Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз 2013-14.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
952 Кб
Скачать
☆

Пән бойынша әріптік-ұпайлық-рейтингтік бағасы

Әріп жүйесі бойынша бағалау

Ұпайлардың сандық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

ҮЗДІК

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

ЖАҚСЫ

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

Ғ

0

0-49

ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚСЫЗ

Дәріс кешені

ПӘНІ: OI 3219 «ЖАЛПЫ ИММУНОЛОГИЯ»

МАМАНДЫҒЫ: 051301 «СТОМАТОЛОГИЯ»

КУРС: 3

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: доцент Балпанова Г.Т.

Алматы, 2013

Жалпы иммунология кафедрасының мәжілісінде талқыланды және бекітілді

«9» қыркүйек 2013 ж. №2 хаттамасы

Жалпы иммунология кафедрасының

менгерушісі, профессор Шортанбаев А.А.

№ 1 дәріс

1. Дәріс тақырыбы: «Қазіргі кездегі иммунология, оның жетістіктері мен болашағы. Иммундық жүйенің ұйымдастырылуындағы негізгі қағидалар»

2. Мақсаты: Иммунологияның негізгі тарауларымен танысу. Иммунитеттің қазіргі кездегі анықтамасын игеру. Иммундық жүйе негіздерінің қызмет ету қағидалары туралы білім алу. Иммунологияның негізгі жетістіктері және болашағымен танысу.

3. Дәріс тезисі:

1. Қазіргі кездегі иммунологияның қалыптасуындағы тарихи кезеңдер мен жетістіктері.

2. Иммундық жүйенің қызмет ету ерекшеліктері.

3. Ф.Бернеттің клон сұрыптау теориясы.

Иммунология – ол ағзаның бөгде субстанцияларға генетикалық, молекулалық және жасушалық механизмдерімен әсер етуін зерттейтін иммунитет туралы ғылым.

Иммунологияның қазіргі кездегі жағдайының анықтамасы оның тарихи дамуын жарық етуін қажет етеді. Э.Дженнер, Л.Пастер сияқты ғалымдардың атымен байланысты классикалық иммунология негізінде жұқпалы иммунология болып табылған. Жұқпалы емес иммунологияны құрастырған Борде, Чистович және олардың оқытушысы Мечниковтердің көмегімен қазіргі кездегі иммунология пайда болды. Иммунологияның қазіргі кездегі кезеңнің ерекшелігі клиникалық тәжірибеде жетістіктерін кең көлемде енгізілуі болып табылады.

Иммундық жүйе өзінің мүшелері, жасушалары және көптеген молекулаларының көмегімен қызмет атқаратын өзіндік жүйе болып табылады. Жұқпалы және жұқпалы емес агенттерге қарсы дамыған иммундық жауап иммундық жүйенің екі негізгі звеноларымен іске асады: гуморалды және жасушалық. Иммундық жүйенің негізгі жасушалары Т- және В-лимфоциттер болып табылады.

4. Иллюстрациялық материал: №1 мультимедиялық дәріс