- •Sgosm « әлеуметтік гигиена әлеуметтік медицина негіздерімен» пәНі бойынша
- •5В010500– Дефектология мамандығына арналған
- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.8 Әдебиеттер тізімі:
- •1.10 Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1. Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
- •Сырттай оқу бөлімінің тақырыптық жоспары
- •1.9 Баға туралы ақпараттар:
- •2.2 Лекциялық сабақтар тезисі
- •1 Г май (организмде өзгергенде) 9,3 ккал (килокалория),
- •1 Г белок - 4,1 ккал
- •2.Мектептің оқу-тәрбие жұмысындағы режимнің маңызы.
- •Тақырып: Спорт – денсаулық қалыптасуының маңызды аспектісі. Мүмкіндіктері шектелген балалардың дене тәрбиесінің гигиенасы.
- •Әлеуметтік аурулар және оның алдын алу шаралары
- •Негізгі әлеуметтік аурулар туралы мәліметтер. Қатерлі ісіктер
- •Нашақорлық- медициналық және әлеуметтік проблема
- •3. Алкоголизм және оның әсері
- •Нашақорлық және оның әсері.
- •2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары.
- •2.6.1 Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары
- •Курстық жұмыстар тақырыбы
- •2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •2.8 Өзіндік бақылауға арналған тестік тапсырмалар
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •2.10 Глоссари
- •2.11 Әдістемелік нұсқау
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
Нашақорлық және оның әсері.
Нашақорлық – тек жеткіншектердің ғана өте ауыр ауруы емес, сонымен қатар ата- анасына, отбасына және жақын адамдарына үлкен зардап. Есірткені пайдаланған жеткіншек өзінің тұлғалық қасиеттерінен, қалыпты мінез – құлқынан айырылады.
Есірткенің Қазақстанда орын алу себептері мындай:
балалар және жастар ұймдарының жүйелі жұмыстарының болмауы;
Батыстың мәдениетімен және батыстың өмір сүруіне еліктеу;
отбасылық байланыстарының әлсіреуі (жеке жағдайларда).
нашақорлықтың зардабын жете түсінбеушілік, т. с.с.
Жағдайлары нашар ата- аналар күн көрі мәселелерімен айналысып, бала тәрбиесіне жете көңіл бөлмейді. Ішетін отбасылардың балалары әуелі алогольдық сусындарды ішіп бензинді искейді. Сосын көкнардың қабығына, кендірдің сабанына көшіп, құмартады. Ең соңында ауыр есірткелерге көшеді. Орталық басылымдардың мәліметтері бойынша есірткі заттарға тәуелді болған аурулар бізде 20-24% , яғни әрбір 4 жанұяда есірткенің зиянды әсерін сезеді.
Бүгінгі таңда нашақорлық мәселесі еліміздің тұрғындарының денсаулығына және ұлттық қауіпсіздігіне зор қауіп төндіріп тұр.
Соңғы уақытта елімізде есірткінің заңсыз айналымы тұрақталған.
Құқық қорғау органдарымен 2003-2007 жылдар аралығында 52,5 мың есірткі қылмыстары анықталды, заңсыз айналымнан 115,2 тонна есірткі, оның ішінде 5 тонна героин тәркіленді. Соңғы 5 жыл ішінде 43 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды, оның ішінде халаықаралық байланысты болған топтар да бар. 2007 жылдың ішінде ғана 196 есірткі тасымалдау каналдары жойылған.
Осы жылдың 8 айы ішінде еліміздің аумағында 6 мыңға жуық есірткі қылмысы анықталған. Заңсыз есірткі айналымынан 12,6 тонна әр түрлі есірткі, оның ішінде 1,2 тонна героин тәркіленген, бұл өткен жылмен салыстырғанда (2007 жылы 8 айда – 302 кг) 4 есе көп. 50 аса ауыр есірткі қылмыс жасаған 9 ұйымдасқан қылмыстық топ ашылды.
Астана қаласының аумағында осы жылдың 8 айында 167 қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде 119-ы есірткі сатумен шұғылданған тұлғаларға қатысты.
Астанада 38 есірткі сататын орын жойылды, 2 адам қылмыстық жауапкершілікке тарылған. Заңсыз айналымнан 113 кг астам есірткі заттары тәркіленген. ҚР ӘҚтК-нің 320-бабы бойынша 121 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Еліміздің басқа аймақтарында алынған сауалнамаға сүйенсек, сауалға жауап берушілердің 30 пайызы Қазақстан үшін нашақорлық - өзекті мәселе деп есептейді. 54 пайызы нашақорлық пен есірткі бизнесі ең өзекті мәселе деп есептейді.
Жасөспірімдер арасында психотроптық заттардың қолданылуының себебі – ата-аналары ішімдікке салынған отбасылары, жастардың демалысын ұйымдастырмау, психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы аз хабардар болу.
Токсикомания – булармен, газдармен демалу. Токсикоманияның кейбір формалары ароматтық және басқа да заттар, мысалы тұрмыста қолданылатын ацетон, бензол арқылы таралады. Бұл ерітінділер, тазартқыштар, синтетикалық желімдер, никробояулар, дақтарды кетіретін сұйықтықтар және т.б. Үйде негізінен дезодорант-спрей, шашқа арналған лак, жиһазды тазартуға арналған сұйықтық, тырнаққа арналған лак, бензин және с.с.
Токсикоманияның әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ жоғалту, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және жүйке жүйесінің бұзылуы, еске сақтау, ойлау қабілеттерінің әлсіреуі сияқты ауруларға, ал әрі қарай Асфиксия (демалу жағдайы), есінен тану, кома кенеттен өлуге әкеледі.
Марихуана – кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана – көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі.
Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді.
Марихуананы шегу зиян емес деп көбі солай санайды. Алайда, ол денсаулыққа үлкен зиян келтіреді.
