Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын қызметін жоспарлау.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Қаржылық жоспарлау – кәсіпорынның табыстары мен шығындарының өзара байланысын қамтамасыз ететін және оның қаржылық тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін қаржы ресурстарының қалыптасуы мен пайдаланылуы бойынша іс- әрекеттерді жоспарлау.

Қаржылық жоспарлау барысында келесідей есептеулер жүргізіледі:

  1. кәсіпорынның табыстары (пайда) мен шығыстарын жоспарлау;

  2. меншікті айналым қорларына қажеттіліктерді есептеу;

  3. ақша ағымдарын талдау және жоспарлау;

  4. қажетті қаржы ресурстарын есептеу, яғни ішкі және сыртқы қаржыландыру көлемі мен құрылымы, несиелік ресурстарға қажеттіліктер;

  5. кәсіпорынның табыстары мен шығындарының балансын құру.

Қаржы жоспары стратегиялық, ағымдық, оперативті жоспардың құраушы бөлігі болып табылады.

№ 10 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Тақырып 11. Іскерлік жоспарлау (кәсіпорынның бизнес - жоспары)

Практикалық (семинар) сабақ тапсырмасы: Сұрақтарды талқылау және есептерді шығару:

  1. Бизнес жоспарлаудың мәні, қызметі.

  2. Бизнес жоспарлауды талдау

  3. Материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштері және тиімді пайдаланудың жолдары.

  4. Шикізатты кешенді түрде пайдалану, өндіріс қалдықтарын өндіру, шикізатты алғашқы өндеуден өткізу және толықтырудың экономикалық тиімділігі.

  5. Бизнес-жоспар қалай құрылады ?

  6. Бизнес-жоспар жасауда қандай сұрақтарға баса назар аудару қажет?

  7. Бизнес-жоспар термині біздің елімізде қай жылдарда енді?

  8. Бизнес-жоспардың бөлімдері.

  9. Фирма мүмкіндіктері бөлімінде не қарастырылады?

  10. Заңдық жоспар

  11. Маркетинг жоспары.

  12. Өндіріс жоспар.

  13. Қаржылық жоспар

Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:

1. Келесі кестені толтырыңыз.

Бизнес-жоспар бөлімдері

Мазмұны

Кәсіпорынның түйіндемесі

Маркетинг жоспары

Сату жоспары

Өндірістік жоспар

Қаржылық жоспар

Қаржыландыру стратегиясы

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқа

Теория мен тәжірибеде бизнес-жоспардың қатаң регламенттелген құрылымы жоқ. Ол орындалатын қызметтерге сәйкес әртүрлі болуы мүмкін: бірі - жаңа іс бастаған кәсіпкерлер үшін, екіншісі - жұмыс істеп тұрған кәсіпорын үшін құрылуы мүмкін.

Бизнес-жоспардың бөлімдері:

  1. фирманың мүмкіндіктері (резюме);

  2. тауар түрлері (қызмет, жұмыс);

  3. тауарларды (қызмет, жұмыс) өткізу нарығы;

  4. өткізу нарығындағы бәсекелестер;

  5. маркетинг жоспары;

  6. өндірістік жоспар;

  7. ұйымдастырушылық жоспар;

  8. заңдық жоспар;

  9. қаржы жоспары;

  10. қаржыландыру стратегиясы.

Бизнес-жоспар жасаушылардың алдында тұрған негізгі міндет -инвесторларды тарту болып табылады. Қандай жағдайда да мақсат бір-жобаның қаржылық тиімділігін дәлелдеу керек, яғни жобаға салынған ақша жиыны күтілетін пайданы алып келетіндігін дәлелдеу керек.

№ 11 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Экономика және басқару» факультеті

«Экономика» кафедрасы

СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫЛАРМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

«ККJ 3305 КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІН жоспарлау» пәні бойынша

«5В050600-Экономика» мамандығы

Алматы, 2012 ж.

