Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз 2013-14.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
952 Кб
Скачать
☆

Сабақтың жоспары

Негізгі бөлім (блок 1). Тақырып: «Гуморалды иммунитет жүйесі» – 50 мин.

I. Шығармашылық тапсырма (графикалық кесте құру)

Өз бетінше графикалық кесте құру: студенттер дәптерлеріне кесте ммуноглобулин G, Fab және Fc-фрагменттердің қызметтерін түсіндіреді.

Жасалған жұмыс туралы есеп:

  • Жұмысты орындаған соң студент әр қызметті тақтаға салып, түсінігін айтады. Басқалары жауапты бақылайды, дұрыстайды. Студенттер критикалық ойлануды үйренеді.

Қорытынды шығару.

  • Оқытушы қорытындыны айтады.

II. Студенттер өз бетінше «Секреторлы иммуноглобулин А-ның стоматологиялық ауруларда тапшылығы» сұрағына ойлану, жұптар арасында пікір алмасу, баяндау (15-20 мин).

Т-кесте құрастыру және толтыру – 20 минут. Өз бетінше кесте құрып, толтырады.

Таблица №1. «Иммуноглобулиндердің негізгі класстары және олардың құрылыс ерекшелікетері мен қызметтері»

Қорытынды шығару (бағалау)– 20 мин.:

Студенттер алған жұмыстарына және тәжірибелеріне қорытынды шығарады. Оны қолдану жолдарын ойластырады.

Оқытушы білімдерінен ойлану, пікірлерімен араласу үрдісін қалыптастырады. Қорытынды шығарады.

  • Оқытушы қорытындыны айтады. .

Тест-бақылау – тақырып бойынша 10 вариант (әр біреуінде 4 тапсырма).

Үзіліс – 5 минут

Негізгі бөлім (блок 2). Тақырып: «Комплемент жүйесінің иммундық жауаптағы рөлі»- 50 мин.

I. Жигсо әдісімен кіші топта жұмыс істеу.

Оқытушы сұрақтар мен анықтамаларды көрсетеді және актуалды проблеманы табуға көмектеседі.

Студенттер 4 адамнан топтарға бөлінеді. Әр топшадағы студент өзгеше тапсырма алады.

1. №1 студенттерге тапсырма: Комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтенуінің негізгі кезеңдері.

2. №2 студенттерге тапсырма: Комплемент жүйесінің альтернативты жолмен активтенуінің негізгі кезеңдері.

3. №3 студенттерге тапсырма: Комплемент жүйесінің фрагменттерінің биологиялық рөлі.

4. №4 студенттерге тапсырма: Комплементтің ингибиторлары, олардың қалыпты жағдайда және патологиядағы рөлі.

Индивидуалды жұмыс. Әр студент 5-7 минут арасында өз сұрағы бойынша ойлану керек және дәптерге ойларын жазу керек.

Топшалар:

№2

№1 №3

№4

Уақыт өткеннен кейін топшалар жіберіліп, эксперттік топтар құрылады.

Эксперттік топтар: №1 студенттер бір топқа жиналады және келесі сұрақтарды қарастырады:

  • Біз не жаңалық білдік?

  • Оны басқа студенттерге қалай түсіндіре аламыз?

№2, 3 және 4 студенттер де сол принцип бойынша жұмыс істейді.

№1 №2

№1 №1 №2 №2

№1 №2

№3 №4

№3 №3 №4 №4

№3 №4

Талдап болған сон эксперттер өз топшаларына оралып, бірге материалды қарайды.

Публикация. Топтар ішінде жұмыс аяқталған соң әр топ өз пікілерін айту керек. Ол үшін әр топтан спикер 3-5 минут арасында топтың пікілерімен бөліседі.

Оқытушы қорытынды айтады.

Студенттер жазбаша есеп береді, оның ішінде үш сұраққа жауап береді:

  • Мен не жаңа білдім?

  • Сұрағым;

  • Ұсынысым.

Т-кесте құрастыру және толтыру – 20 минут.

Таблица №2. «Комплемент жүйесінің классикалық және альтернативты жолдары активтенудің бастапқы кезеңдері»

Таблица №3. «Комплемент жүйесінің аралық фрагменттері мен комплекстерінің рөлі»

Қорытынды шығару (бағалау) – 15 мин.

Тест-бақылау – тақырып бойынша 10 вариант (әр біреуінде 4 тапсырма).

Жалпы қорытынды шығару (бағалау) – 10 -15 мин.