Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб 18 июня 2013 последняя версия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

Компьютерлік желілер. Internet

Жұмыстың мақсаты: Интернетке қосылуды, қашықтан енуді құруды, броузерді баптауды үйрену.

Тапсырмалар

1. Интернетке қосылу. Қашықтан енуді құру.

1.1. Қашықтан енуді қосуды құру программасын жүктейміз: Мой компьютер

–> Удаленный доступ к сети –> Новое соединение.

1.2. Новое соединение диалогты терезесінде алғашқы қосылу атауын енгіземіз

және берілген қосылуға қызмет көрсету үшін қолданылатын модемді

таңдаймыз. Далее батырмасын басамыз.

1.3. Телефон номерінің өрісін толтырамыз (номер қызмет көрсетуді

берушіден алыныу керек). Далее батырмасына басамыз.

1.4. Удаленный доступ к сети папкасының терезесінде жаңа қосылу белгісі

пайда болады. Келесі күйге келтіру оның қасиеттерін өзгерту арқылы

орындалады.

1.5. Егер Интернеттің қызмет көрсетуді берушісі оны серверге қосу үшін

бірнеше телефон номерлерін берсе, онда оның әрқайсысы үшін жеке

қосылуды құру қажет болатын шығар.

Қашықтан енуді қосуды күйге келтіру.

1.6. Удаленный доступ к сети папкасын ашамыз. Онда құрылған

қосылулардың белгілері орналасқан. Олар бірнеше болуы мүмкін.

1.7. Күйге келтірілетін қосылуды таңдаймыз. Оның белгісіне тышқанның оң

жақ батырмасын басамыз. Ашылған контекстік менюде Свойства

пунктін таңдаймыз.

1.8. Ашылған диалогты терезеде Общие жапсырмасын таңдаймыз. Таңдаудың

дұрыстығын және модемнің күйге келтірілуін тексереміз.

1.9. Тип сервера жапсырмасында TCP/IP протоколына басқа барлық желілік

протоколдарды өшіреміз.

1.10. Настройка TCP/IP батырмасын басамыз және протоколды күйге

келтіруді орындаймыз. IP адресті енгізу айырғышын қызмет көрсетуді

берушіге көрсетулеріне сәйкес қосамыз (әдетте Адрес сервермен

тағайындалады).

1.11. DNS адресін қосамыз. Егер бұл адрестер қызмет көрсетуді берушіден

алынса, Адреса вводятся вручную ажыратқышын қосамыз және DNS

бірінші және екінші серверлері үшін төрт саннан енгіземіз. Егер адрестер

алынбаса, олар автоматты түрде енгізілуі мүмкін. Адрес назначается

сервером ажыратқышын қосамыз.

1.12. ОК батырмасына басу арқылы диалогты терезені жабамыз.

2. MS Internet Explorer броузерінің бастапқы бетін күйге келтіру.

2.1. Internet Explorer программасын жүктеңіз (Пуск -> Программы-> Internet

Explorer).

2.2. Егер программа қосылғаннан кейін бірден қандайда бір Web-парақты

жүктеуге тырысса, жүктелуді Стоп батырмасына басу арқылы үземіз.

Адрес жолында броузер бастапқы ретінде қолданған парақтың URL-

адресін орнатамыз.

2.3. Сервис –>Свойства обозревателя командасын орындаймыз. Общие

жапсырмасын таңдаймыз.

2.4. Домашняя страница панелінде Адрес өрісін тауып алаңыз. Осы өрісте

броузер бастапқы ретінде қолдануға тиіс парақтың URL-адресін

қондырыңыз.

2.5. С пустой батырмасын басыңыз. Алғашқы парақтың Адрес өрісінде

about:blank жазуының пайда болғандғына көз жеткізіңіз. Бұл келесі

жүктегенде программа автоматты түрде бастапқы ретінде ешқандай

парақты жүктемейді.

2.6. Применить батырмасын басыңыз да, Свойства обозревателя диалогты

терезесін OK батырмасын басу арқылы жабыңыз.

2.7. Программа терезесін жабыңыз.

2.8. Программаны қайта жүктеңіз.

2.9. Программаны жүктегеннен кейін ешқандай алғашқы парақтың

жүктелмейтіндігіне, ал Адрес өрісінде about:blank жазулы тұрғандығына

көз жеткізіңіз.

2.10. Программа терезесін жабыңыз.

3. MS Internet Explorer броузерінің жұмыс терезесін күйге келтіру.

MS Internet Explorer броузері 1024х768 нүктеден тұратын экранмен жұмыс

істеуге арналған. Бұл жаттығуда біз 800х600 және 640х480 нүктелі

компьютерлер үшін жұмыс терезесін күйге келтіруді үйренеміз.