Тақырып 1. Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың жалпы сипаттамасы

Тапсырма №1. Жоспарлы шешімдерді қабылдау жағдайындағы тәуекелдерді қарастыру және тестерге жауап беру.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Тәуекелдің мәні мен түріне тәуелсіз кәсіпкерліктің негізгі мақсатына – салынған капиталдан табыс алуға – тәуекелді анықтау сәйкес келеді.

Тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен деңгейлерін ажыратады. Тәуекелдің көлемін (не деңгейін) екі критерий арқылы өлшенеді (бағаланады): орташа ауытқу мәнімен (дисперсия) және мүмкін болатын нәтижелерді өзгермелілігімен (вариация).

Сонымен бірге тәуекелдің орташа күтілетін мәні мүмкін болатын нәтижелерді де бағалайды. Ауытқу орташа күтілетін мәннің орташа көлемнен ауытқу өлшемі мен деңгейін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін бағалаудағы дисперсия өзімен бірге тәуекелді салымдардың орташа күтілетін салымдардан нақты қаржылық нәтижелердің квадраттық ауытқулардың орташа салмақты көлемін ұсынады:

σ²==(x-x²)/n,

мұндағы σ² - дисперсия;

x – қаржы ресурстарының салымының әр жағдайы үшін күтілетін мәні;

x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні;

n – қаржы ресурстарының салымдарының саны(жиілік).

Дисперсия қаржылық тәуекелдің жиілігінің абсолютті тербелісін сипаттайды, ал тербелістің салыстырмалы дәрежесін вариация коэффициенті көрсетеді. Ол келесі формуламен анықталады:

v=σ/x•100,

мұндағы v – вариация коэффициенті;

σ – орташа квадраттық ауытқу;

x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні.

Вариция коэффициенті 1-ден 100%-ға дейін өзгеруі мүмкін. Вариация коэффициенті қаншалықты жоғары болады, соншалықты тербеліс күшті. Вариация коэффициентінің түрлі мәндеріне келесідей сапалы баға бекітілген: 10% -ға дейін – салымдардың төмен тербелісі; 10-25% - қаржылық тәуекелдің орташа тербелісі; 25%-дан жоғары – қаржылық тәуекелдің жоғары тербелісі.

Дисперсия мен вариацияны қолданған кезде тәуекелдің қаржылық нәтижені алудың математикалық ықтималдылығы бар екенін ескеру қажет. Бұл ықтималдылық субъективті эксперттік жолмен немесе объективті қаржылық тәуекелдің деңгейін математикалық есептеу негізінде анықтауға болады.

Қаржылық тәуекелді бағалаудың басқа да аналитикалық әдістері кеңінен қолданылады. Іскерлік белсенділік, қаржылық тұрақтылық коэффициенттері есептеледі, банкроттылыққа ұшырау ықтималдылығы анықталады, жалпы қаржылық даму деңгейі талданады.

Тәуекелді бағалаудың негізгі әдісі кәсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді талдау, оның қаржылық тұрақтылығы пен төлемқабілеттілігін талдау болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау кеңінен тараған. Оның мақсаты – кәсіпорынның балансы мен қаржылық нәтижелер және оларды қолдану туралы есебі негізінде жалпы қаржылық жағдайын және даму динамикасын бағалау. Мұнда қаражаттарды (активтерді) орналастыру мен қолдануына, олардың көздеріне (меншікті капитал мен міндеттемелер, яғни пассивтер) назар аударылады.

Бақылау нысаны: сұрақтарды қарастыру және талдау

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Котляров И.Д. Планирование на предприятии: учебное пособие / И. Д. Котляров. - М. : Эксмо, 2010. - 336 с.

  2. Дугалова Г.Н. Внутрифирменное планирование: учебное пособие/ Г.Н.Дугалова.-Алматы: Алматыкітап баспасы, 2008. – 208с

  3. Бухалков М.И. Планирование на предприятии : учебное пособие / М. И. Бухалков. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : ИНФРА-М, 2010. - 411 с. - (Высшее образование)

  4. Горемыкин В.А. Планирование на предприятии : учебник / В. А. Горемыкин. - 6-е изд., перераб. и доп. - М. : Юрайт, 2010. - 699 с.

