- •1. Қр Мемлекеттік басқарудың түсінігі мен ерекшеліктері.
- •2. Мемлекеттік басқару қағидаларының мәні мен жіктелуі
- •3. Мемлекеттік басқарудың функциялары мен қағидалары.
- •4. Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері
- •6. Мемлекеттік басқару механизмі.
- •7. Мемлекеттік басқару саясаты және мақсаттары.
- •8. Басқарушылық процесс және оның кезеңдері.
- •9. Басқарушылық қатынастар және олардың жіктелуі.
- •10. Мемлекеттік органдардың штаты мен жеке құрамы.
- •11. Басқарушылық қатынастардың құқықтық реттелуі.
- •12. Әкімшілік рәсімдер туралы іс жүргізу және оның түрлері.
- •13. Әкiмшiлiк рәсiмдердi белгілеу қағидаттары.
- •14. Мемлекеттік басқаруды заңдылық пен тәртіптілікпен қамтамасыз ету.
- •15. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының түзілуі.
- •17. Мемлекеттік басқару объектісінің және субъектісінің өзара байланыстары.
- •18. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі мен жіктелуі.
- •19. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және туынды түрлерi.
- •20. Нормативтік құқықтық актілерді жоспарлау, әзірлеу және келісу
- •21. Нормативтік құқықтық актілердің реквизиттері, құрылымы және мәтінін рәсімдеу.
- •22. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарлары.
- •23. Нормативтiк құқықтық актінің жобасын әзiрлеутәртiбi.
- •24. Мемлекеттік қызметтің қағидалары.
- •25. Мемлекеттік қызметтің еңбектің қоғамдық бөлінісіндегі рөлі мен орны.
- •27. Мемлекеттікқызметшілердіңміндеттері.
- •28. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті басқару.
- •29. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің пайда болу тарихы.
- •30. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарын сынаптау.
- •31. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарының жіктелуі.
- •32. Мемлекеттік қызметте орнын басудың тәртібі мен тәсілдері.
- •33.Мемлекеттік қызметтің арнайы белгілері.
- •34. Мемлекеттік қызметтің жіктелуі.
- •35. Мемлекеттік қызметті тоқтату негіздерін топтастыру: жалпы, қосымша
- •36. Мемлекеттік қызметті тоқтату тәртібі.
- •37. Заңсыз жұмыстан шығаруды сот арқылы қорғау.
- •38. Мемлекеттік саяси және әкімшілікке қызметке кіру.
- •39. Мемлекеттік қызметке кіру кезінде қойылатын талаптар.
- •40. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер.
- •41. Мемлекеттік әкімшлік лауазмға орналасуға арналған конкурс.
- •42. Мемлекеттік қызметті өткеру.
- •43.Лауазымды адамдардың құзыреті
- •44. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау және оларды аттестациялау
- •45. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу және демалысы.
- •Мемлекеттік саясиқызметшілердің отставкағы шығуы және қызметтен бостылуы
- •47. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуының негіздері
- •48. Мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымға орналасуға арналған конкурс
- •49. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың қосымша негіздері.
- •51. Мемлекттік қызметшілірге қызмет этикасын сақтау жөнінде қойылатын талаптар
- •52. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына ауысу тәртібімен орналасу
- •53. Мемлекеттік лауазым
- •54.Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі
- •55. Мемлекеттік органдардың жұмысын жоспарлау.
- •56. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу және олардың жауаптылығы.– 50 сұрақ бірдей
- •57. Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету.
- •58. Басқарушылық процесс және оның кезеңдері.
- •59.Мемлекеттік қызмет реформасын құқықпен қамтамасыз ету.
- •60.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті реформалау.
17. Мемлекеттік басқару объектісінің және субъектісінің өзара байланыстары.
Табиғат, қоғам жэне адамның биосоциалдық тіршілік ету мәніңде ; мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан объективті алғышарттар; (негіздер, жағдайлар), заңдылықтар, нысандар және өзге құбылыстар орын алып отырған, әрі қанша уақыт өткеніне қарамастан қазіргі қызмет турлеріне де өзінің әсерлерін тигізуде. Сондық мемлекеттік басқарудың нәтижелігінің шарты ретінде объективтілікті тану, оның ішкі тәуелділігін және тетігін, көптеген элементтер мен заңдылықтардың мақсаттарға, функциялар, құрылымдар мен принцтеріне сәйкестігін білу негізінде құрылған.
Мемлекеттік басқарудың объективтік негіздеріне тоқталатын болсақ, олар:
-табиғи-географиялық жағдайлар (географиялық факт). Әр халыкгьң тұратын табиғи аумағы оның шұғылданатын өндіріс түрін айкындайды;
-табиғи-қоғамдық жағдай, адам мен табиғаттың ұзақ уақыт бойы әрекет етуінен қалыптасады;
- мәдени-тарихи мұра (тарихи даму, тұрғылықты тұрғындардың жинаған ұлттық байлығы, қызметтің әр түрінде меңгерілген технология), ол субъективті факторға сүйене отырып, объективті көзқарастың негізі болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың объективтік қайнар көздері және детерминанттары ретінде экономикалық қатынастардың жүйесін қарастыру қажеттігі туындайды. Бұл жүйе өндірістік базаны адамның мүмкіндіктерімен біріктіре отырып, қоғам мен әр адамның өміріне қажетті әлеуметтік қызметпен қамтамасыз етеді (бұл меншік нысандарымен тығыз байланысты).
