Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘК умк ӘГ+ӘМ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
678 Кб
Скачать
☆

1 Г май (организмде өзгергенде) 9,3 ккал (килокалория),

1 Г белок - 4,1 ккал

және 1 г углевод - 4,1 ккал жылу бөліп шығарады, яғни бұл көрсеткіштер осы заттардың құнарлылығын көрсетеді.

Адамдағы зат алмасу дұрыс жүру үшін белок, май, углевод минералдык заттар және су, сондай-ақ жеткілікті мөлшерде барлық витаминдер, минералды заттар болуы керек.

Белоктар(Ақуыз). Адамның белокқа деген мұқтаждығы сонша, белок болмаса немесе ол жеткіліксіз болса, өсудің баяулығы, орталық нерв жүйесінің шартты рефлекстік қызметінің әлсіреуі және т. б. сияқты организмнің тіршілік қызметінде елеулі кемшілік тудыруы мүмкін. Ас қорыту шырындарының әсерімен ішек-қарын жолында белоктар едәуір қарапайым бөлшектерге — амин қышқылдарына бөлінеді. Клеткалар мен ткандерде амин қыш-қылдарынан жаңа, қажетті және сол организмге тән белоктар пайда болады. Белоктың құрылымы мен маңызы оған енетін амин кышқылдарына байланысты. Белоктар ет, балық, сүт, жұмыртканың ағы, сүзбе, бұршақтық өсімдіктердің дәнінде т. б. болады.

Организмге белоктың қаншалықты мөлшерде керектігін анықтау үшін дененің салмагы мен орьндалатын жұмыс ескеріледі. Өсіп келе жатқан организм белоктың бір шама көбірек болғанын қажет етеді. Бала неғұрлым жас болса оған керекті (яғни дененің 1 кг салмағына керекті) белоктың мөлшері солғұрлым көп болады.

Майлар мен липоидтар — организмнің қалыпты тіршілік қызметі үшін қажетті органикалық қосындылар тобы.

Майлар — адам тамағының қажетті құрамдас бөлігі. Майлардың құндылығы сонда: олардың құрамында А, Д, Е витаминдері болады, сондай-ақ, шағындап пайдаланғанның өзінде майлар организмге көп мөлшерде энергия береді.

Майлар да, белоктар тәрізді, жануарлардан және өсімдіктерден алынады. Соңғы уақытқа дейін тек жануарлардан алынған майлар ғана құнды болады деген пікір таралып келген. Алайда өсімдіктерден алынған майлардың да балалар организмі үшін мейлінше қажет екені қазір дәлелденіп отыр. Олар бойға тез сіңеді, құрамында Е және К витаминдері (мысалы, соя майында), жануарлар майында кездеспейтін қанықпаған майлы қыш-қылдар мен фосфатиндері болады. Күнделікті тамақта өсімдік майы майдың жалпы мөлшерінің 15—20%-ін құрайтын болуға тиіс. Майлардың қоректік құндылық қасиеті олардың еру температурасына да тәуелді болады. Еру температурасы неғұрлым төмен болған сайын, май соғұрлым жақсы сіңеді. Қоректік құндылығы ең жоғары май болып сары май (сиыр майы) есептеледі.

Организмдегі майлар артық қабылданған углеводтардан да құралуы мүмкін. Бірақ май орнына пайдаланылған углеводтар жалпы майдың тәуліктік нормасы мөлшерінің 20%-інен аспауы керек.

Сондай-ақ майлардың тағамдық, әрі дәмдік зор маңызы бар. Майы аз тағамдар дәмсіз болады және тоқтық сезімін туғызбайды.

Тамақтың мөлшерін белгілегенде климат жағдайларын да ескеру керек: суық ендікте қоңыржай немесе жылы ендікке қарағанда тамақтық майлығы 10—20% артық болуға тиіс.

Липоидтар — адам организмінің қалыпты тіршілік қызметі мен өсуіне қажетті, жануарлар мен өсімдіктерден алынған май тәрізді органикалық зат. Организмде ол жеке-дара күйінде де, сол сияқты, лшопротеид түріндегі белокты күрделі қоспалар түрінде де кездеседі.

Липоидтерді фосфатидтер және стеариндер деп екі негізгі топ­ка бөледі.