Тақырып 2. Кәсіпорында жоспарлы жұмысты ұйымдастыру

Тапсырма №2. Әртүрлі ұйымдық-экономикалық нысандардағы кәсіпорындарда жоспарлаудың ерекшеліктерін талдау. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Кәсіпорын қызметін жоспарлау мен басқару өндірістік менеджменттің келесі қызметтерімен тығыз байланысты:

  • мақсатты таңдау;

  • ресурстарды анықтау;

  • үдерісті ұйымдастыру;

  • олардың орындалуына бақылау жасау;

  • жұмыстарды үйлестіру;

  • қойылған міндетке түзету енгізу;

  • мамандарды ынталандыру;

  • жалақы төлеу т.б.

Аталған қызметтердің орындалуына көптеген санаттағы персоналдар-барлық басқару деңгейінің басшылары, экономист-менеджерлер, жоспарлаушы, атқарушылар т.б. өз үлестерін қосады. Жоғарғы деңгей басшыларының негізгі қызметі - кәсіспорын дамуының біртұтас стратегиясын құру немесе жоспарлау мақсатын негіздеу, мақсатқа жетудің негізгі әдістерін таңдау, жоспар құрудың әдістері мен технологиясын анықтау. Басқа деңгей басшылары сонымен қатар, жоспарлау қызметінің мамандары ағымдық және тактикалық жоспарларды әзірлейді. Олардың қызметіне кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасын талдау, бөлімшелердің келешектегі дамуына болжам жасау, қажетті ресурстарды, жоспарлы көрсеткіштерді есептеу және бағалау жатады.

Қазіргі кезде басқарудың ұйымдық құрылымына девизионалды, өнімділік, матрицалық, жобалық т.б құрылымдар кіреді.

Тәжірибеде жоспар құру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырудың 3 сызбанұсқасы бар:

  • жоғарыдан төмен қарай;

  • төменнен жоғарыға қарай;

  • қарсы жоспарлау.

Бірқатар ірі және орта орталықтандырған кәсіпорындар жоғарыдан төмен жоспарлау сызбанұсқасын пайдаланады. Бұл әдіс бойынша жоспарлы стратегиялар басқарудың жоғарғы деңгейінде құрылады – мақсаттар, негізгі бағыттар және кәсіпорынның дамуының басты міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады. Содан кейін бұл мақсаттар, міндеттер мен көрсеткіштер кәсіпорын төменгі деңгей басшыларының жоспарына детальды, нақтыланған түрде енеді. Жоспарлы тапсырмаларды нақты орындаушы тұлғалармен мақұлдағаннан кейін, кәсіпорынның жоғарғы деңгей басшылары бекітеді.

Бақылау нысаны: сұрақтарды талқылау және жоспарлау сызбанұсқасын құру әдістемелерін көрсету

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Бухалков М.И. Планирование на предприятии : учебное пособие / М. И. Бухалков. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : ИНФРА-М, 2010. - 411 с. - (Высшее образование)

  2. Горемыкин В.А. Планирование на предприятии : учебник / В. А. Горемыкин. - 6-е изд., перераб. и доп. - М. : Юрайт, 2010. - 699 с.

  3. Котляров И.Д. Планирование на предприятии : учебное пособие / И. Д. Котляров. - М. : Эксмо, 2010. - 336 с.

  4. Алексеева М. М. Планирование деятельности фирмы. – М.: Финансы и статистика, 2004г.

  5. Ильин А.А. Планирование на предприятии. – М.: «Новое знание», 2004г.

Тақырып 3. Жоспарлаудың нормативті базасы

Тапсырма №3. Материал шығыстарының нормативтері және кәсіпорын шығыстарының нормативтері және кәсіпорын мәліметтері бойынша өндірілген өнімнің нормативтерін және көлемін анықтау

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Норматив – салыстырмалы шама, ол еңбек құрал-жабдықтарының қолданылуын көрсететін көрсеткіш.

Нормалар мен нормативтерді құру кезінде ғылым мен техниканың, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың жаңа жетістіктерін, кәсіпорынның өндірістік қуатын қолдану деңгейін және алдыңғы қатарлы өндірістік тәжірибелерді ескеру қажет.

