Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘК умк ӘГ+ӘМ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
678 Кб
Скачать
☆

2.2 Лекциялық сабақтар тезисі

Тақырыбы :Әлеуметтік гигиена-қоғамдық денсаулық туралы ғылым. Денсаулық - әлеуметтік құндылық.

Дәріс тезистері:

  1. Денсаулық туралы жалпы түсінік, анықтамасы, оның негізін құрастыратын бөліктері.

  2. Денсаулыққа медициналық, әлеуметтік, экономикалық, табиғи, биологиялық, психологиялық т. б. факторлардың әсерлері.

  3. Денсаулықтың топтары, көрсеткіштері, оларды бағалау әдістері. Осы салада еңбек еткен белгілі ғалымдардың зерттеулері.

  4. Әлеуметтік гигиена-қоғамдық денсаулық туралы ғылым.

Денсаулықтың анықтамалары көп. Соның ішінде БДСҰ немесе (ВОЗ) қағидаларына сәйкес – бұл тек ару белгілерінің немесе шағымның жоқтығы ғана емес, сонымен қатар, толық әлеуметтік-биологиялық және психологиялық сәйкестік, яғни барлық дене мүшелерінің қалыпты әрекеттері.

Адамдардың әрқилы әрекеттерінің арасында өзара тығыз байланыс болады. Адам мүмкіндігінің негізгі жағдайы әр адамның жекебасының денсаулығының сапасына байланысты. Адамзат потенциалының рухани ақыл-ойын, физикалық дамуын және олардың сақталуын даму барысында үйлесімді қалыптасқан бақарушы әлуметтік институт ( бұл арнайы бағдарламалар арқылы көптеген әлеуметтік шараларды жүзеге асыратын мекемелер жиынтығы)қарастырады.

Басқарушы әлуметтік институт адам денсаулығына жауапты болып, мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесін қалыптастырып және аурудың алдын алатын қоғамдық шараларды қарастырып, науқасты сапалы емдеуді қадағалайды. Денсаулықты сақтаудың ғылыми–практикалық негізгі - медицина.

Адамның денсаулығын сақтау мәселесі тек қана денсаулық сақтау жүйеінің ғана проблемасы емес, сонымен қатар мемлекеттік мәселе екенін естен шығармау керек. Медицинаны дамыту, денсаулық сақтаудың ғылыми – практикалық негіздерін жақсарту – халық денсаулығын сақтау және сол арқылы олардың жалпы жағдайларын жақсарту - өте маңызды әлуметтік -экономикалық проблема болып саналады.

Есте болатын жәйт: Біздің қоғамда адамдар денсаулық жөнінде, оны сүйемелдеу үшін не істеу керек екені жөнініде «көп!» біледі. Бірақ, осындай білімді адамдардың денсаулығы өте төмен дәрежеде. Неліктен? Негізгілерін атап көрсетейік:

  • Денсаулықты сақтауды оқытуда елімізде бірізділік және үздіксіз дамыту жүйесі қолданылмайды ;

  • Жас баладан бастап, қартайғанға дейін әр адам өз денсаулығына өзі жауапты екенін, яғни әр ададмның денсаулығы өз қолында деген қағиданы дұрыс түсінуі қажет;

  • денсаулық жөнінде түрлі негізгі және қосымша белгілерді анықтау дәрежесіне концепциялық бағдарлама жасалмаған;

  • Қазіргі кезде барлық санитарлық ағартушылық жұмыстар ақпаратты құрал арқылы өткізіледі. Олар ауруды анықтау, емдеу халықтың өз денсаулығына деген жауапкершілігне байланысты екеніне көп көңіл бөлмейді.

  • Елімізде денсаулық приоритеті жоқ , мемлекеттің әлуметтік қорғау қаржылары сау адамды емес науқастарды емдеу, сауықтыру бағытында жұмсалады. Сондықтан, адамның өз денсаулығын материалдық байлық деп қалыптастыруы жөнінде құқықтық акттер жасау керек

  • Қоғамда дені сау адамдарға еліктеушілік, қызығушылық жоқ. Олар жұртшылыққа еленбейді.

  • Біздің елде демалуды ұйымдастыру және оның мәдениетіне көңіл бөлу жетіспейді. Осы мақсатта денсаулық мәдениетін қалыптастыру үшін мектепке дейінгі жастан бастап, жоғарғы оқу орнын бітіргенге дейінгі мерзімде, отбасылық клубтарда болатын топтарды қамтитын арнайы білім беру жүйесі - негізгі мақсат етіп қойылуы тиіс.

Цивилизацияның және күрделі технологияның дамуы қазіргі кезеңде адамдардың денсаулығының төмендеуіне үлкен әсерін тигізуде.

Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, өлімнің себебінің 54% асқынған соматикалық аурулардың әсерінен болатын болса, өндірісі дамыған елдерде бұл көрсеткіш 75 % құрайды.