Фосфатидтер адам организмінің өзінде, мәселен, бауырда пайда болады. Липоид-фосфатидтердің қалыпты және жеткілікті түрде пайда болуы үшін, адам тамағында тек майдың ғана емес, белоктар мен углеводтардың да тиісті мөлшері болуы керек. Фосфатидтер, әсіресе лецитин, майлардың сорылу, тотығу және сіңу процестерін жақсартады, Сондықтан олар нерв ткандері мен клеткаларының құрылымына енген соң, бүкіл нерв жүйесінің рефлекстік қызметінің жақсаруына көмектеседі.

Жұмыртқа, балық және басқа өнімдерде фосфатидтердің жеткілікті мөлшері кездеседі.

Стеариндердің негізгілері — холестерин, бүйрек үсті бездері қабығының гормоны және жыныс бездерінің гормондары. Хо­лестерин организмге уылдырық, жұмыртқаның сарысы, ет, тоң май, бауыр тәрізді қоректік продуктылар арқылы барады. Ба­лалар үшін холестерин ультра күлгін сәулелердің әсерінен одан Дз витаминінің жасалып шығуымен пайдалы.

Углеводтар /көмірсу/ — энергияның негізгі қайнар көздерінің бірі. Олар адамның барлық тәуліктік тамақ мөлшерінің 60—70%-ін құрауға тиіс. Тамақта углеводтар жетімсіз болғанда, энергия шығындары майлар мен белоктар есесінен толтырылады, бұл баланың денсаулығына зиянын тигізеді. Іс жүзінде жиі кездесетіндей, көмір углеводтардың артық қабылданылуы да пайда бермейді. Бүл жағдайда балалар белок, май, витамин тәрізді заттарды толық алмайды.

Углеводтардың негізгі көздері — нан, жарма (ботқа), картой, қант, кондитер тағамдары, бал, овощ, жеміс, жидек.

Витаминдер (латынша Viтa— өмір, өмірге қажет аминдер ) — түрлі химиялық құрылымдағы органикалық заттар. Витаминдер организмнің қалыпты тіршілік қызметі мен дамуы үшін өте маңызды. Олар көп жағдайда организмнің ауруларға төзімділігін арттырады.

Организмнің витаминдерді қажет етуі адамның өсу, даму кезеңінде, ауыр дене және ой жұмысы кезінде, сондай-ақ ауырып қалған жағдайда арта түседі.

Ұзақ уақыт бойы тамақта қандай да бір витаминдердің болмауынан адамда дімкәстық пайда болады, ол авитаминоз деп аталады. Жиі кездесетіндей, ішетін тамақтың құрамындағы витаминдердің мөлшері жеткіліксіз болғанда гиповитаминоз басталады. Гиповитаминоздың жалпы көріністері әр түрлі ауруларға қарсы тұрғыштығының нашарлауымен, тез шаршағыштығымен, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуімен және т. б. сипатталады.

А витамині (ретинол) жануарлардан алынған продук­тылар құрамында болады. Өсімдіктерден алынған продуктыларда ол гидролиздегенде ретинолға айналатын каротин провита­мин түрінде кездеседі. Овощтар мен жемістерді тамақ істеуге дайындаған кезде каротин жақсы сақталады. Бұл провитаминнің көк өсімдіктердің бәрінде дерлік болатыны анықталған, әрі пісе бастаған жемістер мен овощтарда жинала алады. Каротин капуста, салат, көк бұршақта көп болады. Өте-мөте сары, қызгылт сары, қызыл овощтар, жидек және жемістер, сәбіз, поми­дор, асқабақ, өрік каротинга бай. Ретинол балық майы, жұмыртқаның сарысы, сүт, сары майда болады. Каротинге қарағанда ретинол организмге тез және жақсы тарайды.

