Фактографиялық және экспертті әдістердің ерекшелігінеде?

  9. Аралас болжау әдістері

  10. Статистикалық әдістерге сипаттама беріңіз.

Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:

1. Келесі есептік берілгендер негізінде шикізатты сатып алудың максималды баға деңгейін анықта.

Көрсеткіштер

Мәні

1. Көтерме сатушының ҚҚС-ты қосқандағы жіберу бағасы

8316

2. Көтерме үстеме ақы,%

12

3. ҚҚС, %

11

4.Өнім рентабельділігі, %

25

5.Өндіріс және өткізу шығындары тг/т

1080

Өнім бірлігіне кететін шикізаттың үлестік шығыны, тг/т

15

2. Өткізілген өнім көлемін келесі мәліметтерді пайдаланып, анықтау қажет.

Кесте 1. Өткізілген өнім көлемін анықтау үшін мәліметтер.

Көрсеткіштер

Саны (дана)

Бағасы (мың тг)

Сомасы (мың тг)

1.Дайын өнім

А

Б

В

Г

700

900

580

360

35

20

17

8400

2.Өзіндік күрделі

құрылыс үшін қаржылық қызмет көрсетулер

350

3.Өткізілмеген дайын өнім қалдықтары.

- жыл басында

- жыл соңында

970

1450

4.Жөңелтілген, бірақ

төленбеген дайын өнімдер

450