- •Sgosm « әлеуметтік гигиена әлеуметтік медицина негіздерімен» пәНі бойынша
- •5В010500– Дефектология мамандығына арналған
- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.8 Әдебиеттер тізімі:
- •1.10 Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1. Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
- •Сырттай оқу бөлімінің тақырыптық жоспары
- •1.9 Баға туралы ақпараттар:
- •2.2 Лекциялық сабақтар тезисі
- •1 Г май (организмде өзгергенде) 9,3 ккал (килокалория),
- •1 Г белок - 4,1 ккал
- •2.Мектептің оқу-тәрбие жұмысындағы режимнің маңызы.
- •Тақырып: Спорт – денсаулық қалыптасуының маңызды аспектісі. Мүмкіндіктері шектелген балалардың дене тәрбиесінің гигиенасы.
- •Әлеуметтік аурулар және оның алдын алу шаралары
- •Негізгі әлеуметтік аурулар туралы мәліметтер. Қатерлі ісіктер
- •Нашақорлық- медициналық және әлеуметтік проблема
- •3. Алкоголизм және оның әсері
- •Нашақорлық және оның әсері.
- •2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары.
- •2.6.1 Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары
- •Курстық жұмыстар тақырыбы
- •2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •2.8 Өзіндік бақылауға арналған тестік тапсырмалар
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •2.10 Глоссари
- •2.11 Әдістемелік нұсқау
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
Жасөспірім және бала ағзасының өсуінің және дамуының негізгі заңдылықтары
Тәуліктік режим және оның физиологиялық негіздері
Мектепке дейінгі мекемелердегі күн режимі
Интернат типтес мекемелердегі күн режимі
Шынығудың негізгі принциптері қандай
Меню құрастыру бойынша гигиеналық ұсыныстар
С.Громбах бойынша денсаулықтың негізгі көрсеткіштері.
Денсаулық топтары. Сипаттамасы.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұжымы (ДДҰ) бойынша берілген денсаулық туралы түсініктеме. Тағы қандай денсаулықтың анықтамаларын білесіз?
Қандай денсаулықтың түрлерін білесіздер?
Денсаулық көрсеткіштері.
Салауатты өмір салты (СӨС).
СӨС-н не құрайды?
«Валеология» пәні нені зерттейді?
Дене шанақтырудың организмге әсері.
«Тиімді тамақтану» түсінігі.
Зат алмасу. «Ассимиляция», «диссимиляция» түсініктемелері.
Ақуыз, көмірсу, майлар: сипаты, қызметі, тәулік қабылдау нормасы.
Микроэлементтер: сипаты, қызметтері, организм үшін маңызы.
Витаминдер: сипаты, қызметтері, организм үшін маңызы.
Денсаулықтың қауіпті факторларының топтасуы.
Лисицын бойынша денсаулықтың қауіпті факторларының топтасуы
Қоршаған орта факторларының топтасуы.
Психикалық денсаулық.
Салауатты өмір салты
Денсаулық көрсеткіштері
Денсаулық түрлері
Өкпе құрт ауруы (туберкулез): себебі, клиникалық көрінісі, алдын алу жолдары.
Қантті диабет: этиологиясы, түрлері, алдын алу жолдары.
Қан айналу жүйесінің аурулары: атеросклероз, гипертониялық ауру, миокард инфарктісі.
Жұқпалы инфекциялық аурулар: этиология жұғу жолдары.
Эпидемиологиялық және инфекциялық процестер.
Арнайы (коррекциялық) мекемелердегі жихаз
Инфекциялық процестің элементтері.
Жыныс жолмен таралатын аурулар, жіктеуі.
Мерез: этиологиясы, клиникалық көрінісі, алдын алу шаралары.
Соз: этиологиясы, клиникалық көрінісі, алдын алу шаралары.
ЖИТС: этиологиясы, клиникалық көрінісі, алдын алу шаралары.
Аллергиялық аурулар.
Қатерлі ісік (онкологиялық) аурулар, этиологиясы.
Иммунитет, түрлері, сипаттамасы.
Шылым шегу және денсаулық.
Нашақорлық және денсаулық.
Алкоголизм (маскүнемдік) және денсаулық.
Залалды әдеттердің алдын алу.
Май басу.
Еңбекпен демалыстың денсаулыққа әсері.
Ұйқының денсаулыққа әсері.
Адамды дәрі-дәрмексіз сауықтыру тәсілдері.
2.10 Глоссари
ДЕНСАУЛЫҚ - бұл тек ару белгілерінің немесе шағымның жоқтығы ғана емес, сонымен қатар, толық әлеуметтік-биологиялық және психологиялық сәйкестік, яғни барлық дене мүшелерінің қалыпты әрекеттері.
ВАЛЕОЛОГИЯ – дені сау адамдардың денсаулығын сақтап, әрі қарай дұрыс қалыптастыру.
