- •Sgosm « әлеуметтік гигиена әлеуметтік медицина негіздерімен» пәНі бойынша
- •5В010500– Дефектология мамандығына арналған
- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.8 Әдебиеттер тізімі:
- •1.10 Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1. Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
- •Сырттай оқу бөлімінің тақырыптық жоспары
- •1.9 Баға туралы ақпараттар:
- •2.2 Лекциялық сабақтар тезисі
- •1 Г май (организмде өзгергенде) 9,3 ккал (килокалория),
- •1 Г белок - 4,1 ккал
- •2.Мектептің оқу-тәрбие жұмысындағы режимнің маңызы.
- •Тақырып: Спорт – денсаулық қалыптасуының маңызды аспектісі. Мүмкіндіктері шектелген балалардың дене тәрбиесінің гигиенасы.
- •Әлеуметтік аурулар және оның алдын алу шаралары
- •Негізгі әлеуметтік аурулар туралы мәліметтер. Қатерлі ісіктер
- •Нашақорлық- медициналық және әлеуметтік проблема
- •3. Алкоголизм және оның әсері
- •Нашақорлық және оның әсері.
- •2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары.
- •2.6.1 Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары
- •Курстық жұмыстар тақырыбы
- •2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •2.8 Өзіндік бақылауға арналған тестік тапсырмалар
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •2.10 Глоссари
- •2.11 Әдістемелік нұсқау
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
Негізгі әлеуметтік аурулар туралы мәліметтер. Қатерлі ісіктер
Экономикасы жақсы дамыған елдерде қатерлі ісктер ажалға себеп ретінде екінші орында Мамандардың айтуынша ол «№1 өлімге әкелуші» жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларынан кейінгі орынды «№2 өлімге әкелуші» қатерлі ауру. XX ғ басында қатерлі ісіктер өлім себебінің 3-7%-ын құраса, қазіргі кезде 15-20%-ды құрайды. Соңғы 10 жыл ішінде қатерлі түзілістерден қаза болу саны өсіп келеді.
Ісіктермен науқастанудың құрылымында жастық-жыныстық ерекшеліктер болады. Еркектерде - бірінші орынды тархея, бронх, өкпенің(25%) қатерлі түзілістері жатады, ал екінші орында - асқазан рагі(13%), үшінші орында – терінің түзілістері (9,5%). Әйелдерде- бірінші орында сүт безінің ісігі (19,5%), екінші орында - тері түзілімдері(14%), үшінші орында - асқазан ісігі (9%).
Соңғы жылдардағы мәлімет бойынша:– тік ішектің, сүт безінің, аналық безінің, қуықтың, бүйректің, терінің ісігімен науқастану ұлғайып барады.
2010 жылы онкологиялық тіркеуде тұрғандардың саны 100000 тұрғынның ішінде 1501,1 адамды құрады. Соңғы жиырма жылда бұл көрсеткіш ұлғайып келе жатыр және де 1980 жылмен салыстырғанда 1,6 есе өскен. Бұл бір жағынан онкологиялық аурулардың емделу сапалылығы жақсарғанын, енді бір жағынан бұл патологияның таралуын көрсетеді. Онкологиялық тіркеуде тұрғандардың ішінде 31,1% сүт безі ісігімен, 15,8% жатыр мойынының ісігімен, 6,5% ақазан, 5,3% өкпе ісігімен тіркелгендер .
Бұл аурумен науқастану және осы ауру салдарынан болатын қаза саны адамның жынысы мен жасына байланысты болады. Еркектерде бірінші өлім себебі - өкпе ісігі, екінші – асқазан ісігі, үшінші – жұтқыншақ ісігі болып табылады. Әйелдерде бірінші орындағы өлім себебі– асқазан ісігі, екінші – сүт безі ісігі, үшінші – жатыр мойны ісігі. Әйелдерге қарағанда еркектердің қаза табуы жоғары көрсеткішті көрсетеді. Өлім көрсеткіші жас ұлғайған сайын өседі.
Бірақ, қатерлі түзілістердің диагнозы барлық науқастар үшін «ажал» есептеуге болмайды. Иа, қатерлі ісіктердің летальділігі жоғары: бір жылдық летальдылық (диагнозды қойғаннан кейінгі бір жылдың ішінде қаза болғандар) 36,2%-ті құрайды, ал жеке локализацияда (жұтқыншақ, өкпе, асқазан рагі) 57-66%-ды құрайды. Бүгін онкологиялық тіркеуге алынған науқастар бес және одан көп жыл өмір сүреді, ал жатыр мойнының ісігі сияқты локализация кезінде 73%-ға жетеді. Соңғы 10жыл ішінде қатерлі ісіктерден емделгендер көп, бұл жүргізілетін емнің нәтижелілігін білдіреді. Трахея, өкпе, бронх ісігінде көрсеткіш 20,2-31,5%-ға өсті, көмей ісігінде 39,75-дан 46,9%-ға дейін өсті, қатерлі липома кезінде 41,2 ден 52,0%-ға дейін өсті. Осылайша, біз ісіктің эпидемиологиясын айтқанда-бұл патологияның таралуы көбейіп қайталануынан болатынын, және де субъективті себептері,соның ішінде: диагностиканың сапасының жақсаруы, тұрғылықты халықтың жасының ұлғайуымен байланысты екенін түсінуіміз керек. Бұндай аурулардың медициналық - әлеуметтік мағынасы біріншіден халықтың қаза болу санымен, жоғары және ерте қаза табумен, мүгедектіктің көбеюінен болатын экономикалық шығындармен, ұзақ және қымбат еммен бағаланады.
Онкологиялық аурулардың алдын алу үшін екі негізгі бағыт бар:
Осы патологияның қауіпін анықтап, жою;
Ісікалды түзілімдерді уақытында анықтап, радикальды ем жүргізу.
Летальділікті төмендету үшін тек қана дәрігерлер емес тұрғылықты халықтың да ұқыптылығы керек. Жергілікті тұрғындар уақытында скринингтік жалпы қараулар, жаңа медициналық технологияларды қолдану арқылы жалпы қараулар жүргізіп, ауруды уақытында анықтап ем жүргізу керек.
Туберкулез
Әлеуметтік аурулардың ішінде туберкулез маңызды орынды алады.
Қазіргі уақытта планетаның әр бір үшінші адамы Mucobakterium tuberculosis – пен зақымдалған. Адамдардың ажалына басқа бактерияларға қарағанда туберкулез микобактериясы көп септігін тигізеді.
Туберкулездың пайда болуы, дамуы мен таралуы 3(үш) күрделі эпидемиологиялық тізбектен тұрады:
Ауру көзі ауру адам немесе жануар (көбінесе ірі қара мал), әсіресе слның ішінде қоршаған ортаға mycobacterium tuberculosis бөлетіні жатады.
Туберкулездің таралу жолдары :
аэрозольды немесе аэрогенді (ауалы- тамшылы немесе ауалы – шаңды , тозаңдар арқылы),
алиментарлық(тағамдар, ішімдіктер арқылы),
қарым-қатынас, үй жабдықтары арқылы,
құрсақішілік (анадан балаға).
Аэрозольды жолмен жұғатындардың ұлесіне жұқтырудың 95% жатады. Туберкулез микобактериялары қоршаған орта әсерлеріне өте төзімді, төмен температураға (-273C) шыдамды, қайнатқанда (1-2мин) төзімді, қақырықта тікелей күн түссе 15-20 минут сақталады. Микобактериялардың өмір сүруге қабілеті жоғары және жұққаннан кейін біраз уақыттан кейін ауру тудырады. Таралудың алиментарлы жолы тағамдарды жеткіліксіз өңдеуден, ауру малдардың өнімдерін (ет,сүт, жұмыртқа) қолданудан болады. Алиментарлы таралу жолына балаға анасының сүтінен жұғуын да жатқызуға болады. Қарым – қатынаспен таралу – сүлгі, іш киім, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ арқылы іске асады.
Эпидемиологиялық тізбектің үшіншісі - қабылдағыш орта.
Қазіргі кезде ең маңызды – бірінші шара - mycobacterium tuberculesis-ті бөлетін адамдар мен жануарлары анықтау. Жыл сайын ҚР осы топқа жататын мыңдаған адамдар анықталады, тағы да осыншама адамдар – созылмалы формада туберкулез микобактериясы бар тұрғындар.
Содықтан, тұрғындар арасында туберкулез инфекциясының үлкен резервуары бар. Бір науқас жылына 5-10 адамға жұқтыруы мүмкін, ал кей жағдайда жүз және одан да көп адамның жұқтыруымен эпидемиялық үрдістер болады.Сондықтан туберкулездың алдын алу мақсатында жатақханалар мен жеке пәтерлердегі науқастарды оңашалау керек. Қоршаған ортаға жұқтыратын қауіп болмас үшін бацилла тасмалдаушылардың өздері тәрітпті, эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтау керек. Бірақ біздің мәліметіміз бойынша науқастардың тек 48,8% бұл тәрітіпті, режимді сақтайды.
Туберкулездың алдын алуда маңызыды орынды – оның уақытында анықталуы. Бұл жерде науқастарды флюрографиялық, бактериологиялық зерттеулер және профилактикалық жалпы тексерулер қажет екені анық. Фтизиатрлар(туберкулез ауруын анықтап, емдейтін дәрігерлер) мен терапевт дәрігерлер туберкулез ауруына жиі шалдығатын адамдарға көңіл бөлуі керек. Бұл топқа: маскүнемдер, токсикомандар, сотталғандар, жақында ғана түрмеден шыққандар, үй- жайы жоқтар және өкпенің спецификалық емес созылмалы аурулары бар, қантты диабеті, психикалық өзгерістері бар және т.б адамдар.
