Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MKB_TOLYK_ShPOR.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132 Кб
Скачать
☆

14. Мемлекеттік басқаруды заңдылық пен тәртіптілікпен қамтамасыз ету.

Мемлекетті басқаруда заңдылық өзін әр түрлі жақтарынан көрсете алады. Ол ең алдымен заңдылықтың басқарушы идеал екендігі, мемлекеттік аппараты құруда және жұмыс жасауындағы ең негізгі бастама екендігі және әр түрлі ұйымдардың іс-әрекеті ретінде болады. Бұл жайтта заңдылық мемлекеттік басқарудың ранг принципіне дейін көтерілген, оның мемлекеттегі рөлі құрылымдық бөлімшелердің мемлекетті басқару жүйесіндегі ішкі келісушілікті қамтамасыз ету, оның байланысынан, қатынасынан, субординациясынан, тәуелділігінен тұрады.

Заңдылық қағидасы мемлекеттік және қоғамдық тәжірибеде ерекше жағдайды білдіреді, мемлекеттік аппараттың жұмыс істеу тәртібі , ол кең көлемде демократиялық қоғамда маңызы бар. Заңдылық мемлекет тарапынан бірыңғай болуы қажет. Бұл жерде Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-5 баптарының үлкен маңызы бар, ол жерде айтылғандай Мемлекеттің негізгі заңын бұзуға ешкімге олардың ешқандай ақталуына және аумақтық ерешелігінің себебіне байланысты болған жағдайдың өзінде жол берілмейді. Мемлекеттік басқарудың заңдылық принципі мемлекеттік органдар, азаматтар мен ұйымдардың Конституцияны сақтау мен Қазақстан Республикасы Заңл-дарының талаптарын орындауда құқығын сыйлау, ар-намысын, қасиетін сақтау талаптары ретінде қаралады. Заңдылықты қамтамасыз ету механизмінде мемлекеттік қадағалау-бақлау функциясының орны өте маңызды. Бұл функция бір жағыан өкілетті, атқарушы сот органдарының тұтас бөлігі құзырлығы ретінде, ал басқа жағынан мамандандырылған органдармен қамтамасыз етіледі.

Тәртіп – басқару мәдениеті мен заңдылықтың бірден-бір бөлінбейтін элементі. Тәртіптің әлеуметтік маңызы біріккен ұйымдардың іс-әрекеттері керекті объективпен қамтамасыз етілуі, соның ішінде мемлекеттік органның да қамтамасыз етілуі. Барлық ортақ жұмыс адамдардың өзара келісілген іс-әрекетінен тұратыны барлығына белгілі. Қызметтік тәртіптің маңызы мемлекеттік қызметте әр қызметкер өзіне белгіленген функцияларды өкілеттігіне сәйкес атқаруға тиісті. Мемлекеттік басқарудағы тәртіп бір жағынан ережелер, нормалар мен процедуралардың жиынтығы мен мемлекеттік органдардың ішкі тәртібін, екінші жағынан сол ереже, нормалар мен процедураларды нақты орындауды, үшінші жағынан – материалды және моральды марапаттау жүйесін, ал қажет болған жағдайда – тәртіптік әсер ету шектерін қамтиды. Бұл ретте тәртіп мемлекеттік басқарудағы заңдылықты тәжірибелі түрде қаматамыз етудің маңызды құралдарының бірі ретінде көрінеді.

15. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының түзілуі.

Мемлекеттік басқарудың қоғамдық дамуы объективті жақтарымен қоса субъективті факторларға да байланысты. Мемлекеттік басқарудағы жұмыс объективті жағдайлар мен факторлары ішкі ортаны құрайды. Бұл жағдайларды ескермеу немесе басқа да мемлекеттік басқару құрылымына өзгешеліктер енгізу жақсы жағдайларға алып келмейді. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымын шетел модельдеріне көшіру не механикалық көшіру әр мемлекеттің басқаруына және өз жеріне сай келуіне көп пайда алып келмейді. Ал өз жергілікті жағдайын есепке алса ол мемлекеттік басқаруда өзінің моделін жасап шығуға көр мүмкіндіктер туғызады. Объективті басқару жағынан мемлекетті басқаруда ұйымдық құрылымына өз әсерін құрылым және басқару объектілерінің жағдайы көрсетеді.

