- •Дискретті математика негіздері. Бульдік алгебра.
- •Санау жүйелері
- •Екілік санау жүйесі
- •Оналтылық санау жүйесі
- •Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма
- •5 Тапсырма
- •6 Тапсырма
- •7 Тапсырма
- •8 Тапсырма
- •9 Тапсырма
- •Бақылау сұрақтары
- •Тақырыбы: ms dos операциялық жүйесі (лаб. – 2 сағат, сөж - 1 сағат) Жұмыстың мақсаты:
- •Операциялық жүйенің негізгі командамалары:
- •Windows xp –де ms dos операциялық жүйесін іске қосу: пуск → все программы → стандартные → командная строка ms dos командаларының орындалуларына мысалдар:
- •Windows xp –де ms dos операциялық жүйесін іске қосу: пуск → все программы → стандартные → командная строка ms dos командаларының орындалуларына мысалдар:
- •Бақылау сұрақтары
- •Мәтінді форматтау.
- •Құжатты жабу
- •Құжатты көру режімдері
- •Тапсырмалар
- •–Сурет. “Кесте енгізу” батырмасы арқылы салынған 2х2 өлшемді кесте.
- •Кесте менюін пайдалану
- •Кестедегі мәліметтерді жылжыту және олардың көшірмесін алу
- •Тапсырмалар
- •3. Төмендегідей кесте құрыңыз.
- •Регистрлерді ауыстыру
- •Ms word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері.
- •1. Қарапайым графикалық элементтерді салу
- •2. Автофигуралар енгізу
- •3. Геометриялық элементтерді бүру
- •4. Салынған суреттерді форматтау
- •Топтан шығару
- •Геометриялық элементтерді басқа орынға жылжыту
- •Геометриялық элементтерге әртүрлі масштаб қолдану
- •Ms word мәтіндік редакторында формулалар редакторымен жұмыс
- •Ms Excel-электрондық кестесі. Ұяшықтармен жұмыс. Формуланы пайдалану.
- •Тапсырма 4
- •Excel программасында кесте жасау, толтыру, редакциялау және пішімдеу (форматтау)
- •ЭлектронДы процессорЫ
- •Салыстырмалы, аралас және абсолютті адрестер. MsExcel-дің графикалық мүмкіндіктері.
- •Электрондық кестені мәліметтер қоры ретінде пайдалану Тізімді сұрыптау. Жазбаларды автосүзбеден өткізу.
- •4 Тапсырма.
- •Толық кестелер. Баспаға шығару
- •Power Point-презентация жасау редакторы
- •3 Тапсырма. Жаңа слайд қосу
- •9 Сурет. Кәдімгі көру режиміндегі презентацияның екінші слайды.
- •Жұмыс. Базалық кестелер құру және жобалау.
- •Microsoft Аccess –те сұраныстар құру, кестелер арасында байланыстар құру
- •Алгоритм ұғымы. Оның қасиеттері, түрлері. Компьютерде есеп шығару кезеңдері. Блок-схемалар.
- •Паскаль тілінің негізгі операторлары
- •Тармақталған алгоритмдер. Шартты, құрама және цикл операторлары
- •Компьютерлік желілер. Internet
- •Архивтеу программалары
- •Компьютерлік вирустар. Антивирустік қорғаныс.
Электрондық кестені мәліметтер қоры ретінде пайдалану Тізімді сұрыптау. Жазбаларды автосүзбеден өткізу.
1 тапсырма. Телефондар анықтамасын жасаңыз.
Телефондар анықтамасы |
||
Телефон |
Фамилиясы А.Т. |
Мекен-жайы |
226374 |
Жиенбеков Т.Б. |
Байтұрсынов көшесі, 3 үй, пәтер 73 |
423344 |
Беков И.А. |
Достық даңғылы, 23 үй, пәтер 33 |
523449 |
Аханов Б.Б. |
Абылай-хан даңғылы, 5 үй, пәтер 113 |
663869 |
Салғараева Г.И. |
Мақатаев көшесі, 12 үй, пәтер 13 |
724354 |
Беков И.А. |
Қонаев көшесі, 13 үй, пәтер 89 |
936348 |
Бөрібаев Б.Б. |
Сейфуллин даңғылы, 7 үй, пәтер 45 |
674729 |
Дүзбаева Р.М. |
Абай даңғылы, 17 үй, пәтер 89 |
337384 |
Мұқанова Г.М. |
Төле-би көшесі, 30 үй, пәтер 16 |
... |
... |
... |
Әдістемелік нұсқау
А1 ұясына “Телефондар анықтамасы”, А2 ұясына Телефон, В2 ұясына “Фамилиясы А.Т.”, С2 ұясына “Мекен-жайы” мәтіндерін енгізіңіздер;
алғашқы 5 жазбаны кәдімгі енгізу режимінде толтырыңыздар;
қалған жазбаларды Мәндер – Форма (Данные – Форма) командасын орындап, форма режимінде енгізіңіздер;
кестеде кем дегенде 3 ұқсас фамилия болсын.