Ретинолдың «өсу мен көру витамині» деген көне, бірақ қазір де жұртқа мәлім аты оның әсерінің мәнін білдіреді. Баланың тамағында ретинолдың жеткіліксіз болуы немесе мүлдем болмауы оның дамуына нұқсан келтіреді, өсуін кідіртеді, гемерало­пия немесе «тауықсоқыр» (адамның іңірде көре алмайтын) ауруын тудырады. Оның үстіне эпители ткані көз мүйізгегінің қабынуына (мүйіздену) ұшырайды. Мүйізгек қабық эпителидің мүйізделіп қалуы нәтижесінде көрудің әлсіреуіне, тіпті мүлдем көрмей қалуға әкеп соқтыратын ксерофтальмия ауруын туғызады. Бұл аурулардың бәрі өте-мөте мектеп жасында қауіпті, әрі дұрыс ұйымдастырылмаған тамақтану жағдайында, егер тамақтың құрамында жануарлардан алынған қоректік продуктылар жеткіліксіз болғанда, одан әрі дамиды.

Д витамині — дәлірек айтқанда, витаминдер тобы — ультра күлгін сәуле түсірген жағдайда стериндерден пайда болады.

Организмде Д витамині күн радиациясы көбейген көктем, жаз айларында артады.

Д витамині балықтар мен сүт қоректілердің бауырында, жұмыртқаның сарысында, жазғы сүт пен сары майда мол бола­ды. Қыс мезгілінде жануарлардан алынған продуктылардың құрамындағы Д витамині күрт азайып кетеді.

Д витамин жетіспегенде балада рахит ауруы пайда болады, ол кальций мен фосфор тұз алмасуының бұзылуымен сипатталады, ал оның өзі бүкіл организмнің жалпы ауруына, соның ішінде, бала сүйегінің дұрыс өспеуіне, әрі кешеуілдеуіне алып келеді. Бірақ Д витамині мөлшерінің артық болуы да бала организміне зиянды әсер етуі мүмкін: ішкі органдар мен тамырларда кальций тұзының іркіліп қалуы артады, белсенділік төмендейді, салмақ азаяды және т. б.

К тобы витаминдері қан кетудің кейбір түрлерінің алдын алу қабілетіне ие. К тобы витаминдерінің организмге келуі жеткіліксіз болғанда ерекше заттың қан кету мен қан құйылуда қанның қалыпты ұюы үшін қажетті протромбиннін пайда болуына нұқсан келеді.

К витамині ауаға төзімді. К витаминдері жасыл өсімдіктердің жапырағында, әсіресе капуста, шпинат, қалақайдың жапырақтарында т. б. мол болады. Жануарлардан алынған продуктыларда ол аз кездеседі.

В тобы витаминдері. ВІ витамин (тиамин) углеводтың, алмасуына әсер етеді. Тамақта углевод көп қолданылған сайын, тиамин де көбірек қажет болады. Тиаминнің тамақта аз болуы организмде сүт, пирожүзім және басқа да кышқылдардың жиналып қалуына соқтырады. Бұл нерв жүйесін бүлдіріп, жүрек қызметіне нұқсан келтіреді.

Тиамин әр түрлі дақылдардың дәндерінің қабықтарында болады. Сондықтан тиаминге қара нан бай келеді. Тиамин екпе бұршақтар мен кәдімгі бұршақта жеткілікті мөлшерде, кездеседі. Жануарлардан алынған продуктыларда ол өте аз болады.

В2 витамин (рибофлавин)—клеткалардың тыныс алуын қамтамасыз ететін және көмірсу алмасуына қатысатын ферметтердің құрамдас бөлігі. В2 витамині жетіспегенде, түрліше тері аурулары пайда болып, қан аздық т. б. дами түседі.

В2 витамині бауыр, ет, жұмыртқаның сарысы, жаңғақ, сүт, кәдімгі және екпе бұршақ, сәбіз, алмұрт, бидайдың тұтас дәндерінде, ашытқыларда болады.

РР витамині (никотинамид) организмнің тотықтандыру-қалпына келтіру процестеріне қатысады. РР витаминнін тамақта жеткіліксіз болуы немесе мүлдем болмауы пеллагра ауруын туғызады. Бұл ауру тері қабатының, ішек-қарын жолының, психиканың зардап шегуі түрінде болады. Жылдың көктем айларында жиі байқалады. Никотинамидтер бидай мен қара бидайдың ірі тартылған ұнынан пісірілген нанда, арық етте, жаңғақта, балық, көк бұршақ, картопта және т. б. мол болады.

