- •Дискретті математика негіздері. Бульдік алгебра.
- •Санау жүйелері
- •Екілік санау жүйесі
- •Оналтылық санау жүйесі
- •Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма
- •5 Тапсырма
- •6 Тапсырма
- •7 Тапсырма
- •8 Тапсырма
- •9 Тапсырма
- •Бақылау сұрақтары
- •Тақырыбы: ms dos операциялық жүйесі (лаб. – 2 сағат, сөж - 1 сағат) Жұмыстың мақсаты:
- •Операциялық жүйенің негізгі командамалары:
- •Windows xp –де ms dos операциялық жүйесін іске қосу: пуск → все программы → стандартные → командная строка ms dos командаларының орындалуларына мысалдар:
- •Windows xp –де ms dos операциялық жүйесін іске қосу: пуск → все программы → стандартные → командная строка ms dos командаларының орындалуларына мысалдар:
- •Бақылау сұрақтары
- •Мәтінді форматтау.
- •Құжатты жабу
- •Құжатты көру режімдері
- •Тапсырмалар
- •–Сурет. “Кесте енгізу” батырмасы арқылы салынған 2х2 өлшемді кесте.
- •Кесте менюін пайдалану
- •Кестедегі мәліметтерді жылжыту және олардың көшірмесін алу
- •Тапсырмалар
- •3. Төмендегідей кесте құрыңыз.
- •Регистрлерді ауыстыру
- •Ms word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері.
- •1. Қарапайым графикалық элементтерді салу
- •2. Автофигуралар енгізу
- •3. Геометриялық элементтерді бүру
- •4. Салынған суреттерді форматтау
- •Топтан шығару
- •Геометриялық элементтерді басқа орынға жылжыту
- •Геометриялық элементтерге әртүрлі масштаб қолдану
- •Ms word мәтіндік редакторында формулалар редакторымен жұмыс
- •Ms Excel-электрондық кестесі. Ұяшықтармен жұмыс. Формуланы пайдалану.
- •Тапсырма 4
- •Excel программасында кесте жасау, толтыру, редакциялау және пішімдеу (форматтау)
- •ЭлектронДы процессорЫ
- •Салыстырмалы, аралас және абсолютті адрестер. MsExcel-дің графикалық мүмкіндіктері.
- •Электрондық кестені мәліметтер қоры ретінде пайдалану Тізімді сұрыптау. Жазбаларды автосүзбеден өткізу.
- •4 Тапсырма.
- •Толық кестелер. Баспаға шығару
- •Power Point-презентация жасау редакторы
- •3 Тапсырма. Жаңа слайд қосу
- •9 Сурет. Кәдімгі көру режиміндегі презентацияның екінші слайды.
- •Жұмыс. Базалық кестелер құру және жобалау.
- •Microsoft Аccess –те сұраныстар құру, кестелер арасында байланыстар құру
- •Алгоритм ұғымы. Оның қасиеттері, түрлері. Компьютерде есеп шығару кезеңдері. Блок-схемалар.
- •Паскаль тілінің негізгі операторлары
- •Тармақталған алгоритмдер. Шартты, құрама және цикл операторлары
- •Компьютерлік желілер. Internet
- •Архивтеу программалары
- •Компьютерлік вирустар. Антивирустік қорғаныс.
Регистрлерді ауыстыру
Формат – Регистр командасын орындағанда ашылған сұқбат терзесінің көмегімен құжаттың әріптерін – сөйлемдегідей, яғни нүктеден кейін бас әріп, барлығы кіші, барлығы бас әріп, сөзді бас әріптен бастау, регистрді керісінше ауыстыру әрекеттерін жүзеге асыруға болады.
8.3-сурет. Регистр сұхбат терезесі.
Тапсырмалар
1. Мәтінді теріңіз:
Информатиканы оқыту әдiстемесiнде математика меп информатика қурстары арасында пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшiн үлкен мүмкiндiктер бар. Информатика мен математика үшiн жалпы ұғымдар: ақпараттар теориясы, шамалар, графиктер және функциялар болып табылады.
П.б. жүзеге асыруда дидактиканың негiзгi принциптерiне сүйену қажет. Бiздiң жұмыста да өзге пәндермен п.б. негiзге ала отырып, информатиканы оқыту әдiстемесiнде дидактикалық принциптер қарастырылады. Олар барлық оқу пәндерiмен өзара тығыз байланысуда жалпыға бiрдейлiк қасиетi арқылы өз кезегiнде жалпы дидактиканы өзiнiң негiзгi категорияларымен байыта түседi.
