Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб 18 июня 2013 последняя версия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

Архивтеу программалары

Жұмыстың мақсаты: Windows ОЖ-де WinRAR, WinZIP, WinARJ архивтеу программаларымен жұмыс жасауға үйрету.

WinRAR программасын іске қосу. WinRAR дұрыс қондырылған жағдайда

оны іске қосу бірнеше жолдармен орындалады. Ең қарапайым түрі:

тапсырмалар тақтасы арқылы ПУСК>>Программы>>WinRAR>>WinRAR

командасы орындалады (суретті қара).

WinRAR жүктелгеннен кейін мына терезе пайда болады:

WinRAR –дың жұмыс терезесі мынадай элементтерден тұрады.

  • Негізгі меню (жүйелік).

  • Құрал-саймандар тақтасы (батырма).

  • Ағымдағы диск, жұмыс директория жолы.

  • Директория терезесі.

  • Вертикаль және горизонталь айналым жолақтары.

  • Статус жолдары.

6.WinRAR-да мәліметтерді архивтеу. Ол үшін файлдар тобын бір архивтік

ф айлға жинақтау қажет. Файлдар тобы үшін «ABBA» тобының белгілі өлеңдері

фонограммаларының жинағы алынсын. Тапсырманы орындау үшін:

а) WinRAR-ды іске қосамыз.

б) Ағымдағы фонограмманың директориясын анықтаймыз:

File>>Browse to folder

Пайда болған терезеден Midi директориясын таңдаймыз

Пайда болған терезеде Shift және басқару курсорының пернелерінің

көмегімен архивтелетін файлдарды ерекшелеу қажет.

  • Қ ұрал-саймандар тақтасында Add пернесін басу керек:

  • П айда болған сұхбат терезесінде архивтік файлдың атын енгіземіз (ABBA) және ОК пернесін басамыз.

Нәтижесінде WinRAR программасы

“abba.rar” архивтік файлын құрады. Бұл

файлды “Midi” директориясынан табуға

болады.

Алғашында архивтік файлға енгізер алдында

146кб орынды файл архивтелгеннен кейін

б ар болғаны 39кб орын алатындығын

атап көрсетуге болады.

7.WinRAR-да архивтелген мәліметтерді архивтен шығару. WinRAR архивтелген файлдарды қайта орнына ағымдағы директорияға немесе басқа

директорияларға да шығара алады. Өткен тапсырмадағы архивтелген “abba.rar” файлын архивтен шығарып кез-келген директорияға орналастыру керек болсын. Ол үшін мынадай әрекеттерді жасау керек:

  • « Midi» директориясынан “abba.rar”файлын тауып, ерекшелейміз.

  • Құрал-саймандар тақтасынан Extract to пернесін басамыз.

  • Пайда болған сұқбат терезесінен архивтен шыққан файл баратын

д иректорияның атын (мысалы, «Temp») енгіземіз.

Егер мұндай директория жоқ болған жағдайда WinRAR осындай атпен

директорияны автоматты түрде құрады. Осындай әрекеттер нәтижесінде

“abba.rar” файлы архивтен шығып, “Temp” директориясына орналасады.

8. WinRAR-да архивтермен жұмыс жасау командалары: Protect, Lock,

SFX (бұл командалар құрал-саймандар тақтасына шығарылған). Protect

командасы архивтелген файлдарды тосын бүліну жағдайларынан қорғайды.

Бұл команда орындалғанда WinRAR архивтелген файлға қорғаныш жазуын

енгізеді.

8.1. “abba.rar” файлының жұмысы тосын тоқтап қалудан қорғау керек. Ол

үшін мынадай іс-әрекеттер орындалады:

  • “Midi” директориясындағы “abba.rar” файлын тышқанмен екі рет

шертеміз.

  • Құрал-саймандар панелінде Protect батырмасын басамыз. Сонда

“abba.rar” файлының көлемі шамалы ұлғайып, тосын тоқтап қалудан

қорғалады.

8.2. Lock командасы архивтелген файлдардағы ақпараттардың бүлінуінен,

жойылып кетуінен қорғайды.

“abba.rar” файлындағы ақпараттың өзгеріске ұшырауынан сақтау үшін

мына әрекеттер орындалады:

  • “Midi” директориясындағы “abba.rar” файлын тышқанмен екі рет

шертеміз.

  • Құрал-саймандар панелінде Lock батырмасын басамыз. Енді “abba.rar” файлындағы ақпаратты өшіру әрекетін жасап. Тексеруге болады.

8.3. SFX (Self File Extraction) командасы архивтелген файлды өздігінен

архивтен шыға алатын SFX.EXE файлына айналдырады. Бұл команда

WinRAR компьютерде қондырылмаған жағдайда архивтелген файлды

архивтен шығару үшін орындалады. “abba.rar” файлын SFX файлына айналдырайық. Ол үшін мына әрекеттер орындалады.

  • “Midi” директориясындағы “abba.rar” файлын тышқанмен екі рет

шертеміз.

  • Құрал-саймандар панелінде SFX батырмасын басамыз. Енді “Midi”

директориясында екі бірдей архив “abba.rar” және “abba.exe” орналасады.

“abba.exe” архиві өздігінен архивтен шыға алады. Проводник көмегімен

“abba.exe” файлын кез-келген бумаға орналастырып, орындауға жіберу

керек. Ал “abba.rar” архивтен шығу үшін WinRAR керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Компьютерлік вирус нені білдіреді?

2. Вирустар қалай тарайды?

3. Вирустардың қандай түрлері бар?

4. Компьютердің вирус жұқтырғаны белгілі болған жағдайда не істеу керек?

5. Антивирустық бағдарламаларға нелер жатады?

6. Компьютерлік вирустардан сақтану жолдары қандай?

7. Архиваторлар дегеніміз не?

8. Архивтік файл дегеніміз не?

9. Файлдар қандай мақсатпен архивке салынады?

10.Архиваторлардың қандай түрлерін білесіз?

№30 зертханалық жұмыс