Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MKB_TOLYK_ShPOR.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132 Кб
Скачать
☆

52. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына ауысу тәртібімен орналасу

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзі келiсiм берген, қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда және оның соңғы лауазымындағы қызметінің нәтижелері ескеріле отырып, ауысу тәртібімен орналасуға құқығы бар.Ауысудың жүргізілу тәртібі уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртібi туралы ережеде реттеледi.Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртібi туралы ережеде көзделген жағдайларда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртібімен орналасу уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен жүзеге асырылады. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртібімен орналасу аумақтық бөлімшелерін қоса алғанда, мемлекеттік органның, оның ведомствосының ішінде, сондай-ақ олардың арасында жүзеге асырылады.       «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына басқа мемлекеттік органдардан, олардың ведомстволарынан және олардың аумақтық бөлімшелерінен ауысу тәртібімен орналасу Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеде айқындалатын жағдайларда жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде немесе оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде, «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына ауысу тәртiбiмен орналасуға жол берiлмейдi.

53. Мемлекеттік лауазым

Лауазым — мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы Күштер жүйесінде арнайы құзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі қызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаруды жүктейтін өкілеттілік. Қазақстан Республикасында атқаратын қызметі өте маңызды, құзыреті үлкен лауазымдар Конституцияда бекітілген.

Лауазымды тұлға - мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы күштер жүйесінде арнайы қүзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі кызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаратын адам. Лауазымды тұлғаньщ Конституцияда, заңда немесе қаулыда, ережеде көрсетілген өз өкілеттігіне сәйкес қызметін атқаруға қажетті өзіндік құқықтары мен міндеттері белгіленген. Қазақстан Республикасының 40-бабы бойынша Қазақстандағы ең жоғарғы лауазымды тұлға - Қазақстан Республикасының Президенті. 

Мемлекеттік қызметші ретінде - мемлекеттік органдарда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.

Мемлекеттiк саяси қызметшi - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттiк қызметшi. Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекекттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары және Парламент палаталарының төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары; Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер; орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар), оолардың орынбасарлары атқаратын лауазымды адамдар жатады.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет санаты - мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын, лауазымдық өкілеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер санаттарға бөлінеді. Қызметтердің санаттары Қазақстан Республикасының Президентімен бекітіледі. Онда А – санатының тобына Қазақстан республикасы Президентінің әкімшілігі; В – санатының тобына Парламент палаталарының аппараттары, Премьер-министрдің кеңсесі, Жоғарғы Соттың аппараты, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы; С – санатының тобына Президентке тікелей бағынышты және есеп беретін органдар, Орталық атқарушы органдар, Үкімет құрамына кірмейтін Орталық атқарушы органдар, Орталық атқарушы органның ведомствосы, облыстық, аудандық, аумақтық органдар; Д – санатының тобына облыстардың, аудандардың, кенттердің, ауылдардың(селолардың) әкімдерінің аппараттары, облыстардың, аудандардың мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, аудандардың соттарының аппараттары; Е – санатының тобына жергілікті атқарушы органдар кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]