Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб 18 июня 2013 последняя версия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

Microsoft Аccess –те сұраныстар құру, кестелер арасында байланыстар құру

Сабақтың мақсаты: Деректер қоры кестесінен белгілі шарттарды қанағаттандыратын нәтижелік кесте құра білу. Сұранысты Конструктор режимінде құра білу. ДҚБЖ Access –те кестелер арасында байланыс орнатуды үйрену және ақпарат іздеу үшін өзара байланысқан кестелерді қолдану.

Тапсырмалар

1. Автосалон кестесi үшін қарапайым сұраныс шеберін құру.

- Мәліметтер қоры терезесін ашып, Сұраныстар-Құру командасын беру.

Жаңа сұраныс терезесі көрінеді;

- Терезеден Қарапайым сұраныс қатарын екі рет шерту. Бірінші қадам терезесі көрінеді;

- Терезеден Автосалон кестесін және олардан қажетті өрістерді таңдап,

Таңдалған өрістер бөліміне көшіру;

- Әрі қарай батырмасын басып, сұранысқа атау енгізіп, ауыстырғышты

Мәліметті қарау үшін сұраныс ашу жағдайына қою.

- Дайын батырмасын басу. Экранда таңдалған жазу өрістерінен тұратын

сұраныс терезесі көрінеді. Оны жабу жеткілікті.

2. Сұранысты Конструктор режимінде құру.

Конструктор режимiнде Автосалон кестесiнен Автомобиль бағасы 6000-нан

төмен болатын сұраныс құру керек. Ол үшiн:

- Сұраныстар-Құру командасын беру. Жаңа сұраныс терезесі көрінеді;

- Терезеден Конструктор қатарын екі рет шерту

- Кесте қосу терезесiнен Автосалон кестесін таңдап, Қосу-Жабу

пернелерін басу. Экранда тек қана үлгi бойынша жасалған Автосалон

кестенiң аты мен осы кестенiң белгiленген өрiстерiнен тұратын сұраныс

бланкі терезесi қалады.

- Бланкінің төменгі бөлігінде орналасқан Өріс қатарына Модель өрiсiн таңдау,

кесте аты (Автосалон) автоматты түрде қойылады;

- Баға өрiсiн де осылайша орналастыру;

- Содан кейiн Баға бағаныңда Ірiктеу шарты қатарында “ < 6000 “ теру;

- Терезенi жауып, пайда болған терезеде сұраныс атын енгізу, мысалы :

Баға.

Мәліметтер қоры терезесінен Баға атты сұранысты ашқанда бағасы 6000

төмен автомобильдер тiзiмiн көремiз.

3. Сұранысты параметрмен құру.

«Чемпионат» кестесін құрып, осы кесте бойынша қай жылы қандай команда I

орын иеленгенi туралы нәтиже беретін сұраныс құру. (Команданы тандау –

жеке қолданушының таңдауы бойынша)

Чемпионат кестесi

Код Жылы Чемпионат өткізген ел I орын II орын III орын

1 1930 Уругвай Уругвай Аргентина США

2 1934 Италия Италия Чехословаки Германия

3 1938 Франция Италия Венгрия Бразилия

4 1950 Бразилия Уругвай Бразилия Швеция

5 1954 Швейцария Германия Венгрия Австрия

6 1958 Швеция Бразилия Швеция Франция

7 1962 Чили Бразилия Чехословаки Чили

8 1966 Англия Англия Германия Португалия

9 1970 Мексика Бразилия Италия Германия

10 1974 Германия Германия Голландия Польша

11 1978 Аргентина Аргентина Голландия Бразилия

12 1982 Испания Италия Германия Польша

13 1986 Мексика Аргентина Германия Франция

14 1990 Италия Германия Аргентина Италия

Ол үшiн кесте құрылғаннан кейiн:

  • Сұраныстар-Құру командасын беру. Жаңа сұраныс терезесі көрінеді;

  • Терезеден Конструктор қатарын екі рет шерту;

  • - Кесте қосу терезесiнен Чемпионат кестесін таңдап, Қосу-Жабу перне-лерін басу. Экранда тек қана үлгi бойынша жасалған Чемпионат кестесінiң аты мен осы кестенiң белгiленген өрiстерiнен тұратын сұраныс бланкі терезесi қалады;

  • Сұранысқа Жылы және I орын өрiстерiн ауыстыру. I орын өрiсiне Ірiктеу шарты қатарына мына жазуды енгiзу: LIKE (мемлекет атын енгiзiңiз);

  • Сұраныс құру терезесiн жабу;

  • Сұраныс құрғаннан кейiн Ашу пернесiн басыңыз, диалогтық терезе пайда

болады, бұл терезеде мемлекет аты сұралынады, мемлекет атын енгiзгеннен кейiн сiзге осы мемлекет қай жылы Әлем чемпионатында I орын алғаны туралы нәтижесiн бередi.

