Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз 2013-14.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
952 Кб
Скачать
☆

1. Тақырыбы: «Стоматологиялық тәжірибесіндегі дәрілік аллергия»

2. Сөж мақсаты:

  • Стоматологияда жергілікті анестетиктерге аллергиялық серпілістердің механизмдері мен клиникалық көріністерін игеру, анафилаксиялық шоктың клиникалық ағымдарын, жедел көмектің қағидалары. Анафилаксиялық және анафилактоидық серпілістердің айырмашылығын қарастыру.

3. Тақырып бойынша тапсырмалар:

  • Дәрілік аллергия және стоматологияда кездесетін дәрілік аллергияның түсініктерімен танысу;

  • Дәрілік аллергия кезіндегі ауыз қуысы шырышты қабатының зақымдалу ерекшеліктерін оқу;

  • Анестетиктерді қолданғанда анафилактикалық шоктың даму механизмдерін, оның клиникалық көріністерін және шұғыл шаралар тактикасын игеру.

4. Орындау түрі:

  • реферативті жұмыс

  • жобалық жұмыс (презентация)

5. Орындау белгілері:

Реферат жұмысының құрылымы:

1) бірінші бет (нысан бойынша безендіріледі) №3 СӨЖ қара

2) мазмұны (бөлімдерді орналасқан бетімен ретімен жазу);

3) кіріспе (зерттелетін мәселенің мағынасын негіздеу, оның актуалдығы, жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін анықтау);

4) негізгі бөлімі (әрбір бөлім бөлек мәселені немесе мәселенің бір жағын дәлелдеп ашу, және алдындағы бөлімнің логикалық жалғасы болу керек; осы бөлімде кестелер, схемалар, графиктер, суреттер келтірілуі мүмкін немесе реферат жұмысына қосымша түрде безендірілуі мүмкін);

5) қорытынды (нәтижелеу, қорытындыларын безендіру және нұсқауларын ұсыну);

6) әдебиет тізімі (нысан бойынша толтырылады).

Реферат жұмысының безендірілуіне қойылатын талаптар:

а) рефераттың көлемі 8-12 баспа бетінен аспау керек (реферат көлеміне қосымшалар есептелмейді);

б) реферат жұмысының мәтіні терең тексеріліп, грамматиканың дұрыстығын қадағалаған жөн;

в) қолданылған әдебиет тізімі жұмыстың сәйкес нөмірі көрсетілу жолымен безендіріледі;

г) әдебиет тізімі мәтіннің соңына және ескеру ретіне сәйкес құрастырылады.

Презентацияға қойылатын талаптар:

  • «Microsoft Power Point» бағдарламасын қолданып презентацияны құрастыру;

  • Слайдтардың саны 10-15 мөлшерінде болу керек; слайдтардың көрнекті материалы басым болу керек;

  • Қабылдау үшін презентация қолайлы болу керек;

  • Соңғы слайдта библиография көрсетілу керек.

6. Тапсыру мерзімі: СӨЖ уақытына дайындау

7. Бағалау белгілері: №1 СӨЖ қарау

8. Әдебиет:

  1. Жубантурлиева А.Б., Кожанова С.В., Шортанбаев А.А. Дәрілік аллергия, Алматы, 2004.

  2. С.А. Кетлинский, А.С. Симбирцев «Цитокины», С-Петербург, 2008, с.477-493.

  3. Иммунопатология және аллергология. Диагностиканың және емінің алгоритмдері// под ред. Р.М. Хаитова, Москва, 2003.

  4. Федосеев Г.Б. «Аллергология», Санкт-Петербург, 2007

  5. Хацкий С.Б. «Аллергология в схемах и таблицах», Санкт-Петербург, 2001

9. Бақылау сұрақтары:

  • Дәрілік аллергендер, стоматология тәжірибесінде аллергияны жиі шақыратын дәрілік препараттардың негізгі топтары;

  • анафилактикалық шоктың патогенезі;

  • анафилактикалық шок кезіндегі жедел көмек принциптері.

СӨЖ № 6

1. Тақырыбы: «Қазіргі кездегі вакциналар»

2. СӨЖ мақсаты:

  • Қазіргі кездегі вакциналардың түрлерін игеру, оларды алу қағидалары;

  • Вакцинациядан кейінгі мүмкін болатын асқынуларды игеру.

3. Тақырып бойынша тапсырмалар:

  • Қазіргі кездегі вакциналардың түрлерімен, оларды алу қағидаларымен танысу.

  • Вакцинациядан кейінгі мүмкін болатын жанама әсерлерді игеру, поствакциналды асқынулар.

4. Орындау түрі:

  • Реферативті жұмыс

  • Жобалық жұмыс (презентация)

5. Орындау белгілері:

  • Реферативті жұмысты/ презентацияны орындау белгілерін СӨЖ №1 қара.

6. Тапсыру мерзімі: №4 сабаққа дайындау

7. Бағалау белгілері:

  • Реферативті жұмысты/ презентацияны бағалау белгілерін СӨЖ №1 қара

8. Әдебиет:

  1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. Жалпы иммунология, Алматы, 2008, 370-387 бетт.

  2. Кожанова С.В., Шортанбаев А.А. Вакциналар және вакцинды алдын алу (студенттерге арналған оқу-әдістемелік нұсқау), Алматы, 2002.

  3. Ройт А. және т.б. Иммунология, М., Мир, 2007, 325-340 бетт.

  4. Хаитов Р.М. Иммунология, Москва, 2000, 365-367 бетт.

  5. Н.В. Медуницын «Вакцинология», Москва, 2004.

  6. Гордон Ада, Алистер Рамсей. «Вакцины, вакцинация и иммунный ответ», Москва, 2002, 190-238 бетт.