Мысал. Өндіріске шығындалған сметасы бойынша бір ай бойы материалдық құндылықтарға 2961000 тенгеге шығындалуды қарастырылған. Материалдық құндылықтарға арналған қордың нормасы 8 күн. Айналым құралдарына қажеттілікті анықтау керек.

Шешуі: материалдық құндылықтардың бір күндік шығыны анықталады: 2961000/30=98700тг.

айналым құралдарына қажеттілігі анықталады: 98700*8 = 789600тг.

Тапсырма 2. Бұйымның өндірістік өзіндік құны – 290 мың теңге, коммерциялық шығыстар 5 %, жоспарлы табыстылық деңгейі – 16 %, ҚҚС – ҚР Салық Кодексінде белгіленген мөлшерлеме бойынша алынады. Кәсіпорынның көтерме бағасын анықтау қажет?

Бақылау нысаны: есептер шығару

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Котляров И.Д. Планирование на предприятии: учебное пособие / И. Д. Котляров. - М.: Эксмо, 2010. - 336 с.

  2. Дугалова Г.Н. Внутрифирменное планирование: учебное пособие/ Г.Н.Дугалова.-Алматы: Алматыкітап баспасы, 2008. – 208с

  3. Бухалков М.И. Планирование на предприятии : учебное пособие / М. И. Бухалков. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : ИНФРА-М, 2010. - 411 с. - (Высшее образование)

  4. Горемыкин В.А. Планирование на предприятии : учебник / В. А. Горемыкин. - 6-е изд., перераб. и доп. - М. : Юрайт, 2010. - 699 с.

Тақырып 4. Іскерлік ортаны болжау

Тапсырма №4. Кәсіпорын мәліметтері бойынша өткізу нарығының құрылымын талдау және оның болжанған серпінін (динамикасын) анықтау

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Болжау әдістерінің барлық жиынтығы біртектілік дәрежесіне байланысты 2 топқа бөлінеді:

  1. Қарапайым.

  2. Кешенді (аралас) әдістер.

Қарапайым болжау әдістері өз алдына фактографиялық және экспертті әдістерге бөлінеді.

Фактографиялық әдістер болжау объектісінің өткен және қазіргі дамуы туралы нақты мәліметтерге сүйенеді.

Экспертті (интуициялық) әдістер болжау объектісі туралы эксперт мамандардың білімдерін пайдалануға, объектінің келешектегі дамуы туралы олардың пікірлерін жалпылауға негізделген.

Кешенді (аралас) әдісте алғашқы ақпараттар негізінде экспертті және фактографиялық әдістер қатар қолданылады.

Фактографиялық әдістер келесі түрлерге бөлінеді:

1.Статистикалық әдіс бойынша объектінің сипатталуының (параметрлерінің) динамикалық қатарын құру және талдауға негізделген. Оған экстраполяция, интерполяция, аналог (ұқсастық моделі), параметрлік әдістер кіреді.

2.Басымдылықты талдау ғылыми-техникалық жетістіктерді жүзеге асыруға, ғылыми-техникалық ақпараттардың қасиеттерін пайдалануға негізделген. Бұл топтың әдістерінің ішінде басылымдардың серпінін (динамикасын) бағалау және талдауға негізделген әдістерді бөліп қарастыруға болады.

Бақылау нысаны: сұрақтарды талқылау

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Котляров И.Д. Планирование на предприятии: учебное пособие / И. Д. Котляров. - М. : Эксмо, 2010. - 336 с.

  2. Дугалова Г.Н. Внутрифирменное планирование: учебное пособие/ Г.Н.Дугалова.-Алматы: Алматыкітап баспасы, 2008. – 208с

  3. Бухалков М.И. Планирование на предприятии : учебное пособие / М. И. Бухалков. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : ИНФРА-М, 2010. - 411 с. - (Высшее образование)

  4. Горемыкин В.А. Планирование на предприятии : учебник / В. А. Горемыкин. - 6-е изд., перераб. и доп. - М. : Юрайт, 2010. - 699 с.