Тапсырма 2.

1. Фирма клиенттері, Прокат, Қойма кестелерін құру. Фирма клиенттері

кестесінің Шифр өрісімен Прокат кестесінің Клиент өрісі арасында

байланыстар орнату, сонымен қатар Прокат кестесінің Диск өрісімен

Қойма кестесінің Шифр өрісі арасында байланыстар орнату.

Кестелер арасында байланыс құру үшін СУБД Access-те Деректер

схемасы атты арнайы диалогтық терезе қолданылады.

Фирма клиенттері кестесі

Фамилиясы Аты Әкесінің

аты

Шифр Телефо

ны

Мекен-

жайы

Паспорт

номері

Кепілді

к құны

Захаров Петр Сергеевич ЗПС56 12-34-

56

г.Тамбов,

ул.

Красная.

XIV-AB

123456

300р

Жуков Игорь Константи

нович

ЖИК21 65-43-

21

г.Тамбов,

ул.

Чехова

XIV-AK

333333

300р

Проскурин Федор Ильич ПФИО Нет с.

Красное

XV-ЛР

435672

300р

Прокат кестесі

№

Клиент Диск Берілген

мерзімі

Қайтаратын мерзімі Прокат төлемі

1 ЗПС56 D001 04.07.98 04.08.98 30р

2 ЖИК21 S001 05.07.98. 05.08.98 30р

3 ПФИОО S002 06.07.98 03.08.98 30р

Қойма кестесі

Прокат аты Жанр Шифр Дискілер саны Бағасы Қалғаны Иллюст.

Diablo-2 RPG D001 1 360 5 IP. Gallery.

Space War-4 Strategy S001 1 360 0 клипAv

Space Quest9 Adventure. S002 3 400 4

Monkey Isl. Adventure М001 2 390 2

2. Клиенттердің Д001 дискісін алғандығы туралы нәтиже беретін сұраныс құру

және олардың паспорттық мәліметтерін беру.

 Үлгі бойынша Сұраныс жапсырмасын ашу;

 Сұраныс құру үшін Фирма клиенттері кестесінен бланкаға Фамилиясы,

Аты Әкесінің аты өрістерін, ал Прокат кестесінің Диск өрісін

ауыстыру;.

Диск бағанының Іріктеу шарты жолына «D001» шартын енгізу;

 Бұл бағаннан экранға шығару жолынан жалауды алып тастау ( бұл өріс

экранға шағарылмайды);

 Бланкты жабу;

Алдын-ала қарап шығу режімінен сұраныс ашу.

3. ЗПС56 клиентінің прокаттан алған дискісінің кепілдік құнын орнату.

 Үлгі бойынша Сұраныс жапсырмасын ашу;

Сұранысты құру үшін Прокат және Қойма кестелерін бөліп алу;

Прокат кестесінен бланкқа Клиент және Диск өрісі, ал Склад кестесінен

Кепілдік құны өрісін ауыстыру;

Клиент бағанының Іріктеу шарты жолына «ЗПС56» шартын енгізу;

 Бланкты жабу.

Тапсырма 3.

1. Форманы Автоформа режимінде құру. Автоформаны 1998 жылғы футболдан

әлем чемпионаты туралы соңғы деректерді Чемпионат кестесіне баған түрінде

құру.

Жыл Чемпионат өткізген

ел

1 орын 2 орын 3 орын

1998 США Франция Бразилия Хорватия

Бұндай форманы құру үшін:

Мәліметтер қоры терезесінде Формалар жапсырмасын қосу;

Құру пернесін басу;

 Ашылған Жаңа форма атты диалогтың терезеде Автоформа

пунктіндегі Баған түрін таңдау;

 «Мәлімет көзі ретінде кесте не сұранысты таңдау» жолында

Чемпионат кестесін таңдау;

 ОК пернесін басу;

 Ашылған Чемпионат Формасына мәліметтерді енгізу;

 Формаға ат беріп, оны сақтау.

