- •Дискретті математика негіздері. Бульдік алгебра.
- •Санау жүйелері
- •Екілік санау жүйесі
- •Оналтылық санау жүйесі
- •Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма
- •5 Тапсырма
- •6 Тапсырма
- •7 Тапсырма
- •8 Тапсырма
- •9 Тапсырма
- •Бақылау сұрақтары
- •Тақырыбы: ms dos операциялық жүйесі (лаб. – 2 сағат, сөж - 1 сағат) Жұмыстың мақсаты:
- •Операциялық жүйенің негізгі командамалары:
- •Windows xp –де ms dos операциялық жүйесін іске қосу: пуск → все программы → стандартные → командная строка ms dos командаларының орындалуларына мысалдар:
- •Windows xp –де ms dos операциялық жүйесін іске қосу: пуск → все программы → стандартные → командная строка ms dos командаларының орындалуларына мысалдар:
- •Бақылау сұрақтары
- •Мәтінді форматтау.
- •Құжатты жабу
- •Құжатты көру режімдері
- •Тапсырмалар
- •–Сурет. “Кесте енгізу” батырмасы арқылы салынған 2х2 өлшемді кесте.
- •Кесте менюін пайдалану
- •Кестедегі мәліметтерді жылжыту және олардың көшірмесін алу
- •Тапсырмалар
- •3. Төмендегідей кесте құрыңыз.
- •Регистрлерді ауыстыру
- •Ms word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері.
- •1. Қарапайым графикалық элементтерді салу
- •2. Автофигуралар енгізу
- •3. Геометриялық элементтерді бүру
- •4. Салынған суреттерді форматтау
- •Топтан шығару
- •Геометриялық элементтерді басқа орынға жылжыту
- •Геометриялық элементтерге әртүрлі масштаб қолдану
- •Ms word мәтіндік редакторында формулалар редакторымен жұмыс
- •Ms Excel-электрондық кестесі. Ұяшықтармен жұмыс. Формуланы пайдалану.
- •Тапсырма 4
- •Excel программасында кесте жасау, толтыру, редакциялау және пішімдеу (форматтау)
- •ЭлектронДы процессорЫ
- •Салыстырмалы, аралас және абсолютті адрестер. MsExcel-дің графикалық мүмкіндіктері.
- •Электрондық кестені мәліметтер қоры ретінде пайдалану Тізімді сұрыптау. Жазбаларды автосүзбеден өткізу.
- •4 Тапсырма.
- •Толық кестелер. Баспаға шығару
- •Power Point-презентация жасау редакторы
- •3 Тапсырма. Жаңа слайд қосу
- •9 Сурет. Кәдімгі көру режиміндегі презентацияның екінші слайды.
- •Жұмыс. Базалық кестелер құру және жобалау.
- •Microsoft Аccess –те сұраныстар құру, кестелер арасында байланыстар құру
- •Алгоритм ұғымы. Оның қасиеттері, түрлері. Компьютерде есеп шығару кезеңдері. Блок-схемалар.
- •Паскаль тілінің негізгі операторлары
- •Тармақталған алгоритмдер. Шартты, құрама және цикл операторлары
- •Компьютерлік желілер. Internet
- •Архивтеу программалары
- •Компьютерлік вирустар. Антивирустік қорғаныс.
1. Қарапайым графикалық элементтерді салу
Қарапайым графикалық элементтерді (түзу сызық, қисық сызық, дөңгелектер, іші боялған, боялмаған көпбұрыштар, т.б. геометриялық фигуралар) Word құрамындағы графикалық редактордың көмегімен салуға болады. Сурет салатын элементтермен тек редактордың парақ беттерін белгілеу режимінде ғана жұмыс істеуге болады, Word программасы сурет салу тәртібін енгізісімен осы режимге автоматты ауысады. Әртүрлі геометриялық фигураларды сызу үшін қосымша Сурет саймандар тақтасы пайдаланылады. Бұл саймандар тақтасында сурет салуға және графикалық объектілердің барлық түрін басқаруға, форматтауға арналған саймандар орналасқан.
Түзу сызықты сызу үшін сурет саймандар тақтасындағы Сызық батырмасын шерту керек. Егер сызықтың түрін таңдау қажет болса, Автофигуралар батырмасын шертіп, қажетті сызық түрін көрсеткеннен кейін курсорды жұмыс алабында жылжыта отырып, таңдаған сызықты саламыз. Сызықтың иілу бұрышы 15 градусқа қысқару үшін курсорды жылжыту кезінде Shift пернесін, ал сызық бастапқы нүктеден екі жаққа бірдей сызылу үшін Ctrl пернесін басулы күйде ұстау қажет.