С витамині (аскорбин қышқылы) глюкозадан синтетикалық жолмен алынады. Аскорбин қышқылы ішекке оңай және тез сіңіп, қанға барады. Аскорбин қышқылының артығын орга­низм несеппен тез сыртқа шығарып отырады. Аскорбин қышқылы тотықтандыру-қалпына келтіру процестеріне белсенді катысады және зат алмасуға әсер етеді.

С авитаминозы цинга ауруына душар етеді. Бұл ауру қан ағудан (әсіресе қызыл иектен), тістің босап, түсіп қалуынан, сүйектегі аурудан болған өзгерістерден, түрлі жұқпалы ауруларға организмнің қарсыласа білуінің нашарлауынан көрінеді. Көп жағдайда С авитаминозына туберкулез, пневмония, фурун­кулез т. б. сияқты басқа аурулар келіп қосылады. Гиповитами­ноз тез шаршағыштықпен, жұмысқа қабілеттіліктің азаюымен, ұйқының бұзылуымен, организмнің қарсыласуының әлсіреуімен сипатталады. Организмнің аскорбин қышқылын қажет етуі мүлде әр түрлі, әрі адамның жасына, орындайтын дене және ой жұмысына, денсаулығына т. б. байланысты. С витаминінің тамақта әсіресе қыс, көктем айларында молырақ болуын үзбей қадағалап отыру қажет. Емтиханға даярлану және өткізу, спорттық жаттығулар мен жарыстар кезінде және ауырып қалғанда С витаминінің нормасы оқушылар үшін көбейтілуге тиіс.

С витамйні көк өсімдіктер, жас овощ, жеміс, жидектерде мол болады. С витамині әсіресе итмұрын мен қара қарақатта көп. Картоп, сәбіз, капуста сияқты өнімдерде де С витамині жеткілікті болады, әрі олар С витаминінің қоры болып саналады.

Минералдық заттардың белок, май, углеводтардан айырмашылығы — органикалық емес қоректік заттар қатарына жататындығы. Организмнің қалыпты тіршілік қызметі мен өсуі үшін бұлар да қажет. Минералдық заттар организмдегі клеткалар мен ткандердің кұралуына, зат алмасуына катысады, қажетті қышдылдық-сілтілік тепе-теңдікті және т. б. сақтап тұрады.

Организмде аз-көп кездесетініне қарай минералдық заттар микроэлементтерге және макроэлементтерге бөлінеді. Макро-элементтерге қажеттілігі граммен өлшенетін калий, кальций, магний, натрий, күкірт, фосфор, хлор жатады. Микроэлементтерге темір, иод, марганец, мыс, фтор, қалайы және басқалар жатады. Микроэлементтерге әдетте қажеттілігі темір қажеттілігінен, яғни 15 мг-пан, асып кетпейтін элементтер тән.

Минералдық заттар сүт, овощ, жеміс, ет, балық тәрізді продуктыларда бәрінен гөрі көп кездеседі. Алайда қоректік продуктыларда минералдық заттардың мөлшері ауытқып тұруы мүмкін. Тамақ алуан түрлі болып отырғанда, тамаққа өзіміз қосымшалайтын хлор натрийін (ас тұзы) есептемегенде, әдетте барлық басқа элементтерге деген организмнің қажеттігі қанағаттандырылады.

Макроэлементтер. Кальций — адам организмінің дұрыс өсуі мен дамуына қажетті негізгі элементтердің бірі. Ол әсіресе сүйектің дұрыс қальштасуы үшін керек. Кальцийдің қажеттілігі адамның. жасына, сондай-ақ организмнің физиологиялық күйіне байланысты. Тамақтануды ұйымдастырған кезде басқа минералдық заттар мен витаминдердің белгілі үйлесімін сақтау керек, өйткені кальцийдің сіңімділігі осыған байланысты. Кальций тұзының басқа минералдық заттармен мейлінше жеткілікті қатынаста болуына мүмкіндік беретін ең тәуір тамақсүт болып есептеледі. Қальцийге мына тамақтық өнімдер бай: сүт және сүттен жасалған тамақтар, жұмыртқа, кәдімгі және скпе бұршақ, үрме бүршақ, картон, сәбіз, капуста жоне басқалары.