ӘЛЕУМЕТТІК ГИГИЕНА - қоғамдық денсаулықтың көрсеткіштерін жан-жақты зерттеп, оларды тиісті дәрежеге, қалыпты жағдайға сәйкестендіру шараларын жүргізетін медицина саласы.
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНА – халықтың, қоғам мүшелерінің денсаулығын сақтау жөніндегі медицинадағы ғылыми–практикалық шаралар.
ФИЗИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ келесі түсініктерден тұрады: біздің денеміз қалай құрылған және қалай жұмыс жасайды, ешқандай дене аурулары жоқ, ол жаттыққан немесе шыныққан. ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл психикалық аурудың және кем ақыл-дылықтың болмауымен түсіндіріледі. Психикалық денсаулық адам жаңа білімді қабылдау және оны қолдау қабілетімен, негізгі психикалық процестердің күші және қозғалғыштығымен сипатталады. ЖЕКЕ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл адам өзін-өзі адам ретінде сезінуі, талпынысы, өзін көрсетуі, жетістігі, негізгі құндылықтары. Біреулер жұмысынан, біреулер - өнерден, үшіншілері - отбасынан, төртіншілер - жеке басынан жетістік іздейді. Өзін-өзі таныту неғұрлым қоғамға қарсы келмесе, соғұрлым ол адамның өзіяе пайдалы, осыдан барып нақты адамның жеке денсаулығы сипатталады. РУХАНИ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл адам өмірінің орталығы, бұл - мораль, тәртіп және басқа біреудің әрекетін қабылдау этикасы, мейірімділік пен қайырымдылық, әсемдікті қабылдау этикасы. ЭМОЦИОНАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл өз сезімдерін түсіну және бақылау, керек кезінде өз сезімін түсінікті түрде шығара білу, эмоцияның тыйым салатын және салмайтын көріністерін білу керек. ӘЛЕУМЕТТІК ДЕНСАУЛЫҚ - бұл ең алдымен өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіну, қоғамда және қоғам өмірінде өз жетістіктерін сезіну. Мұнда өндірістік қатынас пен профессионалды сапаның орны айқын. Маңызды және материалды жағы - қандай адам болса да, қажеттіліктермен қамтамасыз етілуі (яғни, оның жұмыс істеуі, шеберлігі мен тәртібі).
САЛУАТТЫ ӨМІР (латынша «модус вивендум») - БДСҰ анықтауында: сауатты өмір бұл өмір жағдайының әрекеттесу арасының жайлы негізделуі және жеке тұлғаның нақты моделінің тіршілік тәсілі.
ӨМІРДІҢ САПАСЫ – салауатты өмірдің анықтамасы, кең мағанадағы адамның әлуметтік және рухани бостандығын анықтайтын дәреже. Жағымды және жағымсыз жағдайдың таралуынын жеке тұлғаның тірішілігін анықтайтын индикатор (білім алу, орташа кіріс, эконмикалық қамтылуы, тұрғын үй және тұрмыс техникасының және автотранспортың болуы, т.б.)
ӨМІР ДӘРЕЖЕСІ адамның экономикалық мүмкіншілігіне байланысты. Ол көрсеткіш қоғамының және әрбір отбасы өмірінің материалдық, экономикалық, әлуметтік жағдайына байланысты екенін білу қиын емес.
ӨМІР СТИЛІ жеке бастың психологиялық және психофизиологиялық мінезінің ерекшелігінің негізінде қалыптасады. Әр адам өз өмірінің жиынтығы.
ТАМАҚТАНУ —әртүрлі тағамдар арқылы зат алмасуы мен энергия алмасуының физиологиялық негізі.
ВИТАМИНДЕР (латынша Viтa— өмір) — түрлі химиялық құрылымдағы органикалық заттар.
ШАРШАУ - қимыл тынышсыздығының пайда болуы және істеп отырған жұмысынан жалығуы,яғни қабылеттің төмендеуі.
АТЕРОСКЛЕРОЗ – артерия қабырғасына холестерин түйірлерінің жабысып, оны тарылтып, қан тамырының бітелуі
ИШЕМИЯ- қан тамырларының бітелуінен ағзаның жансыздануы.
САНОГЕНЕЗ – жеке тұлғаның денсаулығын сақтаудың физиологиялық механизмі АССИМИЛЯЦИЯ МЕН ДИССИМИЛЯЦИЯ бір-бірінен бөлінбейтін, әрі орталық нерв жүйесімен реттеліп және басқарылып отыратын зат пен энергия алмасудың біртұтас процесін құрайды.
АЛКОГОЛИЗМ – көбінесе қиын емделетін асқынған ауру. Алкогольді үнемі қабылдау- маскүнемдік деп аталатын қауыпты ауруды дамытады
ТОКСИКОМАНИЯ –зиянды булармен, газдармен демалу
МАРИХУАНА – кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы
