Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘК умк ӘГ+ӘМ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
678 Кб
Скачать
☆

Әлеуметтік аурулар және оның алдын алу шаралары

Дәріс тезистері:

  1. Жиі кездесетін әлеуметтік аурулар:

  2. Жүрек – қан тамыр аурулары

  3. Қатерлі ісіктер

  4. Туберкулез

  5. Жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулар

  6. ҚР кең тараған әлеуметтік аурулардың алдын алу шаралары.

«Жүрек – қан тамыр аурулары» термині әртүрлі аурулар түрін біріктіреді. Олардың негізгілері: атеросклероз, гипертониялық аурулар, ревматизм, миакард инфарктісі, т.б. Атеросклероз ауруы себептен-себепсіз бірінші орында тұрған жоқ. Бұл ауру зат алмасуға байланысты. Атеросклероз – артерия қабырғасына өзіндік холестерин түйірлерінің жабысып, оны тарылтып, бітеліп қалуынан пайда болады (тәжі тамырларында).Оның нәтижесірде мүшелердің қоректенуі, оттегімен қамтамасыз етілуі бұзылады. Атеросклероздың пайда болуы созылмалы дұрыс тамақтанбаудың, жануарлар майын және қантты көп пайдалану, аз қозғалу және бейім тұқымқуалаушылық нәтижесінде.Осының ең қауіптісі жүрек пен ми тамырларының бітелуі. Атеросклероздың нағыз бөліктері және ауыр да, кординальды бөліктері ең үлкен бағамен бағаланады. Ол үшін адамдар ғылыми техникалық прогресс өңірінде үлкен баға береді. Атеросклерозды тану оқуды меңгеру өте үлкен жолмен жүзеге асады, әсіресе олар клиницист үшін, сонымен қоса диагностика үшін аса маңызды. Дәрігерлер негізінде атеросклерозды оның ауыр жүректік және ми қыртысында, ауру адамдарды осы аурулардың пайда болуынан-ақ назар аударады. Барлық атеросклероз локализациясының неғұрлым практикалық жүзінде көп орын алатындығын, яғни жеңліс көрсететін жері-жүректің веналартериясы.

Тек қана 60-70 жылдары «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының» эпидемиологиялық зерттеулерінің арқасында әртүрлі мемлекеттерде атеросклероз сияқты аурулардың таралуы анықтлған.

Халқаралық денсаулық сақтау органдарының зерттеушілері мынадай анықтама береді «Ишемиялық жүрек ауруы немесе жүрек қан ауруы көбінесе жасөспірім балаларда кездеседі», - делінген. Соңғы зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, қанайналым жүйесінің аурулары жастық және жыныстық ерекшеліктермен де айқындалады. Ауру шағымымен еркектерге қарағанда әйелдер 1,4 есе жиі келеді. Жас ұлғайған сайын бұл аурудың таралуы да ұлғаяды. Бірақ соңғы жылдары бұл аурудың жасаруы байқалады. Л.И.Левинаның (2009) мәліметтері бойынша қазіргі уақытты жастар арасында артериальды гипертензия 20-25жас аралығындада жиі кездеседі. Ұл баларда артериальды қысым пуберантты даму кезінде дамиды, және артериальды гипертензиясы бар жастардың 20-25%- ында жүре келе гипертониялық ауру дамиды.

Жүрек қан тамырлар ауруы аурудың таралу жиілігімен, инвалидтердің және өлім санының өсуі жағынан мемлекетке экономика жағынан қолайсыз болып келеді. Эксперттік бағалау мәліметтері бойынша, артериальды гипертония, ишемиялық аурулар және цереброваскулярлық аурулардан болатын экономикалық шығын жылына жүздеген млрд. теңгені құрайды.

Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары және одан болатын өлім динамикасы әр елде әр түрлі болады. Мысалы, экономикасы жақсы оқыған Японияда – қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім аз. XXғ Батыс Европа және Солтүстік Америкада қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім саны азайған, бірақ, Орталық және Шығыс Европада олардың саны керісінше өсуде.

Осы зерттеудің нәтижесінде эпидемиологтардың атеросклероз және жүректің ишемиялық аурулары жөнінде мынадай қорытындылары пайда бола бастады:

  1. Жүректің ишемиялық аурулары әртүрлі жағдайда тек қана ұлтық ғана көрініс тапқан жоқ, сонымен қоса сол мемлекеттердің ішіндегі мекен ететін басқа ұлт өкілдеріндеде кездеседі.

  2. Бұл ауру көбінесе жасырын дамып, көпке дейін білінбейді.

  3. Бұл ауру аяқ астынан адам өліміне де әкеп соғуы мүмкін. Қайтыс болған адамдардың 75 пайызы жедел жәрдем келгенге дейін өліп кетуі анықталған.

Осы келтірілген анықтамалар ишемиялық жүрек ауруларының адам өміріне өте қауыпті екенін дәлелдейді.