Туберкулездың алдын алу шаралары нәтижелі болу үшін тұрғындардың инфекцияға қарсы күшін (резисттентілігін) анықтау қажет. Бұл жерде маңызды орында БЦЖ және БЦЖ-М вакцинасымен туберкулезге қарсы спецификалық имунитетті жоғарылату әдісін қолдану.
Организмнің жалпы реактивтілігін (қорғаныш күшін) көтеріп, туберкулез инфекциясына қарсылық көрсету үшін, міндетті түрде алдын алу шараларын жүргізуіміз керек. Ол үшін бүгінгі таңда туберкулезды тудыратын әлуметтік факторлардың көптігін білу қажет:
-көп адамдардың дұрыс тамақтанбауы,
-маскүнемдіктің, нашақорлықтың өсуі,
-АИТВ инфекциясы,
-тұрғындардың жағдайының нашарлауы, т.б.
Қазіргі заманда туберкулез қоздырғышы туберкулезге қарсы қолданылатын препараттарға тұрақты болып келеді. Бірінші рет анықталып отырған туберкулездың ашық формасының қоздырушы микобактериялар 10%-ы осындай дәрілерге тұрақтылығы анықталған.
Сондықтан денсаулық сақтау ұйымы туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу үшін арнайы DOTS (медициналық жұмыскерлердің бақылауымен қысқа мерзімді курстармен емделу) стратегиясын ұсынды. Эксперттерді ойынша бұл емдеу әдісі өте тиімді және науқастарды емдегенде жоғары нәтиже береді.
Жыныстық жолмен жұғатын аурулар
Жыныстық жолмен жұғатын аурулар (ЖЖЖА) – үлкен топты құрайды (мерез, соз, трихомониз, хламидиоз, уреаплазмоз және т.б). Бірақ, әлеуметтік тұрғыдан қарастырғанда, мерез бен соз үлкен орын алады. Басқа да әлеуметтік аурулар сияқты бұл аурулар қоғамның әлеуметтік және экономикалықжағдайына кері әсерін тигізеді.
ЖЖЖА-мен науқастану құрылымынды жиілігі бойынша бірінші орынды – трихомониаз, екіншісін – мерез, үшіншсін – хламидиоз, төртіншісін – соз алады. Создың статистикалық аз болу себебі адамдар өздігінен емделіп немесе жеке коммерциялық мекемелерде тіркеусіз емделеді. Мамандардың айтуынша 1998-2001 жылы аралығында мерезбен ауыратын науқастардың уақытша азаюы анықталса, ал 2005 жылдан бұл ауру жаппай өршіп, тіркелгендер саны көбеюде.
ЖЖЖА – ауруларының жиі кездесетін этиологиялық факторлары:
Ерте реттелмеген жыныстық қатынасқа түсу;
«қауіпсіз» секс жайында білімінің болмауы;
Қоғамада жезөкшеліктің көбеюі;
ЖЖЖА ауруларына мән бермеу немесе көңіл бөлмеу;
ЖЖЖА ауруларын емдейтін препараттарды тұрғындардың емін – еркін аптекалардан, жеке адамдардан алулары. Соның салдарынан адамдар өздігінен сапасыз емделіп, тексеруге алынбайды, қадағаланбайды.
Қоғамда кездесетін криминалдық жағдайлар (зорлау және басқа да сексуальды бұзақылықтар)
Бұл тотағы аурулардың негізгі зардабы, адам тек өзі ауырып қана қоймай көптеген адамдарға жұқтырыды.
Есте болатын жәйт, ЖЖЖА ерексектерге қарағанда жастарда трихомонияз және кандидоз ифекциясын жиі жұқтыру; АИВ инфекциясының маркерларының жоғарғы көрсеткіштері; жұқтыру уақытында басқа да қосымша аурулардың болуы. Бұл айырмашылықтар бірнеше факторлармен байланысты, соның ішінде: балалық және жасөспірім шақтағы анатомо-физиологиялық ерекшеліктер, қосымша иммунитеттің төмендеуіне әкелетін жалпы соматикалық аурулардың болуы, гормональды фондағы патология ретінде көрінетін репродуктивті жүйенің төмен болуы.
ЖЖЖА-ны көбінесе «әрекет ауруды» деп қарастырады. Мысалы: толық емес отбасында өмір сүру немесе жанұясындағылардың бірі маскүнем болса-бұл жағдайлар криминалдық әрекеттерге әкелуі мүмкін.
ЖЖЖА-мен ауыратын жастарда көбінесе психикалық аурулар болады.
Ауру басында жеңіл сияқты көрініс бергенімен, кейін ол ауыр бедеулікке, ұрықтың құрсақішілікзақымдануына, репродуктивті жүйенің әлсіреуіне әкелуі мүмкін.
ЖЖЖА аурулар деген аталуына қарамасатан бұл аурулар тұрмыстық қатынас, сексуальды емес қатынастарданда, босану уақытында да жұғуы мүмкін. Сондықтан 100% нәтижелі алдын алу шаралары жоқ. Бірақ арнайы бір гигиеналық тәртіптерді орындалса, аурулар саны азаюы мүмкін. Олар күрделі емес:
- Жыныстық қатынас тек тексерілген, белгілі партнермен болу керек: Американдық зерттеушілердің мәліметі бойынша инфекция жезөкшелерден емес интелегентті адамдардың арасынан шығады. Жиі жыныстық қатынасқа түсетін адамдар өздерінің денсаулығын ойлап, тексерілуден өтіп тұрады, ал некеге тұрған әйел мен еркек ауру белгісін білсе де жазылып кетем, немесе ол жалған деген ойда болады. Сондықтан ауру жасырын түрде өтіп, өзінің жолдасына одан ары қарай ол қатынаста болған адамдарға тарауы мүмкін. Кейбір дәрігерлер бір -біріне сенетін ерлі зайыптылардың өздеріне жылына екі рет ЖЖЖа ауруына тексеріліп тұруын ұсынады.
- Барьерлі контрацепцияны қолдану. Көптеген жүктіліктен сақтайтын әдістер инфекция жұқтырудан сақтамайды. Көптеген мүшеқаптарда микропоралар арқылы инфекцияның енуіне мүмкіндік бар. Сонымен мүшеқап ЖИТС-тан, гепатит, герпес, басқа да вирусты аурулардан толығымен сақтамайды.
- Химиялық заттармен профилактикалық шаралар жүргізу: Әйелдер контрацепция ретінде қолданылатын Фарматекс және Патентекс препараттарының азда болса, антимикробты қасиеті бар. Олар крем немесе капсулалар түрінде шығарылып, жыныстық қатынасқа дейінгі 5-10 минут бұрын енгізіледі. Бірақ бұл әдіске де толық сенім жоқ. Химиялық қорғанысқа сабындармен арнайы гельдерді де жатқызуға болады. Оларды жыныстық қатынстан кейін қолданады.
- Профилактикалық ем қолдану. Абайсызда болған қатынастан кейін антибиотк қолдану негізделмеген, бірақ қолдануға болады, қайта қайта антибиотикпен емделудің нәтижесі болмайды. Ол микроорганизмдердің антибиоттике тұрақтылығын арттырады. Сондықтан ауру жасырын түрде өтіп, аллергия тудырып, соңында асқыну болу мүмкін.
Осылайша, ЖЖЖА-толық анықталған профилактикасы жоқ, бірақ, жоғарыда көрсетілген нұсқауларды орындап, жиі тексеріліп тұрса ауру саны азайып, асқыну тудырмайды.
Әлеуметтік аурулардың негізгі алдын алу шаралары.
Аурулар профилактикасының мақсаты аурулардың пайда болуының немесе өршуiнiң, сондай-ақ олардың зардаптары мен асқынуының алдын алу болып табылады.
2. Аурулар профилактикасы бастапқы, қайталама және жалғаспалы болып бөлiнедi. Бұл шараларың ауру турлеріне байланысты көлемі әртүрлі.
Аурулардың бастапқы профилактикасы (жаппай және жеке) аурулардың пайда болуының алдын алу мақсатында тiршiлiк ету үшiн қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
Аурулардың қайталама профилактикасы аурулардың ерте сатыларында өршуiнiң және олардың зардаптарының алдын алуға бағытталған.
Аурулардың жалғаспалы профилактикасы өршiп кеткен асқынуды, ағзалар мен тiндердiң зақымдануын бақылауға бағытталған.
Аурулардың, оның ішінде жұқпалы аурулардың алдын алу үшін Профилактикалық егудi жүргiзу өте маңызды . Сондықтан ол заң жүзінде бекілген:
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде инфекциялық және паразиттiк ауруларға қарсы профилактикалық егiлуге мiндеттi.
Профилактикалық егу жүргiзiлетiн аурулардың тiзбесiн, тәртiбiн, оларды жүргiзу мерзiмдерiн және жоспарлы түрде егiлуге жататын халықтың топтарын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды
Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзегеа сырылуға тиiс
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдары сатып алатын профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтау уәкiлеттi органның қоймаларында жүзеге асырылады.
Негізгі әдебиет: (1,2,5,6,7,11,12,15,16)
Қосымша әдебиет: (1,2,3,5,8,14,11,15,16)
