- •Sgosm « әлеуметтік гигиена әлеуметтік медицина негіздерімен» пәНі бойынша
- •5В010500– Дефектология мамандығына арналған
- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.8 Әдебиеттер тізімі:
- •1.10 Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1. Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
- •Сырттай оқу бөлімінің тақырыптық жоспары
- •1.9 Баға туралы ақпараттар:
- •2.2 Лекциялық сабақтар тезисі
- •1 Г май (организмде өзгергенде) 9,3 ккал (килокалория),
- •1 Г белок - 4,1 ккал
- •2.Мектептің оқу-тәрбие жұмысындағы режимнің маңызы.
- •Тақырып: Спорт – денсаулық қалыптасуының маңызды аспектісі. Мүмкіндіктері шектелген балалардың дене тәрбиесінің гигиенасы.
- •Әлеуметтік аурулар және оның алдын алу шаралары
- •Негізгі әлеуметтік аурулар туралы мәліметтер. Қатерлі ісіктер
- •Нашақорлық- медициналық және әлеуметтік проблема
- •3. Алкоголизм және оның әсері
- •Нашақорлық және оның әсері.
- •2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары.
- •2.6.1 Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары
- •Курстық жұмыстар тақырыбы
- •2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •2.8 Өзіндік бақылауға арналған тестік тапсырмалар
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •2.10 Глоссари
- •2.11 Әдістемелік нұсқау
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
2.Мектептің оқу-тәрбие жұмысындағы режимнің маңызы.
Оқушылардың мектептегі дұрыс ұйымдастырылған режимі (немесе мектептегі сабақ тәртібі) қалыпты жұмыс істейтін әрбір мектептің міндетті шарты болып табылады. Мұндай режим — окушылардың, күш-куаты мен денсаулығын сақтаудың негізгі шарттарының бірі. Мектеп режимін дұрыс ұйымдастырмау немесе оның орындалуына нұқсан келтіру мектеп оқушыларының жүмыс кабілетін нашарлатып, оларды шаршатуы мүмкін.
Төменде көрсетілген гигиеналық шарттарды орындау – арнайы, әртүрлі ауытқулары бар балаларға арналған мектептерде, мектеп – интернаттарда өте маңызды. Бұл талаптарды педагогикалық ұжымның әр мүшесі міндетті түрде білуі және қадағалауы қажет.
Мектептегі дұрыс ұйымдастырылған режим оку-тәрбие жұмысының сапасын арттыру, саналы тәртіпті күшейту және мектеп окушыларының денсаулығын нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Мектеп режимінің негізгі элементтері:
а) оқу жылының ұзақтығы және календарлық жылдың барысындағы үзілістер (каникулдар);
о) мектепке балалар кабылдауды дұрыс ұйымдастыру;
б) оқу күнінің үзақтығы;
в) сабактың ұзақтығы және оны тек педагогикалык жағынан ғана емес, гигиеналық жағынан да дұрыс құру;
г) пәндерді олардың ауыр-жеңілдігіне қарай дұрыс бөлу; оңай және қиын сабақтар мен жұмыстарды ұштастыру ( сабақ кестесін дұрыс құрастыру);
д) сабактар арасындағы үзілістерді тиімді үйымдастырып, таза ауаны барынша пайдалану;
е) оқу күні бойында уақытында тамақтандыру және бұл процесті дұрыс ұйымдастыру;
ж) мектеп бөлмелерінде үлгілі тазалықты, сыртқы тәртіпті және мектеп гигиенасының барлық талаптарын орындауды қамтамасыз ету;
з) балалар мен жас өспірімдердің кластан тыс жұмысын дұрыс ұйымдастыру және уақыт жағынан нормалау;
и) үйге берілген сабақтарды нормалау: сабақтарды әзірлеуге қажетті уақыт, тапсырма берілетін пәндердің саны; тапсырма-лардың сипаты (бірыңғай ауызша немесе бірыңғай жазбаша тапсырмалар беруге болмайды);
к) мектеп режимінің оқушылардың тәуліктік режимімен табиғи байланысы.
Барлық кластар үшін оқу жылының ішінде каникулдар (күзгі, қысқы және көктемгі) тағайындалған. Селолық мектептерде көктемгі каннкулды өткізудің уақыты жергілікті климат жағдайларына байланысты белгіленеді. Сөйтіп, оқушыларға бүкіл оку жылының бойында жалпы демалыс күндерінен басқа, біршама ұзақ, демалыс беріледі. Оку сабақтарын каникулдармен ұштастыру оқу жылы бойына программалық материалды біркелкі етіп бөлуге мүмкіндік береді, бұл оқушылардың шамадан тыс шаршауын болдырмайды, олардың денсаулығын сақтайды, бірнеше айлық қажырлы оқу енбегінен соң олардың күш-куатын толық қалпына келтіруге жағдай жасайды. Алғашқы үш төменгі класс оқушылары үшін ең қысқа оқу жылы тағайындалған, өйткені төменгі Класс жасындағы балалардың организмі әлі жеткілікті қатаймаған және бұл жаста олардың күші де шамалы болады. Осыған байланысты оқу жылының ұзақтық мерзіміне шек қою және жазғы каникулдың мерзімін ұзарту қажет.