Дөңгелектер мен эллипстерді салу. Ол үшін эллипс бейнесі тұрған батырманы шертіп, сосын курсорды бастапқы нүктеге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып, эллипсті қажетті мөлшерге дейін үлкейту керек. Осы әрекетті орындау кезінде эллипс центрі де жылжытылып отырады, оны бір нүктеге бектіп алу үшін салу кезінде Ctrl пернесін басып, ұстап тұрса болғаны.
Шеңбер салу үшін, өлшеме кезінде Shift пернесін жібермей ұстап тұру керек, оның да центрін жылжытпай бекіту мақсатында Ctrl және Shift пернелерінің екеуін де жібермей ұстап тұруға болады.
Тіктөртбұрышты тұрғызу үшін алдымен оның бейнесі тұрған батырманы сырт еткізіп, содан кейін курсорды тіктөртбұрыш төбелерінің біріне сәйкес келетін нүктеге апарып тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны жәбермей ұстап тұрып тіктөртбұрыштың центрін белгілі бір орынға бекітуге болады. Ал кавдрат салу үшін, оны салу барысында Shift пернесін басулы күйде ұстап тұру қажет. Алдыңғы жолдардағыдай Ctrl және Shift пернелерін де бірдей қолдануға болады.
Кез келген көпбұрыш оның бейнесі салынған батырма көмегімен салынады. Курсорды көпбұрыштың бір төбесіне орналастырып алып, сол жақ батырманы жібермей ұстап тұру арқылы көпбұрыштың бір қабырғасын саламыз. Көпбұрыштың келесі төбесін анықтау үшін тышқанды шертіп, одан ары келесі қабырғаны салуға болады. Shift пернесі көпбұрыш қабырғасының горизонтпен жасайтын бұрышын тұрақты етіп ұстап тұруға мүмкіндік береді. Соңғы қабырғаны өшіріп қайта сызу үшін BackSpace пернесін қолдануға болады. Соңғы төбені алғашқы төбемен дәл түсіру үшін ESC пернесін басу керек, сонда олар автоматты түрде бір нүктеде түйіседі.
2. Автофигуралар енгізу
Сурет саймандар тақтасындағы Автофигуралар батырмасын қолдана отырып әртүрлі фигураларды автоматты түрде енгізу мүмкіндігі бар. Бұл менюдің құрамында сызықтан басқа негізгі фигуралар, фигуралық бағыттауыштар, блок-схемалар, жұлдызшалар мен ленталар, түсіндірмелер (выноски) деген әрқайсысы бірнеше саймандардан тұратын командалық жолдар бар.
Түсіндірмелер тізіміндегі фигураларды пайдаланып, кез келген суретті немесе кестені т.б. нұсқай отырып түсіндірме жазуға болады.
Сондай-ақ, Сурет саймандар тақтасында орналаскан Автофигуралар менюіндегі Салынған қисық (Рисованная кривая) Көпсызык, (саймандарының көмегімен әртүрлі сызықтар және формалар салуға болады. Салынған сызықты өзгерту үшін, сурет екі рет шерту арқылы белгілеп алған соң, жанама менюді өзгертуді бастау командасын қолданамыз. Түзу және қисық сызыкты кесінділерден түратын обьектіні салу үшін Автофигуралар => Сызыктар-Көпсызықтар батырмаларын шертеміз. Қисық сызықты кесінділерді тасымалдау жолымен салган өте тиімді Автофигура батырмасының көмегімен көрнекі түрдегі блок-схемаларды салу әрекетін өте оңай орындауга болады. Автофигуралар тізімінен қажетті блоктарды тандап аламыз да оларды багыттауыштармен жалгастырамыз. Ал блоктардың ішіне жактау енгізіп, оган мәтін жазуға болады.
3. Жақтау ішіне мәтін енгізу
Word мәтін редакторында жақтау мен жақтау ішіндегі мәтін «графикалық объект» ретінде қарастырылады — яғни оны бір беттен екінші бетке графикалық объектілер сияқты тасымалдауға, өлшемін өзгертуге болады. Жақтау ішіне мәтін енгізу үшін:
1. Енгізу (Вставка) менюінің Жақтаудағы Жазба (Надпись) командасын орындау немесе Сурет саймандар тақтасындағы батырмасын басу қажет;
2. Тышқан курсорын Жақтау түратын жерге орналастырып тышқан батырмасын басулы күйінде жылжыта отырып, тік төртбұрышты жақтауды салғаннан кейін қажетті мәтінді ішіне теріп жазамыз.
