Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз 2013-14.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
952 Кб
Скачать
☆

8. Әдебиет:

  • Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. Общая иммунология, Алматы, 2009, 78-81, 408-410 бетт.

  • Калиакбарова Г.Т., Кожанова С.В., Шортанбаев А.А., Балпанова Г.Т. Гуморалды иммунды жүйе// Студенттерге арналған әдістемелік ұсыныс. - Алматы, 2000, 24-25 бетт.

  • Калиакбарова Г.Т. Цитокины, Алматы, 2002. (студенттер үшін оқу әдістемелік нұсқау), 5-55 бетт.;

  • Кожанова С.В., Шортанбаев А.А., Калиакбарова Г.Т., Алматы, 2000// Жасушалық иммунитет жүйесі (студенттер үшін оқу әдістемелік нұсқау), 24-27 бетт.;

  • С.А. Кетлинский, А.С. Симбирцев «Цитокины», С-Петербург, 2008, 9-365 бетт.

  • Ройт А. и др. Иммунология, М., Мир, 2007, 522-525 бетт.

9. Бақылау:

  • моноклонды антиделерді гибридомды технологиясымен алу;

  • моноклонды антиделердің медицинадағы маңызы;

  • моноклонды антиделер негізіндегі қазіргі препараттар.

  • цитокиндердің негізгі топтары;

  • цитокиндердің негізгі биологиялық әсерлері;

  • цитокиндердің иммунды жауапты реттеудегі маңызы;

  • цитокинді препараттардың негізгі топтары.

СӨЖ № 2

1. Тақырыбы: «Ісіктер иммунологиясы»

2. СӨЖ мақсаты:

  • ісіктің қазіргі кездегі иммунды диагностикалау әдістерін оқып білу;

  • ісіктің қазіргі кездегі иммунды емдеу жолдарыноқып білу;

  • бет-жақ аумағының ісіктерінің иммунологиялық ерекшеліктерін білу.

3. Тақырып бойынша тапсырмалар:

  • ісіктің қазіргі кездегі иммунды диагностикалау принциптерімен танысу.

  • ісіктің қазіргі кездегі иммунды емдеу принциптерімен танысу.

  • бет-жақ аумағының ісіктерінің иммунологиялық ерекшеліктерін қарастыру.

4. СӨЖ орындау түрі:

- Презентация

- Реферат

5. Орындау белгілері:

Презентация орындау белгілерін №1 СӨЖ қараңыз.

Реферат дайындау белгілері:

Реферат жұмысының құрылымы:

1) бірінші бет (нысан бойынша безендіріледі);

2) мазмұны (бөлімдерді орналасқан бетімен ретімен жазу);

3) кіріспе (зерттелетін мәселенің мағынасын негіздеу, оның актуалдығы, жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін анықтау);

4) негізгі бөлімі (әрбір бөлім бөлек мәселені немесе мәселенің бір жағын дәлелдеп ашу, және алдындағы бөлімнің логикалық жалғасы болу керек; осы бөлімде кестелер, схемалар, графиктер, суреттер келтірілуі мүмкін немесе реферат жұмысына қосымша түрде безендірілуі мүмкін);

5) қорытынды (нәтижелеу, қорытындыларын безендіру және нұсқауларын ұсыну);

6) әдебиет тізімі (нысан бойынша толтырылады).

Реферат жұмысына қойылатын талаптар:

а) рефераттың көлемі 8-12 баспа бетінен аспау керек (реферат көлеміне қосымшалар есептелмейді);

б) реферат жұмысының мәтіні терең тексеріліп, грамматиканың дұрыстығын қадағалаған жөн;

в) қолданылған әдебиет тізімі жұмыстың сәйкес нөмірі көрсетілу жолымен безендіріледі;

г) әдебиет тізімі мәтіннің соңына және ескеру ретіне сәйкес құрастырылады.

Бірінші бетінің нысаны

С.Ж.Асфендияров атындағы

Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Кафедра _________________________________________________

РЕФЕРАТ

Тақырыбы_______________________________________________

_________________________________________________________

Студенттің аты-жөні______________________________________

Факультет_______________________________________________

Курс ____________________________________________________

Топ __________________________________________________

Оқытушы ___________________________________________

Алматы, 200_ - 200_ оқу жылы

6. Тапсыру мерзімі: 4 сабаққа дайындау

7. Бағалау белгілері:

  • Презентацияны бағалау белгілерін СӨЖ №1-ден қараңыз

8. Әдебиет:

1. Шортанбаев А.А.. Кожанова С.В. Жалпы иммунология, Алматы, 2009

2. Калиакбарова Г.Т., Шортанбаев А.А., Кожанова С.В., Балпанова Г.Т. Ісікке қарсыиммунитет. Оқу-әдістемелік нұсқау, Алматы, 2004.

9. Бақылау:

  • ісіктің қазіргі кездегі иммунды диагностикалау мен иммунды емінде моноклонды антиденелерді қолдану;

  • ісік емдеуіндегі дендритті жасушалар негізіндегі вакциналар қолдануы;

  • ісік емдеуіндегі цитокинді және антицитокинді емі.

СӨЖ №3

1. Тақырыбы: «Пародонт ауруының иммунологиялық аспектілері»

2. СӨЖ мақсаты:

  • Пародонтиттердің патогенезінде жасушалық және гуморалдық факторлардың қызметін игеру;

  • Пародонтиттің әртүрлі варианттары кезінде науқастардың иммунды статусының сәйкесінше өзгеруін игеру;

  • Пародонтиттердің патогенезінде цитокиндердің қызметін игеру.

3. Тақырып бойынша тапсырмалар:

  • Пародонтиттің дамуында микробтық флораның қызметтерімен танысу.

  • Пародонтиттердің дамуында жасушалық және гуморалдық факторлардың қызметін оқу;

  • Пародонтиттердің дамуында цитокинді концепциясын қарастыру;

  • Пародонтиттердің кешенді емінде иммунотропты препараттарды қолдану принциптерімен танысу.

4. СӨЖ орындау түрі:

    • Жобалық жұмыс (презентация)

    • Реферативті жұмыс

    • Жағдайлық есептерді құрастыру

5. Орындау белгілері:

  • Презентациялық/реферативті жұмыстың орындау белгілері СӨЖ №1 қарау.

  • Жағдайлық есептерді құрастыру белгілері:

Жағдайлық есепке қойылатын талаптар:

- СӨЖ тақырыбына сәйкес келу керек;

- мазмұнды, сауатты және дұрыс безендірілуі қажет;

- дұрыс жауаптарымен болу керек.

6. Тапсыру мерзімі: №4 сабаққа дайындау.

7. Бағалау белгілері:

  • Презентацияны/рефератты бағалау белгілерін СӨЖ №1-ден қара

  • Жағдайлық есептерді бағалау белгілері:

Бағалау белгілері

0 балл

60 балл

70 балл

80 балл

100 балл

Жағдайлық есептерді құрастыру

Дұрыс емес құрастыру

Жауабы бар, 2 дұрыс құрастырылған есепт

Жауабы бар, 5 дұрыс құрастырылған есеп

Жауабы бар, 8 дұрыс құрастырылған есеп

Жауабы бар, 10 дұрыс құрастырылған есеп