Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб 18 июня 2013 последняя версия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

Компьютерлік вирустар. Антивирустік қорғаныс.

Жұмыстың мақсаты: Windows ОЖ-де Kaspersky Anti-Virus Scanner, Doctor Web, AVP типті антивирустық программаларымен жұмыс жасауға үйрету.

Антивирустық Kaspersky Anti-Virus Scanner- компьютерлік вирустарды тексеруге және олармен күресуге арналған программа. Программаны іске қосу тәсілдері:

  • Windows-тің негізгі менюі;

  • Kaspersky AV Control Centre.

Программаны Windows-тің негізгі менюінен немесе Іске қосу-Программалар- Kaspersky Anti-Virus және Kaspersky Anti-Virus Scanner арқылы іске қосыңыз. Осыдан кейін экранда 1- суретте көрсетілгендей программаның терезесі ашылады.

Программаны іске қосудың басқа тәсілі- арнайы мақсат жасау үшін, яғни белгілі бір уақытта және айқын күйге келтіру үшін Kaspersky AV Control Centre-ден қосылады.

1- сурет

Вирустарды іздеу және өшіру

Сканерлеу аймақтарын таңдау

Объектілер астарлы беті сканерлеу облыстарын таңдау үшін қызмет етеді және объектілерді сканерлеуге арналған.

Мысалы, сіздер А дискісін сканерлеу үшін таңдадыңыздар, бірақ сіздер D, C бумаларының тексерілгенін қаламайсыздар. Бұл жағдайда C, D, B дискілерінің индикатор қанат белгісін алып тастай аласыздар. Одан кейін Сканерлеу- Сканерлеуді бастау командаларын орындап немесе меню қатарынан Сканерлеу батырмасын басу керек.

2-сурет. Kaspersky Anti-Virus Scanner программасының терезесі

Вирус табылған жағдайдағы әрекет- зақымдалған немесе күдікті объектілер табылған кезде олармен орындалатын іс-әрекеттер:

Тек қана нәтиже (Только отчет)- вирус табылған объект және сол вирус жөніндегі мәліметтер, яғни жұмыстың нәтижелік есебін береді.

Емдеу (Лечить)- барлық зақымдалған объектілерді алдын-ала сауалсыз емдеуге тырысады. Зақымдалған объектіні емдеу нәтижесінде объектідегі вирус өшіріліп, объектінің өзі түпнұсқасына сәйкес қалыпқа келтіріледі.

Тапсырмалар

1. Doctor Web программасын жүктеу. Doctor Web программасын іске қосу үшін Пуск>>Программы>>Doctor Web>> DRWEB әдісін қолдану.

2. Файлдарды сканерлеу.

Doctor Web іске қосылғаннан бастап жедел жадыны вирусқа тексеру басталады. Esc пернесінің көмегімен жедел жадыны сканерлеуді тоқтатуға

болады. Жадыны сканерлеуден кейін Doctor Web программасы қосымша антивирустық базаларды автоматты түрде іске қосады.

Файлдарды сканерлеу Тест>>Тестирование ( F10 пернесі) жүйелік мәзірі

арқылы басталады. Пайда болған сұқбат терезесінде тестілеу жолын таңдап, ОК пернесін басамыз.

2.1. “DrWeb” бумасын вирусқа тексеру. Ол үшін F10 пернесін басып, жүйелік

мәзір арқылы Тест>>Тестирование жолын таңдаймыз. Сұқбаттық терезеде

“C:\DrWeb” тереміз, Ok пернесін басамыз. Кейде үлкен көлемді файлдары бар бумалар сканерленген жағдайда вирусқа сканерлеу әрекеті көп уақытты алады. Сондықтан файлдарды вирусқа сканерлеуде алдымен файлдардың

сканерленетін типтерін анықтау қажет. Кейбір файлдарды сканерлеуден өткізбеуге болады. Себебі, суреттерден, аудио-немесе видео-клиптерден тұратын файлдарда вирустар болмауы мүмкін

2.2. Windows бумасын вирусқа тексеру. Ол үшін Doctor Web іске қосып, F10

пернесін басамыз. Жүйелік менюден Настройки>>Файлы таңдалады. Пайда

болған сұқбаттық терезеде Тестировать тобындағы Программы жалаушасын

қондырамыз, ОК пернесін басамыз. Жүйелік меню арқылы Тест>>Тестирование таңдалады. Пайда болған сұқбаттық терезеде “C:\Windows” тереміз, Ok пернесін басамыз. Тексерілетін файлдар саны көп болғанда файлдарды әрі қарай талдау және өңдеу үшін сканерлеу нәтижесін файлдық есеп беру түрінде сақтаған пайдалы. Doctor Web программасы қолданушыға ыңғайлы түрде есеп беруді қарастырады.

2.3. С: дискісін вирусқа тексеру және тексеру нәтижесін “report.txt” файлға

енгізу. Ол үшін Doctor Web іске қосып, F10 пернесін басамыз. Жүйелік

менюден Настройки>>Интерфейс таңдалады. Пайда болған сұқбаттық терезеде Дополнительные параметры тобындағы “Ok для чистых файлов” жалаушасын қондырамыз, ОК пернесін басамыз. Жүйелік меню арқылы Настройки>>Файлы таңдалады. Пайда болған сұқбаттық терезеде Имя файла отчета жолға есеп беру файлының атын - “C:\report.txt” енгіземіз, Ok пернесін басамыз. Жүйелік менюден Тест>>Тестирование таңдап, сұқбаттық терезеде “C:\” теріп, Ok пернесін басамыз. Сканерлеу соңында Doctor Web-тен шықпай түрып есеп беру файлын қарауға болады.

2.4. С: дискісін вирусқа тексеру және тексеру нәтижесін “report.txt” файлға

енгізгеннен соң есеп беру файлының мазмұнын қарау. Ол үшін Doctor Web іске қосып, F10 пернесін басамыз. Жүйелік менюден Тест>>Файл отчета таңдалады. Пайда болған сұқбаттық терезеде есеп беру файлының мазмұнын қараймыз және Esc пернесін басамыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Компьютерлік вирустар деген не?

2. Компьютерлік вирустарды қандай белгілеріне қарай топтарға жіктеуге болады?

3. Желілік вирустарға түсініктеме беріңіз.

4. Резидентті, резидентті емес вирустардың айырмашылықтары неде?

5. AVP антивирус программасының қандай мүмкіндіктері, ерекшеліктері бар?