Балаларды мектептегі оқуға әзірлеу. Мектеп гигиенасы тұрғысынан алғанда балалардың мектептегі оқуының басталу уақыты туралы мәселе — аса маңызды мәселе.
Балаларды мектепте жүйелі түрде оқытуды 7 жастан бастауға болады. Бірақ бұл 7 жасқа дейін балаларды қарапайым түрде оқытумен шұғылданудың керегі жоқ дегендік емес.
Қазіргі кезде балалар бақшаларында балаларды ана тіліне, есептеуге және т.б. оқыту енгізілген, ол бүкіл группамен жүргізілетін арнаулы сабақтарда жүзеге асырылады. Бұл балалардың мектептегі білімді ары қарай меңгеруін жеңілдетеді.
Алайда баланың ақыл-ойының мезгілінен бұрын, әрі жасанды түрде дамытылуы оның денсаулығына және психикалык күйіне зиянды әсерін тигізуі мүмкін.
Оқу жылында сабақтардың басталуын дүрыс ұйымдастырудың маңызы да кем емес. Мектепке жаңадан баратын жеті жастағы балалар айрықша назар аударуды талап етеді. Жеті жасар балаларды мектепте оқытудың бірнеше жылдық тәжірибесі бүл балалар класта болған алғашқы күндерінде және тіпті алғашқы апталарында, өздері үшін жаңа мектеп тәртібіне қиындыкпен бағынатындығын және олар үшін үйреншікті емес мектеп режиміне нашар көндіретінін көрсетті.
Сондай-ақ балалардың жүйелі оқу жүмысына әдеттенуі де қиын болады, осының салдарынан олар тез шаршайды. Мұның бәрін есепке алу және жеті жасар балалар үшін мектептегі оқу жұмыстарын біртіндеп көбейткен жөн.
Оқу күнінің, үзақтығы және оқушының жұмысқа қабілеттілігін сақтау. Оқу күнінің үзақтығы мектеп режимінің аса маңызды бір элементі болып табылады. Ол балалардын, жасына сәйкес келуге тиіс. Өте үзақ оку күні оқушылардың жұмысқа кабілеттілігін күрт төмендетеді. Оның үстіне оқу күнінің бойында сабақ санының көп болуы балалар мен жас өспірімдерді олардың денсаулығы мен дұрыс жетілуі үшін аса қажетті таза ауада жеткілікті болу, ойынмен және спортпен айналысу мүмкіндігінен айырады. Осыған байланысты түрлі жастағы мектеп оқушылары үшін әр күнгі өтілетін сабақтардың саны шекті болуға тиіс. Әр күні өтілетін сабақтардың саны оқушылардың ми қабығының қалыпты жүмыс істеуін қамтамасыз ететіндей болуға тиіс, ал бұл өз тарапынан оқушылардың оқу жүмысының нәтижелі болуы және күштерінің сақталуы үшін колайлы жағдайлар жасайды.
Бүл келтірілген жалпы сағат санының бірталайы ән-күйге, дене шынықтыруға, еңбек сабағына, яғни ақыл-ой жүмысын онша талап етпейтін және сапа жағынан кластағы сабақтардан өзгеше болатын сабақтарға берілетінін атап өткен жөн.
Мектептегі сабақтар дәл белгіленген уақытта, оку екі смена-да жүрмейтін мектептерде таңертеңгі сағат 9-да басталуға тиіс. Мектепте сабақтың тым ерте басталуы балалар мен жас өспірімдердің көбінесе үйқыларының қанбауына, мектепке асығуына, таңертеңгі тамақты «жүре» ішуіне әкеп соғады. Мүның бәрі, әрине, мектеп оқушыларының көңіл-күйіне және денсаулығына, ең алдымен олардын, нерв системасына, теріс әсерін тигізуі мүмкін, өйткені сабақтың тым ертелігіне байланысты тынышсыздану, кейде сабакка кешігуден қорқу елеулі нерв қозуын тудырады. Оның үстіне мектепте сабақты өте ерте бастаған кезде қысқы күндері елдің орталық аймағында, әсіресе терістікте, жасанды жарықпен пайдалануға тура келеді, ал бұл оқушылардың тек көру органдарына ғана емес, сондай-ак ми қабығының көру тітіркендіргіштерін қабылдайітын орталықтарына да зиянды әсерін тигізеді.
Тек оқу екі сменамен жүргізілетін мектептерде ғана сабақты таңертеңгі 8 сағат 30 минутта бастауға болады, ал одан ерте бастауға болмайды. Алайда тіпті екі сменамен оқығанның өзінде де сабақты таңертеңгі сағат 9-да бастауға тырысқан жөн.
Екінші сменада оқитын балалар, әсіресе төменгі класс оқушылары, педагогтар тарапынан олардын нерв системасын сақтауға ерекше мұқияттылықпен қарауды талап етеді.