Жүрек қан тамыр ауруларының негізгі себептерінің бірі – май (липидтер) алмасуының бұзылуы. Негізгі липидтерге адам қанындағы май қышқылдары, триглицеридтер, фосфолипидтер, бос холестериндер және сфингомиелиндер жатады. Липидтердің физиологиялық әрекеттеріне олардың клетканың структуралық құрамына және басқа да өмірге қажетті заттардың синтезі үшін қажеттігі жатады. Оларға стероидты гармондар, Д витамині жатады.

Холестериннің алмасуының бұзылуы салдарынан атеросклероз ауруы пайда болады.

Ең негізгі өзгерістер – ол холестерин эфирлерінің қалыңдап тамыр қабырғасында жиналып үйіліп қалуы болып табылады. Соған байланысты холестерин алмасуына нақтырақ тоқталып кетейік.

Тағам: орта есеппен холестериннің мөлшері шамамен 1 грамм құрайды. Кейде оданда көп жиналуы мүмкін.

Холестериннің көбею себебі: олардың ішекте болмауы холестерин синтезінің 5-10 есе көтерілуіне әкеп соғады. Холестерин суда ерімейді. Қан құрамында ол майлы қышқылдарда болады. Сондықтан зат алмасу процессіне жақсы әсерін тигізеді. Ол сонымен қоса қаныққан майлы қышқылдармен де байланысады.

Ең жоғарғы мөлшердегі холестерин адамдарда анықталған. Ол әртүрлі факторларға байланысты. Яғни адамның жынысы, жас мөлшері, тамақтану әдістері, физикалық белсенділігі, гормондардың мөлшері, т.б жатады. Холестериннің бөліну мөлшері бір күн ішіндегі жиналған мөлшермен есептелінеді.

  1. Холестерин «денсаулықтың жауы емес». Онсыз адам ағзасы тіршілік ете алмайды. Кейбір жағдайда ол адамның өміріне қауып төндіруі мүмкін.

  2. Липопротеидтердің төменгі тығыздықтағы түрі холестеринге өте бай. Сау адамдардардың қан плазмасының құрамында холестериннің 3/2 бөлігі липопротеидтер құрамында болады. Сондықтан олар холестериннің ең негізгі транспорттық формасы болып табылады.

  3. Жоғары тығыздықтағы липопротеидтерде 50 пайызы ақуыз,30 пайызы фосфорлипидтер, 20 пайызы холестерин және шамалы триглицеридтер болады. Олар: бауырда және ащы ішекте түзіледі..

«Атеросклероз» термині 1904ж ғылымға енгізілген болатын.

Атеросклероздың ең айқын белгісі ағзалар мен ткандердегі қан айналымының бұзылуы.

Көрсетілген анықтамаларға сүйене отырып, атеросклероз және жүректің ишемиялық ауруының дамуы бойынша көп елдерде көп факторлы программалар қолданылуда. Бұл жұмыстардың нәтижелері жақсы.

ІХ-шы Дүниежүзілік кардиологиялық конгресте жасалған баяндамаларда Англия, Бельгия, .Италия, Польша елдерінде жүректің ишемиялық аурулары 11,1%-8%-ке дейін төмендегені көрсетілген. Осының барлығы кардиологтардың көмегімен жүрек- қан тамырлар ауруларына қарсықолданылған гигиеналық шаралар нәтижесі.

Келесі мәліметтерге көңіл аударайықшы! Тұрғындарды кардиолог дәрігерге көрінуге бірнеше рет шақырғаннан кейін ғана 60-70%-ы келеді.Оның ішінде 15-20%-і ғана өзінің әдеттерін және өмір сүру салтын өзгертуге дайын. Ал 40-50%-і өзінің әдеттерінен бас тартпайды!Яғни, күнделікті тамақтану әдістерінен, салауатты өмір салтын сақтаудан бас тартады.

КСРО конституциясы Денсаулық сақтауды тек заң түрінде ғана емес, оны әр азаматтың міндеті ретінде қарастырады.Бірақ, көптеген адамдар қауымдасқан профилактикалық шаралардан бас тартып, салауатты өмір салтын сақтамауға және жағымсыз әдеттерге бой алдырады. Егер жүрек- қан тамыр ауруларына арналған профилактикалық шаралар өткізілетін болса, онда әр адам өзінің денсаулығын сақтау үшін, салауатты өмір салтын әдетке айналдыруы керек.

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi N 193-IV Кодексiнің (154-бап) Салауатты өмiр салтын қалыптастыру туралы анықтамасы:

1. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру денсаулықты нығайту және өмiр салтымен байланысты аурулардың алдын алу мәселелерiнде халықты ақпараттық қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу жолымен салауатты өмiр салтын насихаттауды, дұрыс тамақтануды және аурулардың профилактикасын қамтиды. V074550       2. Салауатты өмiр салтын қалыптастыруды денсаулық сақтау субъектiлерi уәкiлеттi органның үйлестiруiмен және әдiстемелiк басшылығымен басқа да мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң қатысуымен қамтамасыз етедi.