Тақырып 5. Кәсіпорындағы стратегиялық жоспарлау

Тапсырма №5. Кәсіпорында SWOT-талдау жасау

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Кәсіпорынның іс - әрекетін бағалаудың бірнеше әдістері бар. Кең таралған және маңызды әдістердің бірі болып SWOT –талдау.

Оның бірінші бөлімі кәсіпорынның бүгінгі және болашақта туындау мүмкін сыртқы қауіп-қатерлері (теріс) мен мүмкіндіктерін (оң) зерттеуге бағытталған. Бұл жерде стратегиялық баламалар анықталады. Екінші бөлімі кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын зерттеумен байланысты. Бұл жерде кәсіпорынның потенциалы бағаланады. Басқаша сөзбен айтқанда, SWOT- талдау компанияның ішкі және сыртқы жай-күйін кешенді түрде зерттеуге мүмкіндік береді.

Мысалы: АӨК«Aдал» АҚ-на SWOT- талдау жасау.

Күшті жақтары

  1. Қ.Р. нарығында танымал кәсіпорын;

  2. Тұтынушылар арасында сұранысқа ие;

  3. Өнім ассортименті үлкен;

  4. Өнімдері сапалы;

  5. Жеткізушілермен, жабдықтау тығыз, үздіксіз байланысы

  6. Агроөнеркәсіптік кешенінің потенциалы жоғары болуы.

Әлсіз жақтары

  1. Сүт өнімдеріне әр түрлі қоспалар пайдаланады.

  2. Тарату арналарының толық, мақсата лайықты зерттелмеуі.

Мүмкіндіктер

  1. Басқа да өткізуді ынталандыру шараларын қолданып сату көлемін нығайту;

  2. Басқада нарықты жаулап алу;

  3. Өнім ассортиментін ұлғайту.

Қауіп – қатерлер

  1. Шетел және отандық кәсіпорындармен бәсекелестіктің күшеюі;

  2. Тұтынушылырмен жеткізушілер тарапынан талаптардың күшеюі;

  3. Бәсекелістік күшеуімен тұтынушылырдың таңдауының, талғамының күтпеген өзгерісі;

  4. Сұраныстың азаюі.

Бақылау нысаны: «Abdi» кәсіпорынына SWOT – талдау жасап көрсету.

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Котляров И.Д. Планирование на предприятии: учебное пособие / И. Д. Котляров. - М.: Эксмо, 2010. - 336 с.

  2. Дугалова Г.Н. Внутрифирменное планирование: учебное пособие/ Г.Н.Дугалова.-Алматы: Алматыкітап баспасы, 2008. – 208с

  3. Бухалков М.И. Планирование на предприятии : учебное пособие / М. И. Бухалков. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : ИНФРА-М, 2010. - 411 с. - (Высшее образование)

  4. Горемыкин В.А. Планирование на предприятии : учебник / В. А. Горемыкин. - 6-е изд., перераб. и доп. - М. : Юрайт, 2010. - 699 с.

Тақырып 6. Кәсіпорындағы ағымдық және оперативті жоспарлау

Тапсырма №6. Өндіріс көлемінің өсу қарқыны мен жоспардың орындалу дәрежесін анықтау

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың соңғы сатысы – есепті кезеңдегі кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің оперативті жоспарды құру.

Оперативті жоспарлау қысқамерзімді кезеңде ағымдық жоспарлы-экономикалық қызметін жүзеге асырумен түсіндіріледі, мысалы жылдық өндірістік бағдарламаны құру, кәсіпорынның тоқсандық бюджетін әзірлеу, алынған нәтижелері бақылау және түзету енгізу т.с.с.

Оперативті жоспарлау кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында қарастырылған жылдық тапсырмалардың өз уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

Оперативті жоспарлау бір жылға немесе өте қысқамерімге құрылатын бюджет жүйесі немесе қаржы жоспары арқылы жүзеге асырылады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда оперативті жоспарлаудың 2 түрі бар:

- күнтізбелік;

- ағымдық.

