- •Альбуминдер, глобулиндер, қасиеттері, ұқсастығы, айырмашылығы. Жануарлар организміндегі маңызы.
- •Белоктардың функциясы, белок молекуласының формасы. Функциясы мен қасиетін анықтау кезінде белок құрылыстарының рөлі.
- •Белоктардың жалпы қасиеттері, жіктелуі, жануар организміндегі маңызы.
- •Гемоглобиннің физиологиялық туындылары, олардың түзілуі, сіңіру спектрлері.
- •Гемоглобин, миоглобин, құрылысы, организмдегі маңызы, қасиеттері, хим-қ табиғаты, простет-қ тобы.
- •1 Топ: эстеразалар осы топқа жататын ферменттер липидтегі күрделі эфирлі байланысқа әсер етеді. Гидролиздеу әсеріне қарай ң топшаға бөлінеді
- •Гликозамингликандар, өкілдері, хим-қ табиғаты, организмдегі маңызы.
- •Глюконеогенез,түзілуге қатысатын заттар , реакцияларының жүру бағыты.Кори циклы жане глюкозо-аланин циклы:физиологиялық маңызы.
- •Жекеленген макро және микроэлементтердің алмасуы,қандағы мөлшері,жиналуы.
- •Заттар алмасуындағы цтк, бт, тф ролі.
- •Коллагендер.Эластиндер.Кератиндер.Аминқышқылдар-ң құрамының ерешелігі, қасиеттері, табиғатта таралуы. Жануарлар организміндегі маңызы.
- •Күрделі белоктар: липопротеидтер құрылысы туралы түсінік. Негізгі өкілдері. Қанның липопротеидтері, түрдері, биол-қ маңызы.
- •.Күрделі белоктар:хромопротеидтер, құрылысы, қасиеттері, организмде маңызы.
- •Күрделі белоктар:гликопротеидтер құрылысы негізгі өкілдері, қасиеттері, табиғаттат таралуы. Нағыз гликопротеидтер жане протеогликандар.
- •Қан плазмасының химиялық құрамы.Олардың қалыпты мөлшері.
- •Қандағы глюкозаның денгейін реттейтін гормондар
- •Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасы мен май тканінің ролі
- •Липогенез,липолиз,липонеогензге сипаттама беріңіз жане осы прцесстердің ролі.
- •Организмдегі аммиакты усыздандыру жолдары,мочевинаның түзілуі туралы теория және орны.
- •Оксиредуктазалар
- •Организмдегі су алмасуы және судың биологиялық ролі,су алмасуының регуляциясы.
- •Организмдегі бейорганикалық заттардың маңызы.Минералды алмасудың сатылары.
- •Протамин. Гистондар қасиеттері. АЙырмашылығы, ұқсастығы, жануар организмінде маңызы.Табиғатта таралуы.
- •Пептидогидролазалар тобы:
- •Тағам липидтері,биологиялық маңызы,ас-қорыту жолдарындағы олардың қорытылуы мен сіңірілуі.Мицелланың құрамы мен ролі.
- •Тканьдердегі гликолиз нәтижесінде түзілетін пжқ тағдыры.Пирожүзім қышқылының айналуына қатысушы ферменттер.
- •Трансферазалар.
- •Ферменттер жалпы қасиеттері, әсер ету механизмдері.
- •Ферменттер активтігіне әсер етуші факторлар.
- •Ферменттер жіктелуі. Негізгі топтвары және топшалары
- •Холестерин биосинтезі,мевалон қышқылы түзілуіне дейінгі реакцияларды көрсетіңіз ,осы этап жайлы туралы түсінік.Холестериннің алмасуында липопро теидтердің ролі.
- •106.Шөрнек механизмдері,цитоплазмалық надн2 тртығуындағы олардың ролі. Энергиялық байланысы.
Липогенез,липолиз,липонеогензге сипаттама беріңіз жане осы прцесстердің ролі.
