Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб 18 июня 2013 последняя версия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

5 Тапсырма

1. Жұмыс үстелінің бос аймағында тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.

2. Жанама менюден Қасиеттер: Экран (Свойства Экран) командаларын орындап, Жұмыс үстелі (Рабочий стол) ішкі бетіне өтіңіз.

3. Фондық сурет (Фоновый рисунок) тізімінің ішінен өзіңізге ұнаған суретті таңдап <ОК> батырмасына басыңыз.

4. 1-3 пунктерді қайталап орындап, Фон ішкі бетіндегі Орналастыру (Расположить) ішкі астарлы беттегі Созу, Ортаға туралау, (Замостить, Растянуть, По центру и Рядом) командаларының айырмашылықтарын анықтаңыз.

6 Тапсырма

1. Тапсырмалар тақтасындағы (Панель задач) Іске қосу (Пуск) батырмасына басыңыз.

2. Тышқан нұсқамасын Бағдарламалар (Программы) жолына нұсқап компьютеріңізде қандай бағдарламалар бар екенін қарап шығыңыз. Ішкі менюі бар командаларға назар аударыңыз.

3. Анықтама (Справка) жолын таңдаңыз.

4. Мазмұны (Содержание) ішкі бетіне өтіңіз.

5. Ұсынылған тақырыптардың ішінен Windows –те жұмыс істеу негіздері (Основы работы в Windows) тарауын таңдаңыз.

6. Бағдарлама нұсқауларына сүйене отырып жұмыс істеңіз.

7. Анықтама (Справка) терезесін жабыңыз.

7 Тапсырма

1. Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесінде немесе Бас менюде (Главное меню) БаптауБасқару тақтасы (Настройка Панель управления) командаларын орындаңыз.

2. Тышқан нұсқамасымен (Мышь) шартбелгісін ерекшелеңіз.

3. Программаны іске қосып, Тышқан батырмалары (Кнопки мыши) ішкі бетіне өтіңіз.

4. Егер сізге сол қолыңызбен жұмыс істеген ыңғайлы болса, Батырма тағайындалуын ауыстыру (Обменять назначение кнопок) ауыстырып қосқышының тұсына қанат белгі қойып, Қолдану (Применить) командасын орындаңыз.

5. Нұсқаушылар (Указатели) ішкі бетіне өтіңіз. Келтірілген тізімді мұқият қарап шығыңыз.

6. Орын ауыстыру (Перемещение) ішкі бетіне өтіңіз. Егер тышқан бағыттауышы жылдамырақ жылжысын десеңіз Нұсқауыштың орын ауыстыру жылдамдығы (Скорости перемещения указателя) белгісін оңға қарай жылжытыңыз.

7. Басқару тақтасы (Панель управления) және Тышқан (Мышь) терезелерін жабыңыз.

8 Тапсырма

  1. Б асқару тақтасы (Панель управления) терезесінде Пернетақта (Клавиатура) жарлығын таңдап, оны ашып, танысып шығыңыз.

2. Тапсырмалар тақтасындағы пернетақта индикаторының жанама менюін ашып одан Параметрлер бөлігін ашыңыз. Сонда Тілдер және мәтін енгізу қызметтері (Языки и службы текстового ввода) сұхбат терезесі ашылады.

3. 4-сурет. Тілдер және мәтінді енгізу қызметтері

Параметрлер (Параметры) ішкі бетіне өтіңіз. Компьютеріңізде үнсіз келісім бойынша қандай тіл қолданылатын анықтаңыз.

3. Пернетақтаның параметрлері (Параметры клавиатуры) астарлы бетін ашып, қандай батырмалардың комбинациясымен тіл режимі ауыстырылатын қараңыз. Әдетте сол жақтағы < Alt +Shift> батырмалары болады. <Ctrl+Shift> батырмаларына ауыстырыңыз. Бұл мәтінмен жұмыс істегенде әрбір тілді ауыстыру қажеттігі болғанда тышқанмен ауыстыруға қарағанда өте ыңғайлы.

4. Қолдану (Применить) батырмасын басыңыз.

5. Тілдер және мәтін енгізу қызметтері (Языки и службы текстового ввода) сұхбат терезесінің Тілдер тақтасы (Языковая панель) астарлы бетіне өтіңіз. Сонда ашылған Тілдер тақтасының параметрлері (Параметры языковой панели) сұхбат терезесінде Тілдер тақтасын жұмыс үстеліне шығару (Отображать языковую панель на рабочем столе) өрісінде қанатбелгі жоқ болса, оны қойып ОК батырмасын басыңыз.

6. Жұмыс үстеліне (Рабочий стол) оралыңыз.