Күнтізбелік жоспарлау жылдық жоспарлы тапсырмаларды өндірістік бөлімшелер мен оларды орындау мерзімдері бойынша бөлу, сонымен қатар нақты жұмысты атқарушыларға бекітілген көрсеткіштерді ұсыну.

Мысалы 1. Жыл бойы кәсіпорын бағасы 4800 тг тұратын 650 құрал және 6800 тг 700 құрал шығарды. Жыл басындағы және жыл соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдығы сәйкесінше – 540 мың тг. және 320 мың тг. Өнімнің жалпы көлемін анықтау қажет.

2. Кәсіпорынның негізгі цехы 2 млн 500 мың тг. өнім дайындады. Оның ішінде ішкі өндіріс қажеттіліктерге 150000 тг. өнім жұмсалды. Қосымша цехтар бойынша сату үшін 470000 тг. көлемінде өнім өндіріледі, 600000 тг. соммасы келісім шарт бойынша жөңдеу жұмыстары орындалды. Анықтау керек кәсіпорынның тауарлы өнім көлемі.

3. Жыл бойы кәсіпорын 1200 тг. Бағасы бойынша 450 құрал және бағасы 2100 тг., болатын 500 құрал шығарды. Жыл басында өндірістің қалдығы 520000 тг. Ал жыл соңында 290000 тг. Табу керек: жалпы өндіріс көлемін

Бақылау нысаны: есептер шығару

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Котляров И.Д. Планирование на предприятии: учебное пособие / И. Д. Котляров. - М. : Эксмо, 2010. - 336 с.

  2. Дугалова Г.Н. Внутрифирменное планирование: учебное пособие/ Г.Н.Дугалова.-Алматы: Алматыкітап баспасы, 2008. – 208с

  3. Бухалков М.И. Планирование на предприятии : учебное пособие / М. И. Бухалков. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : ИНФРА-М, 2010. - 411 с. - (Высшее образование)

  4. Горемыкин В.А. Планирование на предприятии : учебник / В. А. Горемыкин. - 6-е изд., перераб. и доп. - М. : Юрайт, 2010. - 699 с.

Тақырып 7. Өнім өндіру мен өткізуді жоспарлау

Тапсырма №7. Нақты кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын талдау және өнімді шығару бойынша жоспардың орындалуын анықтау.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Цех немесе кәсіпорынның өндірістік бағдарламаны құру үдерісінде ұтымды (оптималды) жоспарлы шешімдерді қабылдау қажеттілігі маңызды болып табылады.

Ұтымды шешім деп әдетте берілгенжоғарғы нәтижелерге жету немесе өндірісте төмен шығын жұмсау түсіндіріледі.

Кез келген ұтымды шешім қабылдаудың негізгі алғышарты ретінде, біріншіден, ұтымдылық критерийін таңдау, екіншіден, қолдағы ресурстарға шек белгілеу саналады.

Тапсырма. Келесі есептеулерде жоғары пайда алуды қамтамасыз ететін А және Б екі түрлі өнім өндірісінің көлемін ұйлестіру (ұтымды жүзеге асыру) бойынша есептің шешімін табу керек. Бір бұйымға кететін материалды ресурстардың шығыны 5 және 8 кг, еңбек ресурстары– 10 және 5 адам-сағат. Кәсіпорындағы ресурстардың лимиті сәйкесінше 3500 кг және 6000 адам-сағат. А бұйымынан түсетін жоспарлы пайда – 300 теңге, Б – 200 теңге.

Есепті шешу үшін жоспарлаудағы сызықтық бағдарламалау әдісін қолдануға болады. Келесі теңдеулер жүйесін құрайық:

1. Қолда бар ресурстар бойынша:

5х1+8 х2≤ 3500;

10 х1+5 х2≤6000.

2. Оптималдылық критерийі бойынша

300х1+200 х2≤ max

Ресурстардың теңдеуі бойынша нүктелер координаттарын анықтайық:

А: х1=0; 8х2=3500

х2=3500/8

х2=437

В: х1=700; х2=0

С: х1=0; 5х2=6000

х2=6000/5

х2=1200

D: х1=600; х2=0

А,В,С, D нүктелерінің алынған координаттары арқылы ресурстардың шектелу графигін тұрғызып, 1-суретте көрсетлгендей, АО (материалды ресурстардың лимиті) мен ОД (еңбек) сызықтарының арасындағы шешімдер еркіндігінің облысын табамыз.