Балалардың мектепке асықпай баруына және оған кешікпей келуіне (шамамен сабақ басталудан 5—10 минут бұрын) ерекше назар аудару қажет.
Оқу күнін дұрыс кұру сабақ кестесін дүрыс жасауды талап етеді.
Сабақ кестесін жасау. Сабак кестесін жасаған кезде түрліше ойларды ескеруге және сол мектептегі нақты жағдайларды (ка-бинеттерде жұмыс істеу мүмкіндіктерін, мұғалімдердің кестесін және т. б.) есепке алуға тура келеді. Алайда аса алуан түрлі жағдайлардың ішінде ең алдымен гигиеналык моменттерді ескеру керек. Кесте жасаған кезде ең бірінші еске алынуға тиісті нәрсе—қиын сабақтарды оңай сабақтармен дұрыс үйлестіріп кою. Пәндерді киындығына қарай бөлу тым салыстырмалы нәрсе және ол сабақтың мазмұнына, оқыту методикасына, окушылардың ынта қою және белсенділік білдіру дәрежесіне, мүғалімнің өз басына, оның окушыларға және баяндалатын оку материалына кай жағынан келуіне байланысты.
Пәндерді шартты түрде бұлайша бөлуге болады (алдымен неғұрлым қиын пәндерді, одан кейін оңайырақтарын келтіреміз): а) шетел тілі, математика, ә) физика және химия; б) тарих, жаратылыс тану және география; в) ана тілі мен әдебиеті; г) дене шынықтыру, еңбек сабақтары, сызу, сурет, музыка және ән салу. Дене шынықтыру сабақтарындағы негізгі нәрсе дене жұмысы, ал қалған оқу пәндерінің (математика, ана тілі және т.б.) сабақтарындағы негізгі нәрсе еңбек екенін есте сақтаған жөн; әрине ой еңбегін талап ететін сабақтарда да таза дене күшін (отыру, жазу процесі және басқалар) жұмсау орын алады.
Сабақ кестесін жасаған кезде оку күні және оку аптасы бойында окушылардың жұмысқа қабілеттілігі өзгеретінін ескерген жөн.
Бірінші сабақта мектеп оқушылары «іске икемделе бастайды», олардың жұмысқа қабілеті әлі төмен болады; екінші және үшінші сабақтарда жұмысқа кабілеттілік артып, ал төртінші сабақта шаршаудың алғашқы белгілері пайда болады. Сондықтан ми кабығы кызметінің ең көп күш жұмсауын талап ететін қиын пәндерді екінші және үшінші сабаққа қойған жөн, ал соңғы сабақтарда онай пәндерді өткен дұрыс. Жұмыска қабілеттілік апта бойынша да өзгереді. Бейсенбіден бастап мектеп окушыларының жүмыска кабілеті төмендейді. Сондықтан бейсенбіге азырак күш жүмсауды талап ететін, бір күйден екінші күйге ауыстырып отыратын сипаты бар пәндерді қойған жөн.
Оқу сабақтарының кестесін жасаған кезде көзге айтарлықтай күш түсіретін пәндер мен сабақ түрлеріне (мәселен, ұзақ уақыт жазу, оқу, микроскоппен жұмыс істеу және басқалар) күн сәулесінің бағытын ескере отырып, класқа жарық ең жақсы түсетін уакытты бөлудің зор маңызы бар.
Класқа табиғи жарықтың түсуі нашар болатын қыс кезінде көзге көп күш түсіретін жұмыстарды алғашқы және ақырғы сабақтарға коймаған жөн. Бұл жағдайда негізгі жұмысы жазу немесе көшіру болатын бірнеше сабақтың бірінен кейін бірі келмеу жағын қадағалау керек, өйткені бұл жагдайда қолдың бүлшык еттері мен көз ғана емес, сондай-ақ бүкіл көру анализаторы тұтастай және оған қоса ми қабығының тиісті участоктары шаршауы мүмкін.
Мектеп режиміндегі үзілістердің маңызы. Нерв системасының қалыпты жұмыс істеуін және оның ең жоғарғы бөлімі — мидың үлкен сыңарларының дем алуын қамтамасыз етуде бүкіл оку күні бойында әрбір сабақтан кейін дұрыс өткізілетін үзілістердің (рекреациялардың) үлкен маңызы бар. Әрбір сабақтың аралығындағы демалысты қамтамасыз ететін үзілістер міндетті түрде керек: олар сабақ барысындағы қызу акыл-ой жүмысынан кейін оқушыларға демалыс беру үшін қажет. Сондықтан олардың ұзақтығы да окушылар сабақтан соң толық дем алатындай, сөйтіп өзінің күш-куатын калпына келтіретіндей болуы тиіс.
Үзілістердің организмінің күйіне, оның ішінде окушылардың нерв системасына, тигізетін әсері бірқатар зерттеулер арқылы анықталған. Үзіліс кезінде оқушылар өз денесінің бұлшық еттерін жазуға және бір орында ұзақ қимылсыз отырудың зардаптарын кетіруге мүмкіндік алады. Үзіліс сондай-ақ еркін, терең тыныс алуға (мектептің жер участогында, алдын ала желдетілген және тазартылған рекреациялық залда немесе коридорда) мүмкіндік береді. Үзілістердің ең басты маңызы сол, олар мидың үлкен сыңарлары қабығының дем алысын қамтамасыз етеді.
