Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MKB_TOLYK_ShPOR.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132 Кб
Скачать
☆

59.Мемлекеттік қызмет реформасын құқықпен қамтамасыз ету.

Мемлекеттік қызмет реформасының дамуы мен оның бөлімшелерін құқықпен қамтамасыз ету құқықтық саясаттың концепциясында негізге алынып, ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26-қыркүйектегі N949 Жарлығымен мақұлданған. Концепцияда мемлекеттік бағдарламаның орындалу қорытындысын көрсетеді, сонымен бірге жаңа мемлекеттік қызметтің пайда болуы мен оның құқықтық базасын көрсетеді. Ең үлкен жетістік деп мемлекеттің конституциясының қабылдағанын айтуға болады, ол қоғам мен мемлекеттің стратегиялық дамуын анықтады, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын орнықтырды, сонымен бірге жаңа мемлекеттік институттардың жүйесін қалыптастырды.

Бұл бағытта толыққанды мынадай негізгі принциптер бекітілуі тиіс:

  • Заңдылық. Конституция мен заң нормаларына сәйкес қолданылуы мен сақталуы, сонымен бірге нормативтік-құқықтық актілерге заңды негіздер;

  • Адамның құқығы мен бостандығының басымдығы. Адам мен азаматтың мемлекет мүддесінің алдында құқығы мен бостандығының жоғары деңгейде болуы. Бұл орайда адамның құқығының басымдылығы мемлекет пен қоғамның мүддесімен бірдей ескерілуі қажет.

  • Гуманизмдік. Бұл орайда тұлғаның жоғары қажеттілікті ескеруі, оның еркін даму құқығы және іскерлігін көрсету қоғамдық қатынастағы индивид ретінде жоғары сапалы баға ретінде бекітілуі;

  • Қазақстандық патриотизм. Бұл қазақстандықтардың Отанға деген сүйіспеншілігін, берілгендігін әр уақытта көтеріп отыру;

Мемлекетік қызмет түрі заңда кадрлар саясатының негізгі түрі болып келеді, ол қазіргі жаңа бастамалар, қағидалар және басымдықтар, ол мемлекеттік қызметтің нақты элементтері ретінде ашық құқық институттары ретінде іріктеледі (кадрларды іріктеу, қызметтен өту).

Мемлекеттік басқару мен республикадағы мемлекеттік қызметті ұйымдастыруда құқықтық негіздерді жетілдіру, қабылданған шешімдердің сапасын жақсарту келесі іс-шаралар арқылы шешіледі:

  • халықтық қауіпсіздік мүдделеріне сай жаңа ғылыми заң жобаларын өткізуде тәжірибені жалғастыру және кеңейту;

  • заңды қалыптандыру мақсатында пайдаланатын бірыңғай тізбе терминдері мемлекеттік және орыс тілінде болуы;

  • барлық қабылданған заңдардың тиімді қолдануына жағдай жасау және қаржымен толық қамтамасыз етілу принципін сақтау;

  • әкімшілік құқық бұзушылық, коррупциялық қылмыс жасаудың алдын-алу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына криминологиялық экспертиза тәжірибесін ендіру;

Қызметті ұйымдастыру проблемасы қорытындылауды қажет етеді және мемлекеттік секторда оның толық құқықпен қамтамасыз етілуі қажет. Бұл орайда әңгімен тек мемлекеттік қана емес, сонымен бірге азаматтың қызметі туралы болып отыр, ол бюджет саласындағы қызметкерлерді қамтиды. Бұл қызметкерлердің мемлекеттік функцияларын орындауы әлеуметтік салада азаматтың қызметтік кадрларды жалпы басқару жүйесін мемлекет көлемінде кіруін қамтамасыз етеді

60.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті реформалау.

Қазақстанның 2030 жылғы мерзімге дейін дамыту стратегиясының анықтаған мемлекеттік қызмет пен кадрлар саясатын реформалау негізгі ойы жатыр. Бұл саяси қажетті құжатта басымдылық бағыт пен мемлекеттік қызметкерлердің жаңа ұрпағының корпусын дайындаудағы бірыңғай бағыты анықталған, олардың кәсіби деңгейіне қойылатын талаптар қазіргі заманға сай және қажетті деп есептелетін мемлекеттік аппаратта жұмыс жасайтын қызметкерлерді іріктеу мен оқыту көрсетілген.

Реформаның басты мақсаты – Қазақстан үшін мемлекеттік қызметті ьасқарудың құрылымын жаңаша да тиімді түрін қазіргі нарықтық экономикаға бірден-бір оптимальды болуын қамтамасыз ету. Бұл мақсат келесі міндеттердің шешімінің қорытындысынан шығады:

  • мемлекеттік аппараттың кадрларын іріктеу жүйесін және тиімді пайдалануын жетілдіру;

  • мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру және іріктеу жүйесін жақсарту;

  • жалпымемлекеттік басқару жүйесін мемлекеттік қызметкерлер кадрымен толықтыру;

  • мемлекеттік аппаратта жемқорлықпен күрес жүргізу;

  • мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік-құқықтық кепілдігін көтеру;

Қазақстан 2030 даму стратегиясында кадрларды дайындау және көтермелеу мемлекеттік басқаруда аса маңызд реформалау бағыттарының бірі болып табылады. Стратегиялық міндеттің ең негізгісі болып мемлекеттік қызметтің құрылуы және оның жоғары абыройы қойылған. Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет болып қалыптаса бастау мен дамуы кезеңінде мемлекеттік қызметтің кәсіби негізі қаланған: “Кәсіпқойлық, патриоттық, талаптарды ұзақ уақытқа қоя білу, оларды жаңа кезеңде жігеріне қарай шеше алуы – бұл кадрларды іріктеу мен көтермелеудің ең басты түрі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]