Фосфор, кальций тәрізді, тамақта жеткіліксіз болғанда мектеп оқушысының денсаулыгына тез әсер ететін маңызды элементтердің бірі. Фосфор алмасуы кальций алмасуымен тыгыз байланысты және соған тәуелді. Фосфор майдың, углеводтардың, белоктардың алмасуына қатысып, организмдегі барлық дерлік ткандер мен клеткалардың құрамына енеді.

Организмнің фосфорға мұқтаждығы жасқа, организмнің физиологиялық күйіне және орындалатын жұмысқа байланыс­ты болады. Жұмыс қарқынды болған сайын, организмнің фос­фор тұзын қажет етуі арта түседі.

Фосфор сүт пен сүттен алынған продуктыларда, жұмыртқаның сарысында, етте (арығында), мида, бауырда, балықта (әсіресе треска, теңіз алабұғысында), уылдырықта, қара құмық пен сұлы жармаларында, атбас бұршақ, бұршақ, лобия, жаңғақта болады.

Натрий организмдегі клеткадан тыс сұйықтардың осмотикалық қысымын тұрақтатуда негізгі роль атқарады. Натрийдін. организмге жеткізілуінің негізгі көзі ас тұзы болып есептеледі. Адам кішкентайынан бастап тұз қосылған тамақтьщ дәміне дағдыланады да, ас тұзы жетіспейтін тағамдарды зорға ішеді. Адам тәулігіне 5—12 г ас тұзын пайдалануы керек.

Калий организмнің дұрыс дамуы үшін қажет, әрі тамақтық продуктыларда (әсіресе өсімдіктерден алынған продуктыларда) үнемі кездесіп отыратын ең көп тараған элемент болып саналады. Магний өзге қоректік заттардың алмасуында елеулі роль атқарады. Магний жануарлардан да, өсімдіктерден де алынатын барлық тамақтық продуктыларда кездеседі, сондықтан түр-түрімен дұрыс тамақтандыру магнидің бала организміне жеткілікті келіп тұруын қамтамасыз етеді.

Хлор клеткадан тыс сұйықтар құрамына кіреді де, тканьдердегі осмотикалық қысымды (натриймен бірге) және организмнің су алмасуын реттеп отырады. Хлор қосындылары суда тез еріп, ішектерге оңай сіңеді. Организмге хлор негізінен ас тұзы арқылы жеткізіледі.

Кукірт белок қосындыларының, оның ішінде, алмаспайтын амин қышқылы, кейбір гормондар мен витаминдердің құрамына енеді де, қалыптастыру және зат алмасу процестерінде елеулі роль атқарады. Күкірт организмге жұмыртқа, ет, сүт және сүттен алынған өнімдер, бұршақ пен дақылдық өсімдіктер арқылы келеді.

Микроэлементтер. Микроэлементтердің организмге өте аз келетіндігіне және өте аз мөлшерде болатынына қарамастан (аты да осыны айтып түр), олардың жеткіліксіз немесе артық берілуі өсіп келе жатқан организмнің тіршілік қызметіне елеулі нұқсан келтіреді.

Темір негізінен қан эритроциттерінде кездеседі, әрі аса маңызды белок қосындысы — гемоглобиинің құрамына енеді. Организмге темір аз берілген жағдайда қан аздықтың әр түрін, әсіресе эритроциттерде гемоглобиндердіц азайып кетуінеп болатын гипохромдық анемияны туғызады.

Темір мөлшерден артық қабылданғанда, организмде жиналып қалып, қажетіне қарай пайдаланылуы мүмкін. Темір көптеген өнімдерде кездеседі. Ол жұмыртқаның сарысы, қара нан, бауыр, бүршақта жеткілікті мөлшерде, аздап овощ пен жемістерде болады. Темір сүтте аз болады, бірақ сүт темірін бала организм бойына өте жақсы сіңіреді.

Йод оргаиизмнің барлық ткандерінде бар, бұлшық еттерде, әсіресе организмнің өсуі мен дамуына, сондай-ақ жалпы зат алмасуына ықпал ететін қалқан безі гормонын (тироксин) жасауға қажетті қалқан безінде өте көп болады. йодты орга­низмге негізінеи су мен овощ жеткізіп түрады.