Оқу күні бойындағы үзілістердің ұзақтығы түрліше болады. Бірінші, үшінші және төртінші үзілістердің ұзақтығы 10 минут, ал екінші (үлкен) үзілістің ұзақтығы 30 минут болып белгіленген. Мұнда ең алдымен алғашқы төрт класс оқушыларының мүдделері ескерілген, өйткені бұл жагдайда үлкен үзіліс ол кластардың оку күнінің жартысына тура келеді.
Көптеген орта мектептерде 30 минуттык бір үлкен үзілістің орнына екінші және үшінші сабақтардан кейін 20 минуттық екі үлкен үзіліс жасайды, бұл мектепте ыстык тамақ ұйымдастыруды айтарлықтай дәрежеде жеңілдетеді. Көптеген мектептердің тәжірибесі көрсеткендей, үзілістердің бүл ұзақтығы, егер үзілістер дұрыс үйымдастырылса, оқушылардың дем алуы үшін әбден жеткілікті.
Мектеп окушыларының таза ауамен тыныс алуы, қозғалыста болуы, сөйтіп шындап дем алуы үшін, үзілістерді гигиеналық жағынан ұйымдастыруға қам жасау қажет. Балалар жылдың жылы мезгілдерінде таза ауаға үзіліс сайын, ал қыста 20 немесе 30 минуттық үзілістер кезінде, шыққаны дұрыс.
Балалар мен жас өспірімдер үзіліс уакытында алдағы сабақтар үшін күш жинауына, үзіліс оларда демалысты дұрыс өткізу дайдыларып, жинақылықты, саналы тәртіп пен мәденнетті мінез-кұлықты тәрбиелеуіне қол жеткізген жөн. Үзілістерде айқай-шулы ойындарға және жалпы алғанда балалар мен жас өспірімдердің нерв системасын қатты коздыратын, ал кейде олардың тіпті кызып кетуіне және тәртіп бұзуына себепкер болатын қимылдарға жол беруге болмайды.
Жеке сабактардың арасындағы үзілістердің басты мазмұны бастауыш класс оқушылары үшін қимыл ойындары, мектеп участогында серуен және еркін жүріс болуы тиіс. Үзілістер кезінде балалар меп жас өспірімдердің алдағы сабаққа әзірленуіне, сондай-ақ өткен оку материалын қайталауына тиым салған жөн, өйткені ондай жағдайда үзіліс косымша сабаққа айналып кетеді де, окушыларды қажетті демалыстан құр калдырады. Осыдан окушылардың миы өзінің жүмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігінен айрылады.
Мектепте үзілістер кезінде оқушылар міндетті түрде класс бөлмесінен шығатын, ал бұл уақытта класты желдетіп түратын тәртіп орнату керек.
Мектеп режимін қатаң орындаудың қажеттігі. Мектеп режимін дұрыс жолға қоюда және жүзеге асыру ісінде балалар мен жас өспірімдер үшін мектепте ыстық тамақ ұйымдастырудың аса зор маңызы бар.
Мұғалімдер балалар мен жас өспірімдердің, барлығының тамақ алдында қолдарын жууын қадағалауы тиіс. Тамақ ішу кезінде мұғалімдер мектеп оқушыларының дұрыс отыруын, балалардың асықпауын, тамақты дұрыстап шайнап жеуін және тәртіпті тамақтануын бақылағаны жөн.
Мектеп режимінде сондай-ақ сабақтан кейін оқушылардың мектептен ұйымдасқан түрде кетуін жолға коюдың ерекше зор маңызы бар. Балалар мен жас өспірімдерді сабақтан соң мектепте кідіртіп қалуға болмайды, өйткені ол белгіленген күн режимін, мектеп окушыларының нерв системасының қалыпты кызметін бұзады. Оқушылар сабақ аяқталған соң мектепте тамактанатын, одан соң дем алатын, таза ауада ойнайтын, ал содан кейін барып үйге берілген сабақтарды әзірлейтін және кластан тыс жұмыстармен айналысатын «күні ұзартылған» деп белгіленген мектептерде ғана балалар мен жас өспірімдер сабақ біткен соң да мектепте қалады.
Сабақтар аяқталысымен оқушылар ұйымдасқан түрде киім шешетін жерге карай жүруі (бірінші кезекте басқышпен бастауыш класс окушылары түседі) керек. Ең жақсысы — мектеп оқушыларының бірінен кейін бірінің жүруі. Басқышпен жүгіруге үзілді-кесілді тиым салынады. Мұғалімдер, ең алдымен класс жетекшілері, балаларға кластан асықпай және ұйымдасқан түрде шығудың маңызын, оқушылардың басқышпен төмен түсу тәртібін, киім шешетін жерге кішігірім топ болып біртіндеп кіру және дәл солай үйымдасқан түрде сыртқа шығу қажеттігін түсіндірулері керек.