Бауырда липогенез өтеді.ТАГ-нің синтезі фосфотиді жолмен жүреді.Алдымен глицирин активтенеді АТФ-пен әрекеттесіп,глицерофосфат түзеді,ал соңғы өнім екі активті БМҚ қосып,ТАГ түзеді.Бұл реакция азотты негіздер көп болса ,шамалы жүреді,себебі,фосфатид қышқылы ФЛ түзу үшін жұмсалады.
ФЛ-тер өте керекті заттар,бауырдан жеңіл бөлініп шығады,қан арқылы көп мөлшерде басқа тканьдерге еніп,оларды мембрана құрауына пайдаланылады.Ал азотты негіздері жоқ болса,фосфатид қышқылы ТАГ синтездеу үшін жұмсалады.ТАГ-оқшау зат, Бауырда көп жиналса бұл органды май басып етеді.
Липонеогенез ТАГ негізінен көмірсулардан синтезделеді.Бұд реакцияның мәні:көмірсулар энергия көзі ретінде пайдасы шамалы қосылыстар , сондықтан да олар липидтерге айналып тотыққан кезде көп энергия береді.
Липопротеидтер түрлері,түзілетін орны,липопротеидтер құрамының ерекшелігі мен функциялары.Олардың холестерин және ТАГ алмасуындағы рөлі.Липопротеидтербелок пен байланысқан әртүрлі липидтер,ХМ сияқты липидтерді тасымалдауға қатысады.Қанның құрамында хиломикрондардан басқа a- және b-липопротеидтер болады.Липопротеидтердің синтезі бауырда,яғни бауырдағы триглицеридтердің,фосфатидтердің,хоолестериннің және ақуыздың қатысуымен жүреді.Бауырда синтезделген липопротеидтер қанға түседі.Қазіргі кезде,бауырда тек қана пре-B-липопротеидтер сосын қанда синтезделеді.a-липопротеидтердің синтезі a-голбулиндерден b-липопротеидтердің синтезі бір- бірімен тығыз байланысты.a-Липопротеидтердің молекулалық салмағы 200000-300000 дейін,бұл липопротеидтердің жеңіл фракциясы.a-Липопротеидтердің 50% жуығы ақуыздан тұрады.Холестерин мен оның эфирлері аз кездеседі.B-Липопротеидтер құрамында ақуыздар мен фосфатидтердің гидрофильді молекуласы болғандықтан оңай еритін фракцияға жатады.Олардың молекулалық салмағы 3200000,25% ақуыздан ,75% майдан оның ішінде 4\3 бөлігін холестерин және оның эфирлері алады.B-Липопротеидтерде 700 молль холестерин 1800 моль холестериннің эфирі 900 моль ФЛ 400 мооль ТАГ болады. Дегенмен ақуыздың молекулалары шеткейде орналасқандықтан B-Липопротеидтер де суда ериді.B-Липопротеитер мен a-липопротеидтер ұлпаларда энергия көзі мен пластикалық материал үшін қолданылады.Кейбір науқастарда, мысалы,аторесклероз,ревматизм ауруларында қандағы B-липопротеидтердің мөлшері шамадан артық болады.Құрамының ерекшелігі-тығыздығы өте томен,жылдамдығы электрофорез кезінде әртүрлі жылдамдықпен жүреді.Холестерин атқаратын рөлі-бауырда синтезделген ТАГ-ді май тканіне тасымалдайды.ТАГ-ің рөлі-хоолестеринді бауырдан басқа тканьдерге тасымалдау.
