Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MKB_TOLYK_ShPOR.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132 Кб
Скачать
☆

47. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуының негіздері

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн:

1) олардың өз тiлегi бойынша жұмыстан босату туралы арыз беруi;

1-1) тараптардың өзара келісуі бойынша мерзімді еңбек шартын жасасу жолымен олардың мемлекеттік қызметте болу мерзімін бір жылға ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы;

2) келiсiм-шарт мерзiмiнiң бiтуi не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша келiсiм-шарттың бұзылуы;

3) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiмет беруi;

4) Заңда белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамауы;

5) меншiк құқығымен тиесiлi мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға бермеуi;

6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;

7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы;

8) заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк  әкiмшiлiк лауазымды конкурстан тыс атқаруы;

9) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;

10) Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңдарында көзделген өзге де негіздемелер негіз болып табылады.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi қызметтен босатуды мемлекеттiк органның мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға қабылдауға құқығы бар тиiстi лауазымды адамы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi. Қызметтен заңсыз босатылған жағдайда мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң уәкiлеттi органға шағымдануға, сондай-ақ өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң ауысуы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшілердiң жаңадан тағайындалған мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң бастамасы бойынша атқарып отырған лауазымдағы мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн негiз бола алмайды.

48. Мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымға орналасуға арналған конкурс

1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу құқығын қамтамасыз етедi. 

2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткiзудiң шарттары мен тәртiбiн, оның iшiнде конкурстық комиссия құру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 

3. Конкурсты бос лауазымдар бар мемлекеттiк орган не Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша уәкiлеттi орган конкурс өткiзу туралы мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде хабарландыру жарияланғаннан кейiн өткiзедi.

Конкурс орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнде және ведомстволарда өткiзiлген кезде хабарландырулар Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады. Жергiлiктi мемлекеттiк органдарда конкурс өткiзу туралы хабарландырулар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағына таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады.

4. Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының қатысуға құқығы бар.  Конкурстық комиссияның шешiмi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға не мұндай лауазымға кiруге бас тартылуға негiз болып табылады. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар.  Мемлекеттiк органның басшысы жарияланған лауазымға конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған қатысушыны қабылдауға мiндеттi. Бұл орайда мемлекеттiк қызметке кiру үшiн заңдарда көзделген талаптар сақталуға тиiс.  Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алмаған, бiрақ ол мемлекеттiк қызмет үшiн ұсынған конкурсқа қатысушылар уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi құратын кадрлар резервiне тiркелуi мүмкiн.

Кадрлар резервiне тiркелген конкурсқа қатысушылар оларды тiркеу күнiнен бастап бiр жыл iшiнде қосымша конкурстан өтпестен тиiстi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналаса алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]