Мемлекеттік басқарудың субъективтік факторы екі мағынада ашылады: біріншіден, мемлекеттік басқарудың өзі субъективтік фактордың бір бөлігі болып табылады; екіншіден, мемлекеттік басқарудың алатын орны мен рөлі субъективтік фактордың даму деңгейі және ұйымдастырылуымен анықталады.
Субъективтік фактор ретінде ойлау және практикалық процестің үйлесімдігі, яғни сананың әрекет арқылы берілуі қарастырылады.
Мемлекеттік басқарудың объективті және субъективті негіздерін түсіне білу тек жалпы теориялық қана емес, сонымен бірге тікелей тәжірибелік мағынаға ие.
Сонымен, мемлкеттік басқарудың объективті негіздері мен субъективіт факторы мемлекетткі басқарушылық әрекеттердің іске асырулуын ашатын жалпы теориялық мағынамен қоса тәжірибимен тікелей байланысты. Себебі мемлекетткі басқару органдары шешім қабылдамас бұрын, объекивтік жағдайды және субъективтік фактордың әлеуетін анықтау,бағалау арқылы, оларды мемлекеттік басқару процесінде пайдаланылады.
18. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі мен жіктелуі.
Нормативтік құқықтық актілер деп – құқықтық нормаларды белгілейтін; сондай-ақ олардың өзгертілуін, тоқтата тұруы мен тоқтатылуын белгілейтін референдумда не құзіретті органмен немесе мемлекетті клауазымды тұлғасыменқабылданатын белгіленген нысандағы арнайы жазбаша құжат түсініледі. Мемлекеттік шешімдердің сипаты бойынша оның иерархиясына байланысты нормативтік құқықтық актілер жүйесінің құрылу еркшелігі; оған сәйкес актілерді қабылдауға құқығы бар құзіретті органның өкілеттігі; актілерді жариялаудың белгіленген тәртібі; жергілікті норма шығарушылық тағы басқа актілерді халықаралық-құқықтық акті ретінде есептеу ерекшеліктері ескеріледі. Нормативтік құқықтық актілердің иерархиясы деп- оның заңды күшіне байланысты бөлінуі мен ара қатынасы түсініледі. Мысалы: Біз Конституцияны ҚР-дағы ең жоғарғы заң күшіне ие нормативтік құқықтық акт деп айтаймыз.
Қабылданатын және әрекет ететін мемлекеттік шешімдер мынатай негізгі конституциялық жағдайларға негізделуі тиіс:
1-ден. Конституция жоғарғы заң күшіне ие және республиканың барлық территориясында тікелей әрекет етеді;
2-ден. ҚР-мен таррификацияланған (бекітілген) халықаралық шарттар не келісмдер заң алдында мәртебеге ие және тікелей қолданылады.
3-ден. Қатысушысы ҚР болып табылатын барлық заңдар мен халықаралық шарттар жарыққа шығарылады.
Құқықтық нормативтік актілер негізгі және өндірісті болып бөлінеді.
Негізгілерге: Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар, ҚР Президентінің жарлығы және конституциялық заң күші бар жарлықтары жатады; Парламент пен оның палаталарының қаулылары; ҚР Үкіметінің номативтік қаулылары, ҚР Жоғарғы соты, орталық сайлау комиссиясы мен Конституциялық Кеңестің қаулылары, жарлығы; орталық мемлекеттік органның нормативтік қаулылары; министрлер мен басқада орталықмемлекеттік орган басшыларының нормативтік бұйрықтары; маслихаттар мен әкімдердің нормативік құқықтық шешімдері жатады. Ал өндірістік нормативтік құқықтық актілерге әртүрлі ережелер, регламенттер, инструкциялар жатады. Олар негізгі актілер негізінде жасалады және бүтіндей сонымен бірге бекітіліп қолданылады.
Мемлекеттік шешімдер жүйесінде заң шығарушы актілер ерекше орын алады. 24 наурыз 1998ж. “Нормативтік құқықтық актілер туралы” ҚР Заңына сәйкес заң шығарушы актілер таратуына; конституциялық заңдар, ҚР Президентінің конституциялық заң күші бар жарлықтары, ҚР Кодекстері; ҚР Парламент қаулылары; Парламенттің Сенаты мен Мәжіліс қаулылары жатады.
Заңдар мемлекеттің шешімнің ерекше түрі болып табылады. Заңның көмегімен мемлекет пен қоғам үшін маңызды қоғамдық қатынастардың елеулі бағыттаушылық реттелуі жүзеге асырылады. Президенттің нұсқаулары Конституция, Заңдар менПрезидент жарлығы негізінде жасалып орындалады. Нұсқаулар мен әкімшілік реттеушілік, жедел және жеке сипаттағы мәселелер шешіледі.
Заңға тәелді актілер деп – заң шығарушы болып табылмайтын басқада нормативтік құқықтық актілер түсініледі. Оған: ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары, министрлердің нормативтік бұйрықтары, басқада орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары мен қаулылары; маслихаттар мен әкімдердің шешімдері жатады. Заңға тәуелді актілер 2 түрлі негізгі белгімен сипатталады: 1-ден. Олар заңға қайшы келе алмайтын және заң шеғберінде әрекет етеді; 2-ден. Олар заңдардың орындалуын ұйымдастыруға бағытталған.
Өндірістік номативтік құқықтық актілер:
регламент
тәртіптік ереже (положение)
ереже
инструкция жатады