Фтор бәрінен гөрі сүйекте және тістің эмалінде көп кездеседі. Ол сүйек ткандерінің өсуі мен дамуында маңызды роль атқарады. Фтордың мөлшері өте қатаң дозаланып отыруга тиіс, өйткені оның жетіспеуі де, артық болуы да бірдей зиянды, әрі ауру туғызады. Фтор аз болганда тіс кариесі (іріңдеу, сүйек шіруі) пайда болады, ал артық болғанда флюороз (тіс эмалінің деи-тинінің және, ақырында, тіс қаңқасының бұзылуы) дами түседі. Организмге фтордың қатысуы тамақтық продуктылар мен су арқылы қамтамасыз етіледі.

Мыс қан мен кейбір ферменттердің жасалуына қатысады. Ол бауыр, ми, қан тәрізді ткандерде мол болады. Организмнің мысқа деген қажеті продуктылардың әдеттегі құрамы есебінен өтеледі. Мыс қосындылары организмге, негізінен, балық продук- тылары, жұмыртқаның сарысы, бауыр, овощтар арқылы келіп түседі.

Марганец қанның жасалуы, жыныстық жетілу және өсіпөнуге қатысты зат алмасу процестеріне әсер етеді. Марганец барлық органдардың құрамында бар, бірақ бәрінен гөрі бауыр мен сүйекте мол кездеседі.

Мырыштық бала организмінің қалыпты өсуі және дұрыс дамуы үшін маңызы зор. Ол организмнің барлық органдары мен ткандерінің құрамына енеді, зат алмасуға, ферменттер мен гормондардың жасалуына қатысады. Мырыш организмге ашытқы, саңырау құлақ, сүт пен сүттен алынатьш продуктылар, бауыр т. б. арқылы барады.

Су әрбір тірі клетка мен тканнің құрамына енеді. Барлық физикалық-химиялық және физиологиялық процестер: тамақтық заттарды сорып алу мен сіңіру, организмде керекті осмотикалық қысымды қалпында үстап түру, ассимиляция мен дисси­миляция тек сумен ғана жұзеге асады. Су зиянды және керексіз заттарды бөліп шығару, жылу түзу және жылу беру процестерін реттеу тәрізді басқа да маңызды процестер үшін қажет.

Организмдегі судың аздығынан қатты шөлдеу сезімі, жалпы әлсіздік, бас ауыруы, тырысқақтық пайда болады, дененің салмағы азаяды т. б. Организм дене салмағының он процент мөлшерінде немесе одан көбірек су жоғалтса, организмнің тіршілік қызметін бүлдіруге әкеп соғады, әрі өмірге қауіп төндіреді. Су өз уақытында беріліп отырғанда, бүл қүбылыстар жоғалады, өйткені су айтарлықтай тез сорылып, организмнің барлық клеткалары мен тканьдеріне барады. Бала организмінде судың мөлшері 65%-тен 75%-ке дейінгі аралықта ауытқып түрады. Жастың өсуімен және организмнің өсуімен ондағы судың мөлшері біртіндеп азайып, 60%-ке дейін төмендейді.

Организмге су тек таза күйінде ғана барып қоймайды, әрбір тамақтық продуктылармен де барады. Азық-түлік продуктыларындағы судың мөлшері мейлінше әр түрлі. Мәселен, овощтар мен жемістерде су 97%-ке дейін, сүтте 87%-ке, жұмыртқада 75—80%-ке, етте 50—70%-ке, нанда 30—40%-ке дейін және т. б, болады. Сондықтан суды қабылдаудың мөлшерін есептегенде тамақтық продуктыларда кездесетін судың да мөлшерін міндетті түрде ескеру керек. Жоғарыдағыларға қосымша 200—400 мл суды май, углеводтар, белоктарды тотықтыра отырып, организм-нің өзі-ақ бөліп шығаратынын айту керек.

Организм үшін судың жетіспеушілігі ғана емес, оның тым артық болуы да зиян екенін еске ұстау қажет, өйткені бұл жағдайда жүрек-қан тамыр жүйелері мен бөліп шығару органдарына түсетін ауырлық артып кетеді.

Асқазан шырынын сұйылтып, бөлінуін азайтатындықтан, дәл тамақ алдында су ішуге болмайды. Бұл ас қорыту және қоректік заттарды сіңіруді нашарлатады.