Денсаулық сақтаудағы медициналық - клиникалық зерттеулердің жоғары приоритетеріне қарамастан, диагностика және емдеу әдістерінің сапасы төмен, қазіргі медицина ғылымының жетістігін қолдануға қабілетті емес, бірақ бар бюджетті емдеу препараттарын, дәрі түрлерін дамыту үшін қолдануға қабілетті.

Жыл сайынғы медицина саласындағы көп пайызды экономикалық қаражаттың, бюджеттік қаржының жұмсалуы «дәрілік патологияны» дамыту мен асқынған соматикалық және жұқпалы аурулардың эпидемиясымен күресуге жұмсалады.

Халықтын денсаулығы - бұл әр адамның салауатты өмір салтын сапалы ұстануына (50% - 60% жуық) байланысты. Сондықтан дені сау адамдардың үлесі төмендеуде .

Бүкіл дүниежүзілік деңсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) мәліметі бойынша, аналар өлімі (жүктіліктің басталу кезеңінен бастап, ол аяқталғаннан кейінгі 42 күнде қандайда бір себептерден қайтыс болған әйелдер саны) өте жоғары. Қазақстандағы аналар өлімінің көрсеткіші 2010 жылы 100 мың адамға шаққанда 76,9 болса, бұл көрсеткіш әлі төмендеген жоқ, ал кейбір региондарда өте жоғары. Ана өлімнің негізгі себептері ретінде аборт (21,5%) басты орын алады, одан кейінгі себептер ретінде – ішкі ағзалардың ауруы ( жүрек және қан –тамыр аурулары, жатырдан тыс жүктілік6 созылмалы аурулар)

Республикада босанатын әйелдер саны 30% ғана, көпшілік болашақ аналарда жасанды түсік жасату салдарынан бедеулік қалыптасады. Мысалы, 2010 жылы Қазақстандағы аборттың жиілігі 1000 әйелдің 30% құраса, сол әйелдерде аборттан кейінгі қабыну процесі туындап, қайсыбірінде созылмалы аурулар қалыптасса, ал 60% әйелдерде - екінші бедеулік анықталады.

Денсаулық өте күрделі жағдай,- ол жеке тұлғаның әрекетімен және қоршаған ортаның әсерінің нәтижесінде қалыптасады.

Денсаулық проблемасы Авицена мен Гиппократ өмір сүрген кезде- ақ көтерілген. Сол кезде Галеннің ұғымында «үшінші күй”- денсаулық пен аурудың арасындағы өтпелілік, алмасу жайлы түсінік қалыптасады.

Денсаулық туралы ілімінің негізін қалаушы болып И.В. Лазаревтің шәкірті И.И. Брехман есептеледі Ол алғаш рет (1982ж) дені сау адамдардың денсаулығын сақтау және нығайтудың методикалық негізін қалайды. Оның тұжырымы бойынша «денсаулық жайлы ғылым тек бір ғана медицинамен шектелмейді, ол медицинаға қоса экология, биология, психология, педагогика және т.б. ғылымдардың негізінде интегралды құрылым болып саналады» деп көрсетеді. Осы мәселе бірінші рет 1987 ж. «Валеологияға кіріспе – денсаулық туралы ғылым» деген еңбекпен жарыққа шығады, және «валеология» деген (Valeo – аман сау болу) ғылыми терминді енгізіледі. Осы жылдары валеология орталықтары белсенді түрде ашылып, дами бастайды. Ал 80 - ші жылдардың аяғында қайтадан «санология» терминдері қалыптасып, денсаулықтын салауатты өмір категорясына байланысы туралы ұғымдар енгізіледі және осы мәселелерді көпшілікке жариялау басталады. Ресейде «сау әлем» атты қоғамдық қозғалыстар құрылады. Шетелдерде жалпы денсаулық туралы оқытуға арналған «health promotion» және «health eduсation» бағыттар қалыптасады.

Осы жағдайларға байланысты, денсаулықты оқыту ілімінің төмендегідей мақсаттары анықталады:

  1. Денсаулық туралы білімді қалыптастырып, оны айқындау, тұрғындардың осы бағыттағы білімдерінің дәрежесін анықтап, болжам жасау;

  2. Сау адамдардың денсаулық дәрежесінің сапасын скрининг және мониторинг жүйесін қолдану арқылы тексеріп, оған болжам жасау;

  3. Алынған мәліметтерді қолдана отырып, «денсаулықтың психологиясын» құрастырып, жеке және көпшілікке арналған сауықтыру бағдарламаларын құру арқылы денсаулықтың қоғамдағы маңызын түсіндіру;

Денсаулық түрлері және оның анықтамалары.