2. Автосалон кестесінде Заводтық баға (ақшалық тип),

Транспорттық шығын (ақшалық тип), Арнайы модель (логикалық тип)

өрістерінде мәліметтер еңгізетін форманы Форма шебері режимінде құру.

Жаңа өрістер құру үшін кестеде Кесте жапсырмасын ашып, Конструктор

режимінде керекті өрістерді қосу.

Форманы Форма шебері режимінде құру үшін келесі іс-әрекеттерді жасау

керек.

Мәліметтер қоры терезесінде Формалар жапсырмасын қосу;

Құру пернесін басу;

 Ашылған Жаңа форма атты терезеде Форма шебері пунктін таңдау;

 «Мәлімет көзі ретінде кесте не сұранысты таңдау» жолында

Автосалон кестесін таңдау;

 Ашылған Форма құру атты диалогты терезеде Заводтық баға,

Транспорттық шығындар және Арнайы модель өрістерін бөліп алу;

Әрі қарай пернесін басу;

 Форманың сыртқы түрін таңдау, мысалы Таспалық және Әрі қарай

пернесін басу;

 Сұралынып отырған стильді таңдау, мысалы Промышленный және

Әрі қарай пернесін басу;

 Формаға ат беріп, Дайын пернесін басу;

 Форманы берілген мәліметтер бойынша толтыру.

3. Автосалон кестесінің барлық өрістері бар форма құру, сонымен қатар:

тақырып аймағына Тапсырыстар атын енгізу және автомобиль суретін

енгізу.

Бұндай форманы құру үшін әуелі Автосалон кестесін барлық

өрістерімен бірге Автоформа және Форма шебері режимінде форма құрып

алуымыз керек, ал содан кейін оны Конструктор режимінде ашу. Әуелі

тақырып аумағын формада кеңейту керек. Курсор екі бағытты бағыттауыш

түрінде болатындай етіп курсорды Тақырып аймағы және Деректер

аймағының арасына орнатамыз.

 Тышқан пернесін басып бағыттауышты төмен жылжытамыз.

 Үлкейтілген аймаққа форма тақырыбын – «ТАПСЫРЫСТАР» енгіземіз.

Ол үшін элементтер панелінде - Аа пернесін жандандырамыз.

 Содан кейін тақырып аймағына тышқан көрсеткішін жылжытамыз және

тышқан пернесін баса отырып тіктөртбұрыш сызамыз, төртбұрыш

диогналын керек өлшемге дейін созамыз.

 Содан кейін тышқан пернесін жібереміз. Үшбұрыш ішінде –

ТАПСЫРЫСТАР деп тереміз және ENTER пернесін басамыз. Терілген

тақырыпты форматтауға болады: шрифт өзгертуге, түс шрифтін , ортаға

туралауға т.с.с.

2) Автомобиль – объектісін құру.

 ТАПСЫРЫСТАР сөзінің оң жағынан тақырып форматында сырт еткізу.

Қою мәзірінен Объект командасын таңдау. Құрылатын объект типін

таңдау диалогтық терезе пайда болады.

Объект тізімінен – Microsoft Clip Alt суреттерін (картинки МСА) таңдау

және ОК пернесін басамыз. Оның сол жақ бөлігінен тағы бір диалогтық

терезе ашылады.

 Транспорттық бөлігін таңдау және оң жақ бөлігінде автомобиль суретін

таңдау.

Енгізу пернесін басу. Автомобиль суретін тақырып жанына қондыру.

Суретті форматтауға рамка өлшемін кішірейтуге болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Сұраныс қандай мақсаттарда қолданылады?

2. Үлгi бойынша сұраныс бланкісінде не беріледі?

3. Сұранысты тандап алып құру қалай құрылады?

4. Сұраныс параметрлермен қалай құрылады?

5. Нәтижелі кесте деген не?

6. Фильтрлеу дегеніміз не?

7. Кестелер арасында байланыс қалай құрылады?

8. Кестелер арасында байланыс қандай мақсаттар үшін орнатылады?

9. «Берілгендер схемасы» терезесі не үшін қажет?

10.Белгілі шарттарды қанағаттандырып құрылған кестені не деп атайды?

11.Сұраныс құралы дегеніміз не?

№20,21 зертханалық жұмыс