2 тапсырма. Мәндер – Форма – Шарттар (Данные – Форма – Критерии) командасын орындап төмендегі шарттарды қанағаттандыратын жазбаларды қараңыздар:
фамилиялары А әрпінен басталатын телефон иелерін шығарыңыздар;
даңғылдарда тұратын телефон иелерін шығарыңыздар;
телефон нөмірлері берілген 644916-тен үлкен телефон иелерінің фамилиясын шығарыңыздар.
3 тапсырма. Телефондар анықтамасы кестесіндегі мәндерді:
Мәндер-Сұрыптау- (Данные-Сортировка) командасын орындау керек.
телефон нөмірлерінің өсуі бойынша сұрыптаңыздар;
фамилияларды алфавит бойынша сұрыптаңыздар;
кестеге “Ескертулер” бағанасын қосыңыз;
анықтаманың әр жолының “Ескертулер” өрісіне “өте маңызды”, “маңызды”, ”қажет” мәтіндерінің бірін енгізіңіздер;
телефон нөмірін маңыздылығы бойынша сұрыптаңыздар;
кестенің телефон нөмірлері маңыздылығы және фамилиялар жазылған бағананыды алфавит бойынша сұрыптаңыздар.
4 Тапсырма.
телефон нөмірлері 70-50-50-ден кіші және 30-50-50-ден үлкен жазбаларды сүзбеден өткізіп белгілеңіздер;
белгілеп алынған жазбалар ішінен фамилиясы Б әрпінен басталатындарын белгілеңіздер;
кестенің барлық жазбаларын шығарыңыздар;
көше немесе даңғыл аты А әрпінен басталатын жазбаларды шығарыңыздар;
пәтер нөмірі 13 санымен аяқталатын жазбаларды шығарыңыздар.
Әдістемелік нұсқау
М
әндер
– Сүзбе – Автосүзбе (Данные
– Фильтр – Автофильтр) командасын
орындап кестедегі жазбаларды автосүзбе
көмегімен белгілеңіздер
8.1-сурет
5 тапсырма. Кестеден мынадай жазбаларды белгілеңіздер:
телефон нөмірінің екінші бөлімінде 50 немесе 30 сандары бар жазбаларды, мысалы 60-50-40. Шыққан жазбаларды көшіріп кестенің төмен жағына орналастырыңыздар;
енді осы шығарған жазбалар ішінен фамилиялары “Ан” әріптерінен басталатын жазбаларды бөліп алыңыздар;
бөліп алған жазбаларды жеке файлға сақтаңыздар.
Әдістемелік нұсқау
Мәндер – Сүзбе – Кеңейтілген сүзбе (Данные – Фильтр – Расширенный фильтр) командасы арқылы орындаңыздар.
Жұмыс кестелерін біріктіру (консолидация)
Біріктіру – бірнеше жұмыс кестелері және жұмыс кітаптарымен орындалатын стандартты операция. Кей жағдайларда консолидация байланысқан формулалар арқылы іске асырылады. Консолидацияға әсер ететін негізгі фактор – жұмыс кестелерінде информацияның орналасуы. Информация барлық кестелерде бірдей орналасқан болса оны позиция бойынша біріктіруді орындауға болады. Кестелерде информациялар бірдей емес, бірақ кейбір бағанга немесе жолдардағы жазбалар ұқсас болса – котегория бойынша біріктіру орындалады. Егер кестелердегі информациялар мүлдем ұқсас болмаса оларды редакциялап бір қалыпқа келтіру керек.
1 тапсырма. Жұмыс кітабының әр парағында, фирманың әр филиалының жылдың алғашқы үш айындағы тауарлардың сатылуы жайлы есептері енгізілген. Фирманың ай сайынғы тауарларды сату көлемінің өзгерісін диаграмма түрінде көрсету қажет.
Филиал № 1
|
Тауар
аты
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Т-234
10
10
20
В-123
10
10
20
Р-234
20
20
20
А143
20
40
40
В-123
30
30
60
С-070
40
40
80
Д-060
60
60
120
Е-130
50
20
100
Ф-270
70
70
140
У-111
40
40
45
К-254
30
20
45 Филиал № 2
|
Филиал № 3
|
Кестелердегі тауарлар және олардың орналасу тәртібі бірдей емес. Сондықтан фирманың ай сайынғы тауарларының сатылуы жайлы қортынды мәлімет алу үшін котегория бойынша біріктіруді орындау керек.