Липидтердің тасымалдау формалары,құрамының ерекшелігі,тағдыры.Липидтер дегеніміз суда ерімейді ,органикалық кейбір еріткіштерде ериді(эфир,бензол,ыстық спиртте).Липидтер организмнің өзінде бар және тағамдар арқылы организмге түсіп отырады. Лепидтердің биологиялық ролі: 1. Лепидтердің суда ерімейтін қасиеті, олардың құрылыс материалдары қызметін атқаруына мүмкіндік береді. 2. Лепидтер энергия көзі. Ма й жасушада көміртегі оксиді мен суға дейін ыдырайды, оның әр грамы молекуласынан 38,9 кг/Дж энергия бөлінеді. 3. Май, су көзі. 1 кг май тотыққанда (ыдырағанда) одан 1,1 кг-да су түзіледі. Қыста ұзақ ұйқыға кететін, сол сияқты сусыз шөлді жерлерде тіршілік ететін жануарлар ағзасындағы тотыға отырып ыдыраған майдың суын пайдаланады. 4. Лепидтер қорғаныштық қызмет атқарады. Май жылуды нашар өткізетіндіктен, тері астында қалың май қабатын түзіп, дене температурасын тұрақты сақтауға мүмкіндік береді. Мысалы, киттің тері астындағы май қабатының қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді, бұл оның поляр теңіздеріндегі суық суда тіршілік етуіне мүмкіндік береді. 5. Лепидтер – қорға жиналған заттар ролін атқарады. Жануарлар мен өсімдіктер әртүрлі мөлшерлерде жиналған май қорын тіршілік барысында біртіндеп жұмсайтын.
Лиазалар-субстраттан белгілі бір топтарды (альдегид,NH2,CO2) бөліп шығарады немесе қосып алуды қайтымды тұрде катализдейді. Лиазалар тобына 240 астам клеткалық ферменттер жіктелген. Лиазалар екі компонентті.
1 топ-карбоксилазалар
*кетоқышқылдардың декарбоксилазасы
*аминқышқылдардың декарбоксилазасы
2 топ-альдегидазалар- негізгі ферменті альдалаза, фотосинтез,тыныс алу және спирт-ң ашуы процесінде маңызды роль атқарады.
3 топ- дегидратазалар
Аммиак-лиазалар тобы-негізгі өкілі аспартаза. Микробтар құрамында кездеседі. Ол субстраттан аммиак тобының бөліну немесе субстратқа аммиак тобының қосылу реакциясын катализдейді.
Липидтер алмасуының соңғы өнімдері.Олардың түзілетін процестері.Бөлінуі. Липидтер негізінен энергия көзі болып табылады. Липид деп, суда ерімейтін, бейполярлы ерітінділерде еритін табиғаттағы органикалық зат. Липидтердің негізгі қызметтеріне: энергетикалық (40% энергия), судонорлы (эндогенді судың көзі), электрожылуизомирлеуші, эмильгирлеуші.Липидтердің тәуліктік қажеттілігі 60-80г., олардың 20-25 г. өсімдік липидтері.Липидтердің қорытылуы негізінен ішекте жұреді. Липидтер өт қышқылының әсерінен эмульгирленеді: хол, хенодезоксихол қышқылы липидтерді қорытатын ферменттер – липазалар, фосфолипазалар, холестеролэстераза, церамидаза ұйқы безінен тұседі. Ферменттер өт қышқылымен және колипазаның кофакторымен белсендіріледі.Ыдыраған липидтердің қорытылуы жай диффузия жолымен жиреді және хол жиынының құрамында өт қышқылының көмегімен сіңіріледі.Ішек қабырғасында майлардан май қышқылының глицерин, моноглицерин, азоттыспирт және холестериннің ресинтезі жұреді. Содан соң ресинтезделген майлар хиломикрондарға айналады, яғни тағамның ресинтезінен майлардың тасымалдаушы тұрі. Моно- , диглицериндердің, хиломикрондардың бір бөлігі ішек қабырғалары арқылы бауырға өтеді, және хиломикрондардың негізгі бөлігі лимфа ағынымен жұрекке және өкпеге барады, ол жерден қанға тұседі. Қанда хиломикрондардан гепаринмен белсендірілетін липопротеинлипазаның көмегімен ыдырайды. Жасушаішілік майлар липолитикалық каскадтың көмегімен ыдырайды. Осының нәтижесінде пайда болған глицеринмен май қышқылы басқа ағзалар мен ұлпалар да қышқылданады.Глицериннің қышқылдануы негізінде диоксиацетонфосфат тұзіледі, ол гликолизге қатысады.