1. Internet Explorer программасын жүктеңіз.

2. Вид –> Панели инструментов командасын орындаңыз. Тек Обычные

кнопки және Адресная строка пунктерінде ғана жалаушалар

белгіленгеніне назар аударыңыз. Әйтпесе қажет емес жалаушыларды

алып тастаңыз.

3. Вид –> Панели инструментов –> настройка командасын орындаңыз.

4. настройка панели инструментов диалогты терезесінде Текст кнопки

төгілмелі тізімінен Без подписи к кнопкам пунктін таңдаңыз.

5. размер значка төгілмелі тізімінде Мелкие значки пунктін таңдаңыз.

6. Саймандар панелінен WWW-дағы навигациямен байланысты

батырмаларды ғана қалдырып, қалғандарын алып тастаңыз. Олар: Назад,

Вперед, Остановить, Обнавить және Журнал.

7. терезені жабыңыз.

8. Адрес батырмасының оң жағындағы Переход батырмасына тыщқанның

оң жақ батырмасын басып, кнопка «переход» пунктіндегі жалаушаны

алып тастыңыз.

9. тышқанның көмегімен саймандар панелін меню пунктінің оң жағына

жылжытып апарыңыз. Жылжыту панельдің сол жағындағы рубчик

арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде программа терезесі ықшам түрге

келуі керек.

10.Күйге келтірулерді келісім бойынша берілгендегідей қалпына келтіріңіз.

Вид – панели инструментов – настройка – сброс командасын орындаңыз.

4. MS Internet Explorer программасының қауіпсіздік жүйесін күйге келтіру

4.1. Сервис – свойства обозревателя командасын орындаңыз. Диалогты

терезеде Дополнительно жапсырмасын таңдаңыз.

4.2. Задействовать профиль жалаушасын алып тастаңыз. Программа

қашықтағы серверлер сұраулары бойынша қолданушы туралы мәліметтер

бермейтін болады.

4.3. программа «өз» серверіне қолданушының бақылауынсыз қатынас

жасамауы үшін Автоматически проверять обновления MS Internet

Explorer жалаушасын алып тастаңыз.

4.4. Басқа адамдарға қолданушының қайда қатынас жасағаны туралы білуге

мүмкіндік беретін использовать автозаполнение для Веб – адресов

жалаушасын алып тастаңыз.

4.5. Разрешить счетчик попаданий на страницы жалаушасын алып тастаңыз.

Бұл санауыш компьютерге қолданушының «қатысу журналын» енгізумен

байланысты.

4.6. Поиск из панели адресов бөлімінде Не производить поиск из панели

адресов ажыратқышын қосыңыз.

4.7. Безопасность жапсырмасын ашыңыз. Другой батырмасының көмегімен

интернет зонасын және осы зона үшін қауіпсіздік деңгейін күйге

келтіруді таңдаңыз.

4.8. правила безапасности диалогты терезесіндегі Java категориясында

отключить язык Java ажыратқышын орнатыңыз.

4.9. файлы cookie категориясында Предлагать ажыратқышын орнатыңыз,

сонда сіз компьютердің қандай Веб- түйіндерді меткалармен маркерлеуді

ұсынатындығын көресіз.

4.10. Элементы ActiveX и модули подключения категориясының барлық

бөлімдерінде Отключить ажыратқыштарын қосыңыз.

4.11. свойства обозревателя терезесінің Содержание жапсырмасын ашыңыз.

Автозаполнение батырмасына басыңыз. Настройка автозаполнения

диалогты терезесінде автотолтырудың барлық функциларын өшіріңіз.

Очистить формы және Очистить пароли батырмаларының көмегімен

автотолтыру журналын тазартыңыз. Терезені жабыңыз.

4.12. Содержание жапсырмасындағы профиль батырмасын басып, онда артық ақпараттың жоқтығына көз жеткізіңіз.

5. Кілттік сөздер бойынша ақпаратты іздеу.

5.1. Егер қажет болса, Internet Explorer программасын жүктеңіз.

5.2. URL-адресті енгізіңіз: www.northernlight.com – Northern Light титульді

іздеу жүйесінің жүктелуі орындалады.

5.3. Бетті мұқият қараңыз, (Search for) кілттік сөздерді енгізу өрісін және

Search іздеуді жүктеу батырмасын тауып алыңыз.

5.4. Кілттік сөзді енгізіңіз.

5.5. Search іздеу батырмасын басыңыз.

5.6. Іздеу нәтижесін қараңыз және табылған Web-парақтардың санына назар

аударыңыз.

5.7. Табылған Web-парақтардың санын азайту үшін іздеу тақырыбы бойынша

сөз тіркесін табуға тырысыңыз.