Ескертулер.

1. Организмге қажетті тағамдардың үштен бірі А витамині бар, ал үштен екісі каротині бар тағамдар болуға тиіс.

2. А витаминінің 1 мг-і 3300 ИЕ-ға сәйкес келеді.

3. Қиыр Солтүстік жағдайында ВІ мен С витаминдерінің нормасы 30—50 процент көбейтіледі.

4. Қалыпты жағдайда ересек адам Д витаминін қосымша қабылдауды қажет етпейді, бірақ күн сәулесі аз түсетін жағдайларда 500 ИЕ-ге дейін Д витаминін беру ұсынылады.

Негізгі әдебиет: (2,4,9,10, 14)

Қосымша әдебиет: (4,6,9,11)

3-ші дәріс тақырыбы: Оқу және бос уақытты ұйымдастыру. Оқу-тәрбие қызметінің гигенасы.

Дәріс тезисі:

  1. Тәуліктік режим және оның физиологиялық негіздері

  2. Мектептің оқу-тәрбие жұмысындағы режимнің маңызы.

  3. Мектепке дейінгі мекемелердегі күн тізбе

  4. Мүмкіндіктері шектеулі балалар мекемелеріндегі күн тізбе ерекшеліктері

  5. Тәуліктік режим және оның физиологиялық негіздері

Бүкіл оқу-тәрбие жұмысы, сондай-ақ оның жеке бөлімдері оқушылардың дене және психикалық жағынан дамуының ең жақсы нәтижелерін қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырылуы керек.

Оқу-тәрбие жұмысының гигиена мәселелері балалар мен жас өспірімдердің күн тізбесімен, оның ішінде оқушыларға ақыл-ой жұмыстарын орындау нормалары туралы мәселемен тығыз байланысты.

Балалар мен жас өспірімдердің оқу жұмысы, негізінен алғанда, ми қыртысының және сезім мүшелерінің қызметімен байланысты ақыл-ой еңбегі болып табылады.

Ми қыртысы клеткаларының жұмыс істеу қабілетінің белгілі бір шегі бар, сондықтан бұл шектен артық тапсырма беру оқушыны шаршатады.

Қазіргі заманғы физиология «шаршау» деген терминді тек жұмыс істеуші орган ғана емес, сондай-ақ бүкіл организмнің қызметінің уақытша нашарлауы деп түсінеді, бұл шаршау белгілі бір уақыт бойы жұмыс істеудің нәтижесінде үлкен ми сыңарлары қабығының клеткаларында тежелудің пайда болуына байланысты туады. Сонымен, организм кызметінің кез келген түрі белгілі бір уақыт өткеннен кейін шаршау тудырады.

Жалпы қимыл тынышсыздығының пайда болуы шаршаудың басталуының алғашқы белгісі болып саналады. Бұл әсіресе төменгі класс окушыларында айкын байқалады: балалар жан-жағына алаңдап, сөйлесе бастайды, есінейді, керіледі.

Егер бұл қозғалыс қозуын таратпаса және басқа жұмыс формаларына ауыспаса, егер акыл-ой жұмысы әрі карай жүргізіле берсе, ал мұғалім шаршауды сөзбен ғана таратуға әрекет жасаса, тежелу процесінің жайыла түсуі айқын байқалады. Шаршаудың одан әрі күшейе түсетінін ескертуші тежелу құбылыстары жалпы енжарлықтың және маужыраудың дамуынан көрінеді.

Шаршауды қалжыраумен шатастыруға болмайды. Қалжырау — шаршаудың субъективтік көрінісі, әрі ол организмнің әлсіреуі, аздап мең-зеңдіктің сезінуі және жұмыс істегісі келмеушілікпен ілесе жүреді.

Шаршаудан және қалжыраудан басқа тағы да болдырғыштық бар. Бұл терминмен адамның шаршауға азды-көпті бейімділігін немесе қабілетін білдіреді.

Организмнің шаршағыштығы бірқатар факторларға, ең алдымен денсаулық жағдайына, тамақтануға, педагогикалық процесті өткізудің сыртқы орта жағдайларына да (ауа жағдайына, жарыққа және т. б.), сондай-ақ оқу материалының мазмұны мен окыту әдістеріне де байланысты. Ой еңбегі мен дене еңбегі кезінде организмнің шаршағыштығын кеміту және шаршаудың басталу кезін кешеуілдету елеулі дәрежеде жұмыстың бұл түріне жаттығуға және машықтануға байланысты болады.