Глицериннің аэробты ыдырауы – 22 АТФ. Глицериннің анаэробты ыдырауы – 1 АТФ. Май қышқылының В – қышқылдануы митохондрйде жұреді, олар 4 ферменттің қатысуымен, Ацетил КоА, ФАДН2 – ге дейін қышқылданады. Май қышқылының малонил КоА – дан қышқылдануы цитоплазмада жұреді, ол Ацетил КоА – дан тұзіледі. Перифирикалық орналасқан 6 ферменттен және АПБ – қ орталығында орналасқан май қышқылдарымен синтезделінетін ферментті атаймыз (ацетилтасушы ақуыз). Фосфолипидтердің және ұшглицериннің биосинтезі, диацилглицериннің және фосфатты қышқылдарының синтезделу сатысына дейін ұқсас болып келеді. Ең маңызды фосфолипидтерге фосфотидилэтаноламин, фосфотидилхолин, фосфотидилсерин жатады. Фосфолипидтердің биосинтезі мембрананың жаңаруымен байланысты. Липотропты факторға холин, инозит, серин, метнонин, ТГФК және ГФ жатады. Ағза ткандерінде тоқтаусыз липидтер жаңаланып тұрады. Адамдарда ең көп мөлшер құрайтын липидтер-үшацелиглицерин, олар 2-18 тәулігіне жаңаланып тұрады. Кетон денелерінің тұзілуі (кетогенез) бауырдың митохондриясында өтеді.Кетон денелеріне-ацетоацетат, β-гидрокси-бутират және ацетон жатады. Кетон денелері гидроксиметилглутарат айналымында синтезделінеді содан соң қанға түседі. Қалыпты жағдайда қанда 0,4-0,6 ммоль/л болады. Холестеріннің тұзілуі кұрделі анаболикалық процесс. Холестериннің тұзілуіне ацетил КоА 18 молекуласы және 35 фермент қатысады, ұш кезеннен турады. мевалон қышқылының тузілуі мевалон қышқылының скваленге өтұі. Скваленнің холестеринге өтұі Холестериннің тұзілуі гиалоплазма және эндоплазматикалық торда өтеді. Бауырда синтезделген холестерин ТТЛ,ТЖЛ және ТОТЛ арқылы тасымалданады. Холестерин ағзада биологиялық мембрананың құрылысына, өт қышқылдарының тұзілуіне, стероидты гормондардың және Д- витаминнің дәрішіннің тұзілуіне қажет. Липидтер алмасуының негізгі патологиясы болып холестеринге байланысты-атеросклероз. Атеросклероз – холестериннің артерияларда жинақталуы. Гиперлипопротеинемияның ұш тұрі кездеседі.
гиперхолестеринемия
гипертриглицеринемия
аралас тұрлері
Қанда холестериннің мөлшері жоғарлап кетсе бұйректе тас пайда болуы мұмкін. Тас пайда болу себебі холестерин (70%) және биллирубин (30%) қосылып тұнбаға түседі.
Маңызды витаминдердің жіктелуі және оларға жалпы сипаттамаВитаминдер-тағам құрамында болатын,маңызы зор,өмірге өте қажетті және орг-ге өте аз мөлшерде керекті төмен молекулалы орган-қ заттар. Витаминдер био-лық қоры адамға тағам заттары және ішектің микрофлорасы болып табылады. Бірақ ішектегі бактериялар керекті мөлшерде витаминдерді синтездеуге қабілетсіз. Сондықтан витаминдердің немесе провитаминдердің организмге тағамдармен міндетті түрде түсуі керек.Провитаминдер деген ткандерде сәйкес активті витаминдерге ауыса алатын заттар. Тағам құрамында қажетті витаминдердің болмауы орг-ді ауруға шалдықтырады. Ондай ауруды авитаминоз д.а. Бір мезгілде адам орг-не бірнеше витамин түспесе, поливитаминоз д.а. Адамда көбінесе витаминнің мүлде жоқ болуынан басқа оның жетіспеуі де болады, Оны гиповитаминоз д,а. Авитамино және гиповитаминозға шалдығу себебі: тағам құрамында қажетті витаминдердің болмауы алиментарлық бірінші реттік гиповитаминоз д.а. Ал ас қорыту жүйесінің қызметі бүзылуы кезінде немесе тағам құрамындағы майлардың болмауында байқалған авитаминоз ішек қуысында немесе гиповитаминоз екінші реттік д.а. Витаминдер орг-ге көп мөлшерде түссе орг-м потологиялық жағдайдаболады. Витаминдер 2 үлкен топқа бөлінеді.*суда еритін витаминдер-екіге бөлінеді: В тобына жататын, В тобына жатпайтын* майда еритін витаминдер* витамин тәрізді заттар топшасы бар.
