Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘК умк ӘГ+ӘМ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
678 Кб
Скачать
☆

Нашақорлық- медициналық және әлеуметтік проблема

Дәріс тезистері:

  1. Зиянды әдеттер – қатерлі зардаптар

  2. Темекі шегудің денсаулыққа зиянды әсері

  3. Алкогольдің денсаулыққа зиянды әсері

  4. Нашақорлықтың денсаулыққа зиянды әсері.

  5. Зинды әдеттердің алдын алу бғыттары.

Салауатты өмір мен залалды әдеттер бірлеспейді және бұл бірлеспеушілік принципті, өйткені алкоголизм, темекі және т.б. масайтатын, нашақорлық заттарды қолдану- салауатты өмірге, дұрыс демалуға, физикалық белсенділікке, рационалды тамақтануға т.б. айтарлықтай кедергі жасайды. Көп аурудың қауіпті этиологиялық факторларына залалды әдеттер кіреді. Олар әсіресе жастардың және жалпы халықтын денсаулықтарына зиян келтіреді. Жас кезінде бір рет қабылданған алкоголь, бірінші рет темекі тарту - болашақта маскүнемдікке, алкоголизмге, темекі шегуге құштар етеді.

Әртүрлі есірткілік заттарды қолдану, өте қауіпті, өйткені, жастар нашақорлыққа және токсикоманияға өте тез үйренеді, бұл дағдыға айналуы мүмкін және есірткі қолдану- жастарды қылмыскерлікке жетелейді. Өйткені заң бойынша есірткіні шығаруға, сақтауға және оны таратуға рұқсат жоқ. Егер осы заң бұзылса, ол үшін қатал қылмыстық жауапкершілікке тартылып, заңмен қудаланады.

Темекі шегудің денсаулыққа зиян келтіруі. Шылым шегу – қиналмай тастайтын әдет емес. Бұл нағыз нашақорлық, өте қауіпті, өйткені оны көбі үшін қабылдамайды, дамыған мемлекеттерде ДДҰ мәліметі бойынша шылым шегуден 20 % өлім болады екен. Европада автомобильдік апаттан горі 4 есе көп темекіден ажалы болады екен. Темекінің түтіні – ол улы заттардың қоспасы. Никотиннен басқа 2000 зат бар, оның 30-ы аса улы. Темекінің түтінінде 73 проценті азот, 5 проценті оттегі, мұнай, 9,5 проценті өмір қышқыл мұнай, ал темекі тартатындар өзінің өкпесі және айналасындағы ауаны толтырады. Оның құрамындағы аммоний, синиль қышқылы, эфир майлары, басқа да химиялық қосындылар ағзаға зиян келтіреді. Темекі тартқанда ағзаға көбінесе некотин теріс әсерін тигізеді , және адам ағзасы оған тез дағдыланып алады.

Бірақ (ен күшті есіртке) темекі тартқанда никотин ол адамның ағзасына әсерін тигізеді және соған дағдыланып қалады. Темекіде 0,7 проценті, 8 проценті шегетін никотин, ең көбі арзан темекілерде болады әсіресе махоркада.

Никотин таза түрде түссіз, майлы сұйықтық қышқылдық реакциясымен, оның молекуласының құрамында углерод, водород және азот бар. Никотин дәмі күйдіретін өзі ащы, исі ұнамсыз, ауада жеңіл қышқылданады, сол уақытта түсі өзгеріп сұр түсті болады. Ол өте тез суда, алкогольде ериді және ауыз, мұрын, бронхтар және асқазаннан арқылы ағзамен жеңіл қабылданады.

Никотин - өте күшті өсімдік уы болып келеді. Улылығы синиль қышқылымен салыстырылады. Синиль қышқылының бір тамшысы әлде цианистті калидің кристалын ішсе 15 секундтан кейін адам өледі. Синилдық қышқылдың және никотиннің ажалдық дозасы адамға бірдей және олар 0,08 грамға тең болады.

Темекі тартқанда өте қауіпті улану түрлері болады. Темекі шегуін жаңа бастаған адамда жеңіл түрде өтеді. Темекіні бірнеше рет тартқаннан басы айналып, суық тер шығады, құсқысы келіп, ентігіп, басы ауырады, жүрегі қағып құсады, іші өтеді, тамыры әуелі қатты соғып сосын баяулайды. Тепе-теңдігі бұзылып, еті тартылып, есінен танып өліп кетуі мүмкін.

Никотинді қолданған адамдардың болашағы қандай? Ол - өкпенің рак ауруы: Темекі жаман аурудың негізгі себебі болып келеді. Күніне 10 темекі тартылса, ол 24 рет өкпенің рак аруымен ауруына мүмкіншілік туғызады.

Созылмалы бронхит - өкпеге баратын демалу жолдарының аурулығы, олардың қысылып зақымдалған түрі. Ентікпе пайда болған уақытта бронхиттың бет жағы бұзылады.

Жүрекпен қан тамырларының ауруы. Көп адамның ажалы тамырлары бітеліп темекінің әсері ишемиялық аурудын (жүрек қысылуы) пайда болуынан болады. Біздің елімізде жастай кететін адамдардын негізгі себебі жүректің ишемиялық ауруы. Темекі тартпаған адамдарға қарағанда темекі тартатын адамдар осы ажалдан 2 есе көп өледі. Темекінің жыныстық қызметтерге әсері. Еркектердің арасында темекі тартқанда 3 есе көп жыныстық жағдай төмендейді. Әйелдердің де арасында сондай жағдай. Өйткені никотин жыныстық мүшелердің тамырларын зақымдайды.

Әйелдік денсаулығына темекінің әсері. Темекі тартатын әйелдер жиі бедеу болады, және бала көтеругеде мүмкіншіліктері азаяды. Менопауза да ерте басталуы мүмкін Темекі әйел адамның жыныстық жасушыларынының қызметіне де әсер етеді. Шылым шегуден әйелдер ерте қартайып және әртүрлі ауруларға жиі ұшырауы мүмкін. Халықаралық санақ мәліметіне қарағанда шылым шегетін әйелдердін туған балаларының арасындағы өлім саны , шылым шекпейтін әйелдерге қарағанда 40 пайыз жоғары.

Ұрықтын дамуына темекінің әсері. Шылым шеккен әйелдерден туған баланың салмағы шылым шекпейтін әйелдерге қарағанда 200 граммға аз және шылым шеккен әйелдің баласы ерте кезеңде өлуі мүмкін. Өйткені шылымға кіретін токсиндердің әсерінен ұрықтың дамуы тежеліп және әлсізденеді.