Соның ішінде нақты ұйымдастыру құрылымы жоспарлау кезінде ең үлкен мағына береді және басты мемлекеттік орган құруды, оның құзырын білдіруді айқынайды.

Субъективті мемлекеттік басару жағынан мемлекеттік аппараттың ұйымдық құрылымы ең алымен мемлекеттің функциясы. Бұның соңғы кезеңі болып ұйымдастыру құрылымы және мемлекеттік органның компетенциясын белгілеу қазіргі уақытта мемлекеттің функциясының қажеттілігін білу; мемлекеттік басқаруды жақсарту үшін қорытынды және органдардың арасында тиімді нұсқаларды іздеуде болады.

Мемлекеттік басқарудың ішіндегі субъективті факторлар арасында мемлекеттік аппараттың кадрларын атап өтуге болады. Мемлекеттік бақаруда ол кадрлардың дайындық деңгейі мен құзіреттілігі үлкен әсерін тигізеді. Ал дайындығы мен компетенциясы төмен кадрлардың жұмысы мемлекеттік аппараттың жұмысына кері әсерін тигізеді.

“Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасында былай делінген: “қазіргі кезеңде біздің елімізді мемлекеттік аппаратта қызмет жасайтын адамдардың арасында жоғары кәсіпқой деңгейде өзін көрсете алатын, патриотық және стратегиялық міндеттерді шеше алатын қызметкерлер өте аз. Мемлекетіміздің басшысы мемлекеттік аппараттың құрылымын реформалаумен қатар кадрлар саясатына өте көп көңіл бөліп отыр. Бұл сұрақтар бір-бірімен тығыз байланыста. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін көтеруде, аппараттың алуан қызеті мен Республиканың бюджеін үнемдеу жолында 1997 жылы 4 наурыздағы Ν2377 Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен “Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесін реформалау жолдары” атты жолдауына байланысты дербес мемлекеттік органдардың саны 47-ден 25-ке дейін қысқартылған, соның ішінде министрліктер саны 20-дан 14-ке қысқартылып отыр.

Мемлекеттік орган – мемлекеттік аппараттың және мемлекеттік механизмнің негізгі элементі болып табылады. Бірақ олардың сандары мен біліктілігіне қарамай мемлекеттің өзіне тән ортақ қасиеттері бар. Әрбір орган бірнеше адамдар ұжымынан құралады (кейде бір адамнан), басқаруда, қоғамдық еңбекті бөлуде мемлекет тарапынан мемлекеттік өкіметтің мәселелерін шешуге қатсуға құқылы мемлекетік органға тапсырылған, ішкі құрылымның мәселелерін шешуде және де белгілі бір қаржылық, материалдық-техникалық құрадармен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік органдар өзіне тән белгіленген тәртіппен жұмыс жасайды:

а) мемлекеттің қалауы бойынша органдардың заң жүзінде құрылуы;

б) мемлекеттік аппарат құрылымында органның орны мен рөлі;

в) мемлекеттің функциясы мен мәселелерінің туындау жағдайына қарай ерекшелендірілген функцияларын және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс түрлерін атқарады;

г) салалық қызметіне сәйкес мемлекеттік өкіметтік өкілеттіктерін бөлу;

д) мемлекеттік құрылымның заң жүзінде бекітілуі (бөлімшелер, мемлекеттік қызметтер);

е) мемлекеттік органдарда жоғары деңгейде өзінің біліктілігін көрсете алатын жеке дара адамдар реті (мемлекеттік қызметкерлер);

ж) мемлекет және өз атынан сөйлей алуы (азаматтардың заңды мүддесі мен құқығын қорғау және кепілдік беру);

з) мемлекет алдында жауапты болу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]