Адам өмірінің мақсаттық дамуына сәйкес денсаулық туралы ілімді оқуда төмендегідей аспектілер айқындалады:

- Жеке бастың (әр адамның) физикалық денсаулығын зерттеу: (диагностика, дәрежесін анықтау, болжау, сақтау, нығайту) және өмір сүру стратегиясына бейімдеу;

- Репродуктивті денсаулықтың дәрежесін анықтау;

  • Қоғамдық және әлуметтік денсаулықты қалыптастыру және оны басқару

  • Психикалық денсаулықты анықтау және оны басқару

  • Әлеуметтік денсаулықтың негіздерін қалыптастыру және оны басқару

  • Әр адамның жоғарғы сана сезімін сапалы денсаулықты сақтауға бағыттау.

Сонымен, әлеуметтік гигиенаның ең негізгі мақсаты - қоғамдық денсаулықтың көрсеткіштерін жан-жақты зерттеп, оларды тиісті дәрежеге, қалыпты жағдайға сәйкестендіру үшін қажетті гигиеналық шараларды анықтау.

Негізгі зерттеу әдістері: статистикалық, социологиялық, хронометриялық әдістер, олардың сипаттамалары.

Санитарлық статистиканың мақсаттары мен міндеттері:

Тұрғындардың денсаулығының көрсеткіштерін анықтау: демографиялық (тууы, қайтыс болуы, миграция т.б.) көрсеткіштер; физикалық даму көрсеткіштері; аурушаңдық; зақымданушылық; мүгедектік, т.б.

Көрсеткіштердің нәтижелерін талдай отырып, ҚР-дағы демографиялық жағдайға сипаттама сипаттама беруге болады. Осымен қатар әлеуметтік-гигиеналық мәселелердің шешілу жолдарын қарастыруды мемлекеттік және денсаулық ұжымдары әзірлейді.

''Ауру'' түсінігі және оның шығу тегі, маңызы. Ұлы орыс ғалымы, дәрігер С.П.Боткин практикалық медицинаның мақсатымен амалдарын былай анықтайды: «Практикалық медицинаның басты және маңызды міндеті – ол ауруды анықтау, ауруды емдеу, ауру адамның азаптануын, қиналуын жеңілдету». Егер дәрігердің бірініші мақсаты ауруды анықтау болса, «ауру» не екенін анықтау керек. Оның себебі мен қалыптасуы қалай?

Денсаулыққа – ауру қарама қарсы ұғым, ол жаңа сападағы жағдай, яғни организмнің дені сау қал-жағдайына қарағанда айырмашылығы бар. Денсаулық және ауру ол әртүрлі нәрсе бірақ бір бірімен байланысты. Айнала ортадағы организмнің өмір қызметінің 2 түрі – физикалық және социалдық, олар адамның өмірі бойы бір бірімен байланысты. Ауру ол анатомиалық және функционалдық бұзылу емес, патогендік немесе бұзылған әрекеттердің нәтижесі және олардың саны емес, ол осы өзгерулердің бұзылуларынан болған тұтастық өзгеріс.

Қысқаша, аурудың анықтамасы келесідей:

Ауру - ол ішкі ортаның әсерінен ағзаның тіршілікке икемділігінің бұзылуы, бұрыңғы уақыттығы ( жас кезіндегі) компенсаторлық мобилизацияның және қабілетті миханизмдердің еңбекке жарамдылығының, төзімділігінің төмендеуі.

Ағзаның тіршілігіндегі негізгі шарттың бұзылуының нәтижесінен ауру пайда болады. Мысалы: басқа климаттық жағдайда көшуден адам аурға шалдығады, бұл период акклиматизация деп аталады.

Аурудың негізгі, бірінші белгісі – ағзаның бұзылуы, зақымдануы (структураның бұзылуы, функцияның бұзылуы, ферментердің жоқтығы, механизмдердің, гомеостаздың жетіспеушілігі және т.б.).

Екінші белгісі ағзаның әртүрлі бұзылуларға реакциясы: стимул немесе қоздырғыш реакциялары – тірі дененің бастапқы қасиеттерінің бірі (функционалдық қоздырғыш) төмендеуі.

И.П. Павловтың айтуынша: ауру ол бұзылу нәтижесі ғана емес, тіршілік фунцияның бұзылуы, яғни «сыну». Әр ауру қоздырғышы бұзу жасағанда ауруды туғызады, сонымен қатар ауруға қарсы арналған механизмдерді ісе қосады, бұл механизмді И.П. Павлов «физиологиялық шама» деп атаған. Бұл механизмдер жазылу процестеріне бастама болады. Оларға: антидене өндірудің күшейуі, жүрек жұмысының және қан жолдарының - тамырларының толығуы және жылдамдуы, тыныс алудың терендеуі және тер бөлінуінің күшеюі,лейкоциттер санының көбеюі, және т.б. жатады.