А,О, D нүктелер сәйкес тауарлардың максималды мүмкін өндірілімін анықтайды. Оптималды өндірілім көлемі АВ және СD сызықтарының қиылысындағы О нүктесінде жатыр.

Кәсіпорын немесе оның жекелеген бөлімшелерінің жалпы (жиынтықты) өндірістік бағдарламасы жылдық өндірілімді (сұраныс) өнім бірлігінің бағасына көбейту арқылы құндық мәнде анықталады:

Бж.ө. = (1)

мұндағы Бж.ө. –кәсіпорынның жалпы өндірістік бағдарламасы, теңге;

Nө, Nж, Nқ - өнім, жұмыс, қызметтің сәйкесінше жылдық көлемі, дана;

Бө, Бж, Бқ - өнім, жұмыс, қызмет номенклатурасы.

Бақылау нысаны: есептер шығару

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Котляров И.Д. Планирование на предприятии: учебное пособие / И. Д. Котляров. - М. : Эксмо, 2010. - 336 с.

  2. Дугалова Г.Н. Внутрифирменное планирование: учебное пособие/ Г.Н.Дугалова.-Алматы: Алматыкітап баспасы, 2008. – 208с

  3. Бухалков М.И. Планирование на предприятии : учебное пособие / М. И. Бухалков. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : ИНФРА-М, 2010. - 411 с. - (Высшее образование)

  4. Горемыкин В.А. Планирование на предприятии : учебник / В. А. Горемыкин. - 6-е изд., перераб. и доп. - М. : Юрайт, 2010. - 699 с.

Тақырып 8. Кәсіпорында еңбекті және әлеуметтік дамуды жоспарлау

Тапсырма №8. Кәсіпорынның персоналға қажеттіліктерін айқындау және оларды пайдалану көрсеткіштерін анықтау

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Еңбек өнімділігінің деңгейі 2 көрсеткіш арқылы анықталады.

  1. Белгілі еңбек бірлігінде өнімді шығарумен анықталады. (таза көрсеткіш)

  2. Еңбек сиымдылығымен (кері көрсеткіш)

в =В/Т

в - белгілі еңбек бірлігінде шығарылған өнім

В - шығарылған өнім көлемі

Т- өнім шығаруға кеткен нақты уақыт.

t= Т/В=1/в кері көрсеткіш.

t- еңбек сиымдылығы

Еңбек ресурстарының сандық сипатттамалары кәсіпорын мақсатын орындау үшін және жұмыстарын атқару үшін жұмысшының кәсіби және біліктілігінің жарамдылық дәрежесін анықтайды. Еңбек қызметіне байланысты кәсіпорын мамандары мамандығы және біліктілік деңгейіне байланысты бөлінеді.

Профессия – бұл белгілі бір теориялық білімдер мен тәжірибелерді талап ететін еңбек қызметінің ерекше түрі.

Мамандық – жұмысшылардың қосымша арнайы білім тәжірибесін талап ететін және спецификалық ерекшелігі бар професссия шегіндегі қызмет түрі.

Жылдық еңбек ақы қоры еңбек сиымдылығы мен күрделілігі негізінде жоспарланады.

Фр= Тпл*Чср*(1+Кд)

Фр - жылдық еңбек ақы қоры

Тпл - жылдық өндірістік бағдарламаның еңбек сиымдылығы

Чср - орташа тарифтік ставка (теңге /сағ)

Кд – жұмысшыға төленетін сыйақыны есепке ала отырып, қосымша еңбек ақының коэффициенті (%)

Барлық персоналдардың еңбек ақы қоры келесі формуламен анықталады:

Фр= 12Мм*Чпл*Кср*(1+Кд)

Мм- еңбек ақының төменгі мөлшері

Чпл- өнеркәсіптік өндірістік персоналдардың жалпы саны

Кср- жұмысшылардың орташа біліктілік коэффициенті