Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын қызметін жоспарлау.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.1 Нарық жағдайында жоспарлаудың экономикалық мәні

Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Ағымдық және перспективті жоспарлау жүзеге асырылатын, өмір сүруге қабілетті, ішкі және сыртқы орта өзгерістеріне бейім болуы тиіс. Нарықтық экономикада жоспарлау бұл - әртүрлі экономикалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық, әлеуметтік және қазіргі заманғы өндірістің даму дәрежесін сипаттайтын көптеген қызметтерді жүзеге асыру негізі болып саналады. Олардың өзара әрекет ету механизмі бір кешенді жоспар немесе оған жетуге сәйкес мақсаттар мен құралдардың біртұтас жоспарлы жүйесін талап етеді. Кәсіпорынның перспективті қызмет етуінің әртүрлі экономикалық көрсеткіштерін жоспарлау барысында прогрессивті нормативтер, алдыңғы қатарлы стандарттар, ғылыми ережелер және экономикалық мақсаттар жүйесін толық пайдалану қажет.

Кәсіпорын қызметін қызметті жоспарлау өндірісті басқарудың маңызды қызметі болып табылады. Ол фирмалар мен кәсіпорындардың жоспарлы қызметіне тікелей қатысты ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтерді құрайды. Ол қызметтерге мақсатты негіздеу, стратегия құру, жұмыстарды жоспарлау, белгілі операцияларды жобалау, үдерісті ұйымдастыру, жұмыстар мен қызметтерді үйлестіру, олардың атқарылуын бақылау, нәтижелерді бағалау, мақсатқа түзету енгізу, жоспарларды өзгерту жатады. Кәсіпорын қызметін жоспарлау - адамдардың өзара байланысты ғылыми тәжірибелік қызметі. Зерттеу пәні ретінде материалдық және рухани құндылықтарды өндіру, бөлу және тұтыну кезіндегі еңбек пен капитал арасындағы еркін нарықтық қарым-қатынастар жүйесі есептеледі.

Жоспарлар мынадай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалады:

  1. cандық көрсеткіштер;

  2. cапалық көрсеткіштер;

  3. көлемдік көрсеткіштер;

  4. үлестік көрсеткіштер.

Сандық көрсеткіштерге жалпы және тауарлы өнім көлемі, сату көлемі, жұмысшылардың саны, жалақы қоры, пайда көлемі, өндірістік шығындардың мөлшері жатады.

Сапалық көрсеткіштер - өндірістің экономикалық тиімділік көрсеткіштері, еңбек өнімділігінің өсуі, өзіндік құнды төмендету, өндірістің тұрақтылығы, қор сыйымдылығы, өнімнің сапасы.

Көлемдік көрсеткіштер өндірістің жалпы көлемі, жеке үдерістер мен факторлардың көлемімен анықталады.

Үлестік көрсеткіштер – бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіштердің арақатынасы. Мысалы, 1 өнімді шығаруға кеткен материалдардың шығыны.

Өнеркәсіптің жоспарлы көрсеткішін есептеу табиғи, еңбек және құндық өлшемдерді қолдану арқылы жүргізіледі.

Табиғи өлшемдер - өндірістің көлемін, материалды ресурстарды жоспарлағанда қолданылады, оған сапалық және сандық көрсеткіштер кіреді.

Еңбек өлшемдері, ол жалақы мөлшерін, өнім нормасын есептегенде қолданады (әдетте, норма – сағатпен белгіленеді).

Құндық өлшем – көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы өнімді сату көлемі, тауарлы және жалпы өнім жоспарланады

    1. 1.2 Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың түрлері

Таңдалған мақсаты, қолданылатын әдістері, көрсеткіштері, шешім қабылдау деңгейлеріне және басқа да көптеген факторларға байланысты нарықтық жоспарлаудың түрлері ажыратылады.

Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың түрлері әртүрлі белгілер бойынша жүйеленуі мүмкін (1-кесте).

1-кесте – Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың жіктелуі

Рет №

Жіктемелік белгілері

Жоспар түрлері

1

2

3

1

Жоспардың мазмұны бойынша

Технико-экономикалық, оперативті-өндірістік, ұйымдық-технологиялық, әлеуметтік-еңбектік, жабдықтау-өткізу, қаржылық-инвестициялық, бизнес-жоспарлау және т.б.

2

Басқару деңгейі бойынша

Фирмалық, корпоративті, зауыттық, жоғары басқару деңгейіне және жалпы біртұтас ұйымға жататын жоспарлар.

3

Негіздеу әдісі бойынша

Нарықтық, индикативті және әкімшілік немесе орталықтандырылған

4

Әрекет ету мерзімі бойынша

  • қысқамерзімді немесе ағымдық, яғни бір жыл (тоқсан, ай, декада немесе апта);

  • ортамерзімді (1-3 жыл);

  • ұзақмерзімді немесе перспективті (3-10 жыл)

5

Қолданылау шеңбе-ріне байланысты

Цехаралық, цехішілік, бригадалық, жеке

6

Дәлдік дәрежесіне байланысты

Ірілендірілген және нақтыланған

7

Мақсат түрлеріне байланысты

-оперативті;

- тактикалық;

- стратегиялық;

- нормативті.

8

Құрылу сатысына қарай

Алдын ала және соңғы

9

Уақыттық бағытталуы мен жоспарды құру типологиясына байланысты

  • реактивті;

  • инактивті;

  • преактивті;

  • интерактивті.