Героин- ең алдымен опий болады, содан морфин алады, одан героинді шығарады. Героин морфийден бірнеше рет күшті. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған.
Нашақорлар түнде ұйықтай алмайды, қан қысымы төмен болады,ине салудың нәтижесінде қан тамырлары бүрісіп, қатайып кетеді, бауыр және бүйрек ауруларымен, гепатитпен, СПИД-пен ауырады, есірткіге
Героин – алдымен опий шықты (опий магінің иірілген шырыны), одан морфин алынды, морфиннен героин бөлінді. Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Тамырға енгізу, шылым шегу, ине салу түрінде қолданылады. Қазақстанда героин – жастардың өлімімен байланысты кең таралған есірткі. 2008 жылдың 8 айы ішінде героинді асыра пайдаланғаны үшін Астана қаласында 48 адам қайтты, жас шамалары 19-дан 30 жас аралығында. Есірткіге шалдыққандардың орта жасы 25-30 жас.
Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан қысымы төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен бүйректері ауырады, организмі дене және психологиялық жағынан шүйлігеді, гепатит пен СПИД-ке шалдығады, ақырында өлім-жітімге, яғни өлімге әкеп соғады.
Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді.
Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады. Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құюлуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді.
Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді сезіну үшін кокаинді жиі және көптеп қолдану керек болады. Есірткіні алғашқыда эйфорияны сезіну үшін енгізсе, кейін тек өзін жақсы сезініп, күйзелу немесе шаршаған жағдайын кетіру үшін қолданады. Қолданудың ақыры – сандырақтауға, дем алуының бұзылуына, есінен тануына, өлімге әкеліп соғады.
Экстази – 1987 ж. Испанияда болған бір дискотекада «экстази» таблеткасын (метилендиоксиметиламфетамин) музыкамен біріктіруден болған эффект «ашылды». Жеңілдік сезіледі, күш-қуаты күшейеді, көңіл көтеріп, бірнеше сағат қатарымен шаршамай билеуге болады. «Экстази» 2 сағаттан 8 сағатқа дейін әрекет етеді. Алайда «Экстазиден» қайтқандардың саны көп. Ол ең қауіпті есірткі құралдарының қатарына саналып, БҰҰ-ның барлық елдерінде тыйым салынған. Осы есірткіні қолданған кезінде ми клеткалары, бауыры, бүйрегі бұзылады, жүйкесі бұзылады, тамырлары қысылады, өлімге әкеліп соғады.
Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау органында есірткі заттарын, психотропты және токсикоманиялық құралдарды теріс пайдаланған 55,2 мың адам есепте тұр, оның ішінде 3855 кәмелетке толмағандар және 4759 әйелдер.
Шамамен есірткі пайдаланатындардың 51% - ол 18-30 жас аралығындағы жастар, 5,6% - 15-17 жастағы жеткіншектер. Есірткі пайдаланатындардың 74% жұмыс істемейтіндер және оқымайтындар, 8% оқушылар (мектеп оқушылары, орта және жоғары оқу орындарының студенттері) болып табылады. Есірткіні асыра пайдаланғаны үшін қайтқандар саны 2007 жылы 473 адам, оның 90 % - жастар.
Оқу орындарында және оған теңестірілген аумақтарда, сондай-ақ жастар жаппай демалатын жерлерде есіртіні сату фактілері анықталады.
Осының барлығы біздің жаңа заң шығаруымызға негіз болып отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда есірткіні таратуды шектеу және оның деңгейін төмендету, аумақ бойынша есірткіні тасу арналарының жолын кесу бойынша нақты шаралар әзірлеп қолдану қажет.
Осы орайда аса әрекетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді. Великобританя, Бельгия, Греция, Ирландия, Канада, Франция және басқа да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.
Президент өзінің «Қазақстан -2030: Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» деп халыққа жолдаған жолдауы төмендегіні көрсетті: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет....... Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптері қаншалықты қолданғаны толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.
Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтары жөніндегі кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әзірленіп, маусым айында қабылданды.
Бұл заң тек аса ауыр есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады, олар ҚР ҚК-нің 250, 259, 260, 262-264 және 266 баптары бойынша белгіленеді.
Осылайша, жаңа заңға сәйкес келесі қылмыстық санкциялар қолданылуы мүмкін:
аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға;
лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдаланып, есірткіні сатқаны үшін - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға;
оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға;
ұйымдасқан қылмыстық топпен есірткіні сатқаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға;
кәмелетке толмағандарды, екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін - 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға;
есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға;
есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастырғаны үшін – 3 жылдан 7 жылға дейін, ал қызметтік жағдайын пайдаланғаны немесе ұйымдасқан топпен ұйымдастырғаны үшін 7 жылдан 12 жылға дейін.
Сонымен қатар, есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен байланысты болғандықтан, осындай әр құрамға мүліктерін міндетті түрде тәркілеу енгізілген.
Бүгінгі күнге біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса орын алуда, қай уақытта болсын қандайда бір үйге, қандайда бір сыныпқа, қандайда бір отбасына тап болуы мүмкін – тез қимылдап, әрекет жасау қажет. Статистикалық есепте – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі жандардың өмірі. Солардың әр қайсысына барлығы да , педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздері де қолғабыс беру керек.
Елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты біз барлығымыз жұмыла істеуіміз керек. Сонда ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдамаған жағдайда бір де бір іс табысты аяқталмайды. Күш-жігерімізді біріктіріп, оларды елдегі қоғамдық есірткі иммунитетін құруға бағыттауымыз керек.
Ең бастысы – есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бірлесе отырып, күресуіміз қажет.
Негізгі әдебиет: (3,8,11,12)
Қосымша әдебиет: (12,13)