Әдістемелік нұсқау
Тапсырманы орындау үшін алдымен:
Жұмыс кітабының әр парағына жұмыс кестелерін жасау керек (1-парақта №1 филиалдың жұмыс кестесі, 2-ші парақта №2 филиал, 3-ші парақта №3 филиал жұмыс кестесі). Әр жұмыс кестесінде кем дегенде 10 түрлі жазбалар болсын. Кестелерде кейбір тауар аттары қайталанатын болсын.
Біріктіру нәтижесі орналасатын жаңа жұмыс кітабын ашып, Мәндер – Біріктіру (Данные – Консолидация) командасын орындаңыз.
«Біріктіру» («Консолидация») сұхбаттасу терезесінің параметрлерін беріңіз:
«Функция» өрісінде мәндердің біріктірілуін анықтайтын, көрсететін Сумма функциясын көрсетіңіз.
«Сілтеу» («Ссылка») өрісіне біріктірілетін бірінші жұмыс кестесі орналасқан диапазонды көрсетіңіз. Егер жұмыс кестесі орналасқан кітап жабық болса «Қарау» («Обзор») батырмасына басып қажет файлды тауып алыңыз. Сілтеме диапазонында жолдар санын біріктіруге қажет жолдардан көбірек көрсетуге болады. Жаңа жолдар қосатын болсаңыз біріктіру параметрін өзгертудің қажеті жоқ. «Сілтеу» («Ссылка») өрісіне қажет диапазонды енгізгеннен кейін «Қосу» («Добавить») батырмасына шертіп, оны диапазондар тізіміне қосыңыз.
«Сілтеу» («Ссылка») өрісіне екінші жұмыс кестесі орналасқан диапазонды көрсетіп, оны диапазондар тізіміне қосыңыз. Осы нұсқауды үшінші жұмыс кестесі үшін де орындаңыз.
Жұмыс кестелерінде информациялардың орналасуы әр түрлі болғандықтан Жоғарғы жол қолтаңбасы (Подписи верхней строки) және Сол жақ бағана мәні (Значения левого столбца) опцияларын орнату керек. Нәтижесінде Excel мәндерді тақырып бойынша таңдап алады.
Біріктіру динамикалық болу үшін Бастапқы мәндермен байланыс орнату (Создавать связи с исходными данными) опциясын орнатып «ОК» батырмасына шертеміз. Нәтижесінде Excel сыртқы сілтеулері бар құрылым жасайды.
Қажет диаграмманы тұрғызыңыз.
2 тапсырма. Бірінші тапсырманың бастапқы мәндерін редакциялап, біріктіру диапазонын біркелкі етіңіз. Осы мәндерді біріктіруді орындаңыз:
сыртқы сілтеулері бар формулалар көмегімен. Сыртқы сілтеуді қолдану үшін төмендегі форматты қолданамыз
=[Жұмыс_кітабының_аты]Парақ_аты!Ұя_адресі (=[Имя_рабочей_книги]Имя_листа!Адрес_ячейки)
Егер жұмыс кітабының атында, не парақ атында бір немесе бірнеше бос орын болса, онда аты апострофқа алу керек. Мысалы:
=’[2001 жыл бюджеті]1парақ’!A1
(=’[Бюджет на 2001 год]Лист1’!A1)
Егер жұмыс кітабы жабық, не ағымдағы бумадан басқа жерде болса, онда жұмыс кітабына баратын жолды толық көрсету керек.
Түзету – Арнайы кірістіру (Правка – Специальная вставка) командасының көмегімен. Бұл әдісті қажет жұмыс кестелерінің барлығы ашық болғанда қолданамыз. Әдістің кемшілігі, біріктіру динамикалық емес (статистикалық біріктіру). Бастапқы жұмыс кестесінен мәліметтер диапазонын алмастыру буферіне көшіріп алыңыз. Бағынышты жұмыс кітабын ашып біріктірлген мәндерді орналастыратын ұяны таңдаңыз. Түзету – Арнайы кірістіру (Правка – Специальная вставка) командасын орындап, Қосу (Сложить) жалаушасын орнатып ОК батырмасына шертіңіз. Осы әрекеттерді біріктірілетін барлық жұмыс кестелерінің диапазондары үшін орындаңыз.
Мәндер – Біріктіру (Данные – Консолидация) командасының көмегімен.
3 тапсырма. Бірінші тапсырманың мәндерін толық кесте көмегімен біріктіріңіз.