Есте болатын жәйт, Аурудың сапасы мен дәрежесін бейімделу анықтамайды, оны бұзылу анықтайды. Егер, бейімделу құбылысы жазылу фазасындағы бұзылулардан басым болады, яғни осы құбылыстың күшеюі арқылы ауру жағдайынан сау жағдайға оралуын қамтамасыз етеді.

Әр үрдіс сияқты, ауруды да диалектикалық дамуда қарастыру қажет.Сондықтан аурудың бастапқы және асқыған кезеңдерінде оның ағзаға әсері бірдей болмайды.

БДСҰ (ВОЗ) мәліметі бойынша осы уақытқа дейін 16 000 астам адам ауруларының нозологиялық түрі белгілі.

Тақырып бойынша негізгі коцепсияларға тоқталайық:

Салуатты өмір (латынша «модус вивендум») БДСҰ анықтауында: сауатты өмір бұл өмір жағдайының әрекеттесу арасының жайлы негізделуі және жеке тұлғаның нақты моделінің тіршілік тәсілі.

Өмірдің сапасы – салауатты өмірдің анықтамасы, кең мағанадағы адамның әлуметтік және рухани бостандығын анықтайтын дәреже. Жағымды және жағымсыз жағдайдың таралуынын жеке тұлғаның тірішілігін анықтайтын индикатор (білім алу, орташа кіріс, эконмикалық қамтылуы, тұрғын үй және тұрмыс техникасының және автотранспортың болуы, т.б.)

Өмір дәрежесі адамның экономикалық мүмкіншілігіне байланысты. Ол көрсеткіш қоғамының және әрбір отбасы өмірінің материалдық, экономикалық, әлуметтік жағдайына байланысты екенін білу қиын емес.

Өмір стилі жеке бастың психологиялық және психофизиологиялық мінезінің ерекшелігінің негізінде қалыптасады. Әр адам өз өмірінің жиынтығы.

Көрсетілген концепцияларға сүйене отырып салауатты өмір салатын құрудың негіздері:

  1. Әр адамның жынысына, жасына және денсаулық жағдайына байланысты құрастыру.

  2. Тұрағындардың жағдайына (климат, тұрғын үйінің жағдайы, отбасы, т,б) байланысты құрастыру.

  3. Тұрағындардың экономикалық жағдайына (тағам, киім, жумы, демалыс) байланысты құрастыру.

  4. Тұрағындардың пайдалы әдеттерінің болуына (гигиенаны сақтау, шынығу, спортпен шұғылдану, т.б.) байланысты құрастыру.

  5. Тұрағындардыңжағымсыз әдеттерінің болмауы (шылым шегу, маскүнемдік, гиподинамия, әртүрлі пайдалы режимдерді сақтамауы,т.б) байланысты құрастыру.

Келесі дефинция – бұл:

Денсаулықты қалыптастыру – өскелең жас ұрпақтың өсуі және дамуын оптимализациалаудағы шаралар жинағы және жеке тұлғаның денсаулығын сақтау , нығайту және қолдау шаралары.

Саногенез – жеке тұлғаның денсаулығын сақтаудың физиологиялық механизмі. Бұл механизм (гомеостаз, адаптация , регенерация т.б.) сау ағзада да, ауру ағзада да анықталады.

Санитарлық оқыту (БДҰ анықтауынша) – саналы түрде денсаулықты сақтау, қалыптастыру үшін арнайы жүйелі білімді игеру.

Біз денсаулық жайлы айтқанда, санамызға ұғымның қарсы мағынасы- «ауру» келеді. Ауру бұл ағзаның қалыпты тіршілігінің бұзылуы, адам ағзасының эндогендік немесе ішкі ортада болатын экзогендік зиянды себептердің нәтижесі.

Ю.П. Лисицинның (1982) ойынша қоғамдық денсаулық - қоғамдағы әр адамның денсаулығынының жиынтығы.

БДСҰ сарапшыларының тұжырымы бойынша, популяциялық (қоғамдық) денсаулық. төмендегідей көрсеткіштермен анықталады:

А. Денсаулық сақтау саласындағы саясатқа қатысты көрсеткіштер:

- әр тұрғынға бөлінген алғашқы медико – санитарлық көмектің қорының

жеткіліктілігі;

  • қоғамдағы табыстық қорының дәрежесі және дұрыс бөлінуі;

  • денсаулыққа жетуге халықтың талпыныс денгейі

  • денсаулық сақтау органдары мен басқарудың аппараттарының болуы.