Ой жұмысы кезінде қанның миға құйылатыны белгілі. Ой жүмыс күшейген кезде, әсіресе бір нәрсеге зейінді шоғырландырған кезде, тыныс алудың баяулайтыны және әлсірейтіні байқалады. Кейде едәуір шаршағанда, балалар мен жас өспірімдердің басы ауырады, мүрнынан қан кетеді және т. б. болады. Сондай-ақ ерекше зейін қоюды қажет ететін сабақтардан кейін балалар мен жас өспірімдерде бүлшық ет күшінің әлсіреуі басталады, ол дем алғаннан кейін немесе оңайырақ жұмысқа ауысқаннан кейін тез кетеді.

Шаршау ең алдымен мектеп окушыларының жұмыс қабілетінің төмендеуінен, қате санының көбеюінен көрінеді.

Шаршаудың нәтижесінде көздің өткірлігі төмендейді, естуі нашарлап, айқын көру тұрақтылығы және көздің электр сезгіш-тігі өзгереді.

Шаршау — кез келген қызу жүмыстың заңды салдары, сондықтан одан қауіптенбеген жөн. Жұмыс істемеген адам ғана шаршамайды. Жұмыс істемейтін мүшенің қай-қайсысының болса да біртіндеп өлетіні белгілі. Балалардың миы даму және жетілу үшін үздіксіз жаттығуы, жұмыс істеуі тиіс.

Бірақ істелетін жұмыс баланың жас мүмкіндіктеріне сәйкес келуі және зорықтырмауға тиіс. Егер ми қабығының айтарлықтай шаршауы әдеттегі нәрсеге айналса және мұндай жағдайда қажетті демалыс болмаса, онда шаршау зорығу деп аталатын паталогиялық күйге айналуы мүмкін. Зорығу созылмалы ауру болып табылады. Оның бірқатар белгілері бар: психикалық қызметтің (ойлаудың, қабылдаудың, түсінудің, есте сақтаудың, зейіннің және баскалардың) нашарлауы, бастың ауруы, қалыпты үйқының бүзылуы, үйқысыздық, тамаққа зауқының соқпауы, енжарлық және басқалар.

Балалар мен жас өспірімдердің зорығуына оларды қоршаған ортаның антигигиеналық жағдайлары (тазартылмаған ауа, жоғары ылғалдылық, шаң-тозаң, жарықтың жеткілікті болмауы және т. б.), тамақтың сапасыздығы, ұйқының қанбауы немесе жайсыз ұйқы, ақыл-ой жұмысының шамадан тыс ауыр болуы, нервтік-психикалық ауыр күйзеліс және басқалар әсерін тигізеді.

Зорыққан, қалжыраған мектеп оқушыларын емдеу үшін айрыкша режим және ұзақ емдеу қажет; емдеу көп жағдайда мектептегі оқуды тоқтатумен немесе оқушыларды грип ауруына ұшыраған балаларға арналған мектеп-санаторийге орналастырумен байланыс­ты болады. Зорыққанда қалыпты ұйықтауға жағдай жасаудың айрықша зор маңызы бар. Зорығу аса қауіпті, ол нерв-психика ауруларының пайда болуының бір себебі болып табылады. Бұл айтылғандармен қатар, зорыққан балалар мен жас өспірімдер организмінің жұқпалы ауруларға және басқа қолайсыз факторларға қарсы тұру кабілеті күрт нашарлататынын есте сақтау керек.

Күн режимін (соның ішінде мектеп режимін), оқу жылының режимін, сабақ кестесін дұрыс құру, қиын және оған пәндерді және сабақтың басқа түрлерін дұрыс ұштастыру, үзілістер ұйымдастыру, окушылардың үй тұрмысындағы колайлы жағдайлар және т. б., сондай-ақ саналы, әрі тәртіпті мінез-құлықта болуды қамтамасыз ететін қалыпты жұмыс қабілетінің аса маңызды алғы шарты болып табылады.