- •Дискретті математика негіздері. Бульдік алгебра.
- •Санау жүйелері
- •Екілік санау жүйесі
- •Оналтылық санау жүйесі
- •Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма
- •5 Тапсырма
- •6 Тапсырма
- •7 Тапсырма
- •8 Тапсырма
- •9 Тапсырма
- •Бақылау сұрақтары
- •Тақырыбы: ms dos операциялық жүйесі (лаб. – 2 сағат, сөж - 1 сағат) Жұмыстың мақсаты:
- •Операциялық жүйенің негізгі командамалары:
- •Windows xp –де ms dos операциялық жүйесін іске қосу: пуск → все программы → стандартные → командная строка ms dos командаларының орындалуларына мысалдар:
- •Windows xp –де ms dos операциялық жүйесін іске қосу: пуск → все программы → стандартные → командная строка ms dos командаларының орындалуларына мысалдар:
- •Бақылау сұрақтары
- •Мәтінді форматтау.
- •Құжатты жабу
- •Құжатты көру режімдері
- •Тапсырмалар
- •–Сурет. “Кесте енгізу” батырмасы арқылы салынған 2х2 өлшемді кесте.
- •Кесте менюін пайдалану
- •Кестедегі мәліметтерді жылжыту және олардың көшірмесін алу
- •Тапсырмалар
- •3. Төмендегідей кесте құрыңыз.
- •Регистрлерді ауыстыру
- •Ms word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері.
- •1. Қарапайым графикалық элементтерді салу
- •2. Автофигуралар енгізу
- •3. Геометриялық элементтерді бүру
- •4. Салынған суреттерді форматтау
- •Топтан шығару
- •Геометриялық элементтерді басқа орынға жылжыту
- •Геометриялық элементтерге әртүрлі масштаб қолдану
- •Ms word мәтіндік редакторында формулалар редакторымен жұмыс
- •Ms Excel-электрондық кестесі. Ұяшықтармен жұмыс. Формуланы пайдалану.
- •Тапсырма 4
- •Excel программасында кесте жасау, толтыру, редакциялау және пішімдеу (форматтау)
- •ЭлектронДы процессорЫ
- •Салыстырмалы, аралас және абсолютті адрестер. MsExcel-дің графикалық мүмкіндіктері.
- •Электрондық кестені мәліметтер қоры ретінде пайдалану Тізімді сұрыптау. Жазбаларды автосүзбеден өткізу.
- •4 Тапсырма.
- •Толық кестелер. Баспаға шығару
- •Power Point-презентация жасау редакторы
- •3 Тапсырма. Жаңа слайд қосу
- •9 Сурет. Кәдімгі көру режиміндегі презентацияның екінші слайды.
- •Жұмыс. Базалық кестелер құру және жобалау.
- •Microsoft Аccess –те сұраныстар құру, кестелер арасында байланыстар құру
- •Алгоритм ұғымы. Оның қасиеттері, түрлері. Компьютерде есеп шығару кезеңдері. Блок-схемалар.
- •Паскаль тілінің негізгі операторлары
- •Тармақталған алгоритмдер. Шартты, құрама және цикл операторлары
- •Компьютерлік желілер. Internet
- •Архивтеу программалары
- •Компьютерлік вирустар. Антивирустік қорғаныс.
Мәтінді форматтау.
Жұмыстың мақсаты: Word терезесінің стандартты элементтерімен танысу; файлдармен жұмыс, құру, сақтау, құжаттағы мәтін бөлігін қиып алу, көшірмесін жасау, енгізу, ауыстыру, автомәтін жасау және қолдану; құжаттарды көру режімдері; тізімдерді нөмірлеу, маркерлеу; мәтінді бағаналарға бөлу, мәтіннің жиегін белгілеу, бояу; мәтінді форматтау, қаріптерді өзгерту, сызу, интервалдар; айнымалы ақпараттарды қоюға болатын, мысалы, фамилиясы, аты, адресі т.б.с.с. сериялы құжаттарды құруды үйрену.
Microsoft Word мәтіндік редакторы құжаттарды даярлауға, редакциялауға, пішімдеуге, баспаға шығаруға арналған.
1.1-сурет. Word программасының терезесі.
Word программасының терезесінде Windows жүйесіндегі стандартты көптеген элементтер бар. Word редакторының терезесі тақырып қатары, меню қатары, саймандар тақтасы, форматтау саймандар тақтасы, қалып-күй қатары, сызғыш, жұмыс аймағы, айналдыру жолақтарынан тұрады.
Меню қатары Word редакторының негізгі командаларынан тұрады.