Жоғарыда аталған шаралар балалар мен жас өспірімдердің саналы тәртібінің дәрежесін арттырады, әрі жарақаттануды болдырмайды.
Мектеп режимі окушылардың тәулік бойғы режимімен табиғи байланыста болуға тиіс, өйткені тәуліктік режимнің бұзылуы көп жағдайда мектеп режиміне зиянын тигізеді, окушылардың шаршауын көбейтеді, әрі мидың қызметіне, оку жұмысының табысты болуына және балалар мен жас өспірімдердің денсаулығына теріс әсерін тигізеді. Мұғалім оқушылардын семьядағы режимі де мектеп гигиенасының талаптарына сәйкес келуіне кам жасауы кажет.
Сабақта шаршауды болдырмау. Оқыту гигиенасындағы негізгі нәрсе — оқушылардың шаршауын болдырмау. Сабақта шаршау ең алдымен балалар мен жас өспірімдердің зейінінің нашарлауынан және олардың оку жұмысы сапасының төмендеуінен көрінеді.
Балалар мен жас өспірімдер үшін сабақ неғұрлым қызықты болса, олар оқу материалын меңгеруге неғұрлым белсенді қатысса, солғұрлым олар аз шаршайды. Бұл жағдайда міндетті түрде сабактың ұзақтығының белгіленген нормасы сақталуы тиіс және белгілі бір жастағы окушылар үшін қонымды болатын оку материалы ғана оқытылуы қажет. Негізгі дидактикалык таланты — оңай материалдан біртіндеп қиынырақ материалға көшу талабын — орындау міндетті. Бұл педагогикалык талаптың үлкен гигиеналык маңызы бар, өйткені оны орындау ми қабығының қалыпты жұмыс істеуін, оқушылардың шаршаүының қалыпты түрде өсуін қамтамасыз етеді және шаршай бастау моментін алыстатады.
Оку сабақтары желдетілмеген кластарда өткізіліп, жарык жесткіліксіз болғанда және т. б. окушылардың шаршауы ұлғайа түсіп, жұмысқа қабілеттілігі төмендейтінін көрсететін бірқатар зерттеулер бар.
Окытудың, сондай-ақ мектеп пен мектептен тыс мекемелерде өтілетін бүкіл оқу-тәрбие жұмысының гигиенасын қамтамасыз ету үшін мұғалімдер оқушының жеке денсаулық жагдайлары жайлы хабардар болуы керек. Мұндай мәліметтері бар мұғалім әрбір оқушының жеке басының ерекшеліктеріне сәйкес қарым-қатынас жасайды. Осыған байланысты мектептерде окушылар жылына кемінде екі рет дәрігерлік тексеруден өткізілуге тиіс; бұл тексерулер кезінде балалар мен жас өспірімдердің системасының күйіне (әсіресе олардың жоғарғы нерв қызметіне), сондай-ақ олардың кіші-гірім ауруларын немесе даму нормасынан ауытқуларын анықтауға айрықша назар аудару керек.
Онымен бір мезгілде оқушылардың дене жағынан дамуында болған өзгерістерді көрсететін антропометрлік өлшеулер өткізіледі. Мұғалім мектеп дәрігерінен немесе медициналық тексерулер жүргізетін дәрігерден әрбір бала мен жас өспірімнің денсаулығы туралы үнемі мәліметтер алып қана отырмай, сондай-ақ әрбір оқушы үшін кажетті сауықтыру-тәрбие шаралары туралы нұсқаулар да алып отыруға тиіс.
Осыған байланысты жыл сайын күзде, сабақ басталар алдында, мектеп директоры жаңа оқу жылының алғашқы аптасының ішінде дәрігердің балалар мен жас өспірімдердің барлығын карап шығуына қам жасауы тиіс. Бұл, әрине, мектеп дәрігері жүзеге асыратын оқушыға күн сайын дәрігерлік бакылау жасау қажеттігін жоққа шығармайды.
Денсаулығында әйтеуір бір кемшілігі бар (мәселен, нерв системасы бұзылған, қаны азайған, құлағы ауыр, көруі нашарлаған, туберкулез интоксикациясына шалдыққан, қатты аурудан кейін организмі әлсіреген, жүрек ауруы және т. б. бар) балалар мен жас өспірімдерді мұғалім есепке алып, өзінің оқу-тәрбие жұмысында оқушылардың бұл кемістігін ескеріп отыруы және ол балаларға шамадан артық ауырлық түсірмей, класта және кластан тыс сабақтар кезінде ең қолайлы жағдайлар жасауы тиіс. Қейбір патологиялық жагдайлар (жүрек ауруы және т. б.) кезінде мектеп оқушыларын біршама ауыр дене қызметінен сактандырып отыру қажет.
