Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз 2013-14.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
952 Кб
Скачать
☆

1.8 Байланыс ақпараты:

Алматы қаласы, Киров к-сі, 151, 2 аудиторлық корпус, 1 қабат, 134-141 каб.

тел/факс: 338-70-90 (338-72-96)

1.9 Пәннің саясаты:

  • Иммунология – бұл өте қызықты ғылым! Иммунологияның жетістіктері медицина саласында кең көлемде қолданылады, сол себептен әрбір болашақ дәрігерге иммунология аймағында терең білімдер қажет. Иммунологияның негізін білу - әр дәрігерге қажетті іс. Кафедра қызметкерлерінің міндеті – студенттерге осыны дәлелдеу;

  • Оқытушылар студенттерге пәннің материалын меңгеруге, қазіргі кездегі иммунология және аллергологияның негізгі сұрақтары мен мәселелерін түсінуге көмектеседі.

Студенттерге қойылатын талаптар:

- сабаққа кешікпей келу;

- оқу үрдісіне белсенді қатысу;

- тәжірибелік сабақтардың және ОСӨЖ барлық тапсырмаларын толығымен орындау;

- СӨЖ бойынша тақырыптарды орындау және белгіленген уақытта тапсыру;

- дәріске қатысу, дәрістің конспектісі болу және дәрістік материалды білу қажет;

- студенттің дифференциалды сынаққа аппеляция беру себебі өтініште анық жазылу қажет, басқа жағдайларда кафедрамен аппеляция қабылданбайды.

Шектеу шарттар:

- жіберу рейтингі 50%-дан кем болған жағдайда, студент дифференцияланған сыныққа жіберілмейді;

- студент сәйкес сабақ жіберуде аралық бақылауға қатыстырылмайды.

Мадақтау шарттар:

Студенттің белсенділігі үшін әр-бір бақылау нысанға қосымша 5-10 % қосылады.

2. Бағдарлама:

2.1. Кіріспе

Иммунология – ол ағзаның антигендер деп аталатын бөгде субстанцияларға қарсы гуморалды және жасушалық механизмдерін зерттейтін ғылым. Ауыз қуысының шырышты қабаты көптеген антигендер және аллергендер кіретін ену қақпасы болғандықтан жергілікті иммунитет серпілісі дамитын жер болып табылады. Бұл серпілістер ауыз қуысының шырышты қабаттарының және тістер тіндерінің біріншілік және екіншілік зақымдануларына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, кез-келген патологияда, соның ішінде тіс ауруларында, иммундық бұзылыстар жергілікті деңгеймен қатар, ағзаның барлық деңгейлерінде жүреді. Тіс-дәрігерлері үшін жергілікті және жалпы иммундық жауаптың механизмдерін білу тіс ауруларын болжау және алдын алуын жақсартады, асқынулар жиілігін төмендетеді, сонымен қатар кешендік емінде иммуномодуляторлық препараттарды қолдану арқылы емінің әсерлілігін арттыруға мүмкіндік береді. Соған байланысты қазіргі кезде иммунологияның негіздері туралы білім барлық саладағы студент-медиктерді, соның ішінде тіс-дәрігерлерді дайындауда маңызды бөлімі болып табылады.

Сонымен қатар, стоматологияда көптеген дәрілік препараттардың (анестетиктер, антибиотиктер), ортодонттық материалдардың кеңінен қолданылуына байланысты тіс-дәрігерлеріне аллергиялық аурулардың патогенезі және жедел аллергиялық серпілістер, соның ішінде, анафилаксиялық шок кезінде алғаш медициналық көмек көрсету тактикасы туралы білім қажет.

Осы бағдарлама бір жағынан генетика мен молекулярлы биологияның жетістіктерін есептеумен жалпы иммунологияны оқуды қарастырады, екінші жағынан теориялық және практикалық медицинаның қажеттіліктері, әсіресе стоматологияның.

Сонымен, тіс-дәрігерлердің оқу бағдарламасына жалпы иммунологияның негіздерін енгізу қажет.