Б. Әлуметтік – экономикалық көрсеткіш құрамы:

  • Халықтың өсу денгейі

- Жалпы ұлттық өсу

  • Жұмыссыздық денгейі

  • Пәтер үй жағдайлары (1 бөлмедегі адам басын)

  • Әр адам басына қажетті энергия өндіру

В. Медициналық көмекті ұсыну көрсеткіші;

  • Медициналық көмектің сапалы болуы

  • Оның әр ададмға жеткіліктігі,

  • Экономикалық қол жетімдігі

  • Медициналық көмектің мәдениетті атқарылуы (медицина қызметкерлерінің мәдениеті, қажетілікті түсіну деңгейі және профилактиалық тексерістің қысқалағы, )

Г. Денсаулықтың алғашқы медико- санитарлық көмекті қамыту көрсеткішінің құрамы:

  • Санитарлық оқыту (әр дамды және қоғамдық)

  • Сапасы жақсы тағаммен қамту

  • Сапасы жақсы сумен және оның жабдықтауымен қамту

  • Ана мен бала денсаулығын қорғау

  • Отбасын жоспарлау

  • Негізгі жұқпалы ауруларға қарсы имунитеттеді қалыптастыру

  • Қажетті негізгі дәрі – дәрмектермен жабдықтау

  • негізгі аурулармен жарақат алған адамдарды сапалы емдеу мүміншілігі

Д. Қоғамдық денсаулық көрсеткіштері:

- Жаңа туған балалардың арасында дене салмағы 2500 гр. кем емес балалардың % -дық үлесі;

  • балалар мен жасөспірімдердің арасындағы жас нормативтеріне сәйкес дамыған балалар санының үлесі ( % )

  • балалармен жас өспірімдердің психофизикалық даму көрсеткіштері

  • бала жастағы өлу деңгейінің (жас кезеңдері бойынша) көрсеткіштері

- өмірдің орташа ұзақтығының көрсеткіштері

  • жеке аурулардан өлу көрсеткіштері

  • аналардың өлімінің көрсеткіштері

  • науқастану (жалпы жұқпалы, жұқпалы емес аурудың жеке түрі, еңбекке қабілеттіліктің уақытша жоғалуы, ауруханаларға жатқызу ( «госпитальдау») және инвалидизазцияның көрсеткіштері

  • әлуметтік және интелектуалды патологияның көрсеткіші (өзін өзі өлтіру, наркомания, алоголизм, шылым шегу, балалық қылмыс, транквилизаторларды қолдану және т.б.)

ҚР «Адам валеологиясы - өмір философиясы» атты трилогияның авторы Л. З. Тельдің ұсынысымен валеологиялық және сауықтыру әрекеттерінің жүйесі құрылды, ол денсаулыққа валеологиялық көзқарасты қалыптастыруға қызмет етеді.Салауатты өмірді салтқа айналдырудың негізгі қағидаларын қарастырады.

Сонымен, тақырыпты тұжырымдай келе айтарымыз:

Салауатты өмір салты ауқымды кең ұғым. Сондықтан оны ұстануда әр адамның өмірге көзқарасының, тәрбиесінің, дағдысының, мәдениетінің атқаратын рөлі жоғары. Дегенмен, көпшілігіміз үшін салауатты өмір салты орындалуы қиын әлдебір ережелердің күрделі технологиялардың жиынтығы секілді көрінетіні жасырын емес. Содан да денсаулығымызға пайдасы зор салтты өміріміздің өзегіне айналдыруға мойнымыз жар бермей жүргеніміз қанша ма? Назарларыңызға ұсынып отырған салауатты өмір салтын ұстанудың бес жолы нақты түсінуге мүмкіндік береді.

  1. Тамағыңызды таңдай біліңіз

Американдықтар айтқандай адам дүниеге инструкциясыз келеді. Нақты ағзаға нақты не керек екенін тек сол ағзаның өзі ғана біледі. Сондықтан барлық адамға немен, қалай қоректену жөнінде кеңес беру ақылға сыйымсыз жағдай.

Алайда, тамағымызды дұрыс таңдауда бізге тек тәжірибеміз бен интуициямыз ғана көмекші бола алады. Мәселен , тәжірибе сүттен жасалған тамақтармен қоректену денені дел-сал етіп , ұйқы келтіре беретіндігін, ал көкөністі диета керісінше сергек, белсенді ететінін аңғартады. Интуиция мүлде басқаша. Егер екіқабат әйел бор немесе топырақ жесе , бұл – таза интуиция, яғни оның ағзасы өзіне кальций керектігі жөнінде хабар беріп тұр деген сөз. Интуициясы ерекше дамыған адамдар өздеріне не керек екендігін қашанда біліп тұрады. Ең бастысы, олар диеталарын таңдауда белгілі бір қатал жүйенің шеңберінде қалмауы керек. Мәселен олардың ішіндегі бірі сүт тағамдарының ағзаға пайдасы жоқ деп санауы мүмкін. Бірақ ол айран ішкісі келіп тұрса одан бас тартпауы керек. Өйткені бұл аңсардың негізінде қандай бір биологиялық қажеттілік жатуы әбден мүмкін. Диетолог мамандар кімнің интуициясы әлсіз соларға мынадай кеңестер береді:

Біріншіден, тағам өзінің түп атасына жақын болған сайын пайдалы. Мәселен , ақ наннан гөрі бүтін бидай түйіршігінен пісірілген ботқа, шұжықтан гөрі ет тағамдары, қорапталған шырыннан жеміс, тосаптан - жидек анағұрлым сіңімді. Ең бастысы, өз мезгілінде жеу керек. Табиғи тамақтармен қоректенуге көшкеннен бастап біраз адамдар өздерінің аз жеп, артық салмақтан арыла бастағандығын байқаған.