Пәнаралық байланыстың әр алуандығын толық ашып зерттеу - бұл күрделi мәселе. Бiздiң мiндетiмiз: бiлiм берудiң негiзiн қалауда және оқу пәндерiнiң өзара байланысуының негiзгi бағытын белгiлеп қоюдағы байланыстарды орнықтырудың үлкен мүмкiндiктерiн көрсету.
Регистрдегі барлық әріптерді бас әріптерге ауыстырыңыз. Интервал бүктемесіндегі кернинг жалаушасын қойыңыз. Түзету менюіндегі Көшіру, Енгізу командаларын қолданып, мәтіндегі п.б-ны пәнаралық байланысты сөздеріне ауыстырыңыз.
2. Тізім жазаңыз. Түзету менюіндегі Көшіру, Енгізу командаларын қолданып сөйлемдердің кезегін кері ретке ауыстырыңыз. Тізімнің аты ортаға қарай тураланған, қаріп түрі–Times New Roman, қаріп көлемі–16, жазылуы – кәдімгі. Тізім мәтінінің де қаріпі және жазылуы да дәл сондай, қаріп көлемі -
Бақылау сұрақтары:
Кесте қандай эелементтерден тұрады?
Кестенің бағанасы, қатары қалай белгіленеді?
Жазылған мәтінді кесте ішіне қалай енгізуге болады?
Кесте ішіндегі мәтінді басқа орынға қалай көшіреді?
Бағана, қатар өлшемдерін қалай өзгертуге болады?
Кестенің бағаналары енін, қатар биіктіктерін бірдей жасауға бола ма?
Тор сырықтарын көрінбейтіндей етіп жасауға бола ма?
Кесте элементтерін өзіміздің қалауымыз сұрыптауға балады ма?
Кесте есептеулер жасауға бола ма?
Арифметиқалық ортаны есептеу жолын айтып беріңіз?
Кесте ішінде сандарды бөлуге бола ма?
№10 зертханалық жұмыс
Ms word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері.
Құжатқа сурет кірістіру
Word программасының көмегімен құжатқа графикалық программаларда жасалған суреттерді кірістіре отырып, иллюстрация жасауға болады. Суретті құжат мәтініне, жазбаға немесе кестеге кірістіруге болады. Құжатқа суретті кірістіру келесі амалдардың бірі арқылы орындалады:
Кірістіру Сурет (Вставка Рисунок) командасы.
Сурет жасау программасын іске қосыңыз және оны Windows – дың алмастыру буферіне көшіріңіз. Сонан кейін суретті алмастыру буферінен құжатқа қойыңыз.
Сурет енгізілген құжат өте көп орын алады. Құжатта сурет көшірмесін сақтамай-ақ құжат пен сурет орналасқан файл арасында байланыс жасау арқылы файлдың көлемін кішірейтуге болады. Бұл жағдайда Word құжатын әрбір ашқан сайын суретті көрсету үшін сурет орналасқан файлға кіру қажет. Байланыс Кірістіру Сурет (Вставка Рисунок командасы арқылы орындалады. Суретті енгізу сұхбат терезесінде файлмен байланыс (связь с файлом) жалаушасын орнату және Құжатта сақтау (Хранить в документе) жалаушасын алып тастау қажет.
Сурет көлемін өзгерту
Суретке тышқанды шертіп және тышқан көрсеткішін маркердің біреуіне апару қажет. Бұл жағдайда тышқан көрсеткіші қос бағытты бағыттауыш түріне айналады және оны қажетті көлемге дейін жылжытамыз. Суретті жылжыту тышқанның сол жақ батырмасын баса отырып орындалады. Барлық форматтау командалары Суретті форматтау (Форматирование рисунка) диалогтық терезесінде орналасқан. Суретті форматтау диалогтық терезесі Формат Сурет (Формат Рисунок) командасы арқылы ашылады. Оның көмегімен суретті форматтауға болады. Суретті өшіру үшін суретті белгілеп <Delete> пернесін басу қажет.
WordArt объектілері
WordArt жазбаларды, эмблемаларды, логотиптерді көркемдеуді орындай алады. WordArt объектісін шақыру Енгізу Сурет WordArt объектілері командасы арқылы орындалады.
Пайда болған сұхбат терезеден (Коллекция WordArt) қажет жазба стилін таңдап және <ОК> батырмасын шерту қажет. WordArt объектілерін ерекшелегенде WordArt саймандар тақтасы шығады. Саймандар тақтасының батырмалары арқылы объектіні форматтауға болады.
Word саймандары арқылы сурет салу.
Word – та сурет салу Сурет саймандар тақтасы арқылы жүзеге асырылады Сурет салу саймандар тақтасын шақыру үшін Түр-Саймандар тақтасы – Сурет (Вид – Панели инструментов – Рисование) командасын орындау қажет.
