- •1. Қр Мемлекеттік басқарудың түсінігі мен ерекшеліктері.
- •2. Мемлекеттік басқару қағидаларының мәні мен жіктелуі
- •3. Мемлекеттік басқарудың функциялары мен қағидалары.
- •4. Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері
- •6. Мемлекеттік басқару механизмі.
- •7. Мемлекеттік басқару саясаты және мақсаттары.
- •8. Басқарушылық процесс және оның кезеңдері.
- •9. Басқарушылық қатынастар және олардың жіктелуі.
- •10. Мемлекеттік органдардың штаты мен жеке құрамы.
- •11. Басқарушылық қатынастардың құқықтық реттелуі.
- •12. Әкімшілік рәсімдер туралы іс жүргізу және оның түрлері.
- •13. Әкiмшiлiк рәсiмдердi белгілеу қағидаттары.
- •14. Мемлекеттік басқаруды заңдылық пен тәртіптілікпен қамтамасыз ету.
- •15. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының түзілуі.
- •17. Мемлекеттік басқару объектісінің және субъектісінің өзара байланыстары.
- •18. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі мен жіктелуі.
- •19. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және туынды түрлерi.
- •20. Нормативтік құқықтық актілерді жоспарлау, әзірлеу және келісу
- •21. Нормативтік құқықтық актілердің реквизиттері, құрылымы және мәтінін рәсімдеу.
- •22. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарлары.
- •23. Нормативтiк құқықтық актінің жобасын әзiрлеутәртiбi.
- •24. Мемлекеттік қызметтің қағидалары.
- •25. Мемлекеттік қызметтің еңбектің қоғамдық бөлінісіндегі рөлі мен орны.
- •27. Мемлекеттікқызметшілердіңміндеттері.
- •28. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті басқару.
- •29. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің пайда болу тарихы.
- •30. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарын сынаптау.
- •31. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарының жіктелуі.
- •32. Мемлекеттік қызметте орнын басудың тәртібі мен тәсілдері.
- •33.Мемлекеттік қызметтің арнайы белгілері.
- •34. Мемлекеттік қызметтің жіктелуі.
- •35. Мемлекеттік қызметті тоқтату негіздерін топтастыру: жалпы, қосымша
- •36. Мемлекеттік қызметті тоқтату тәртібі.
- •37. Заңсыз жұмыстан шығаруды сот арқылы қорғау.
- •38. Мемлекеттік саяси және әкімшілікке қызметке кіру.
- •39. Мемлекеттік қызметке кіру кезінде қойылатын талаптар.
- •40. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер.
- •41. Мемлекеттік әкімшлік лауазмға орналасуға арналған конкурс.
- •42. Мемлекеттік қызметті өткеру.
- •43.Лауазымды адамдардың құзыреті
- •44. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау және оларды аттестациялау
- •45. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу және демалысы.
- •Мемлекеттік саясиқызметшілердің отставкағы шығуы және қызметтен бостылуы
- •47. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуының негіздері
- •48. Мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымға орналасуға арналған конкурс
- •49. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың қосымша негіздері.
- •51. Мемлекттік қызметшілірге қызмет этикасын сақтау жөнінде қойылатын талаптар
- •52. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына ауысу тәртібімен орналасу
- •53. Мемлекеттік лауазым
- •54.Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі
- •55. Мемлекеттік органдардың жұмысын жоспарлау.
- •56. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу және олардың жауаптылығы.– 50 сұрақ бірдей
- •57. Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету.
- •58. Басқарушылық процесс және оның кезеңдері.
- •59.Мемлекеттік қызмет реформасын құқықпен қамтамасыз ету.
- •60.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті реформалау.
19. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және туынды түрлерi.
Нормативтiк құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiк лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат. Нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай алатын орны болып табылады.
Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер болып бөлiнедi. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары және өзге де актілер.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады:
1) регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт;
2) ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның немесе оның құрылымдық бөлiмшесiнiң мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
3) қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк құқықтық шешiмдерi, өкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен өкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен белгiленедi.
20. Нормативтік құқықтық актілерді жоспарлау, әзірлеу және келісу
Нормативтік құқықтық актілерді дайындау, жоспарлау, талдау және қабылдауда мемлекет тәжірибесінде өзіне сай реті бар. Барлық жұмыс осы актілерді жобасын дайындауды жоспарлаудан басталады. Нормативті құқықтық актілердің жобасын дайындау жоспары ағымдағы және перспективалық болып бөлінеді. Ағымдағы жоспарлар 1 жылға түзіледі, ал перспективалық одан көп мерзімге жасалады. Мұның ішінде перспективалық жоспарда ең маңызды нормативтік құқықтық актілерін енгізу және оларды дайындау 1 жылдан ұзақ уақытқа созылады.