Екіншіден мүмкіндігінше көкөністермен жемістер, дәмдеуіш шөптер күн сайын сіздің ас столыңыздан табылу керек. Және олардың кейбірінің саңырауқұлақ , қалақайдан бастап, итмұрын, долана, қымыздыққа дейінгі жабайы көкөніс болғаны өте маңызды. Бұлардың құрамы түрлі микроэлементтерге өте бай.

Үшіншіден, сіздің рационыңыз әртүрлі болған сайын пайдалы. Ағзаға қажетті витаминдер тек өсімдікте ғана емес, малдан алынған тағамдарда да көп екенін ұмытпаңыз. Егер сіз осыған қол жеткізсеңіз қалған төрт пункттегі талаптарды орындаудың еш қиындығы жоқ.

  1. Бір орында отыра бермеңіз

Арамызда өзінің уақытын тиімді пайдаланып, тыным таппай жүретін адамдар баршылық. Сол секілді істейтін жұмысы толып жатса да бәріне қолды бірақ сілтеп, бос отыратындар да аз емес. Шын мәнінде жай ғана еден жуудың қаншама пайдасы бар. Оның мәселен аэробикамен айналысқаннан артықшылығы көп. Біріншіден үйден шығудың қажеті жоқ. Екіншіден ағзаға қажет жүктің аласың әрі қоршаған ортаны сауықтырасың. Яғни, еден жуылып еді, үйдің іші тазарып қалды.

Бір сөзбен айтқанда дене жүйелі түрде қозғалыста болу керек. Мақсатты тұрде, ақылы, ақысыз түрде болмасын әйтеуір оның және әр мүшесін жұмыс істеуге мәжбүрлей беру өте пайдалы. Қалада әсіресе тұрғындардың көбі көлікті болған соңғы кезде дене қозғалысын қамтамасыз ету қиындау. Әрине бізге американдықтар секілді спорт пен тренажерлік залдар салуды және оларға жиі барып тұруды қалта көтермейді. Бірақ солай екен деп қол қусырудың жөні жоқ. Үйіміздегі қолымыздың тиюін күтіп тұрған көп шаруа бұл мәселені жағдайға сай етіп, шешуге толық мүмкіндік береді. Тек өзіңізді бағындыруға күш салсаңыз болғаны.

  1. Үйіңіздің гигиеналық жағдайын жасаңыз

Өміріміздің көп бөлігі өтетін «шағын қоршаған ортаны» біз өзіміз жасаймыз. Ол тазалықтан басталады. Оны сақтаудың ең жақсы жолы үйді жуып, сүрту. Сырттағы ауа нашарлаған сайын іштегі тазалықты барынша күшейту керек. Егер үйде адамдардың көбінен аяқ алып жүру мүмкін болмай, тазалықты сақтау қиынға түссе онда ауа тазалағышты сатып алыңыз. Соңғы кезле сауда нүктелерінде кез-келген орташа табысы бар адам сатып ала алатын ауа тазалағыштар көптеп түсуде. Пештің үстіне міндетті түрде ауа сүзгісі қажет.

Дымқылдық үйдегі жақсы ауа райын қалыптастырудың бір жолы. Жылыту маусымы кезінде үйді үнемі дымқылдап отыру керек. Бұл міндетті түрде кір үтіктеуге, гүлдерді суаруға қолданатын жай су бүріккіштер жақсы атқарады. Олар тек ауаны ғана дымқылдап қана қоймай шаңнан тазартады. Сондай-ақ жағымды, жағымсыз иондардың біздің пайдамызға орай қатынасымызды өзгертеді.

Үшіншіден, жарықтың жеткілікті болуы. Бізге апталап, айлап жарық жетпейтін күндер болады. Бұдан тек көңіл күйіңіз бұзылып қана қоймай, ауырып қалуыңыз әбден мүмкін. Өкінішке орай, біз өзімізге қажет жарықтың мөлшерін қадағалауға дағдыланбағанбыз. Бұған арнайы аспаптың жоқтығы да кедергі. Бірақ бізге оның орнын гүлдермен алмастыруға болады. Олар үйге дымқылдық, жарық беріп, бұлардың сыртында таза оттегімен үйдегі ахуалды жақсартады. Тұрмстық техникалар көп болған сайын гүлдерді көбейте түсу керек. Олар аз болып өсімдіктер көбейсе, тіпті жақсы.

