Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпорын қызметін жоспарлау.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Тақырып 2. Кәсіпорында жоспарлы жұмысты ұйымдастыру

Лекция мақсаты: студенттерге кәсіпорын қызметін жоспарлауды ұйымдастыру негіздерімен, жоспарлау сызбанұсқаларымен таныстыру

Лекция сұрақтары:

2.1 Кәсіпорындағы жоспарлау қызметінің құрылымы мен қызметтері

2.2 Кәсіпорындағы жоспарлау сызбанұсқасы

2.1 Кәсіпорындағы жоспарлау қызметінің құрылымы мен қызметтері

Кәсіпорын қызметін жоспарлау мен басқару өндірістік менеджменттің келесі қызметтерімен тығыз байланысты:

  • мақсатты таңдау;

  • ресурстарды анықтау;

  • үдерісті ұйымдастыру;

  • олардың орындалуына бақылау жасау;

  • жұмыстарды үйлестіру;

  • қойылған міндетке түзету енгізу;

  • мамандарды ынталандыру;

  • жалақы төлеу т.б.

Аталған қызметтердің орындалуына көптеген санаттағы персоналдар-барлық басқару деңгейінің басшылары, экономист-менеджерлер, жоспарлаушы, атқарушылар т.б. өз үлестерін қосады. Жоғарғы деңгей басшыларының негізгі қызметі - кәсіспорын дамуының біртұтас стратегиясын құру немесе жоспарлау мақсатын негіздеу, мақсатқа жетудің негізгі әдістерін таңдау, жоспар құрудың әдістері мен технологиясын анықтау. Басқа деңгей басшылары сонымен қатар, жоспарлау қызметінің мамандары ағымдық және тактикалық жоспарларды әзірлейді. Олардың қызметіне кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасын талдау, бөлімшелердің келешектегі дамуына болжам жасау, қажетті ресурстарды, жоспарлы көрсеткіштерді есептеу және бағалау жатады.

Қазіргі кезде басқарудың ұйымдық құрылымына девизионалды, өнімділік, матрицалық, жобалық т.б құрылымдар кіреді.

Басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдіру қажеттігі ішкі және сыртқы экономикалық факторларға тәуелді.

Сыртқы факторлар:

  1. Өнім (қызмет), нәтиже түрі.

  2. Қызмет немесе ресурстардың түрлері.

  3. Нарық және клиент топтары.

Негізгі ішкі факторларға әрбір жетекші немесе менеджердің өкілеттілігінің деңгейімен байланысты басқаруды орталықтандыру немесе орталықтан босату қағидасы кіреді.

2.2 Кәсіпорындағы жоспарлау сызбанұсқасы

Тәжірибеде жоспар құру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырудың 3 сызбанұсқасы бар:

  • жоғарыдан төмен қарай;

  • төменнен жоғарыға қарай;

  • қарсы жоспарлау.

Бірқатар ірі және орта орталықтандырған кәсіпорындар жоғарыдан төмен жоспарлау сызбанұсқасын пайдаланады. Бұл әдіс бойынша жоспарлы стратегиялар басқарудың жоғарғы деңгейінде құрылады – мақсаттар, негізгі бағыттар және кәсіпорынның дамуының басты міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады. Содан кейін бұл мақсаттар, міндеттер мен көрсеткіштер кәсіпорын төменгі деңгей басшыларының жоспарына детальды, нақтыланған түрде енеді. Жоспарлы тапсырмаларды нақты орындаушы тұлғалармен мақұлдағаннан кейін, кәсіпорынның жоғарғы деңгей басшылары бекітеді.

Төменнен жоғары қарай жоспарлау бөлімшелердің жоспары арқылы жергілікті жоспардан жалпы жоспарға келісімдер, толықтырулар және түзетулер арқылы жүзеге асырылады. Мұнда көп жағдайда белгілі бір мақсатты және стратегияны кәсіпорын бөлімшелері құрады, бірақ идея жоғары деңгейде пайда болады.

Қарсы жоспарлау алдыңғы екі әдісті біріктіреді. Жоғарыдан төмен қарай бағытталған үдерісте басты мақсат бойынша алдын ала жоспар әзірленіп, кәсіпорынды басқару деңгейіндегі жалпы жоспар құрылады.Төменгі деңгейдегі бөлім басшылары осы жоспарларды нақтылайды. Осыдан кейін жоспарлаудың төменнен жоғарыға қарай кері бағыты басталады. Мұнда жоспарға аса тиімді шешімдер енгізіліп, жоспарлаудың біртұтас объектісінің бөлімдері арасында қайшылықтар мен келісе алмаушылықтар жойылады. Әртүрлі жағдайларға байланысты жоспарды мақұлдау үдерісі бірнеше рет қайталануы мүмкін.

Миссия - кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы, оның негізгі мақсаттарының негізделуі, әрекет ету сферасы, әлеуметтік мәселелерді шешудегі рөлі мен іс-әрекет нормасы.

Мақсат - кәсіпорынның келешекте қалаған жағдайы, оның қызметкерлерінің мінез-құлқы мен әрекет ету мотиві.