Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘК умк ӘГ+ӘМ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
678 Кб
Скачать
☆

3. Алкоголизм және оның әсері

Адамзат ерте кезден бастап химиялық жолымен әртүрлі есерткі заттарды қолдан жасаған. Олардын ішіндегі жан дүниеге әсер ететін алкогольді ішімдіктер. Алогольді қолданғанда адам өзінің мінез- құлқын саралап реттеу мүміндігінен айырылады. Алкогольді жиі ішкендіктен өте қауіпті ауру - ол алкоголизм пайда болуы мүмкін.

Алкоголизмнің даму себептері. Психологиялық, биологиялық және әлеуметтік факторларды өзара байланыстығын қарастыра отырып алкоголизм ауруының қалыптасуын байқауға болады. Осыған бір мысал: Біздің жеріміздің өнімділігі үлкен немесе кіші болуы мүмкін болса, дәл сол сияқты адамдарда да үлкен немесе кіші алкоголизм болуы мүмкін. Құнарлы жерден аз тұқымнан өте жақсы егін шығуы мүмкін. Дәл сондай жағдайда құнарсыз топырақтан жақсы нәтиже күту қиын. Бәріміз де білеміз өсімдік жақсы өсу үшін климаттық жағдайларды (температра, ылғаландыру, күннің сәулесі) талап етеді.

Ал енді адамдарды алсақ, оларда химиялық заттар да, биологиялық факторларда бар: олар алкогольді өте көп ішіп және ішетін ортада ішкіштермен қатынаста болады (жоғарыдағы біз айтқан құнарлы жерге ұқсай ма? Мынандай адамда өте аз уақытта алкоголизмнің болуы мүмкін.

Алкоголь ішкеннен кейін азқазаннан қанға 2 минутта барады. Қан оны бүкіл ағзаға таратады. Ең алдымен үлкен ми сыңарлары жасушалары азаптанады. Адамның шарты рефлекстерінің әрекеті нашарлайды, күрделі қимылдардың қалыптасуы баяулайды, орталық жүйке жүйесінде қоздыру және тежелеу процестерінің қарым қатынасы өзгереді.

Алкогольді ұзақ уақыт пайдаланудың әсерінен бауыр жасушылары өзгеріп олар дәнекер ұлпасымен алмасады. Бауыр алкогольден зақымдалғанда өт пигментерінің алмасуы бұзылады. Маскүнемдер көбінесе гастрит және ұлтабардың жара ауруларынан зардап шегеді.

Алкоголь гипертония ауруының және жүрек тамыр жүйесінің басқа да ауруларының дамуына себепті болады.

Алкоголизм – көбінесе қиын емделетін асқынған ауру. Алкогольді үнемі қабылдау- маскүнемдік деп аталатын қауыпты ауруды дамытады.

Алкоголизмнің белгілері:

  1. Алкогольді көп ішкен сайын, оның алдында ішкендері сияқты бұрынғыдай көңілді көтермейді.

  2. Спирттық сусындарды жиі ішу қажеттілігі өсе береді.

  3. Ішуді бастағаннан кейін, өз- өзін билеп, бақылауға мүмкіншілігі болмайды, дозасын көбейткеннен кейін әбден масаяды.

  4. Алкогольге екінші құмарлық туады, яғни өзінің мастығына қарамай одан да көп ішкісі келіп отырады,.

  5. Тәңертен жартылай есін жинайды.

  6. Алоголик өзінің масайған дәрежесін сезінбейді, басқаларға да сенбейді.

  7. Мас адамдар әдетте әдепсіз, менменсінген, ұстамсыз келеді.

  8. Қорғаныс рефлексінің жоғалуы – құсудың ішкен арақ шараптың санымен шамасына байланысты емес. Құсу рефлексі ол қауіптінің белгісі. Ол әр адамның спиртік дозасынан көп ішкендігін көрсетеді.

  9. Мүмкіншілік болған сайын ішкісі келіп тұрады. Уақыт өткен сайын, қай жерден , қашан ішуге болатыны ғана ойынан кетпей қояды.

  10. Мас болып жүргені «қалыпты» болып және алкогольдің қажеттілігі арта түседі.

  11. Жұмысқа шығудан және үйдегі міндеттерінен қашып, барлық ойы тек ішу болады.

  12. Алкогольді ішуінің салдарынан ол өзінің денсаулығына көңіл аудырмайды.

Алкоголизм төмендегідей схема бойынша дамиды:

Бастапқы фаза: масайып барып ,есін жинауы. Адамның әр уақытта спирт туралы ойы болып, ішкені аз болып көрініп тұрады да, алкогольге тойымсыздық дамиды. Бірақ ол өзінің күнәсін біліп, ол жайлы әнгімелерден қашып жүреді.

Сындық(критическая ) фаза: алкогольді бірініші жұтқаннан өзін өзі бақылай алмайды. Өзінің мастығынан ақталуға тырысып, және ішуге кедергі жасағандарға қарсы шығады. Мас адамда эгоцентризм мен агрессия пайда болады. Айналадағыларды өзінің кемістіктеріне кінәләйді, көп ішкенен кейін оның кездейсоқ достары бірге ішетіндер болады. Жұмысынан қашып, арақтан басқаға қызығушылығыболмайды.

Асқынған фаза : күнделікті ішу, есінен тануы, ақыл- ойының ауытқуы. Олар алкогольдін техникалық суррогатын сүйсініп ішеді, себепсіз қорқыныштар және басқа да алкогольдік психоздар дамиды

Көп ішкендіктен пайда болатын «ақ қызу» (белая горячка) ауруы қалыптасады. Ақ қызба (белая горячка) – бұл өте жиі кездесетін алкоголдік психоз. Ол бас жазу (похмелье) қалпында болады, мас түрінде себепсіз қорқыныштар, ұйқысыздық, қолдарының дірілдеуі, жаман түстер және т.б. есту және көру галлюцинациялары орын алады. Әсіресе түнде шулаған дыбыстар, көлеңкелердің қозғалулары елестейді. Олар жорғалап жүрген жәндіктерді, егеуқұйрықтарды көріп олардан қорғанып қашып құтылуға тырысады. Күндіз галлюцинациясы кетсе де ауру мазасызданып қолдары дірілдеп бір орында отырмайды.

Маскүнемдіктің және алкоголизмнің алдын алушаралары негізі- елден алкогольдық сусындарды тұтыну динамикасын төмндету.

Халық өмірінің әлеуметтік–регионалдық ерекшеліктері спирттік сусындардың дифференциалды тұтынуы- бұл әрекеттік шараларды болжау арқылы және алғашқы алоголизмнің алдын алу.

Сонымен, алкоголизм адамдадарда білінбей дами бастайды, ал білінген уақытта одан емделу өте күрделі мәселе болып шығады. Лайықты емнен кейін адамда қалыпты өмір сүруге мүмкіншілік туады.

Алкоголь сіздің денсаулығынызға қауіпті және қорқынышты. Алкоголь - у, сондықтан оның ағзада болуы сіздердің денсаулығыңызға зиян. Алкоголь көп ауруларды дамытады және асқындырады.

Бауыр: алкогольден зақымдалғанда өт пигментері алмасып, бүлінеді. Цирроз ауруының болуы мүмкін, ол әрі қарай қатерлі ауруларға әкелуі мүмкін.

Маскүнемдердің асқазаны гастрит, қарынның және ұлтабардың жара ауруларынан зардап шегеді, қатты қан ағып және асқазанның қатты зақымдалуы да мүмкін.

Алкоголь депрессияның себебі болады, бұл аурулардың 65 проценті өзін-өзі өлтіруге даяр тұрады.