  1. Тек жақсы ойда болыңыз

Жағымды ой адамға туа берілмейді. Ол сымбатты дене бітімі секілді табанды түрде жаттығу арқылы келеді. Бізге барлық жағдайдан тек жақсылықты көруге дағдылану керек. Өзіңнің де, озгенің де кішкентай табысына қуана білуді үйренуіміз керек. Бұл оңай емес. Өйткені өмірде жақсылықтың ббәрі қиындықпен келсе, жамандық сізді өзі іздеп табады.

Жұмыста шынығатын бұлшық еттер секілді жақсы ойларда сынақта жетіледі. Жағымды ойлау дегеніміз ұнамсыз көзқарастардан, өмірдің қиындығынан бойды аулақ салу емес екенін түсінудің маңызы зор. Ол адамға өмірдің қиындығын жеңу, одан қашпау деген сөз. Сондай-ақ жағымды ойлау тәуекелге бел буып, өткеннен сабақ ала білу. Және қорқынышты, қызғанышты жеңіп, өз мүмкіндігіңді шынайы бағалау, жетістіктерді мақтан тұта алу.

  1. Өмірдің мағынасын іздей білу

Бұл пунктті негізінен мазмұнды өмірді іздеу деп те айтуға болады. Өйткені, тамақтанудың, қозғалыс пен тазалықтың адам не үшін өмір сүретінін, күнде таңертең қандай мақсатпен төсектен тұратынын пайымдаған жағдайда ғана мәні бар. Алайда небір керемет оқиғалардың ортасында жүріп, айдарынан жел есіп жүрсе де өміріне риза емес, үнемі бір нәрсеге көңілі толмай жүретін адамдар болады. Ал бұған керісінше өмірінде елеулі ешнәрсе болып жатпаса да көңілі тоқ, сезімі сергек, өмірдегі өзгерістерге қалыптаса алатын адамдар тағы бар. Міне осылар, біздің үлгі тұтуға тиіс адамдарымыз!

Негізгі әдебиет: (1,2,4,7,11,12,13,14)

Қосымша әдебиет: (1,2,3,8,14,15)

Тақырыбы: Тамақтану және денсаулық. Арнайы (коррекциялық) мекемелердегі тамақтану гигиенасы.

Дәріс тезисі:

  1. «Тиімді тамақтану», «рационалды тамақтану», «баллансталған тамақтану » түсініктерінің мағыналары.

  2. Зат алмасу үрдісі. «Ассимиляция», «диссимиляция» түсініктемелері.

  3. Ақуыз, көмірсу, майлар: сипаттамалары, тәуліктік қабылдау нормасы.

  4. Микроэлементтер: түрлері, сипаттамалары, организм үшін маңызы.

  5. Витаминдер: топтары, түрлері , организм үшін маңызы

1. Тамақтану табиғатпен қатты қарым-қатынаста және байланыста болады. Сондықтан азық-түлік алғанда немесе таңдағанда жылдың уақытына қарап алыңыз. Жылдың жазғы уақытында кепілдеме арқылы түрлі дақылдармен тамақтану керек, мысылы: 60%, жеміс жидектер, жаңғақтар, дәннің құрамы 40% болу керек. Ал қысқы уақытта 40% дән дақылдар болуы қажет. Кепкен дәнді-дақылдар, көкөністер, жаңғақтар және бидай болуы қажет. Тағамдардың түрлерін ауыстырып отыру қажет. Одан басқа жеміс жидекпен дәнді дақылдарды уақыт мерзіміне байланысты ғана емес олардың өсу жеріне де көп көңіл бөлу керек. Территорияда өсетін өсімдіктер сіз тұратын жерде немесе сіздің бақшада өсетін болса, онда олар қоршаған ортамен тығыз байланыста болады. Ал енді жоғарыда айтылғандай, барлық ескертулерді қолданып көрелік. Біріншіден - біз не жеп отырмыз деген сұрақ тууы мүмкін. Табиғат бірде тазартып, бірде жаман ғып береді. Екіншіден - табиғат бізге бергенін біз қуырып, пісіріп, бұқтырып қақтаймыз. Үшіншіден – азық-түлік өнер кәсібі, әуесқой аспазшылар сапалы әрекеттері белгісіз болады.

Барлық тарих - біздің тамақтануымызға байланысты - үлкен үзілмес тәжірибе. Тамақтану - бізден бұрын басталған миллиард жыл бұрын басталған немесе одан да көп жыл бұрын басталған шығар, ол дүниеге келетін тірі жанның барлығына қажет. Рационалды тамақтану -табиғи шикі зат, табиғи өнімдерге көп көңіл бөледі де сананы тәрбиелейді. Табиғат бізді жарытты, деген ой туады. Алайда біз өзіміздің сезімімізге нанбаймыз, тек қана сана-сезімізге сеніп жүре береміз. Бізде туғаннан даналық бар екенін ұмытып кетеміз.