Нормативтік құқықтық актілерді дайындау жоспарында мына нәрселер болуы қажет: актінің аты, оның түрі, көлемі және реттелуі, оны дайындау мерзімі, осы жоспарды дайындауда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жауапты болуы кіреді. Бұл жерде нормативтік құқықтық актілерді дайындау жоспары жасалады және егер, заңға қайшы келмейтін болса, осы актілерді қабылдауға жауапты мемлекеттік органмен бекітіледі. Нормативтік актілердің жобасын дайындау кезінде әдеттегідей мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сонымен қатар мүдделі тұлғалардың ұсыныстары да есептеледі.
Актілердің жобасын дайындау жоспарларын жасау мен бәкіту үшін мемлекеттік орган осы актілерді дайындау басқа да жоспарлар мен көрсеткіштерді де пайдалануы мүмкін.
Норативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындаудың реті мен түрін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. Актілердің жобаларын дайындау құрылым бөлімшелерін, Президент Әкімшілігі, Үкімет, Жоғары сот, Республиканың Бас Прокуратурасы, орталық атқарушы органдар, Үкіметтің құрамына енбейтін және Қазақстан Республикасы Президентінің белгілеуімен мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар арқылы жүзеге асырылады. Мемлекет басшысына актілер жобасын екі тілде: орыс және қазақ тілінде заң техникасы мен іс жүргізу тәртібіне сай жүргізіледі. Актілерді нөмерлеу Президенттің құзырына байланысты сол мерзімге сай жүргізіледі. Президент актілерінің түбіртегі мен оған қатысты материалдар Президент Әкімшілігінің өзіне сәйкес құрылымдық бөлімшелерінед сақталады және заңдарда белгіленген мерзім біткеннен кейін республиканың Пезидент Архивіне жіберіледі. Бұл орайда белгіленген Президент актілерінің жобасын дайындау тәртібіне және оларды мемлекет басшысының қарауына ұсынуға бақылау жасауды Президент Әкімшілігінің басшысы жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілердің жобалары өкілетті органдардың өз ұсыныстарымен немесе егер ол заң актілерінде басқаша келісілмеген болса, жоғарғы мемлекеттік органдардың тапсырысымен жасалады. Барлық басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен тұлғалар нормативтік құқықтық актілерге ұсыныс енгізуге және ол актілердің жобаларын талқылауға өкілетті органдарға өткізуге құқылы. Бұл жағдайда өкілетті органдар оларды мақсатты қажетті емес деп жасап шығару не қабылдау үшін негіз ретінде қабылдауы мүмкін.
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды өкілетті органдар өзінің құзырындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жүктейді не келісілген негіздерде мамандарға, ғылыми мекемелерге, жеке ғалымға не оның ұжымдарына, сонымен қатар егер, заңдарда басқаша көзделмесе, осы мақсатқа бөлінген бюджеттік және бюджеттік емес қаражатты пайдаланумен шетел ұжымдарына дайындауға тапсырыс бере алады. Сонымен қатар өкілетті орган жобаны альтернативті дайындауды бірнеше мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісілген негізде дайындауды тапсыра алады, сондай-ақ конкурс арқылы ғылыми мекемелер мен ғалымдарға тапсыра алады.
Акт жобаларына ескертелер мен ұсыныстар берілген соң, қажет болған жағдайда сол жобаны жасаған мемлекеттік органмен толықтырылады, ал жұмысшы тобы өз тарапынан қабылданған не қажет емес деп тапқан ескерту мен ұсыныстар туралы анықтама береді, ол анықтама жұмысшы топты құрған мемлекеттік органға беріледі. Мемлекеттік орган өз ынтасымен жобаға ұсыныстар ен ескертулер енгізе алады, бірақ ол жұмысшы топпен талқыланып, немесе жұмысшы топқа қайта қаралуына жіберілуі мүмкін.
Нормативтік құқықтық акт жобаларына ғылыми талдау жасалады. Бұл жағынан ол жобаның сапалы негізі, қазіргі талапқа сай және акт жобасының құқықтылғы туралы баға бере алады және конституция бойынша адамдар мен азаматтардың құқығын сақтауды, нормативті құқықтық актілердің ең тиімді жақтарын анықтауға септігін тигізеді.