Әсіресе кайсыбір аурулармен (мысалы, скарлатинамен, дифтериямен, тымаумен, өкпенің қабынуымен және т. б.) ауырған балалар мен жас өспірімдерге қамқорлық жасау айрықша кажет, өйткені ол аурулардың нәтижесінде организм әлсірейді және кейде жүрек ауруына ұшырайды. Мұндай окушыларды орынсыз нерв қозуынан, суық тиюден және т. б. сақтай отырып, оларға айрықша сезгірлікпен қамқорлық жасаған жөн. Бұл окушылар үшін жеке консультация ұйымдастырып, ауырған кездерінде жіберіп алған оку материалын игерулеріне көмектескен жөн. Ауырып тұрған балаларының денсаулығын қорғаудың ережелерін ата-аналарға түсіндірудің маңызы да аз емес.
Оқыту гигиенасының мәселелерін шешкен кезде өсіп келе жатқан организмнің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін мұкият ескеру қажет. Баланың және жас өспірімнің нерв системасының күйі бүкіл организмнің дамуы үшін, ең алдымен оның нервтік-психикалык сферасының дамуы үшін аса зор маңызға ие.
Төменгі, орталау және жоғары кластардағы оқыту гигиенасының ерекшеліктері. Көп жылдық оқыту тәжірибесі сабақтың ұзақтығын 45 минут етіп белгілеуге алып келді. Бакылаулар сабақтың бұл үзақтығының әбден орынды екенін көрсетті. Ол сабақты жеткілікті түрде мазмұнды өткізуге мүмкіндік береді және балаларды онша шаршатпайды. Сабақтың уакытын одан ұзарту дұрыс емес, өйткені жоғары класс жасындағы балалардың белсенді зейінінің бір мезгілдік ұзақтығы 45 минуттан аспайды, ал төменгі класс окушыларында одан да кем болады.
Алайда түрлі жастағы балалар мен жас өспірімдердің жоғары нерв кызметінің ерекшеліктері мен белсенді зейінінің ұзақтығы туралы мәліметтер оқушыларға жеке-дара қарау талабын қояды.
7 жастағы балалар үшін, яғни 1 класс оқушылары үшін, 45 минуттық сабақ- ұзақ болып есептеледі. Психологтардың мәліметтеріне қарағанда, олардың белсенді зейінінің ұзактығы небары 15 минут қана, сондыктан олар бүкіл 45 минут бойы сабаққа тұрақты зейін қоюы мүмкін емес.
Бір сабақтың бойында бірнеше пәнді ұштастыру тиімді, төменгі кластардың көптеген мұғалімдері оны ойдағыдай қолданып та жүр. Жазу (ана тілі) және арифметика сияқты пәндер бүкіл бір сабақты толық алмай, оларды дене шынықтыру, сурет және ән-күй сабақтарымен кезектестіріп өту жағын қарастыру керек.
Төменгі класс жасындағы балалардың белсенді зейінінің ұзақтығын және ми қыртысының оқу материалын кабылдау кабілетін ескермеуге болмайды. Сабақтарды араластырып өтудің мысалын келтірейік: а) арифметика — ән-күй, ә) орыс тілі (жазу) — дене шынықтыру, б) арифметика — орыс тілі (оқу). Сабақтарды бұлайша ауыстыру ми кабығының қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасап, балаларға бір сарынды ой еңбегінен түсетін салмақты женілдетеді, әрі шаршауды болдырмайтын шаралардың бірі болып табылады.
Оқу пәндерін бір сабақ ішінде бұлайша қосудан оқу жұмысы тек кана ұтады және балалардың үлгірімі артады. Оку жүмысы үзаққа созылып кеткен кезде кіші мектеп жасындағы балалардың үлкен ми сыңарларының қабығы клеткаларының козғыштығы күрт төмендеп кетеді. Бұл жағдай сабақтың ұзақтығы және олардың жоспарлау үшін де, сондай-ақ үйге берілетін сабақтың мөлшерін анықтау үшін де пайдалануы қажет.
Кейбір мектептердің практикасында өсіп келе жатқан организмнің жан-жақты дамуы үшін аса кажетті дене шыныктыру, ән-күй және сурет пәндерінің сабақтарын кестеден бүтіндей алып тастау сияқты теріс құбылыстар байқалады. Тәжірибесіз мұғалімдер оларды орыс тілі және арифметика сабақтарымен ауыстыруға тырысады. Осының салдарынан балалар шаршайды, тіпті зорығады да, сабақ үлгірмейтін балалар мен бір класта екі жыл оқитындардың саны көбейеді.
1 класта сабақтың бірінші және екінші жартысының аралығында ұзақтығы 2—3 минуттық кішкентай зарядка жасаған жөн. Бүлайша серпіліп алу балалардың ақыл-ой жұмысынан және кимылсыз отырудан тынығуына мүмкіндік береді. Өткізілген қарапайым қимылдардың нәтижесінде балаларда қан айналысы күшейіп; миына қанның кұйылуы артады, жұмысқа кабілеттілігі жоғарылайды.
Үзіліс пен зарядка жасау кезеңін (ол парталардың арасындағы жолда өткізіледі) мұғалім жоспар бойынша белгіленген жүмыс аякталғаннан кейін, мәселен диктант жазып, есеп шығарғаннан кейін және т. б. өткізеді. Бүл жағдайда міндетті түрде форточканы немесе фрамуганы, ал күз бен көктемде терезені де ашу керек. Дене шынықтыру жаттығуларын өткізу кезінде окушылар жараларының түймесін ағытып, белдіктерін шешуі тиіс — бұл қалыпты тыныс алуды және кимыл кезінде канның айналуын қамтамасыз етеді.