Тамақтану адамның қалыпты тіршілік қызметі мен дамуы үшін қажет. Сапасыз немесе жеткіліксіз тамақтану организмнің тіршілік қызметін бұзуы мүмкін: өсудің кешеуілдеуі, жұмысқа қабілеттілігінің нашарлауы, түрлі ауруларға деген қарсылығының кемуі, қоршаған ортаның, зиянды әсерлері алдындағы организмнің төзімділігінің төмендеуі.

Тиімді тамақтану екі негізгі міндет атқаруға тиіс:

Біріншіден, ол баланың туған сәтінен бастап, оның қалыпты өсуі және дамуы үшін қажетті құрылыс материалдарымен организмді қамтамасыз етуі керек. Бұлар, негізінен, белок, май, минералдық заттар.

Екіншіден, тамақтану организмнің энергиялық шығынын толтыруға керекті оның тіршілік әрекетін қамтамасыз ететіндей, қоректік зат­тар жеткізіп тұруы керек. Бұлар — көмірсу, майлар және, ішінара, белоктар /ақуыз/. Қоректік заттардың қызметін бұлайша бөлу аздап шартты екенін айту керек, өйткені аталып өткен қоректік заттардың барлығы да организмдегі болып жататын күллі процестерге қатысып отырады.

Жалпы тамақтану мынандай негізгі гигиеналық талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

1. Тамақтың құрамында организм үшін қажетті белок, май, липоид, углевод, минералдық зат, вита­мин, су жеткілікті мөлшерде және оптималдық ара қатынаста болуға міндетті.

2. Тамақ алуан түрлі болып келуге тиіс. Оның кұрамына өсімдіктен және жануарлардан алынатын сүт, ет, балық, жұмыртқа, нан, жарма, овощ, жеміс, жидек т. б. продуктылар енуі қажет.

3. Тамақ сапалы болуға тиіс және құрамында зиянды қоспасы, ауру тудыратын микробтары болмауы керек.

4. Тамақ көлемі жағынан да, калориясы жағынан да жеткілікті болуға,яғни адамның тою сезімін тудыратындай, әрі организмнің барлық энергиялық шығынын толық қалпына келтіретіндей болуга тиіс.

5. Тамақты бір күнге дүрыстап бөлу керек. Тамақты үнемі белгілі бір сағаттарда ғана ішу қажет.

Тамақтану —әртүрлі тағамдар арқылы зат алмасуы мен энергия алмасуының физиологиялық негізі. Организмге үздіксіз қоректік заттар келіп тұрмай және одан керексіз, зиянды өнімдер бөлініп шығарылып отырылмай тіршіліктің болуы мүмкін емес. Сөйтіп, зат алмасу, немесе метаболизм тіршіліктің ажырамас белгісі болып есептеледі.

Организмге келіп түсетін қоректік заттар күрделі өзгерістерге ұшырайды және содан кейін барып организмнің клеткалары мен ткандеріне пайдаланылады. Тамақты сіңірудің және одан жаңа клеткалар мен ткандерді жасаудың осы күрделі процесін ассимиляция деп атайды. Организм клеткалары мен ткандерінің қүрамына енетін органикалық заттардың тіршілік процестері үшін энергия шығара отырып ыдырауын диссимиляция деп атайды.

Ассимиляция мен диссимиляция бір-бірінен бөлінбейтін, әрі орталық нерв жүйесімен реттеліп және басқарылып отыратын зат пен энергия алмасудың біртұтас процесін құрайды. Зат пен энергия алмасуының негізіне организмнің қальшты тіршілік қызметі үшін қажетті энергия бөліп шығаратын қышқылдандыру-қалпына келтіру реакциялары жатады.

Тамақтанудан 12 сағат өткеннен кейінгі, ауаның температурасы 20°С кезінде адамның толық тыныштык жағдайында жұмсайтын ең аз энергиясын негізгі алмасу деп атайды. Басқа кез келген жағдайда: қимыл, жұмыс, сөйлеу, ас қорытылу т. б. кезінде адамның энергия шығыны молаяды, ол негізгі алмасумен бірлесе отырып жалпы алмасуды құрастырады. Орындалатын жұмыс неғұрлым қарқынды болған сайын, организмнің энергия шығыны да соғұрлым мол, зат алмасуы да күштірек болады.

Тамақтық заттардың потенциалдық энергиясын, зат пен энергия алмасуын жылу бірлігі килограмм-калория (ккал), немесе үлкен калориямен өрнектейді. Үлкен калория дегеніміз 1 л суды 1°С-ге жылытуға қажет жылу мөлшері.

Тамақтың энергиялық мүмкіндігі оның құрамына байланысты.

Ең күшті потенциалдық энергия майда болады, бұл мына мәліметтерден көрінеді: