Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын қызметін жоспарлау.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Жылдық еңбек ақы қоры еңбек сиымдылығы мен күрделілігі негізінде жоспарланады.

Фр= Тпл*Чср*(1+Кд)

Фр - жылдық еңбек ақы қоры

Тпл - жылдық өндірістік бағдарламаның еңбек сиымдылығы

Чср - орташа тарифтік ставка (теңге /сағ)

Кд – жұмысшыға төленетін сыйақыны есепке ала отырып, қосымша еңбек ақының коэффициенті (%).

Барлық персоналдардың еңбек ақы қоры келесі формуламен анықталады:

Фр= 12Мм*Чпл*Кср*(1+Кд)

Мм- еңбек ақының төменгі мөлшері

Чпл- өнеркәсіптік өндірістік персоналдардың жалпы саны

Кср- жұмысшылардың орташа біліктілік коэффициенті

Жеке категориядағы жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақысы жылдық еңбек ақы қорын орташа жылдық санына бөлу жолымен анықталады.

Зср= ФР/12*Рср

Рср- жұмысшылардың орташа жылдық саны.

Еңбек өнімділігінің өсімі % келесі формуламен анықталады:

∆Птр=Эi*100/Чпл-Э

Эi- жеке фактор боцынша есептелген жұмыстан босатылған жұмысшылардың мүмкін саны.

Э- барлық фактор бойынша жұмыстан босатылған жұмысшылардың мүмкін саны.

Мысал, 1 жұмысшының сағаттық, күндік және жылдық өндірілімін анықтау керек. Есепті кезеңде 16 млн. теңге суммада өнім өндірілді. Жұмысшының орташа жылдық саны 580 адам, бір жылда 221000 адам – күн, 1 480000 адам – сағат жұмыс істелінді.

Шешуі: 16000000/1480000=1081 теңге

16000000/221000= 72,4

16000000/850= 18823

Мысалы, базалық кезеңде өнімді шығару 8200000 теңге орташа жылдық өндірілім 51000 теңге. Өткен кезеңмен салыстырғанда өнімнің жоспарлы өндірілімі 10%-ке артады. Жұмысшылардың жоспарлы саны 167 адам.

Анықтау керек: жаңа техниканы енгізу есебінен еңбек өнімділігінің жоспарлы өсімін.

№ 8 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Тақырып 9. Өндіріс шығындары мен бағаны жоспарлау

Практикалық (семинар) сабақ тапсырмасы: Сұрақтарды талқылау және есептерді шығару:

    1. Өндірістік шығындары қалай жіктеледі?

    2. Калькуляция әдістерінің түрлері атаңыздар

    3. Шығындар сметасы қалай құрылады?

    4. Баға, оның тағайындалуы.

    5. Баға стратегиясы

    6. Бағаны анықтау әдістері көрсетіңіз

    7. Баға түрлері.

    8. Шығындарды есепке алу әдістері.

    9. Баға құру әдістері

Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:

Тапсырма 1. Кәсіпорын өзіндік құны 5000 теңге және рентабельділігі 25 % болатын жаңа бұйым шығарды. Жаңа өнімнің бағасын толық шығындар әдісімен анықтау керек.

Тапсырма 2. Бұйымның өндірістік өзіндік құны – 290 мың теңге, коммерциялық шығыстар 5 %, жоспарлы табыстылық деңгейі – 16 %, ҚҚС – ҚР Салық Кодексінде белгіленген мөлшерлеме бойынша алынады. Кәсіпорынның көтерме бағасын анықтау қажет.

Тапсырма 3. Келесі есептік берілгендер негізінде шикізатты сатып алудың максиамлды баға деңгейін анықта.

Көрсеткіштер

Мәні

1. Көтерме сатушының ҚҚС-ты қосқандағы жіберу бағасы

8316

2. Көтерме үстеме ақы,%

12

3. ҚҚС, %

11

4.Өнім рентабельділігі, %

25

5.Өндіріс және өткізу шығындары теңге /т

1080

Өнім бірлігіне кететін шикізаттың үлестік шығыны, теңге/т

15