1 класта балаларды оқыту гигиенасы аса көп көңіл аударуды талап етеді. 6- жастағы балаларды мектеп тәртібіне көндіктірудің қиындыктары, оларды өздері үшін әдеттен тыс мектеп режиміне түсіру балалардың мектептегі жұмысын біртіндеп арттыру қажеттігін тудырады,
Программаны өту міндетті, бірақ оны тек сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да орындау кажет, Оку программаларын ат үсті өту оқушылардың ақыл-ой жүмысын ауырлатады, акырында оқушылардың артта қалуына, олардың сабаққа үлгермеуіне әкеп соғады. Окыту ісіне көрнекілікті енгізу және накты мысалдар келтіру оқу материалын қабылдауды және меңгеруді жеңілдетеді.
Егер мектептегі, ең алдымен сабақтағы, жағдай окушыларды сергек, көңілді етуі барлық кластар үшін міндетті дейтін болсақ, ал айналадағы барлық жагдайларды өте сезгіш келетін 1 класс окушылары (7 жасар балалар) үшін оның маңызы одан да артық.
Сондай-ақ орталау және жоғары кластардағы окыту гигиенасы да, атап айтқанда, бұл кластардағы сабақтарды құру гигиенасы да зор маңызға ие.
Мүғалімдер сабақтың оку материалын жоспарлағанда және оны өтудің методикасын белгілегенде окушылардың орталық нерв системасының (ең алдымен ми қабығының) калыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететіндей етіп дұрыс жоспарлау және дұрыс белгілеу қажет.
Сабақты жоспарлаған кезде әрбір сабақтың алғашкы 5—10 минуты мектеп оқушыларының үлкен ми сыңарлары қабыры участоктарын сол сабақ үшін тән ақыл-ой жұмысына (мысалы, оқуға, шығарма жазуға, оқулықтың бір тарауына талдау жасауға және т. б.) қосуға кететінін ескерген жөн.
Содан кейін оқу жұмысына деген ең белсенді кезең басталады; түрлі жастағы балалар мен жас өспірімдер үшін онық ұзактығы, негізінен алганда, олардың жасына және организмінің жалпы күйіне байланысты белсенді зейінінің ұзақтығына сәйкес келеді. Балалар мен жас өспірімдердің ең үлкен жұмыс істеу қабілеттілігі пайда болған кезеңнен кейін әдетте олардың зейін қойғыштығы және басқа психикалық кызметтерінің белсенділігі төмендейді, осының салдарынан олардың жұмыска кабілеттілігінің нашарлайтыны табиғи нәрсе.
Сондыктан оку материалын ми қабығының қызметіне шамадан артык ауырлық түсірмейтіндей етіп бөлу керек. Сондықтан сабактың алғашқы төрттен үш бөлігін балалар кабылдауға, меңгеруге және есте сақтауға тиісті ең күрделі де қиын мәселелерді өтуге жұмсау керек. Балалар мен жас өспірімдер әдетте сабақтың соңғы бөлігіне дейін біраз шаршап калатындықтан, ол бірқыдыру жеңіл ақыл-ой жұмысын орындауға, яғни өткен оку материалын кайталауға, оқушының косымша түсіндіруіне, үйге берілген тапсырманы жазуға және т. б. арналуға тиіс. Сөйтіп, физиологияның, мектеп гигиенасының және педагогиканың талаптары табиғи түрде бірігеді. Бүл мысалдан біз физиология мен мектеп гигиенасының талаптары педагогикаға кайшы келмейтінін, қайта керісінше, оны дәлелдей және негіздей түсетінін көреміз.
Физиканы, химияны және табиғат тануды өткен кезде оқытудың пәрменді әдістерін — практикалық лабораториялық жұмыстарды кеңінен пайдаланудың үлкен маңызы бар. Бұл оқушылардың білімді меңгеруін жақсартады да, шаршауын азайтады.
Окыту гигиенасы жеке пәндердің сабақтарын өткізген кезде мұғалімге кейбір талаптар қояды. Химияны оқытқан кезде химиялық лабораториядағы сормалы вентиляцияның (сормалы шкафтың) жұмыс істейтін-істемейтінін қадағалап, химиялық тәжірибелер кезінде бақытсыздық жағдайларды болдырмау шараларын қарастыру қажет.
Табиғат тану сабақтарында оқушылардың тәжірибе участогындағы жұмысы кезінде мектеп оқушыларының қолдары жараланбауын қадағалау керек, өйткені ол жаралар арқылы организмге сіреспе ауруын қоздырушы микробтар еніп кетуі мүмкін. Селолық мектептерде жануарларға тәжірибе жүргізу жұмыстары кезінде (үй малдарын бағу және т. б.) түйнеме, сарып сияқты ауруларды және басқаларды болдырмау үшін, жануарларға ветеринарлық бақылау жүргізуді қамтамасыз ету қажет.
Мектеп оқушылары орын алмастырып отыратын биологиялық, географиялық (өлке тану) және тарихи экскурсиялар жасаған кезде, туризм мен экскурсиялар гигиенасы жөнінде шаралар қолдану кажет.
Гигиеналық тұрғыдан алғанда окудың дыбыстық жағына және жалпы алғанда сөйлеу тіліне қойылатын талаптарды орындау маңызды. Дыбыс сіңірлеріне күш түсірмеудің ерекше маңызы бар. Дыбыс сіңірлеріне шамадан артық күш түсіру дауысты құрытуы мүмкін.
Сөйлеуді дұрыс дамыту ісінде оны жүйелі түрде жаттықтырудың үлкен маңызы бар. Әңгімелесу кезіндегі сөйлесу әңгіме айтудан гөрі дауысты аз шаршататыны байқалган. Екінші жагы-нан әңгіме әдетте окудан гөрі дауысты аз шаршатады. Мұның себебі мынада: әңгімеден гөрі, әсіресе әнгімелесу кезіндегі сөйлесуден гөрі, оқу кезінде, әдетте, аз тоқталуға жоне аз кідіріс жасауға тура келеді. Осыған байланысты сөйлеудің басқа түрлерінен салыстырғанда оку кезіндегі сөйлеу неғұрлым ауыр. Сондықтан дауыстап оқу процесі аса ұзақ болмауына, интервалдарды сақтай, әсіресе тыныс белгілеріне токтай отырып, жай оқуға қам жасаған жөн.
Мектеп окушыларын гигиеналық тұрғыдан кітапты дұрыс пайдалана білуге, оны дұрыс ұстауға, дұрыс оқи білуге үйретудің маңызы өте зор, өйткені бала кезде қалыптасқан дағды көбінесе бүкіл өмір бойы сақталады. Мұғалім балалар мен жас өспірімдердің үйде кітап оку гигиенасының ережелерін сақтауы кажеттігі жайлы нүсқаулар беруі тиіс.
Тез жазу баланы қатты шаршатады. Ол кезде саусақтардың бүгілдіргіш еттері мен жазылдырғыш бұлшық еттерінің әрбір жиырылуы үшін 0,2—0,3 секунд кана уақыт кетеді, осы уақыттың өзінде қағазға карай еңкейген бас, көп минут бойы мойын және арқа еттерінің үздіксіз күш жұмсауы арқасында, ауырлық күшіне катысты алғанда тепе-теңдік калыпта ұсталып тұрады. Бұл өте үлкен жұмыс!
Жазу кезінде оқушыны дұрыс отырғызудың оку кезіндегіден гөрі де маңызы зор, өйткені жазу кезінде бала немесе жас өспірім үнемі қимыл жасап отырады. Баланың тұла бойы дұрыс орналаспаған жағдайда, әсіресе бас азды-көпті алға карай еңкейгенде, оны ұстап түрған мойынның бұлшык еттеріне күш түседі. Осының нәтижесінде бұл бұлшық еттер тезірек шаршайды. Ұзақ уақыт жазу жазғанда жазу процесіне тікелей қатысатын еттер ғана емес, сондай-ак көрші ет топтары да шаршайды. Бұл еттердің шаршауы нәтижесінде мынадай жағдай болады: бала ұзак уақыт жазу жазғанда қосымша таяныш іздейді де, кеудесімен столдын жиегіне сүйенеді. Бүдан көкірек клеткасы қысылып, қалыпты қан айналымы және тыныс алу бүзылады.
Балалар мен жас өспірімдер жазудың гигиеналық ережелерін оңай бұзады. Мектептегі окудың алғашқы кезінде дұрыс отыруға үйретілген оқушының өзі де жазу кезінде, шаршаудың нәтижесінде, әр түрлі дұрыс емес және зиянды калыпта отыруға тез үйренетін болады.
Жазу кезінде көз жұмысының өзіндік ерекшеліктерін ескеру керек. Оқушы сызықтары бар дәптерге жазады: төменгі кластарда тек горизонталь сызықтары ғана емес қиғаш сызықтары да бар дәптерге, ал арифметика сабақтарында клеткасы бар дәптерге жазады. Осының бәрі, әрине, жазу кезінде көздің жұмысын қиындатады да, оны тез шаршатады.
Жазу процесінің оқушыларға оңай жұмыс еместігін ескере отырып, түрлі жастағы мектеп оқушылары үшін жазу ұзақтығының гигиеналық нормаларын сақтау қажет. Бұл әсіресе саусақтары әлі онша катая қоймаған төменгі класта окитын балалар үшін қажет.
Осымен қатар егер оқушы жазу кезінде оған зеиін коятындығын ескерсек, онда жазу гигиенасы мәселесінің маңызы арта түсетіндігі және балалар мен жас өспірімдердің жасына сай оны реттеп отыру керектігі өзінен-өзі түсінікті болады.
Негізгі әдебиет: (2,4,9,10,11,14)
Қосымша әдебиет: (2,6,9)