Тиамин-(В1)Тиамн-Антинерівтік витамин-химиялық табиғаты бойынша пиримидин тиазол сақиналарының туындылары.Ол триаминофосфат түрінде фермент құрамына кіреді.В1 витаминінің күнделікті мөлшері:ересектер үшін-101-2,4мг, жоғары терапевтік мөлшері-25-50мг.Тиамин –бұршақта, кейбірі ет тағамдарында көп болады.Бидай құрамындада болады.Тиаминнің биологиялық туындысы тиаминпирофосфат мынадай фермент –кофермент болып табылады: -пироватдигидрогеназды комплекстің, -β α
Никоинамид РРЗат алмасуда РР витамині активті әсер етуіне байланысты НАД және НАДФ ферменттері қатарының кофакторы болып есепелінеді. Бұл витаминді дмабет,остеортрит ауруларын емдеуге ұсынылған. Қайнар көзі:ашытқы,сәбіз,ірімшік,жүгері,жұмыртқа,балық т.с.с. тәуліктік қажеттілігі ересек адамдарда20-25 мг балаларда 8-12мг
Организмдегі креатиннің синтезі мен тағдыры.Креатин фосфат химиялық табиғаты,маңызы.Креатинин.Бірінші сатысында-гуанидинацетат синтезі бүйректе жүреді,глицин-амидинтрансфераза ферментінің әсерінен.
Екінші сатысында-Бұлшық етте.
Организмдегі аммиактың түзілу жолдары және оны пайдалануы.Аммиак мынадай катаболитикалық реакциялар кезінде түзіледі:-аминқышқылдарының дезаминденуі,биогенді аминдердің дезаминденуі,пурин негіздерінің дезаминденуі,пиримидиндік негіздердің ыдырауы.Тканьдерде аммиак аммоний иондары түрінде болады,ол аммоний гидроксидінің диссоциациясы кезінде түзіледі және ішкі ортаның рН-ын сілтілік жаққа ауыстырады.Сұйықтықтар мен тканьдердегі аммиактың концентрацисы өте аз.Қалыпты жағдайда қандағы аммиактың мөлшері 24-40мкмоль\л.Аммиактың деңгейі артқан кезде ішкі ортаның рН-ы өзгереді және оның зиянды әсері құсу,естен тану,қалтырау түрінде көрінеді.Альфа-кетоқышқылдардың тотықсызданып аминдеуі-аммиакты байланыстырудың өте тиімсіз процесі,өйткені бұл реакция аминқышқылдадың тотығып дезаминденуіне кері процесс болып табылады.Тірі органыниздердин барлыгында амин кышкылдары ыдырап аммиак тузеди. Бұл реакция амндену деп аталады. 1.Түзілген глутамин және аспорагин амиды бауырға тасмалданып, қайтадан дезаминдену нәтижесинде NH3 және глутамин, аспорагин қышқылдары түзіледі. Яғни амидттену амиакты уақытша усыздару үшін жүретін процесс. 2.Аммоний тұздары түзіледі. Аммоний тұздарының маңызы- олар организимдегі минерал және органикалық қышқылдардың артық мөлшері организимнен шығарып тастау арқылы қышқыл сілтілі тепе-теңдікті сақтауға қатысады.
NH3+HCL—(NH4CL)
3.Аммиактың біраз бөлігі тотықсызданудан аминдену арқылы аминқышқылдарының түзілуіне қатысады.4.Аммиак пуриндік және периминдік негіздерін синтезі 5.Аммиак-аз мөлшерде физологиялық тітіркендіргіш көп мөлшерде улы. Сондықтан артық мөлшері организимнен шығарылып тасталады, яғни тұрақты усыздандыру жолы мочевина синтезі.