1.2-сурет. Меню қатары.
Саймандар тақтасында жиі қолданылатын меню командалары батырма түрінде бейнеленеді. Саймандар тақтасы “стандартты”, “форматтау” деген бөліктерден тұрады.
1.3-сурет. Саймандар тақтасы.
Саймандар тақтасынан кейін сызғыш орналасқан. Сызғыш құжаттың өрісі мен азат жолдарын реттеу үшін қолданылады. Егер экранда сызғыш көрінбесе, оны Түр – Сызғыш командасының көмегімен шығаруға болады.
Жұмыс аймағанда құжаттың негізгі мәтіні бейнеленеді. Мәтінді енгізу, форматтау, графиктік объектілерді енгізу және кестелер құру осы жұмыс аймағында жүргізіледі.
Қалып-күй қатары - экранның төменгі бөлігінде орналасқан. Онда құжаттың ағымдағы күйі жайлы мәліметтер келтірілген.
Жаңа құжат құру және сақтау
Жаңа құжат құру Файл – Құру – Жаңа құжат (Новый документ) командасымен орындалады.
Құжат компьютердің жадында дискіде файл түрінде сақталынады. Сақталынған құжатты өз атауымен немесе басқа атаумен және басқа орынға сақтауға болады.
Құжатты сақтау
Құжатты сақтау Файл – Сақтау немесе <Shift> + <F12> пернелер комбинациясын басу арқылы орындалады.
Құжатты жаңа атаумен сақтау үшін Файл – ... деп сақтау (Файл – Сохранить как ...) – дискіні таңдау – файл атын енгізу - сақтау амалын орындау арқылы жүзеге асырылады.
Word программасында сақталынатын құжатты басқа форматта сақтауға да болады. Ол үшін Файл – ... деп сақтау терезесінен немесе <F12> пернесін басу арқылы файлдың типі тізімінен форматын таңдау қажет.
Құжатты жабу
Құжатты жабу үшін: Файл – Жабу (Закрыть) немесе Жабу батырмасына шерту, <Alt> + <F4> пернелер комбинациясын басу қажет. Егер құжатқа өзгертулер енгізілген болса, онда Word-ң өзгертулерді сақтау мүмкіндігі бар.
Дайын құжатты ашу
Word ортасында дайын құжатты ашу “Құжатты ашу” сұхбат терезесі арқылы орындалады. “Құжатты ашу” сұхбат терезесін ашу үшін төмендегі тәсілдердің бірін қолданыңыз:
- Файл – Ашу (Открыть) командасын таңдау;
- пернетақтадан <Ctrl>+<0> басу;
- стандартты саймандар тақтасындағы ашу батырмасына шерту.
Құжатты форматтау
Мәтінді форматтау формат менюінің немесе форматтау тақтасының құралдарымен іске асырылады. Негізгі форматтау тәсілдері: қаріп түрін таңдау және өзгерту, қаріп өлшемін, қаріптің түсі мен жазылуын, туралау әдістерін таңдау.
Қаріпті таңдау Формат – Қаріп командасының көмегімен орындалады. Мәтінді жылдам форматтау үшін саймандар тақтасын қолдануға болады.
1.4-сурет. Қаріп сұхбат терезесі.
Абзац – Enter пернесін басқандағы мәтін бөлігі. Азат жол параметрлерін Формат – Абзац командасын немесе сызғыш арқылы орнатуға болады.
Беттерді форматтау
Беттерді форматтау: парақ өрістерінің көлемін орнату, парақ бағытын таңдау.
Өріс – беттің 4 қырынан орын қалдыратын негізгі мәтін орналасатын аудан.
Құжат өрісін екі жолмен өзгертуге болады: Файл – Параметры страницы немесе сызғыш арқылы.
Тапсырмалар:
1. Word мәтіндік редакторын қосудың үш түрлі жолын көрсетіңіз.
2. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы басқару батырмалары арқылы мәтінді кішірейтіңіз, үлкейтіңіз, жасырып (бүктеп), қалпына келтіріп қойыңыз.
3. Файл менюінің командалары арқылы жаңа құжатты ашып, сол құжатты өз атыңызбен сақтаңыз.
4. Құжаттың оң жағынан 2 см, сол жағынан 1,5 см ал жоғарғы және төменгі жақтарынан 2 см қалатындай орналастыр.
5. Осы құжатқа өмірбаяныңызды теріп жазыңыз.
6. Әр азат жолды әр түрлі қаріппен және қарайтылған, қисайтылған, асты сызылған етіп сол (оң) жаққа туралауды қолданыңыз.
Құжат мәтінін редакциялау
