Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз 2013-14.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
952 Кб
Скачать
☆

6. Әдебиет:

  1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. Жалпы иммунология, Алматы, 2009, 22-43 беттер

  2. Каракушикова А.С. Иммундық жүйенің құрылысы. Антигендер, Алматы, 2004, 5-49.

  3. Мухамбетова С.Г., Каракушикова А.С., Кожанова С.В., Садвакасова Г.С., Балпанова Г.Т. Иммунды статусты бағалаудың қазіргі кездегі зерттеу әдістері, Алматы, 2005, с. 6-9, 12-21, 33-37.

  4. Ройт А. и др. Иммунология, М., Мир, 2007, 3-14, 140-143 беттер.

  5. Хаитов Р.М. Иммунология, Москва, 2000, 15-23, 31-48, 161-170 беттер.

7. Бақылау сұрақтары:

  • Иммунитеттің анықтамасы .

  • Лимфоциттердің клондары бойынша түсініктеме.

  • Иммунитеттің орталық мүшелерін және олардың атқаратын қызметтерін атаңыз.

  • Қалыпты жағдайда шеткі қандағы Т- және В- лимфоциттердің пайыздық арақатынасы.

  • Иммундық жауаптың анықтамасы.

  • Біріншілік және екіншілік иммундық жауапты сипаттаңыздар.

  • Иммундық жауаптағы Т-, В-лимфоциттер және макрофагтардың негізгі қызметтері.

СӨЖ (о) №1

Мақсаты: Гуморалды иммунитет жүйесі, иммуноглобулиндердің негізгі кластарының құрылысы және қызметтері және олардың қалыпты жағдайдағы және патологиядағы рөлі туралы білім қалыптастыру. Комплемент жүйесі туралы білім қалыптастыру, оның қалыпты жағдайда және патологиядағы рөлі туралы білім қалыптастыру.

Оқу міндеттері:

  • Гуморалды иммунитет, В-лимфоциттердің дифференциялануының негізгі кезеңдері және олардың дифференцияланудың әр түрлі сатысындағы иммундық жауап беру қабілеті туралы білім қалыптастыру.

  • Иммуноглобулиндердің негізгі класстарының құрылыс ерекшеліктері мен Fab және Fc-фрагменттерінің қызметтері туралы білім қалыптастыру.

  • Комплемент жүйесі және оның иммунологиялық реакциялардағы рөлі туралы білім қалыптастыру.

  • Комплемент жүйесінің негізгі активтену механизмдерін оқып білу.

  • Комплемент жүйесінің аралық және соңғы фрагменттері мен комплекстері туралы бәләм алу.

  • Комплемент жүйесінің ингибиторларының қалыпты жағдайда және патологиядағы рөлі туралы білім алу.

  • Алған информацияны өз бетінше пайдалану дағдысын қалыптастыру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Гуморалды иммунитет жүйесі және оның иммунологиялық серпілістегі рөлі.

  2. IgG молекуласының құрылысы. Иммуноглобулиндердің Fab жєне Fc-фрагменттерінің қызметтері.

  3. Иммуноглобулиндердің негізгі кластарының құрылыс ерекшеліктері мен қызметтері.

  4. Стоматологиялық ауруларында шырышты А иммуноглобулинның қызметі.

  5. В-лимфоциттердің рецепторлары және маркерлері. Клиникада иммунитеттің В-жүйесін негізгі бағалау әдістері.

  6. Комплемент жүйесі, оның құрылысы және иммунологиялық серпілістегі рөлі.

  7. Комплемент жүйесінің классикалық және альтернативтік жолдармен активтенуі, олардың айырмашылық ерекшеліктері.

  8. Комплемент жүйесінің фрагменттерінің биологиялық рөлі. Комплементтің ингибиторлары

Түйінді анықтамалар: В-лимфоциттер, плазмалық жасушалар, иммуноглобулиндер, комплемент жүйесі, комплементтің компоненттерінің ингибиторлары, комплемент жүйесінің аралық және соңғы фрагменттері мен комплекстері

Жаңа анықтамалар: Иммуноглобулиндердің Fab және Fc-фрагменттері, В-лимфоциттердің рецепторлары мен маркерлері, комплементтің компоненттері, комплементтің ингибиторлары, комплемент жүйесінің аралық және соңғы фрагменттері мен комплекстері.

Оқыту әдістері: аралас

  • Шығармашылық тапсырма (графикалық кесте құру)

  • Шығармашылық тапсырма (Т-кесте құрастыру және толтыру).

  • Иммунограмманы интерпретациялау.

Оқыту құралдары: оқыту кестелері, тесттер, иммунограммалар