5.8. Броузер терезесінде, индиксация панелінде жаппай-ақ орнатылған

байланыс белгісіне тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз. Контекстік

менюде Отключиться пунктін таңдаңыз – Интернетпен қосылу үзіледі.

5.9. Ағымдағы Web-парақты қатты дискіге Файл –> Сохранить как

командасының көмегімен сақтаңыз. Нақты түрде бір (HTML) файлы және

онымен байланысты бума сақталады. Файлда Веб-парақтың коды, ал

бумада орналасқан объектілердің файлы орналасады. Файл типі ретінде

Веб-страница полностью командасын таңдаңыз (бет орналасқан

объектілермен бірге толық сақталады). Егер файл типі ретінде Веб-

страница только HTML таңдалса, онда орналасқан объектілермен

берілген бума сақталмайды. Мұндай файлды кез-келген броузерде

қарауға болады. Егер файл типі ретінде Текстовый файл таңдалса,

соңынан кез-келген тестік редакторда қарауға болатын құжат мәтіні

сақталады.

5.10. Веб-парақты сақтау орны ретінде С: Windows\Temp бумасын таңдаңыз.

Уақытша файлдарды \Temp деп аталатын бумаларда сақтау келісілген.

5.11. Избранное –> Добавить в избранное командасын орындаңыз –

Добавление в избранное диалогты терезесі ашылады. Оның құралдары

ағымдағы беттің адресін есте сақтап қалуға және алдағы уақытта оны

броузердің адрестік жолына енгізбей-ақ қоюға мүмкіндік береді.

5.12. Интернетпен жұмысты аяқтаңыз.

6. Интернеттегі файлды жүктеу.

6.1. Қажет болса, Internet Explorer программасын жүктеңіз.

6.2. ftp://ftp.microsoft.com/ адресін енгізіңіз.

6.3. Internet Explorer программасындағы FTP архив каталогын беру тәсілін

мұқият қарап шығыңыз. Адрестік жолдағы белгінің қалай тұрғандығына

назар аударыңыз.

6.4. Бумалар белгісіне екі рет шерту арқылы Products/Windows/Windows95

/CDRomExtras/FunStuff/ бумасын ашыңыз.

6.5. Clouds.exe белгісіне тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз да

контекстік менюден Копировать папку пунктін таңдаңыз.

6.6. Жүктелген файлдарды сақтауға арналған буманы таңдап, файлға ат

біріңіз.

6.7. Загрузка файла диалогты терезесінде Закрыть диалоговое окно после

завершения загрузки жалаушасын орнатыңыз.

6.8. Жүктелген файл сақталған буманы Проводник программасының

көмегімен ашыңыз.

Файлдарды жүктеу механизмі Web – сайтымен және FTP архивінен жүктеу

кезінде бірдей жұмыс істейді.

7. Объектілерді бейнелеуді күйге келтіру.

7.1. Қажет болса Internet Explorer программасын жүктеңіз.

7.2. http://www.emoney.ru/menu.asp адресін енгізіңіз. Сол кезде Интернетте

қолданылатын электронды коммерция және төлеу жүйелеріне арналған

ресейлік Web- сайттарға қосыласыз.

7.3. Беттің жүктелу уақытын бекітіңіз.

7.4. Жүктелген бетті қараңыз.

7.5. Сервис – Свойства обозревателя командасын орындаңыз.

7.6. Дополнительно жапсырмасын ашыңыз.

7.7. Воспроизводить анимацию, Воспроизводить звуки, Воспроизводить

видео және Отображать рисунки жалаушаларын алып тастаңыз.

7.8. Общее жапсырмасын ашыңыз.

7.9. Удалить файлы батырмасына басыңыз.

7.10. OK батырмасына басыңыз.

7.11. Обновить батырмасына басыңыз.

7.12. Тағы да беттің жүктелу уақытын бекітіңіз.

7.13. Өлшеулер нәтижесін салыстырыңыз.

7.14. Алдыңғы және кейінгі жүктелу кезіндегі парақтың ішкі түрін

салыстырыңыз.

7.15. Суретке арналған бос рамкалардың біріне тышқанның оң жақ

батырмасын басып, контекстік менюден Показать рисунок командасын

таңдаңыз.

Бақылау сұрақтары

1. Интернет. Негізгі түсініктері.

2. Компьютерлік желілердің қолданылуы.

3. Интернет қызметі.

4. Интернет тарихы.

5. интернетке қалай қосыламыз?

6. Интернет желісінде не істеуге болады?

7. MS Internet Explorer программасын қалай жүктейміз?

8. Қашықтан енуді қалай күйге келтіреміз?

№29 зертханалық жұмыс